Шизофрения

Шизофрения

Баланың ерте жасындағы аутизмінен шизофренияның айырмашылығы сол, ол мектепке дейінгі ересектеу жасқа жеткенде байқала бастайды немесе жасөспірім шағында байқалатыны айтарлықтай жиі болып тұрады. Бұл ауру балаларда да ересектердегі сияқты мейірімсіз қатал басталады. Жасөспірімнің ойлау процесі жұтайды және шатасады, оның оқу үлгерімі нашарлайды, басқалармен қарым- қатынасы қиындайды, сонымен бірге онда иллюзия және галюцинация пайда болады (әсіресе естуінде). Оған оның сырттағы бөтен біреу бақылап тұрған сияқты болып көрінеді. Кейде бұл ауру шиеленісіп қатты басталады, ол бірде мұңайып сары уайымға салынады да, енді бірде қисынсыз шаттанып, орынсыз желігіп кетеді, біреу оны үнемі аңдып жүретіндей көріне бастайды, ал, әдеттегідей құбылыстарға ерекше маңыз беріп қарайтын жағдайлар ауру балада жиі кездеседі.

Тұтасымен алғанда, бұл ауру көп кездеспейді, онымен шын мәнінде жүзден бір адам ғана зардап шегеді. Алайда бұл жағдайлардың басым көпшілігі жасөспірім шақтың аяғында немесе мектепті бітіргеннен кейінгі жастық шақтың балғын кезінде басталады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *