Шизофрения.

Шизофрения.

 

Клиникалық психиатрия зерттеу ауруларға сұрау салу, ауруды субъективті ( аурудың өзін) және объективті ( туыстары мен таныстары арқылы) бақылау арқылы жүзеге асырылады. Сұрау салу- психиатриялық зерттеудің негізгі әдісі болып табылады. Психикалық аурулардың көптеген симптомдары көбіне субъективтік кеселдің болуынан байқалады. Бұл аурудыңғ бар екендігін және оның ерекшелігін білікті әңгімелесу көмегімен ғана аңғаруға болады. Мұндай  симптомдарға жабысқақтық құбылысы, психикалық жаттандылық, көптеген вербальдық галлюцинациялар, паранойялық және параноидты  сандырақ, сарыуайымшылдықтың бастапқы белгілері, астения және басқалары жатады. Психикалық бұзылыстардың ерекшелігін-мінез-құлықтың әр түрлі бұзылыстардың түрінен тыс болса да, мұны да сұрау салу мүмкіндігімен симптомдары да сана алжасуы, сондай-ақ дені дұрыс кездегі ауруың пікірі бойынша  ғана анықталады. Аурудың сөйлеу қабілеті сақталғанға дейін барлық психикалық аурулар үшін сұрау салу зерттеудің басты бөлігі болып табылады.

Бір қатар аурулар, әсіресе өздеріндегі психикалық бұзылыстарды жоққа шығарғанда егжей-тегжейлі әңгімелесу жолымен шынайы жағдай анықталады. Ал сұрау салу біліксіз жүргізілсе, сандырақты, сарыуайымшылдықты, психикалық жаттандылықты байқамай қалуға болады. Бұл жағдайда ауру жағдайына дұрыс баға берілмейді, ауруханаға тез арада орналастыру сияқты мәселе қарастырылмай қалады.

Психикалық ауруды және оның көріністерінің бүкіл ерекшелігін аңғару үшін сұрау салуды біліктілікпен әрі істі түсіне отырып жүргізу керек. Аурудан сұрау салуды, дәрігерлік зерттеудің басқа да кез келген методикасы сияқты үйрену керек. Психикалық жағынан ауытқушылықты анықтау оқулық пен нұсқаулар бойынша жан-жақты білім алып қана қоймай, сондай-ақ іс жүзінде оқып үйрену, ауруларды өздігінше жеке зерттеуді ұдайы жүргізу арқылы ғана мүмкін болады. Осындай біліктілікке ие болғанға ғана мамандандырылған психиатриялық зерттеу жасалады.

Сұрау салу жолымен жүргізілетін зерттеудің табысты болуы зерттеушінің біліміне ғана емес, сондай-ақ сұрау салуды білуге де байланысты. Мұның өзі тек дәрігердің бір ғана тәжірибесіне ғана емес, оның жеке басының қасиетіне де қатысты. өйткені әрбір психиатр аурумен өзінше сөйлеседі. Сондықтанда сұраудың жаттанды болмай, барлық аурулар үшін бірдей болмауы маңызды. Кез-келген  пурумен оның азабы туралы қарапайым, шынайы  аурудың дара ерекшелігіне байланысты әрқайсысымен басқаша  сөйлесе білу едәуір дәрежеде зерттеудің табысты жүргізілуін қамтамасыз етеді. Дәрігердің мұндай мінез-құлқы психиатрияда ғана емес, әңгіме адам, оның санасы, ойлауы, сөзі мен әсері туралы болатын медициналық пәндердің басқа да саласына қажет.

Зерттеу кезінде қарапайым әрі табиғи сұхбаттасып, күнделікті өмірдегі әдеттегідей әңгімелесу керек. Сұхбаттасу осылай өріс алған жағдайда көптеген жайлар мүлде оңай айқындалады. Ауру өз еркінен тыс, ол тұйық адам болып, дәрігерден өз ауруын жасыруға тырысса да бұл жағдайда дәрігер негізгі қажеттілікті біліп алады.

Бұл жерде мынаны атап айту керек: жаны ауруға ұшырағандармен жүргізілетін негізгі әдіс бұрынғысынша әңгімелесу болып қала береді. Егер жас психиатр аса парасатты әрі ауруға ықыласпен көңіл бөліп  отырса,  қарапайым, оның үстіне , мәймөңкіеден, менмендіктен аулақ болса, істе  табысқа жетуге негіз қаланады. Өйткені  жалған мінезді ауру ұмытпайды да, кешірмейді де. Бұл  жағдайда дәрігер ұзақ уақыт бойына аурулардың көз алдында беделінен айрылады. Атап  айтсақ,  көрнекті психиатрлар: неміс Крепелин, француз Маньян, орыс Корсаковтар  өз істерінің ұлы шеберлері болды. Олардың әрқайсысы ауруға  өзіндік әдіспен келетін, сөйтіп, әрқайсысының өзінше артықшылықтары болатын, әрбір әңгімелесу кезінде өздерінің қасиеттерін өздері жан-тәнімен ашып беретін. Корсаков аурулармен әңгімескенде әдеттен тыс жұмбақ, қайырымды көрінетін. Маньян болса, қалжыңбас әрі ұрысқақ еді. Алайда  бұл қасиеттер олардың психикалық ауру адамды сүйе  білуіне кедергі келтірген жоқ. Сондықтан аурулар да оларды жақсы түсініп, ынталана сөйлескен.

Ауруға сұрау салып және одан зерттеуге керекті сұрақтар қоя отырып, оның әңгімесінен ештеңені жібермей әрі оны үнемі толықтыра отырып, ілтипатпен тыңдау керек. Кейбір  жас психиатрлар өздерінің кітапқа білімдердің мықтылығына сеніп тәжірибесіздікпен ауруға үзіл-кесілді сұрау салып, осы арқылы оясына қонатын жауап алғысы келеді.

әдетте мұндай дәрігерлер : ол кітап кемірген, табиғаты жағынан дәрігер емес деген сөзге қалады.

Ауруға белгілі бір кеселді хабарлағанда немесе оның тиісті сұраққа мақұлдау жауабын аларда тиісті мысалды келтіруді, барлық көріністердің егжей-тегжейлі сипатталуын, белгілі бір бұзылыстың бастауындағы  барлық жағдайды үнемі сұрау керек. Ауруға өз ауруы туралы еркінше әңгімелеу мүмкіндігін бере отырып, сонымен бірге үнемі сұрау салуды желі ету маңызды болмақ.

Сұрау салуды  аурудың туыстары мен таныстары жоқ кезде жүргізу керек, өйткені ауру олардың көзінше әдетте қысылады, неғұрлым үндемейтін болады.  Ауру туыстарынан жасыратынын солардың көзінше дәрігерден де жасырады.  Аурумен ешуақытта туыстарының, мекеме  қызметкерінің танысы ретінде де, дәрігер-психиатр екніңді білдірмей сөйлесуге кшқашан болмайды. Зерттеу кезінде ауруды алдауға да болмайды, өйткені бұл білуден және емдеу ісінде өзіңе деген аурудың сенімнен айрыласың.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *