Тромбоэмболиялық шаншу

Тромбоэмболиялық шаншу

Шажырқай артериясының бітелуі нәтижесінде ішек белігінде қан айналымының тоқтауымен сипатталатын ішектің гемостатикалық бітелуі.

Себептері. Ішекті қанмен қоректендіретін шажырқай артериясының бағаны немесе тармағы қанмен келген эмболмен бітелуінен немесе шажырқай артериясының өзінде тромб пайда болуынан болады. Соңғысы жиі кездеседі, себебі шажырқай артериясы қабырғасында паразит личинкасы тіршілік етеді. Ол қантамырында қабыну процесін аневризм және тромб пайда болдырып өрбітеді.

Дамуы. Шажырқай артериясының бір немесе бірнеше тармағы бітелгендіктен қантамырларының ішекте таралған кейбір бөліктеріне қан баруы тоқталады. Сол себепті ішектің үлкен немесе кіші белігінде геморрагиялық инфаркт дамыйды. Инфаркт аумағында ішек қабырғасының қоректенуі бұзылғандықтан рецепторлер тітіркенеді, қабырға қабынады, некрозданады жәнеде іштегі жын ыдырайды, Алғашқы кезде перистальтика түйілмелі сипаталады, ал соңында ол төмендейді және мүлден тоқтайды. Организм тез арада уланады және әлсірейді. Ал егерде ішекте кең ауқымды инфаркт болса, онда перитонит дамыйды [10,9,8,15].

Ішектің инфарктіне байланысты болады. «Шаншу» симптомы энтералгиядай етеді. Мал мазасызданады, құлап түседі, аунайды, қайта-қайта орынан тұрады. Мұндай жағдай жиі қайталанады. Ит сияқты шоқиып отырады немесе шалқасынан жатады, басын төмен салбыратып тұрады, депрессиялық (күйзелу) жағдайда болады. Дененің қызуы 41°С жетеді. Иықтың бұлшық еттері фибриллярлы дірілдейді, әлсіздік пайда болады, күйзеледі. Ішектердің перистальтикасы бастапқыда күшейеді, ал сонан соң бәсеңдеп мүлдем жоғалады. Дефекация алғашқыда жиілейді, сонынан бітелу пайда болады. Ректальді зерттеу арқылы шажыркай артериясы тамырының соғуын, оның аневризмін және ауырсынуын байқайды. Ішектер желденеді, қолды тік ішектен шығарғанда қан аралас жынды көруге болады. Құрсақ қуысынан алынған пунктатта қан элементтерін көреміз (гемоглобин, эритроциттер, лейкоциттер).

Паталлогиялық-анатомиялық өзгерістер. Шажырқай артериясы бағанасы аумағында көлемі бұршақтың үлкендігінен жұдырықтай аневризмді көреміз. Тамырдың бітелген жерінен оның тарамдалған жерлеріндегі зақымданған ішек кепкен, оның беті шие түстес қызыл, ал қабырғасының бүткіл қабаты көптеген канталаумен инфилътрленген. Ішектегі жын ондағы ыдыраған қаннан деготь түстес. Құрсақ қуысында қызыл түсті көп мөлшерде сұйық жиналған.

Балау. «Шаншу» синдромының кенеттен пайда болғанын және оның клиникалық байкалуын ескереді. Бірақ ректалъді зерттеу қорытындылары шешуші роль аткарады-шажырқай артериясының инфаркті.

Емі. «Шаншу» синдромын жоюға, қанайналымын жақсартуға және улануды бәсеңдетуге бағытталған. Ұстама ауырсынуды және мазасыздануды венаға 10 %-ды хлоралгидрат ерітіндісін (40-60 мл) немесе 10 %-ды анальгин (40 мл) енгізіп басады. Қанайналымын жақсарту үшін тері астына камфор майын (20-30 мл) натрийдін кофеин-бензоатын (5-10 мл 0,1 %-ды ерітінді) немесе эфедрин гидрохлоридін (0,05-0,5 г) егеді.

Интоксикацияны басу мақсатында 5-10 % натрий хлорид ерітіндісін (200-350 мл) глюкозамен, (500-700 мл) гемодезбен қоса егеді. Ішке микробтарға қарсы препараттар береді (ихтиол, салол, дибиомицин, эритромицин, норсульфазол, сульфадемизин және басқалар).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *