Созылмалы атрофикалық ( құрғақ) ларингит

Созылмалы атрофикалық ( құрғақ) ларингит. Өте қиын емделетін ауру, өйткені, мұнда тек ауруға уақытша жеңілдік беретін, ауру сезімін алуға бағытталған терапия әдісін ғана қолдануға болады. Созылмалы ларингиттің бұл түрінің негізінде тек көмейдің шырышты қабығында емес, сонымен бірге мұрын, жұтқыншақ, кеңірдектің шырышты  қабықтарындағы дистрофикалық құбылыстарда жатады. Бұл шырышты қабықтың жүйелі ауруы оториноларингологқа келген ауру тамағының қатты құрғап, бөгде заттың болуы сезіміне, дауысының кейде жоғалып кетуіне, бұзылуына, қабыршақтың пайда болуына шағынады. Ақырғы диагнозды ларингоскопия жасау арқылы қояды. Мұнда көмейдің бозарып қансыздагғанын, шырышты қабығының және дауыс қатпарларының жұқарғанын анықтайды. Толық жабылмауына байланысты дауыс қуысы саңылауынан жабысқақ сары түсті қақырықтың жиналғаны көрінеді.

Емдеу – арнайы көмей шприцімен оның саңылауына шырышты қабықты дымқылдап қабыршақты жібітіп түсіретін және дем алған кезде шырышты қабықты құрғатпайтын ерітінділер жіберу.

Жабысқақ қақырықтың түсуі мен қабыршақтың жұмсаруын жеңілдету үшін сілтілі бұлау жасайды. Тиімді болу үшін бұлауды бірнеше қайталау керек болады. Сондықтан ауруға уйде майлы препаратты ыдырататын қалта булағышын қолдануына болады. Стационар инголаториясы тек көмей мен өңешке ғана емес ұсақ бронхтар мен альвеолдарға да жететін аэрозолі бар аппараттармен жабдықталған. Организмге аэрозоль түрінде келген дәрі-дәрмектер бауырдан өтіп кіші қан айналу шеңберіне жетеді. Сөйтіп олардың белсенділігін ұзартады. Айта кететін жағдай, аэрозольдардың температурасы дәрі-дәрмектік препараттардың фармокологиялық қасиетіне және өңештің, бронхтардың, көмейдің шырышты қабығының кірпікшелі эпителиінің қызметіне әсер етеді. өйткені кірпікшелі эпителийдің түктері 30º температурада қимылын тоқтатады, ал бұлау үшін қолданылатын минерал сулары 37º-38º-та өзінің белсенділігін жоғалтады.

Көмейдің жіті және созылмалы стенозы, стеноздың кезеңдері, жедел жәрдем.   

Дауыс саңылауының тарылуын тудыратын патологиялық құбылыстар көмей ауруларының ерекше категориясын құрайды.

Көмейдің жіті стенозы. Дауыс саңылауының жіті тарылуы тек көмейдің шырышты қабығының қабынуынан ғана емес, сонымен бірге жарақаттану, кейбір дәріні қабылдамауынан туатын аллергиялық ісіктерден де болады. Кейде тыныс саңылауына кенеттен бөгде дененің (тамақ қиқымы, ішіп отырған сұйықтың, алып-салмалы тістің бөлшегі т.б) түсуі әсерінен дауыс саңылауын кеңейтетін бұлшықеттің тартылуына байланысты жағдаймен шұғылдануға тура келеді. Кейде мас адамдардың ауыз қуысы, жұтқыншақ, көмейдің рефлекс аймақтарын бақылау қабілетінің төмендеуіне байланысты тыныс саңылауының тамақ түйірімен жабылып қалуы кездеседі.

Көмейдің жіті стенозын тудыратын себепке байланысты жедел жәрдем беруде дәрігерлік тактика (әдіс) құрылады, яғни консервативтік немесе хирургиялық шаралар қолданылады. Дәрігердің мұндай жауапты ісінде аурудың шын мәніндегі жағдайын анықтай білуінің үлкен маңызы бар. Ол үшін дауыс саңылауының тарылу дәрежесіне байланысты көмейдің клиникалық көрінісін білу қажет. Көмей стенозының клиникалық көрінісін, тек дауыс саңылауының ені ғана анықтайды. Қалыпты жағдайда ересек адам 1мин. 7 л ауа жұтатыны белгілі, яғни 225 см3  таза оттегі. Тыныс саңылауы тарылған жағдайда өкпеге осындай көлемдегі ауа өту үшін дем алу актісінде ішке дем алу – үзіліс – сыртқа дем шығару түрінде қайта құрылу жүру керек. Дем алу актісінің реттелуі автоматты түрде жүреді және оған дем алу орталығын қоздырушы қандағы көмірқышқыл газы ерітіндісінің мөлшері әсер етеді. Көмірқышқыл газы көбейген жағдайда ( ол дем алу саңылауы тарылғанда байқалады) дем алу актісінде қайта құрылу жүреді, яғни тарылған тыныс саңылауынан аз мөлшердегі қажетті ауның өтуі үшін ішке дем алу ұзағырақ, ал үзіліс сыртқа дем шығару сияқты қысқа болады. Сөйтіп, инспиративті демікпе пайда болады, яғни ішке дем алу қиындайды. Клиникалық көзқарас бойынша көмей стенозының 4 кезеңін ажыратады. Бұл аурудың өмірін алып қалу үшін қолданатын әдісті дұрыс таңдауға мүмкіндік береді.

І. Компенсация ( қалпына келу) кезеңі. Мұнда дем алу актісін реттейтін механизмдер есебінен компенсация немесе қабыну пайда болады. Тарылған тыныс саңылауынан өтетін ауаның мөлшері: дем алу қимылының саны азаяды, ішке дем алу мен сыртқа дем шығару қысқа, қатты болады және бұның артынан, сонымен бірге қысқа үзілістен кейін, ұзақ ішке дем алу келеді. Тыныштық жағдайда адам демікпені байқамауы мүмкін, ол күшке салмақ түскенде ғана байқалады. Әдетте бұл кезеңде аурулар мазасызданбайды.

ІІ. Салыстырмалы компенсация кезеңі. Бұнда организм әлі де болса қосымша механизмдердің жұмылуы ( мобилизация) арқасында дем алу саңылауының тарылуынан туған қиыншылықты жеңе алады. Бірақ ауаның қажетті көлемін үлкен кедергімен толтырады. Инспираторлық демігу айқындала түседі. Ауруда қобалжу, мазасыздық білініп, акроцианоз                 ( тырнақтарының көгеруі) пайда бола бастайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *