Оториноларингология өз алдына жеке сала болып қалыптасқанға дейін, жоғарғы тыныс жолдары ауруларын – терапевтер, ал құлақ ауруларын – хирургтер емдеп келеді. өйткені, негізінен, құлақ аурулары хирургиялық көмек көрсетуді қажет ететін зардабты асқынуларға жиірек ұшырап отыратын.
Сөйтіп, оториноларингологияның қалыптасуына өзінің көрнекті өкілдерінің арқамсында терапия мен хирургия даүлкен үлес қосты. Клиникалық тәжірибенің жинақталуы мен физиология жетістіктері, зерттеу мен емдеудің жаңа тәсілдерін меңгеру нәтижесінде құлақ, мұрын, тамақ, көмей патологияның теориясы мен іс-тәжірибесі мәселелерін өз дәрежесінде көрсететін мамандықтарды жалпы мамандықтан бөлу қажеттігі туды. Бұл іске көмейді, мұрын, жұтқыншақ және құлақ іщшін қарап тексеру тәсілдерінің табылуы да айтарлықтай мүмкіндік туғызды. Осындай құралдардың бірі – есту жолы мен мұрын қуысының ең түбіне дейін сәуле шоғырын дәлдеп бағыттай алатын Гофманның дөңгелек айнасы. Ларингологияның өмірге келуіне, дәрігер емес, ән өнерінің белгілі оқытушысы Мануель Гарсия (1855 ж.) жасаған ұсыныс үлкен қозғау салды. Ол өз көмейінің әртүрлі дыбыстар қлыптастыратын сәтін көру үшін тіс дәрігерлері қолданатын кішкене айнаны пайдаланған. М.Гарсия бұл айнаны ауыз ішіне кіргізіп, ал қарапайым айнаны көз алдына ұстап тұрып өзініңдауыс саңылауы мен дауыс желбезектерін (байламын) көре алатын болған. Көмей ауруларымен шұғылданатын дәрігерлер бұл тәсілді тез пайдалана бастады, өйткені ол тек қарау үшін ғана емес, емдеуге мүмкіндік туғызды. Дәл осы тәсіл терапияның өз алдына жеке саласы – ларингологияны өмірге әкелді. Клиникалық тәжірибенің жинақталуы да бұл саланы бекіте түсті. Кейінірек мұрын қуысын қарау мүмкіндігі пайда болуына байланысты тағы да бір тармақ – ринология , сонымен қатар отиатрия қалыптасты.
Осы үш мамандық ұзақ уақыт бойы, Батыс Европада тіптен 1914-1918 ж.ж. дейін, әр қайсысы өз алдына бөлек болып келді. Россияда бұл үш мамандықты біріктіру біршама ертерек, яғни академик Н.П. Симановский дің 1893 ж. оториноларингологияның ең бірінші кафедрасы мен клиникасын ашқаннан кейін-ақ жүзеге асты. Бұл біріктіру үстірт әрекет емес, құлақ, мұрын және көмей маңындағы қуыстардың анатомо-топографиялық, физилогиялық, генетикалық өзара тығыз байланыстылығынан, әрі көптеген аурулардың пайда болып, дамуына олардың бірдей әсер ететіндігінен туындаған қажеттілік еді. Бірінші клиника Масквада 1896 жылы Масква университеті жанынан ашылып, ең озық Европа клиникалары деңгейінде жабдықталды. Оның негізін қалаушы, 89 еңбектің авторы, құлақ лабиринті мәселелерімен шұғылданатын С.Ф. Штейн ееді.
Оториноларингология өз дамуында бірнеше кезеңнен өтті: 1) Клиника мәселелеріне байланысты мәліметтер жинақтау, зерттеу тәсілдерін дайындап жасау, анатомиялық және топографиялық-анатомиялық ізденістер, Лор – мушелер функциялары мәселелерін анықтау. Бұл кезең өкен ғасырдың 60-70 жылдарына деінгі уақытты қамтиды. 2) мамандықтың барлық салаларының тез қарқынмен дамуы, күрделі теориялық зерттеулер, емдеудің консервативті және хирургиялық тәсілдерін меңгеру, құлақ пен мұрын маңы қуыстарының іріңді аурулуры салдарынан болатын ауыр асқынуларымен күрес. 3) мамадар қалыптасуына жағдай туғызып, көмек ете білетін тамаша басшылықтардың өмірге келе бастауы , атап айтқанда А.Политцер (Австрия), Тойнби (Англия), Шварц (Германия) Н. П. Симановский (Россия) және т.б. есімдері оториноларингология тарихына оның дамуына негізгі кезең ретінде енді.
Қазігі уақытта оториноларингология өркендеу кезеңінде.ол, әсіресе, оториноларинголдогтардың операциялық микраскопты өз тәжірибелерінде іс жүзінде бірінші болып қолдануына байланысты. Құлақ, тамақ микрохирургиясының ғажап жетістіктері хирургия ауқымын кеңейте түсіп, мүше функциясын қалпына келтіру ісімен де шұғылдануға мүмкіндік туғызды. Емдеу мен диагностиканың жаңа тәсілдерін іс-тәжірибеде жүзеге асыру, түрлі ультрадыбыстар мен лазар энергиясын пайдалану ауыр дерттерден азап шегуші ауруларды емдеу мүмкіндігін кеңейте түсті. Қазіргі оториноларингология әртүрлі саңыраулықтың (оныңішінде өндірістік факторларға байланыстыларын да) мәселелерін қарастырады, сонымен қатар Лор – онкология мен организмнің Лор – мүшелер арқылы білінетін аллергиялық қал-жағдайы қазіргі оториноларингологияның басты көңіл бөлер обьектілерінің біріне жатады. Иммунитет, пластикалық хирургия мәселелері де қазіргі оториноларингология саласына еніп отыр.
Қазақстанда 6 дәрігерлік және бір дәрігерлерді жетілдіру институттарында маман оториноларингологтар дайындайтын 7 кафедра бар. Оның ішінде 5 ғылым докторы мен 52 кандидат, бір мыңға жақын ЛОР дәрігерлері жұмыс істейді. 1983 жылы Республикамызда осы мамандардың 1-съезі өтті.