Оталгия

Оталгия.  Құлақтың өзіндегі патологиялық құбылыспен байланысы жоқ, құлаққалқаны маңындағы немесе құлақтың терең ішіндегі қатты,  ұстамалы ауруды оталгия дейді.  Оталгияның болу себептері сыртқы және ортаңғы құлақтармен бірге  нервтенетін мүшелердегі патологиялық бұзылыстар болуы мүмкін. Тіл жұтқыншақ, үшкіл,  кезеген жүйке ұштарының тітіркенуі құлақтың әр бөлімдеріне берілетін аурудың пайда болуына әкеледі. Бұл нерв ұштарының қозу ошақтары ауыз, жұтқыншақ және мұрынның шырышты қабықтарында болуы мүмкін. Тіс жегісі, әсіресе, сегізінші төменгі, тіл түбірінің, самай-төменгі жақ буынының құрыдлымдық өзгерістері құлақтың қатты, ұстамалы ауруына себеп болады. Аурулар басында отариноларингологтарға келеді, өйткені оталгияда құлақтың ауруы негізгі симптом болады. Тек мақсатқа сай сұрақтар ғана басқа шағымдарды анықтайды: тіс, мұрын қуысының аурулары. Тексергенде одиноидтың, мұрын кеуілжірінің артқы төменгі шетінің өсіп кеткені, көмейдегі әсіресе тілшіктің қабыну процесі анықталады.  Сондықтан да отолгиямен ауырған аурулар міндетті түрде невропатологпен стоматологқа қаралуы керек. Кейде сегізінші төменгі тісті емдегенде құлаққа берілетін аурудан құтылуға болады. Клиникалық көрінісі тұрғысынан  оталгия жүйке ауруларына ұқсас. Мысалы, Костен синдромында құлақ шуында ауырады, бас айналады, есту қабілеті төмендейді, бастың төбе аймағы ауырады. Самай-төменгі жақ сүйек буыны аурып, сонда сытыр пйда болады. Бұндай синдромның туу себебі тістеудің бұзылуынан болуы мүмкін. Бұл жағдайда буын басы сыртқа қарай шығып кетіе, тасты – дабыл саңылауынан өтетін жүйке тамырларын басып тастайды. Стоматолог емі ісіктің қайтуына көмектеседі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *