Ортаңғы құлақтың физиологиясы. Есту түтігі ортаңғы құлақтағы ауа қысымын теңестіру, секретті тасымалдауымен бірге қорғау функциясын атқарады, сонымен қатар дыбыс тербелістерінің ішкі құлаққа өтуіне әсер етеді. Есту сүйекшелері тізбегінің, дабыл жарғағы мен лабиринт терезесінің функциясы – дыбыс ықпалынан пайда болатын тербелісті ішкі құлақ ішіндегі сұйықтық – перилимфаға жеткізу болып табылады. Сөйтіп ішкі терезеден ұлу терезесіне қарай жүретін ауа тербелісінің пайда болуын жүзеге асырады.
Бұл жүйенің сезімталдығы өте жоғары. Ол дабыл жарғағының 1/100 диаметрін тербелтетін дыбыс тітіркендіргіштерін қабылдай алады, ал ішкі құлақ тітікендіргішті акустикалық ағын қозғалысы арқылы қабылдайды, бұл жағдайда ығысатын көлем эритроциттің көлеміне тең. Ішкі құлақ ішіндегі сұйықтықтың қозғалысы тек екі терезенің де мембранасы жылжымалы болған жағдайда ғана мүмкін болады. Егер де үзеңгінің кіреберіс терезеге немесе ұлу терезесінің мембранасына ауысуына кедергі жасайтын жағдай туса, онда перилимфа қозғалысы болмайды, өйткені сұйықтық өздігінен жылжи алмайды. Мұндайда дыбыс өткізгіштікжүйенің бұзылуына байланысты есту кемістігі пайда болады.
Дабыл жарғағы, дыбыс тербелісін ұстаудан басқа «экран» ролін де атқарады, яғни ұлу терезесінің мембранасына аттас фазада дыбыс толқынының тікелей қысымынан қорғайды. Егер де жарғақта кемістік болса, онда дыбыс толқыны екі терезеге де бірдей күшпен әсер етеді де, перилимфаның кіреберіс терезесінен ұлу терезесіне қарай жылжу қабілетін азайтады.
Дыбыс энергиясын ішкі құлақтың ецепторлық бөліміне тиімді өткізу үшін вестибуляр терезесіне түсетін дыбыс қысымы, ұлу терезесіне түсетін дыбыс қысымынан 60 есе күштірек болуы керек. Мұны, біршама, дабыл жарғағының экрандаушы роліне де жатқызуға болады.