Мұрын қуысындағы бөгде заттар
Балалардың мұрын қуысында бөгде заттар жиі кездеседі, өйткені олар қолдарына түскен майда заттарды мұрнынан тыққанды жақсы көреді. Оларда бөгде зат хоана арқылы мұрын қуысына сирек түседі. Кейде мұрын қуысында снаряд ұшқыны немесе бытыра тұрып қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда бет сүйегі жарақатында болады. Көбінесе мұрын қуысынан түйме, шемішке, маржан, жеміс сүйектері, қағаз қиқымы табылады. Сонымен бірге мұрын қуысынан тіс те табылған. Оған тістердің дұрыс өспеуі себеп болады.
Мұрынның шырышты қабығы бөгде зат түскенде қызарып іседі. Ұшы сүйір бөгде зат оны жарақаттайды да, грануляция дамып бөгде затты жауып, ол ісікке ұқса болады. Сондықтан диагноз қою қиындайды.
Бөгде зат әдетте төменгі мұрын жолында болады, олар көбінесе төменгі кеуілжір мен мұрын пердесінің арасында қыстырылып қалады; сирек жағдайда ортаңғы мұрын жолынан табылады, мысалы жарақаттанғанда. Кейде ұзақ уақыт мұрын қуысында жатып қалған бөгде зат әк және фосфор тұздарымен өсіп кетуі мүмкін, осындай жағдайда ринолдар пайда болады. Ол кейде үлкейетіні сонша, оны алу үшін операция жасау керек болады.
Симптомдары (белгілері). Мұрынға түскен бөгде зат рефлексті түшкіру, жас ағу кейде бас ауруын туғызады, одан кейін рефлекс өшеді. 3 – 4 күннен кейін: 1) мұрынның біржағы бітеді; 2) мұрын қаңқасынан бір жақты жағымсыз иісті ірің ағады, кейде қан араласады; 3) кейде біржақты бас ауруы пайда болады.
Ажырату диагностикасында аурудың жас шамасына көңіл аудару керек: бөгде зат көбінесе балаларда болады, одан басқа жас балаларда мұрындағы үштік сифилис сияқты мұрыннын қосалқы қуыстарының іріңдеуі сирек болады.
Емдеу. Бөгде затты алып тастау. Бөгде зат әртүрлі невроздар, мұрынның қосалқы қуыстарының, жас жолының тіпті менингоэнцефалит ауруларын туғызуы мүмкін. Бөгде затты алып тастау толық жазылуға себеп болады. Ең қарапайым әдіс – сіңбіру. Балаға бөгде заты бар мұрыннан ауыз арқылы желді қатты үрлетеді, ол үшін саусақпен мұрынның екінші қанатын мұрын пердесіне басып тұруы керек. Егер бөгде зат шықпаса, риноскопия жасап тұқыл ілмекпен алу керек. Ол үшін баланы дәрігер көмекшісі ұстап, ал дәрігер – маман тұқыл ілмекті бөгде зат үстінен енгізіп, арттан алға қарай жылжытып мұрын қуысынан шығарады. Нервісі нашар, қорқақ балаларға кейде қысқа уақытқа сезімсіздендіру жасауға тура келеді.
Тәжірибесіз қолмен пинцит арқылы бөгде затты алу талабы оның одан да әрі кетіп қалуына себеп болады, сондықтан оған ешқашан жол беруге болмайды.
Мұрын жарақаты
Құлағанда және бір затпен мұрыннан ұрғанда пайда болады. Соққы күшіне және құлау ауырлығына байланысты жұмсақ ткань, сүйек немесе шеміршек зақымданады.
Мұрын қаңқасының зақымдану сипаты соққының күшіне ғана емес бағытына да байланысты. Бүйірден ұрғанда сол жақтағы мұрын бөлігінің маңдай өсіндісімен байланысқан жері ажырап кетеді. Сонымен бірге қарсы жақтағы маңдай өсіндісі сынып, мұрын сүйегі маңдай тігісінен шығып кетеді және мұрын пердесі сынады.
Алдынан ұрған кезде мұрын сүйегі ажырап кетеді. Мұрын қыры батып, бұрын жалпайып қалады, мұрын пердесінде қанды ісік пайда болады, кейде төменгі бөлігі орнынан жылжып жоғарысына қысылады. Аралас сынықты жарақат байқалады: мұрынның бүйір қабырғасының ойысуынан басқа, бүйір сынықтары мұрын ішіне түсіп кетеді. Ауыр жарақат алғанда мұрын түгел басқа жаққа жылжып кетуі де мүмкін. Мұрын қырынан ұрғанда торлы сүйек пластинкалары сынуы мүмкін, егер мұрын сүйегі пластинкадан ұзын болса, ол сынбайды.
Мұрын күмбезі сынғанда, әдетте торлы сүйек пластинкалары да зақымданады. Кейде сыну мидың шайқалуымен бірге жүреді. Оқпен жарақаттанғанда сыртқы мұрыннан басқа қосалқы қуыстардың біреуі ал кейде көз, құлақ, бас сүйегі де зақымданады.
Симптомы (белгілері): а) субъективті – қатты ауру, мұрын бітіп, иіс сезім бұзылады; б) объективті – көбіне есінен тану, көгеру, мұрынан қан кету. Бытыраңқы сынықтарда сынықтар жылжып, ткань жыртылып, сонымен бірге тері асты эмфиземасы болып, ол сіңбірген уақытта күшейеді, бұл мұрын қуысының шырышты қабағының жыртылуына байланысты. Барлық жағдайда да мұрын пішіні бұзылады. Мұрын сүйектерінің жылжуы кезінде олардың қозғалысы мен шықырлайтынын байқауға болады. Осы белгілердің бәрі әдетте дене қызуының көтерілуімен жүреді. Кейін мұрын қуысында жабыспалар болуы мүмкін, ол перде мен мұрын қуысының латеральды қабырғасы арасында болады. Ал жас – мұрын каналы зақымданғанда жас ағады.
Шеміршек қабығы мен мұрын пердесі шеміршегі арасында қан жиналуы мүмкін. Инфекция түскенде ол абсцеске айналады. Оқпен жарақаттанғанда көбіне қабырғалары зақымданып, кейін ол мұрынның және оның қосалқы қуыстарының қабынуына соқтырады.
Қуыстағы бөгде заттың сыртына ткань өсіп, тыртықтанып, ол көбіне іріңді– қабынуды тудырады.
Диагнозды анамнез, сыртқы зертттеу, алдыңғы риноскопия және рентгенологиялық зерттеулер незізінде қояды.
Емдеу. Тез арада мұрын қаңқасының жылжыған бөліктерін қалпына келтіру, тыныштық сақтау, сырттан мұз қою, вазелиге батырылған стерилді дәке тығынымен мұрынды тығындап қою, тығынды күнде, әрі кткенде 48 сағаттан кейін өзгертіп тұру керек. Мұрын жарақаттында тығындау арқылы қанды тоқтатып, бөгде затты алу керек. Егер зат әрі кетіп қалып, оны алу қаупі туса, онда оны тек қатты бас ауырса немесе неврология ауыруы болса ғана алады. Сульфаниламид, пенсиллин терапиялары тағайындалады.
Мұрынның қосалқы қуыстары іріңдегі тиісті операцияла жасалу керек. Сыртқы мұрын пішіні бұзылысытарына пластикалық операция жасалады.
9. Мұрын қуысындағы бөгде заттар. Жас балалардың ринофарингиті
Дифференциальды (ажырату) диогностикасы.
Жіті тұмау ауруы.
Мұрын дифтериясы (күл ауруы).
Қызылша кезіндегі тұмау.
Мұрынның тілме (рожа) қабынуы.
Гипертрофиялық ринит.
Атрофилық тұмау.
Озена (сасық тұмау).
Аллергиялық тұмау
Поллиноз (шөптік тұмау)
Вазомоторлы (тамыр қозғалтқыш нерв) тұмау.