Мұрын мен оның қосалқы қуыстарын зерттеу әдістері.

  1. Мұрын мен оның қосалқы қуыстарын зерттеу әдістері.

 

1. Мұрын анатомиялық құрылысы жағынан сыртқы мұрынға және мұрын қуысына бөлінеді.

Сыртқы мұрын мұрын сүйектерінен, жоғарғы жақ сүйегінің маңдай өсіндісінен тұрады. Мұрын сүйектері сырт жағынан жоғарғы жақ сүйегінің маңдай өсіндісімен қосылып мұрынның бүйір бетін құрайды, ал мұрын сүйектерінің өзара орталық байланысы мұрын қабырғасын құрайды. Мұрынның шеміршек бөлігі қос үшкіл, үлкен және кіші қырлы қосымша шеміршектерден құралған. Мұрынның сыртын май бездері бар тері жауып тұрады.

Сыртқы мұрын бет және көз артериясы арқылы қоректенеді. Сыртқы мұрын венасы мұрын қуысы венасымен жалғасып (анастомоз) бет венасына келіп құяды. Лимфа тамырлары лимфаны жақасты лимфа түйіндеріне әкеледі.

Мұрын қуысы жоғарғы жағынан алдыңғы бас сүйек ойығымен, төменгі жағынан ауыз қуысымен, ал сырт жағынан көз ұяларымен жалғасады және оны мұрынның қосалқы қуыстары қоршап тұрады.

Алдыңғы жағында ішкі тыныс алатын – танау (ноздри),  артқы жағында сыртқа тыныс шығаратын – хоаналар бар. Бұлар мұрын қуысын мұрын-жұтқыншақ қуысымен жалғастырады. Мұрын пердесі мұрын қуысын екі жартыға бөліп, оның медиальды қабырғасын құрайды. Мұрын пердесі үстіңгі жағынан перпендикуляр пластикадан, артқы және төменгі жағынан желбезек (сошник) сүйекшесімен, ал алдыңғы жағынан мұрын пердесі шеміршегімен жалғасады. Мұрын пердесінің алдыңғы үсті 4 бұрышты шеміршектен құралған.

2. Мұрын қуысының жоғарғы қабырғасы алдыңғы жағынан мұрын сүйектерінен, ортасында торлы сүйектен (елек тәріздес) артқы жағынан – сына тәрізді қуыстың алдыңғы қабырғасынан құралған. Торлы пластиканың көптеген тесіктері арқылы иіс сезу нервінің тармақтары өтеді.

Мұрын қуысының түбі жоғарғы жақ сүйегінің таңдай өсінділерінен және артқы жағынан таңдай сүйегінің көлденең (горизонталь) пластинкасынан құралған.

Сыртқы қабырғаның құрылысы бұдан күрделірек. Ол мұрын сүйектерінің ішкі бетінен, жоғарғы жақ сүйегінің маңдай өсіндісінен, қаңырақ сүйектен; торлы сүйектің клеткаларынан, таңдай сүйектің тік пластикасынан және артқы жағынан – сына сүйектің қырлы өсіндісінің ішкі пластикасынан құралған. Сыртқы қабырғасында үш кеуілжір орналасқан – төменгі, ортаңғы және жоғарғы. Бұлардың астында үш мұрын жолы бар. Олардан басқа мұрынның жалпы жолы бар. Төменгі кеуілжір күмбезі (свод) астында жас-мұрын каналының тесігі орналасқан. Мұрынның ортаңғы жолының бүйір қабырғасында жарты ай тәрізді саңылау бар. Оны бірінші рет Н. И. Пирогов анықтаған. Мұрынның ортаңғы жолына қарай гаймор қуысы, торлы лабиринттің алдыңғы және ортаңғы клеткалары, маңдай қуысы ашылады. Мұрынның жоғарғы жолына қарай торлы лабиринттің артқы клеткалары мен сына тәрізді қуыс ашылады.

Мұрынның кіреберіс бөлігі май бездері мен түктері бар терімен жабылған. Ол онан кейін аралық белдеуге, одан әрі шырышты қабыққа айналады.  Дем алу және иіс сезу зоналары мұрын қуысында орналасқан. Иіс сезу зонасы мұрын қуысының жоғарғы 3-ші бөлімінде, онда демеуші клеткалардан тұратын арнайы рецепторлық нейроэпителийлер орналасқан. Иіс сезу клеткаларының негізінен (қатты) талшықтар – аксондар басталып, ол горизонтальды пластинка тесіктері арқылы бас сүйектің қуысына өтеді де, иіс сезу нерв буылтығын (луковица) құрайды (І нейроном). Иіс сезу жолы онан әрі иіс сезу үшкілінің клеткалары мен алмұрт тәрізді бөлігіне жетеді (ІІ нейроном). Одан әрі сүйелді дене мен аммон мүйізі шетіне жетеді (ІІІ нейроном). Бұл бөлім иіс сезу анализаторының қыртысы аймағы болып саналады. Ал кірпікшелі эпителий (шырышты қабық), біріңғай салалы ет ткані мен тамырлар жататын қалған бөлігі тыныс алу аймағы болып табылады.

Үстіңгі жақ қуысы (Гайморова) көлемі жағынан (10-нан 18см дейін) ең үлкені. Оның алдыңғы беттік қабырғасын ұрттың жұмсақ тканьдері жауып тұрады. Қабырғаның шұңқырлау жері  анағұрлым жұқа. Оның астында артерия, вена және нерв өтетін көзасты тесігі бар.

Төменгі қабырға немесе альвеола өскінінің екінші кіші азу тіс пен екі бірінші азу тіс орналасқан бөлігіне сәйкес келеді. Қуыс мұрынның ортаңғы жолына ашылады.

Сыйымдылығы 3 – 5см 3  маңдай қуысының формасы да көлемі де әртүрлі болады, кейде ол болмауы да мүмкін.

Жаңа туған сәбиде маңдай қуысы болмайды, ол оның өмірге келген алғашқы жылынан бастап дамып, 25 жасқа дейін толық қалыптасып болады.

Торлы қуыс (торлы лабиринт) маңдай және сына тәрізді қуыстар аралығында ораласқан. Ол  2 – 14 ауа жүретін клеткалардан құралған, формасы мен көлемі әртүрлі болып келеді. Торлы қуыстың үстіңгі қабырғасы бас сүйектің алдыңғы шұңқырымен шектеседі. Сыртқы қабырғасы көз ұясына жұқа қабырға арқылы бөлініп тұрады. Торлы қуыстың ішкі қабырғасы мұрын қуысының сыртқы қабырғасының бір бөлігі болып табылады.

Сына тәрізді қуыс (негізгі) мұрын-жұтқыншақ күмбезі үстінде орналасқан.  Қуыс перде арқылы көлемі бірдей емес екі жартыға бөлінген. Қуыс алдыңғы екі жұқа қабырға тесігі арқылы жоғарғы кеуілжірдің үстіңгі жағындағы мұрынның жоғарғы жолына жалғасады.

Жаңа туған сәбиде сына тәрізді қуыс саңылау сияқты болып келеді, дамуы тек 20 жаста аяқталады. Мұрын қуысының көз ұясы және бас сүйек шұңқырымен жақын орналасуы – қабыну процесінің көз шарасы мен бас сүйек қуысына таралуына ықпал етеді.

Мұрын қуысы тыныс алу, қорғау, иіс сезу және резонаторлық функция атқарады. Тыныс алу функциясы – ауа ағымы танау арқылы жоғары қарай одан төмен қарай хоаналарға, одан әрі мұрын-жұтқыншаққа барады.

Егер де ауа иіс сезу және эссенциаль (хош иісті сезінетін) аймақтарына келмесе, иіс сезу клеткаларының, нервінің рецепторлары функциясы бұзылса – распираторлық гипоксия (тканьдегі оттегінің жеткіліксіздігі) пайда болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *