Компенсацияның бұзылу кезеңі. Ауру уй ішінде өзін қоярға жер таппай қатты мазасызданады, қалай да ішке кіретін ауны молайту мақсатымен өзінің жағасын жыртуы мүмкін. Аурудың бетін суық тер басып, көздеріне үрей толып, шарасынан шығатындай болады. Бет терісі қызара көгеріп, ілезде мойын мен кеудеге таралады. Бұл кезеңде дем алу жиілейді, бірақ ол үстірт болады және дем алу қимылы өте әлсіз білінеді, өйткені көкірек клеткасы қимылсыз, тек көмей томпағы (адамово яблоко ) ғана жоғары –төмен қатты қимылдар жасайды. Дауыс пен жөтел дыбыссыз, пульс жиілейді, есі өзінде болады.
VI. Асфикция кезеңі. Бұл көмей стенозының ақырғы кезеңі. Бұған естен айырылу немесе есінен шатасу тән. Дем алу анықталмайды не Чейн- Стокс түрінде болады. Бет терісі көгеріп, бозғылт тартады. Көзінің қарашығы күрт үлкейеді, бірақ жүрек қызмыті тоқтамайды.
Жедел хирургиялық жәрдем. Тамақтағы тыныс саңылауының жіті тарылуына жедел көмек көрсетерде дәрігер тыныс жолын ашу әдісін жағдайға байланысты таңдап алуы керек. Тұншығып дем ала алмай жатқан ауруға жәрдем берердегі дәрігердің кездесетін ең басты қиындығы – ол аурудың жағдайын тез және дұрыс анықтай білу, мазасыздану жөніндегі бар мүмкіншілікті бағдарлау, тұншығудың күшею себебін анықтау, тамақтағы вена тамырларына қан толып кернеуіне, ал кейде ауру мойнының анатомиялық ерекшеліктеріне ( май клеткасының мөлшері, мойынның қысқлығы) байланысты хирургиялық көмек көрсету қиындайды.
Классикалық трахетомия жасауға мүмкіндік болмаған жағдайда дәрігер аурудың өмірін аман алып қалып, трахетомия жасайтын емдеу мекемесіне жеткізу үшін операция жасау керек. Қолайсыз жағдайда жасалатын осындай хирургиялық жәрдемнің түрі ( көлік үстінде, далада, қоғамдық орындарда т.б) – коникотомия.
Коникотомия – сақина тәрізді шеміршектің жоғарғы бөлімін қалқанша шеміршектің шетімен байланыстыратын сүйір байламның кеңірдекке орналасқан жерінен ашу. Қалқанша шеміршек пен сақина тәрізді шеміршектің шеткі аралығындағы кішігірім шұңқырларын жауып тұратын, басты артқа қайырғанда қолға жақсы білінетін сүйір байлам аймағында ірі қантамырлары болмайды, артжағында көмей қуысы орналасқан осы байламды тек қана тері жауып тұрады.
Коникатомия жасау үшін ауру отырып, басын артқа қайыру керек, сонда сүйір байламның түтік салатын жері айқын көрінеді. Дегенмен, ол жер дәрігер саусағының ұшымен қалқанша шеміршекті алдыңғы шетінен кішігірім шұңқырға дейін сипап қарағанда дәлірек анықталады. Осылай анықтағаннан кейін уақытты өткізіп алмас үшін анестезия жасамай –ақ, тері мен сүйір мен байламды көлденеңімен кесіп дауыс асты қуыстың саңылауына жетуі керек. Мүмкін болса осыаймақтың артқы бөлімдерін зақымдап алмауға тырысу керек. Кескен жерге енгізетін түтік өте жалпақ болмау керек, өйткені мұндай жағдайда айналасындағы тканьдерді басып қабыну процесін туғызуы мүмкін.
Трахеотомия – көмейдің әртүрлі аурулары мен зақымдануларында ауруды аман алып қалу әдісі. Бұл ерте заманнан белгілі әдіс. Дегенмен осы уақытқа дейін хирургиялық емдеуде бұл өте жауапты операцияның қатарына жатады. Уақытын өткізбей дұрыс жасалған трахеотомия адам өмірін сақтап қана қоймайды, сонымен қатар толық жазылуын да қамтамасыз етеді. Трахетомияны төмендегі ережелер бойынша салады:
Аурудың қалпы. Шалқадан жату қалпы көбірек таралған, бірақ кейбір жағдайларда трахеостомияны аурудың басын артқа жіберіп отырған қалпында салуға тура келеді.Ең алдымен жұмыс істеуге ыңғайлы болу үшін мойынның астына кішкентай жастық қояды, тек хирург кеңірдекті ашқан уақытта, онымен жұмыс істеу жеңілдеу болу үшін және кеңірдекті кесуге санаулы секунд қалғанда жастықты аурудың арқасына қарай жылжытады.
Анастезия. Көп жағдайда, жедел операциядағы трахестомияны жергілікті сезімсіздендіру арқылы жасайды, ал кейде өте тығыз жағдайда, ауру тұншыққанда, операцияны ешқандай сезімсіздендірусіз жасай береді. Егер операция жоспарлы түрде болса, онда қазіргі уақыттағы тиімді сезімсіздендіру интубациялық наркоз болып есептеледі. өйткені хирургиялық әрекетті басқарылмалы демалу арқылы жасауға болады. Жерпгілікті сезімсіздендіру новокаин мен тримекаин (1-2 %) ерітінділерін қолданады.
Мойынның алдыңғы бетін бағдарлау бұл кеңірдек қабырғасына дұрыс жетуге көмектеседі, (көмейдің томпақ жері, сақина тәрізді шеміршектің доғасы , мойындырық ойындысы). Мойынның алдыңғы бетінің терісін тура ортасынан кесу керек. әйтпесе хирург қателесіп кеңірдектің жанынан өтуі мүмкін.
Трахетомияның түріне байланысты хирург: жоғарғы, ортаңғы трахетомия – оң жақта, төменгі трахетомия – сол жақта тұруы керек (бұл әртүрлі деңгейде кеңірдекті ашқанда кесудің ыңғайлы болуы үшін қажет).
Теріні көмей томпағының ортасынан мойындырық ойындысынан 5-6см жерден кеседі.
Тері мен теріасты клечатканы бүйірлі скальпелмен кескеннен кейін мойынның ақ сызығын яғни төс-тіласты етінің жалғасқан жерін табады. Теріні жан-жаққа ысырғаннан кейін осы сызық көрінсе алған бағыт дұрыс деп есептеуге болады.
Кесілген тері бойымен мойынның ақ сызығын кесу керек. Оның астында жатқан қалқанша безінің алқымын зақымдап не жаралап алмас үшін, бұл сызықты скальпелмен емес қайшымен қию керек. Ең алдымен осы ақ сызықтың ортасы кезіндегі тканьді екі пинцетпен көтеріп қайшымен көлденең қияды. Осы қиған жерден астынан және үстінен науа тәрізді зонд енгізіп, оның үстімен мойынның ақ сызығы тілінген тері бойымен кеседі.
Бұлшықеттерді жан-жаққа ысырғаннан кейін кеңірдекті жауып жатқан қалқанша бездің қан тамырлы алқымы жақсы көрінеді. Қалқанша безі алқымына жоғарғы трахеостомия жасау үшін кеңірдектің бірінші сақинасын ашады. Төменгі трахетомия жасау керек болған жағдайда қалқанша без алқымын жоғары жылжытып, кеңірдектің 3-5 сақиналарын ашады.
Кеңірдек саңылауын ашу алдында қанды толық тоқтату керек. Жөтел рефлексін басу үшін кеңірдектің шырышты қабығына кеңірдек сақина байламдарының арасынан 1 мл 5% кокаин немесе 1% дикаин ерітіндісін жіберіп сезімсіздендіреді. Жоғарғы трахеотомияда кеңірдектің екінші және үшінші, ортаңғы трахеостомияда – үшінші және төртінші , ал төменгіде – төртінші және бесінші сақиналарын кеседі. Жоғарғы трахеотомияда кеңірдектің екінші сақинасын кескенде дауысасты қуыстың шырышты қабығын зақымдап алмауға тырысады, өйткені бұл аймақтың ткані зақымданса және трахеостомия түтігі ұзақ уақыт тұрғанда грануляция болып, кейін тұрақты тыртық пайда болады. Осыдан көмейдің саңылауы тарылып, ауру ұзақ уақыт трахеостомия түтігімен жүріп қалуы мүмкін.
кеңірдек сақиналарын сүйір скальпелмен кеседі. Кеңірдектің артқы қабырғасын зақымдап алмау үшін оның қабырғасын толық кесе алатындай (0,5см) скальпелдің ұшын ғана қалдырып, бүйірін дымқыл мақтамен орап алған жөн. Екі сақинаны немесе сақинааралық байламды кескеннен кейін, ол жерді кеңейту үшін жаракеңейткішті енгізеді де, трахеостома түтігінің сәйкес нөмерін (1-5) қояды. Кеңірдек қабырғасындағы жараның көлемі қанюның диаметріне сәйкес болмаса, ал тері бүкіл ұзындығында тігілген болса, түтіктер темірден болуы мүмкін. Дем алған кезде әсіресе жөтелгенде ауа теріасты клечаткаға өтіп эмфиземаның тууына себеп болады. Ол алдымен мойын, бет аймақтарын қамтып, кейін көкірек қуысына таралады.
Жедел трахетомия жасағаннан кейін, барлық күшті көмей стенозын туғызатын себептерді болдырмауға жұмсау керек.
Көмейдің созылмалы тарылуы (стенозы). Көпшілік жағдайда қатерсіз өскіндердің болуына байланысты бұл ауру оториноларингологияда үлкен проблема түзеді. Көмейдің созылмалы стенозымен ауыратын ауруларды емдеудегі негізгі жұмыс – ақыр аяғында аурудың трахеостома арқылы емес, мұрын арқылы табиғи жолмен дем алуын қамтамасыз ететін шаралар жүргізу.
Көмейдің қатерсіз өскіндердің ең көп таралған түрі фиброма. Ол дауыс қатпарларының бос шетінде, алдыңғы бөлімге жақын немесе осы қатпарлардың жоғарғы бетінде болады. Гистологиялық көрініске фиброма дәнекер тканьнен тұрады және эпителиймен жабылған сырт көрінісінде олар сарғылт реңді, жіңішке аяқтары бар, дауыс қатпарламалары шетінен шыққан сфералық формадағы безді елестетеді. Кейде мұндай жаңа өскіндердің дәнекер тканьдерінде көптеген қан тамырлары болады, мұндай жағдайда ісік қызғылт көк түсті. Бұл – ангилофиброма. Олар өте баяу өседі және қай жерде шоғырланғанына байланысты ерте (ісік байламның бос шетінде орналасып фонация кезінде дауыс саңылауының жабылуына кедергі жасайды) болуы мүмкін.
Емдеу. Тек хурургия – жергілікті сезімсіздендіру немесе наркоз арқылы операциялық микроскоппен шағын инструменттерді қолданып алып тастау.
Балаларда папиллома кездеседі, бұл ауру қайталанып көмейдің барлық бөлімдеріне тіпті кеңірдекке жайылуға бейім, сондықтан оны көмейдің папилломатозы дейді.
Емдеу. Ауыз арқылы немесе көмейді ашқаннан кейін (ларингостомия) қайталап хирургиялық әрекет жасау паллиативті шараларға жатады. Біршама үміт беретін ем лазер сәулесін қолдану.
Тіс жақ жүйесі патологиясын тудыратын көмейдің жаңа өскіндерінің ішінде ларингоцеле (жөтелгенде шырышты қабығының астына ауаның енуі). Ол кіре беріс қатпардың қалыңында пайда болады.
Емдеу. Хирургиялық – сыртқы жол арқылы ларингоцеленің қабығынын алып тастау.
Көмейдің қатерлі ісігі.
Көмей аймағында кездесетін қатерлі ісікке оның барлық бөлімнің зақымдайтын рак жатады. Көбіне еркектер аурады, оның ішінде шылым шегетін адамдарда, шекпейтіндерге қарағанда 25 есе жиі кездеседі. Көмейдің рак ісігі симптомының өсу жылдамдығы оның қай жерде пайда болғанына байланысты. Ісіктің ең «жайлы» жері дауыс қатпарлары. Дауысасты аймағының рагі де кеш диагноз қойылатын ісікке жатады, сондықтан ауру ұзақ уақыт бойы ештеңе сезбейді, дәрігерге дем алуы қиындаған уақытта немесе қанды қақырық тастағанда барады. Жұтқыншақтың көмей бөлімінің рак ісігінде аурудың тамағыжыбырлап, мазасызданады, кейде ауру сезімі құлаққа беріледі. Сондықтан кез келген маманға бірінші белгісін анықтау үшін онкологиялық сақтық керек.
Ісіктің таралуына байланыстыкөмей рагінің 4 кезеңін ажыратады: 1. Ісік көмейдің тек бір бөлімінде ғана болады, мысалы, дауыс қатпарында. Метастаздар болмайды. 2. Ісік көмейдің барлық бөлімін қамтиды (барлық дауыс қатпарларында), метастаздар болмайды. 3. Ісік көмейдің басқа бөлімдеріне өтеді (дауыс қатпары, кіреберіс қатпары, тілшік), метастаздар сол жердегі лимфа түйіндерінде. 4. Көмекейдің көлемді ісігі – көршілес мүшелерге таралады (тілдің түбі, өңеш). Алшақ және жақын метастаздар, кахексия. Тек қана жаңа өскіннің сыртқы түріне қарап қойған көмей рагінің диагнозы әр уақытта дәл бола бермейді. Дауыс қатпары қимылының нашарлауы немесе қимылсыз қалуы, көмей бөлімдері түсінің әртүрлі өңге енуі: бір дауыс қатпарының қалыпты түрде, ал екіншісінің қанталауының үлкен маңызы бар. Көмейдің фронтальды томографиясы оның ісігіне тән белгілерді көрсетіп береді. Диагноз қоюда шешуші роль биопсияға тиеді.
Емдеу. Сәулелік хирургиялық, химиотерапиялық. Қазіргі уақытта көмейді толық алып тастайтын аурулар саны, ісіктің диагнозын ертерек қоюға, сақтықпен емдеу әдістерін зерттеп қолдануға байланысты едәуір азайды. Дегенмен, кейде сол аймақтағы лимфа түйіндерін, теріасты клетчаткасын, вена тамырларын алып тастауда, тотальды ларингоскопия әлі де болса онкологтардың қаруы болып келеді.
Емдеудің аралас әдісі қолданылады: хирургия, одан кейін химиотерапия немесе сәулелендіру, одан кейін хирургия мен химиотерапия.
Көмей туберкулезі мен мерезі.
Көмей туберкулезі (құрт ауруы) әр уақытта екіншілік ауру, яғни мұнда міндетті түрде өкпе туберкулезі болуы мүмкін. Үнемі жөтелуден көмейдің шырышты қабығына көп мөлшерде қақырықтың жиналуынан жапқыш эпителий зақымданады. Туберкулез микобактериялары бар қақырық шырышты қабықтың зақымданған жерімен жанасып қабынудың тез өрбуіне мүмкіндік туғызады. Инфильтраттар пайда болып, ол кейін іріген ойындыларға айналады, қабыну кезеңдерінің әр қайсысы көмейде өзіне тән көріністермен ерекшеленеді, ол көбіне қабыну ошағының қай жерде болуына байланысты. Егер өкпе туберкулезі ауруында дауыс қарлығып, ларингоскопияда көмейдің әр бөлімдері әр түсте көрінсе немесе қатты ауыратын жара болса, онда бұл көрініс көмейдегі туберкулез құбылысына өте ұқсас болады. Жаралар өте терең болуы мүмкін және олар перихондриттің дамуына мүмкіндік береді.
Емдеу осы ауруға тән – фтивазид, ПАСК, арнайы мекемелерде бақылау.
Көмейдің мерезі әртүрлі кезеңде кездесуі мүмкін. Алғашқы сатысы рак пен туберкулез сияқты, алдымен көмейдің шырышты қабығы түсінің әртүрлі болуымен сипатталады (бір дауыс қатпары қалыпты түсте, екіншісі қызарған). Тек осындай ларингоскопиялық көрініс дәрігердің көңілін аудару керек және ол диагнозды анықтап, ауруды арнайы мекемеге жіберуге міндетті (анамнез ауру шағымы, серологиялық зерттеу, ларингоскопия, биопсия).
Бронхтар ауруы. Бөгде заттар. Бронхтар ауруында негізінен жедел көмек көрсету, (бөгде заттар), диагнозды анықтау, бронх ісігіне биопсия алу оториноларингологтың міндетіне жатады. Бронхтағы бөгде заттар (5 жасқа дейін) балаларда жиі кездеседі (95%). Ойнап жүргенде балалар әртүрлі заттарды жұтып қоюы мүмкін – ойыншықтың темір немесе плпстмасса бөлігі, әртүрлі дәндер (қарбыз, шемішке, жаңғақ т.б.) Ересек адамдар көбіне тіс протезін, сүйек т.б. жұтып қояды.бронхтың бөгде зат кезіндегі клиникалық көрінісі көптеген факторларға байлансты: бөгде заттың көлемі, оның сыртқы, неден тұратыны. Алдымен ұзаққа созылатын қатты жөтел пайда болып, кейін бәсеңдейді. Бұл жөтел рефлексінің бәсеңдеуіне байланысты. Көп жағдайда кеңірдек кеңістігіне түскен бөгде зат «жүзгіш» болады, яғни жөтелген кезде кеңірдекте қозғалып жүреді. әдетте мұндай заттар шемішке немесе қарбыз дәні. Дем алу саңылауына түскен мұндай бөгде зат кеңірдектің бронхқа бөлінетін жеріне дейін жетіп жөтел рефлексін тудырады. Ол дауыс саңылауының кеңейген кезіндегі қатты ішке дем алу мен тез іштен дем шығарудан тұрады. Ауа ағымымен бөгде зат жоғары көтеріледі, сол уақытта дауыс қатпарларына тиіспей дем алу саңылауына өтіп кетсе, ол өз бетімен сыртқа шығарылады. Бронхтағы клиникалық көрінісі бөгде заттың бронхты толық не жартылай жауып тастауына байланысты. Көбіне ол оң бронх бағанына кетеді, өйткені оң бронх кеңірдектің жалғасы есебінде, ал сол бронх одан доғалданып кетеді. Егер бөгде заттың көлемі бронх саңылауымен бірдей болса, онда оны толық бітеп, өкпенің коллапсы туады: өкпе шекарасынан жылжиды,дауыстың дірілі күшейеді, тыңдап тексергенде дем алу болмайды, қарсы жағында эмфизема пайда болады. Ентікпе анықталды. Мұндай көрініс өте тез немесе біртіндеп, бөгде зат бронхтың шырышты қабығының қабынуын, ісінуін туғызғанда дамуы мүмкін.
Жалпы тексерумен ( қарау, перкусия, аускультация – тыңдау) мұқият жиналған мәліметтерден басқа көкірек қуысын рентгенге түсіру керек. Бөгде зат анықталмаған жағдайда контрасты ерітінді жіберіп бронхография жасау керек болады.
Бронхтағы бөгде затты алуда жедел жәрдем беру әдісі – негізінен бронхоскопия жасау: жоғарғы, ауыз қуысы арқылы және төменгі, мұнда алдын ала трахеостомия жасауға тура келеді. Төменгі бронхоскопия, оны жасауға көп уақыт керек болғанда, тіпті қайталауға тура келгенде жасалады.
Қазіргі уақытта бронхоскопия жасауға қолданылатын приборлар түкті оптикалы иілгіш және иілмейтін, шетінде қондырған жарық шамы бар темір түтік түрінде болуы мүмкін. Дем алатын бронхоскоптар да бар, олар наркозбен бронхыларды зерттеп, олардың бөліктерін қарап тексеруге мүмкіндік береді. Диагностикалық бронхоскопия бронхтарды тексеріп, гистологиялық зерттеу үшін материал алу керек болғанда жүргізіледі.