Есту түтігі жұмысын зерттеу.

  1. Есту түтігі жұмысын зерттеу.

 

1. Сыртқы есту түтігі өзін дабыл қуысынан бөліп тұратын дабыл жарғағымен бітеді.

Дабыл жарғағы (барабанная перепонка) «ортаңғы құлақ анасы», болып табылады, яғни жарғақты қараған кезде байқалатын барлық белгілер оның арғы жағындағы ортаңғы құлақ қуысы ішіндегі процестер көрінісі болып табылады. Бұл дабыл жарғағының құрылысы жағынан ортаңғы құлақтың басқа бөлімдерінің шырышты қабығымен бірдей. Сондықтан да, болып жатқан немесе болып кеткен процестер дабыл жарғағында өз ізін қалдырады., кейде өмір бойына сақталып қалады: жарғақтың тыртықты өзгерісі, тесілуі (перфорация), әк тұздарының жиналуы және т.б. Дабыл жарғағы екі бөліктен тұратын жұқа, кейде күңгірт мембрана (жұқа перде). Оның үлкені керілген, кішісі керілмеген. Керілген бөлігі үш қабаттан: сыртқы  — эпидермальды, ішкі және өзара тығыз өрілген, көп талшықты, ортаңғы – фиброзды қабаттан тұрады.

Керілмеген бөлігі ек екі қабаттан тұрады, оның фиброзды қабаты болмайды.

Үлкен адамда дабыл жарғағы есту түтігінің төменгі қабырғасымен салыстыра қарағанда 45° бұрышта, ал балаларда бұл — 20° шамасында болады. Осыған байланысты балалар құлағының дабыл жарғағын қарағанда құлақ қалқанын төмен және артқа қарай тартуға тура келеді. Дабыл жарғағы дөңгелек, диаметрі 0,9 см шамасында. Қалыпты жағдайда көкшіл-*сұр түсті және дабыл қуысына қарай шамалы тартыңқы келеді. Осыған байланысты оның дәл ортасында «кіндік» деп аталатын ойықша бар. Дабыл жарғағының барлық бөлшектері бірдей есту түтігі осіне қарағанда бір жазықтың бойында тұрған жоқ. Жарғақтың алдыңғы төмен бөлімдері тігірек орналасқан, сондықтан да есту түтігіне бағытталған жарық шоғы осы бөліктен көрініп, жарық шағыласын (блик) жарық конусын береді. Бұл конус дабыл жарғағының қалыпты жағдайында бір күйде болады. Оның танымдық және диагностикалық маңызы бар. Одан басқа, дабыл жарғағында алдымен артқа, жоғарыдан төмен қарай жүретін балғаша сабы бар. Балғаша сабы мен жарық конусы арқылы жасалған бұрыш алға қарай ашылған. Бұл оң жақтағы жарғақты сол жақтағыдан ажырата білуге мүмкіндік береді. Балғаша сабының жоғарғы бөлімінде кішігірім төмпешік – балғашының қысқа өскіні көрінеді. Бұл өскіннен алға және артқа қарай балға қатпарлары (алдыңғы және артқы) кетеді, ол жарғақтың керілген бөлігін керілмеген бөлігінен бөліп тұрады. Жарғақты әр түрлі өзгерістерді табуға қолайлы болуы үшін алдыңғы-жоғарғы, алдыңғы-төменгі, артқы-жоғарғы, артқы-төменгі деп 4 төтбұрышқа бөледі. Шартты түрде бұл төтбұрыштар балғаша сабы арқылы және жарғақ кіндігі арқылы өтетін бірінші түзуге тік жүргізілген түзулер арқылы ажыратылады.

Ортаңғы құлақ бір-бірімен байланысқан үш бөліктен тұрады: есту өзегі, дабыл қуысы және емізікше өсіндінің ауа жүретін қуыстар жүйесі. Бұл қуыстардың барлығы бір шырышты қабықпен жабылған және қабынғанда ортаңғы құлақтың барлық бөлімінде осыған сәйкес өзгерістер пайда болады.

Дабыл қуысы (барабанная полость) – орталық құлақтың ортаңғы бөлімі, құрылысы күрделі, көлемі кішігірім, бірақ қызметі жағынан маңызды. Қуыстың алты қабырғасы бар:  1. Жарғақты (сыртқы) – дабыл жарғағының ішкі бетін алып жатыр, (сыртқы) – дабыл жарғағының ішкі бетін алып жатыр, тек оның жоғарғы бөлігі ғана сүйекті болады. 2. Алдыңғы қабырға (ұйқы артериялық) – бұл арқылы ішкі ұйқы артериясының сүйекті түтігі өтеді, сондықтан алдыңғы қабырғаның жоғарғы бөлімінде есту түтігіне келетін тесік бар және дабыл жарғағын керетін бұлшықеттер жылжитын канал (өзек) орналасқан. 3. Төменгі қабырға мойындырақ венасының буылтығымен шектеседі, ол кейде дабыл жарғағына біршама шығып тұрады. Артқы қабырғаның (емізікше) жоғарғы бөлімінде, қысқа өзекке келетін тесік бар. Ол дабыл қуысын емізікше өсіндінің ең ірі және тұрақты ұясы – үңгірмен жалғастырады. 4 Медиальды (ішкі лабиринтті) қабырға негізінен сопақша формадағы ұлудың негізгі шиыршығына сәйкес келетін томпақ мүйістен тұрады. Осы томпақтың артына қарай және сәл жоғары кіреберіс терезесі, ал артқа және төменіректе ұлу терезесі бар. Кіреберіс терезесінде үзеңгінің негізі бар, ұлу терезесі екінші дабыл жарғағымен жабылған. Медиальды қабырғаның жоғарғы шетінен бет нерві артқа қарай бағытталып, кіреберіс терезе қуысының жоғарғы шетімен шектеседі, онан кейін төмен бұрылып, дабыл қуысының артқы қабырғасының қалың ішіне орналасады. Өзек біз-емізікше тесікпен аяқталады. Жоғарғы (қақпақша) қабырға бас сүйектің ортаңғы шұңқырымен шектеседі.

Есту түтігі (евстахий түтігі) ересек адамдарда ұзындығы 3,5 см шамасында, ол сүйекті және шеміршекті бөлімнен тұрады: Есту түтігінің жұтқыншақ тесігі – мұрынның төменгі кеуілжірлерінің артқы деңгейінде жұтқыншақтың кірпікшелі мұрын бөлігінің бүйір қабырғасын ашылады. Түтік эпителийлі шырышты қабықпен жабылған. Оның кірпікшелері жұтқыншақтың мұрын бөлігіне қарай қимылдап, ортаңғы құлақ қуысын инфециядан сақтайды. Кірпікшелі эпителий, сонымен қатар, түтік арқылы дренаждық (ірің шығару) функциясын атқарады. Түтік саңылауы жұту қимылында ашылады да, ауа ортаңғы құлаққаенеді. Бұл жағдайда ортаңғы құлақтың сыртқы және ішкі қысымы теңеседі. Бұның есту мүшесі қызметінің қалыпты болуы үшін маңызы зор. Екі жасқа дейінгі балаларда есту түтігі қысқа және кең болады.

Емізікше өсіндінің клеткалар жүйесі ауа жүретін клеткалар дамуы дәрежесіне байланысты әртүрлі болады. Сондықтан да, оның құрылысын әртүрлі типке бөледі: пневмониялық, склероздық, диплоэтикалық.

Үңгір (антрум) —  дабыл қуысымен тікелей байланысатын үлкен клетка. Үңгір бас сүйектің артқы шұңқырларымен және ортаңғы сигма тәрізді қуыспен, сыртқы есту жолымен шектеседі. Оның артқы қабырғасы арқылы бет нерві өтеді. Сондықтан да, үңгір қабырғаларының бұзылу процестері шектес жатқан аймақтардың өте ауыр зардаптарына әкеліп соғады. Үңгір ересек адамдарда 1 см-ге дейін тереңдңкте жатады. Сәбилерде алғашқы жылдары, емізікше өсінді бетіне жақын орналасқан. Самай сүйегіндегі үңгір проекциясы «Шипо үш бұрышы» шамасында болады. Ортаңғы құлақтың шырышты қабығы – мукопериосттың ешқындай бездері болмайды, бірақ олар, қабыну кезіндегі метаплазия (тканьдердің қайта жасалуы) құрылысына байланысты болуы мүмкін.

Ортаңғы құлақтың нервтенуі өте күрделі. Осы кішкене ғана жерде көптеген нервтер топталған. Лабиринттік қабырғада нервтер өрімі анығырақ білінеді, олар тіл-жұтқыншақ (глоссит – тілдің қабынуында оталгия құбылысының болуы осыған байланысты және керісінше) нервісінен шығатын дабыл нервтерінің талшықтарынан, сонымен қатар ішкі ұйқы артериясынан келетін симпатикалық нерв талшықтарынан құралыған. Дабыл нерві дабыл қуысының жоғарғы қабырғасы арқылы, кішітасты нерв түрінді шығады да, құлақ маңы безіне жақындап, оны парасимпатикалық талшықтармен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, ортаңғы құлақтың шырышты қабығы үшкіл нерв талшықтарынан да нервтенеді, бұл құлақтың жіті қабынуында болатын қатты ауру реакциясын тудырады. Дабыл ішегі, дабыл қуысындағы бет нервінен тасты-дабыл саңылауы арқылы шығып тіл нервіне жалғасады. Тілдің алдыңғы 2/3 бөлігіндегі тұзды, ащыны және қышқылды сезіну осы дабыл ішегі арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар, дабыл ішегі жақасты және тіласты сілекей бездерін парасимпатикалық талшықтармен қамтамасыз етеді. Бет нервінен үзеңгі бұлшықетіне қарай тармақ кетеді, ал оның көлденең бөлімінен кететін кішкене тармақша самай сүйегінің жоғарғы жақ пирамидасына шығады, ол үлкен тасты нерв, жас безін парсимпатикалық талшықтармен қамтамасыз етеді. Бет нервінің өзі, біз-емізікше арқылы шығып, «үлкен қаз табан» талшықтар торын жасайды. Бет нерві құлақ маңы сілекей безінің қабығымен тығыз жанасады, сондықтан қабыну және ісік процестері бұл нервтің парезі мен параличінің дамуына әкеліп соғады. Бет нервінің топографиясын, әр жаққа тарайтын тармақтарын білу, оның зақымданған жерін анықтауға мүмкіндік береді.

Ортаңғы құлақтың күрделі нервтенуі тіс-жақ жүйесі нервтенуімен тығыз байланысты. Сондықтан құлақ пен тіс-жақ патологиясын қамтитын бірқатар аурудың түрлері бар.

Дабыл қуысында: балғаша, төстік және үзеңгіден құралған «есту сүйекшелерінің тізбегі» орналасқан. Бұл тізбек дабыл жарғағынан басталып, өзара екіантогонистік (қарсы) бұлшықет буындарымен қамтамасыз етілген кіреберіспен бітеді. Бұл екі қарама-қайшы бұлшықеттің бірі жиырылған жағдайда үзеңгі негізін кіреберіс ерезесінен «тартып шығаратын» үзеңгі  бұлшықеті, ал екіншісі дабыл жарғағын керетін, керісінше, үзеңгіні осы терезеге қарай тартатын бұлшықет. Бұлшықеттер арқылы есту сүйешелерінің барлық жүйесінің өте сезімтал, динамикалық тепе-теңдігі жасалады. Бұл тепе-теңдік құлақтың есту функциясы үшін аса маңызды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *