Аудиторлық дәлелдеулер алу кезеңдері
Сенімді дәлелдер алу үшін аудитордан белгілі бір процедураларды қолдану талап етіледі.
Аудиторлық процедуралар деп аудит өткізу кезінде дәделдеулер жинау әдістерінің жиынтығын айтады. Клиент тарапынаи. аудитордың алдына әртүрлі міндеттер қойылуы мүмкін болғандықтап, дәлелдеулер алу үшін қандай да бір процедураларды қолданбас бұрын, мақсатты айқындап оны негіздеу қажет. Мысалы, дайындап тапсырылған қаржылық қорытынды есептің дұрыстығы мен әділеттілігін бағалау емес, жасалынған басқару шешімдерінің пайдалалығын немесе жасалынған келісімнің тиімділігін анықтау талап етіледі. Бұл мақсаттар нақтырақ. Глобалды күрделі мақсаттар да болуы мүмкін: меншіктің сақталуын анықтау және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау; жалпы өндірістің де, жекелеген өнімдердің де рентабельділігін бағалау; кәсіпорынның төлей алу қабілетін ағымдағы мерзімге ғана анықтап қоймай, келешекке де болжа жасау және т.б.
Мақсат таңдалғаннан кейін тексеру жүргізудің ерекшеліктерін, яғни қандай процедуралар талап етілетіндігін анықтау қажет-сәйкестікті айқындау тәсіддері немесе тікелей объектіге қатысты тексеру жүргізу процедуралары. Бұл ары қарай дәлелдеулер алудың тәсілдері мен әдістерін анықтауға мүмкіндік береді. Ондай процеду раларды жасау кезінде қойылатын жалпы талап-тәуелсіздік. Ол тестілердің процедуратардың арасындағы айырмашылық төмендегілерден тұрады:
сәйкестікке қатысты жүргізілетін тестілер шаруашылық операцияларының орындалуы кезінде заң талаптарының сақталуын анықтайды;
тікелей объектіге қатысты тексеру жүргізу тестілерінде қатені анықтау мақсатында әрбір операцияның мазмұны егжей-тегжейлі қарастырылады.
Аудитор еш уақытта өз пікірінің түгелімен дұрыстығына толық сенімді бола алмайды. Сонымен бірге ол өзінің пікірі белгілі бір дәрежеде әділетті екендігіне сенімді болуға тиісті. Барлық дәлелдеулерді салыстыра отырып, аудитор қорытынды жасау үшін олардың жеткілікті түрде нанымды екендігін шеше алады. Ондай шешімді аудитор өзі алған дәледдеулер төмендегі талаптарға сай екендігіне сенімді болса ғана қабылдай алады:
- дұрыстық;
- жеткіліктілік;
- өз уақытыңда алынуы.
Дұрыстық дегеніміз-бұл, аудитор алған дәлелдеулердің шын екендігінің және сенімге лайық болатындығының айғағы: егер дәлелдеулер жоғары дәрежеде шындыққа жататын болып есептелсе, ол тапсырылған қаржылық қорытынды есептің әділдігіне аудитордың көзін жеткізеді. Мысалы, егер тауарлы материалдық босалқыларға түгелдеу жүргізу аудитордың қатысуымен жүзеге асырылған болса, ондай дәлелдеулер аудиторға берілген мәліметтерден алынған дәлелдеулерге қарағанда сенімдірек болады. Дұрыстықтың сапасын көтеруге жағдай жасайтын құраушылары болады. Атап айтсақ, ақпаратгардың тәуелсіздігі. Шаруашылық жүргізуші субъектіден тыс жерден алынған дәлелдеулер клиенттің өзінен алынған дәлелдеулерге қарағанда сенімдірек. Мысалы, сыртқы дәлелдеулер банктердің, заңгерлердің, партнерлардың және т.б. хабарлары субъектінің өзінен алынған жауаптарға қарағанда сенімдірек болады [6].
Ішкі бақылау жүйесінің тиімділігі. Алынған дәлелдеулердің сенімділігі ішкі бақылау жұмысының сапасына тікелей байланысты.
Құжаттарға жасалынған талдаулардыц және берілген сұрауларга жасалынған бақылаулардың нәтижелері, ішкі бақылау құрылымдарының іс-шаралары мен процедураларының тиімділігі жөніндн жеткілікті дәлелдеулер алуға мүмкіндік береді.
Мұндай тексерулер жүргізілген іс-шаралардың немесе процедуралардың ерекшеліктері, оларды қолданудың тұрақтылығы және ол процедуралардың өткізілуіне жауапты тұлғалар туралы дәлелдеулер алуға мүмкіндік беретіндігін көрсетеді. Бірақ, кейбір жағдайларда жұмыстың тиімділігін салыстыру үшін мәліметтер алу мақсатында аудитор да сондай жұмысты жүргізе алады. Егер аудитор ішкі бақылаудың іс-шаралары немесе процедуралары едәуір маңыз-дырақ болғандықтан олардың тиімділігі жөнінде қосымта дәлелдеулер алу талап етіледі деп есептейтін болса, онда қосымша тексеру жүргізу керек. Әдетте, аудитор бақылау жолымен тікелей алған дәлелдеулер сұрау беру арқылы алынған жанама дәлелдеулерге қарағанда сенімдірек. Мысалы, ішкі бақылаудың пайыздық, ставкалар бойынша мәліметтерді толықтыруға бағытталған банктік процедурасы үлкен маңызға ие болуы мүмкін.
Мұндай кезде аудитордың ол процедураларды бірнеше рет жүргізу ықыласы туындауы мүмкін. Егер бақылау процедурасын интенсивті жүргізу қажеттілігі туындайтын болса, аудитор тексеру көлемін азайтуға бағытталған бақылау құралының пайдалылығы жөнінде шешім қабылдауға тиісті.
Аудитордың кәсіби біліктілігі. Аудитордың нақты тексеру жүргізу нәтижесінде тікелей алған ақпараттары клиентке сұрау беру арқылы алынған ақпараттарға қарағанда сенімдірек. Мысалы, егер аудитор жалпы табысты сатып — өткізу көлемін пайыздық қатынас арқылы есептеп, оны өткен жылдардың мәліметтерімен салыстыратын болса, онда мұндай дәлелдеулер ішкі бақылау дайындаған ақпаратпен салыстырғанда сенімдірек болады.
Жеткіліктілік аудиторлық дәлелдеулердің сандық өлшемі болып табылады. Қорытынды жасау үшін аудитор кәсіпорындағы бар барлық ақпараттарды жай ғана тексеріп қоймайды, дәлелдеулердің қажетті санын алу үшін ол іріктеу мөлшерін анықтайды. Себебі шаруашылық операцияларына қатысты қорытынды пікірлер ішінара тексеру процедураларының көмегімен құралуы мүмкін.
Аудиторлық дәлелдеулердің өз уақытында алынуын екі жақты қарастыруға болады: дәледдеулерді жинау кезеңдері бойынша және тексерукезеңдері бойынша. Мысалы, ақшпа қаражаттарының өтімділігін баланс жасау мерзіміне жақындатыңқырап бағалаған дұрысырақ болады, себебі бұл кезенде жинақталған долелдеулер нанымдырақ болады. Егер табыстар мен шығыстар женіндегі қорытынды есептің дұрыстығына дөлелдеулер жинау керек болса, оида оларды іріктеу жолымен тексерудің барлық кезеңіне жинау қажет.
Сенімді дәлелдеулер алу үшін аудитор әртүрлі әдістерді немесе процедураларды пайдаланады: бақылау, растау, сұрау беру, түгелдеу жүргізу, құжаттарды тексеру,қайта есептеу, сканерлеу, тексеру, арнайы тексеру және талдамалық процедуралар [7].
Аудит бойынша арнайы әдебиеттерде әртүрлі авторлар дәлелдеулер алу әдістерін әдіснама және әдістемелік тәсілдерге, сондай-ақ нақты тексеру жүргізу тәсілдеріне бөліп қарастырады. Біз тек аудиттің әдістемелік тәсілдерін қарастырдық. Бақылау өздерінің міндетті қызметін орындаушы клиент жұмыскерлерінің жұмыстарын көзбен шолып зерттеу немесе мақсат-ты қабылдау болып табылады.
Бақылау жүргізу процессіндегі аудитордың жасайтын бірінші қадамы клиент бизнесімен танысу. 310 «Бизнес туралы білім» деп аталатын Халықаралық аудит стандартына сәйкес қаржылық қорытынды есеп берудің аудитін орындау кезінде аудитордың оқиғаларды, операциялар мен қабылданған тәжірибені айқындау және түсіну үшін жеткілікті көлемде бизнес жөнінде білімі болуға тиісті немесе оны алуы керек. Аудитордың пікірі бойынша ол қаржылық қорытынды есепке, тексеруге немесе аудиторлық қорытындыға едәуір әсерін тигізуі мүмкін.
Растау дегеніміз-сұратылған ақпараттың дұрыстығын растайтын жазбаша жауап алу.
Сұрақ беру. Сұрақ беру нәтижесінде клиент аудитор берген сұрақтарға жауап ретінде жазбаша немесе ауызша ақпарат береді. Сұрақ беру нәтижесінде клиенттен дәлелдеулер алу мүмкін болғанымен, оларды ақырны деп есептеуге болмайды. Себебі ол ақпараттар клиенттің пайдасына бұрмаланған болуы мүмкін.
Түгелдеу-аудитордың материалдық активтерді текесруі және санауы. Бұл әдіс бойынша алынған дәлелдеулер көбінесе тауарлы материалдық босалқылармен байланысты.
Құжаттарды тексеруге оқу, іріктеу және құжаттармен танысу, салыстыру және дәлелдеулер жатады. Аудиторлардың тәжірибесінде құжаттарды формалды тексеру деп аталатын құжаттық тексеру әдісі пайдаланылады барлық реквизитгерінің толтырылуының дұрыстығы, түсіндірмесіз қателердің түзетілуі, текстегі және цифрдағы қатенің өшірілуі, лауазымды адамдардың және материалдық жауапкершілікті адамдардың қолдарының бары, бастапқы құжаттардағы, есеп регистрлеріндегі және қорытынды есеп нысандарындағы қойыған штамптардың дұрыстығы.
Қайта есептеу деп клиент пайдаланған процедураларды толық немесе жартылай қайталауды, атап айтқанда есептеулердің математикалық дәлдігін есептеу процедураларын айтады.
Сканерлеу ерекше бір нәрсені табу мақсатында әрбір элемент бойынша үздіксіз қарап отыру.
Арнайы тексеру -тексеру жүргізуге тар мамандықтың иесін тарту.
Аудиторлар қарама-қарсы тексеру әдісін пайдаланады егер бақылау жасаудың мұндай мүмкіншілігі бар болса. Тексеру жүргізу әдістерімен бірге оларды ұйымдастыру әдістері де бар:
- жаппай тексеру;
- іріктеп тексеру.