Аудитордың адресі.

Аудитордың адресі. Қорытынды есепте аудит үшін жауапты аудитордың офисі  орналасқан пункт  көрсетілуге тиісті.

Аудитордың қолы. Қорытынды есепке аудиторлық компанияның атынан, аудитордың жеке өз атынан немесе екеуінің де атынан, егер ол қажет болса, қол қойылуға тиісті. Әдетте, аудитордың қорытынды есебіне компанияның атынан қол қойылады. Себебі аудит үшін фирма жауап береді.

Ескертусіз  аудиторлық қорытынды.

Халықаралық аудит стандарттары бойынша терминдер глоссарийлерінде атап көрсетілгендей, аудиторлық қорытынды  жалпы қаржылық қорытынды есеп бойынша жазбаша нысанда нақты бідцірілген ой-пікірлерден тұрады.

Теріс аудиторлық қорытывды

Аудитор қаржылық қорытынды есеп бойынша теріс аудиторлық қорытынды жасауға мәжбүр болған кезде, қорытынды бөлімде төмендегілер кұрастырылуға тиісті:

Біздің пікіріміз бойынша, жоғарыда бейнеленген фактілердің әсер етуінен қаржылық қорытынды есеп 2001 жылғы 31 желтоқсанға кәсіпорынның қаржылық жағдайының сенімді және дәл керінісін бере алмайды.

Корытынды жасаудан аудитордың бас тартуы

Егер аудиторлық тексеру жүргізу процессінде аудитор тексеруді тоқтатуға мәжбүр болатын және оны жүргізуден бас тартатын жағдай туындайтын болса, онда ол бас тартуының себебін көрсетуге тиісті [15].

Жоғарыда көрсетілген фактілердің маңыздылығына байланысты біз қаржылық қорытынды есеп бойынша қорытынды бере алмаймыз

Арнайы мақсаттағы аудиторлық қорытынды

Арнайы мақсаттағы келісімдер бойынша қорытынды — бұл, аудитор  мен клиенттің арасындағы келісім-шарттың міндеттеріне сәйкес арнайы дайындалған қорытынды.

Арнайы мақсаттар төмендегілер болуы мүмкін:

—     қаржылық қорытынды есептің жекелеген көрсеткіштері жөніндегі қорытынды;

—     корпоративтік табыс салығы бойынша қорытынды есеп беру жөніндегі қорытынды;

—     кәсіпорынның төлей алу қабілеті және жарғылық капиталының құралуы жөніндегі қорытынды;

—     келісім-шарттардың орындалуы және дебиторлық, кредиторлық борыштардың шын бар екендігі жөніндегі қорытынды;

—     шоғырландырылған  қорытынды есептің нақтылығы жөніндегі қорытынды және т.б.

Арнайы мақсаттағы қаржьшық қорытынды есепті растау кезінде аудиторға езінің қорытындысында сілтеме жасау және қорытынды есептің негізі заңдық, нормативтік актілерге және ереже-нұсқауларға қайшы келмейтіндігіне көз жеткізу керек.

Аудиттің отандық тәжірибесінде, әдетте, аудит жүргізіліп болғаннан кейін орындалған жұмыстарды қабылдау актісі жасалынады.

 

Қорытынды

 

Қорытындылау кезінде немесе аудит соңында шешімді қалыптастыруға қатысты аудитормен кәсіптік білімі жалпы түрде қаржылық  есептілік сай келетіндігіне аудитор аналитикалық процедураларды қолдануы қажет. Осындай процедуралар нәтижесі бойынша қабылданған шешімдер қаржылық есептілік элементтері аудиті шешімдерін растауға қажет, сонымен қатар қаржылық есептіліктің парасаттылығына қатысты жалпы қорытынды шығаруға қажет болып табылады.

Аудиторлық тексеру барысында аудиторлармен жинақталып талданған аудиторлық қорытынды жасауға мүмкіндік беретін ақпарат аудиторлық дәлелдеулер деп аталады.

Қаржылық есептілік туралы өзінің тұжырымдамасымен негізделуге аудитор арнайы кешенді тестілеу немесе аудиторлық процедуралар арқылы жеткілікті аудиторлық айғақтарды жинқтай алады:

  •   Бақылау немесе хаттауға қатысу;
  •   Шаруашылық немесе бухгалтерлік операцияларды орындалуына бақылау жасау;
  •   Ауызша сауал;
  •   Жазбаша растауларды алу;
  •   Үшінші тұлғадан клиентпен алынған құжаттарды тексеру;
  •   Клиентпен ұйымдастырылып дайындалған құжаттарды тексеру;
  •   Арифметикалық есептерді тексеру;
  •   Талдау.

Талдау процедуралары 1988 жылы Аудиторлық іс-тәжірибе бойынша комитет шығарған аудит стандарттары туралы америкалық Ережелер нұсқауының мазмұны болып табылады. Оған аудит және бухгалтерлік есеп бойынша Халықаралық және қазақстандақ стандарттарына арнайы бөлім енгізілді. Аудит стандарттары туралы ережеде  мынадай анықтама берілген: «Талдау процедуралары — аудит процесінің маңызды құрастырушысы. Олар қаржылық және қаржылық емес сипаттағы көрсеткіштердің шынайылығын зерттеу нәтижелері бойынша қаржылық ақпарапарды бағалауды білдіреді. Талдау процедуралары әр түрлі болады жай салыстырулардан күрделі үлгілерге дейін…»

Талдамалы процедураларды операциондық аудитті жоспарлауда да, процестік және кезеңдік тексерулерде де қолданып отырады.

Аудиторлық тексерудің аяғында процедуралардың ассистент орындаған бөлігінің орындалу сапасын тексеру үшін, сонымен бірге тексерудің аудиторлық қызметтің белгіленген стандарттарының талаптарын канағаттандыратындығына көз жеткізу үшін және тексеру жүргізу процессінде аудитордың дағдысына енуі мүмкін немқұрайлықтарды бейтараптандыру үшін барлық жұмыс құжаттарын тағы да бір рет қарап шығу қажет.

Аудиторлық қорытынды есептің қорытынды бөлімінде айқындалған ауытқушылықтарды жою жөніндегі аудиторлық ұйымның ұсыныстары, сонымен бірге кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігін кетеру жөніндегі ұсыныстар мен ақыл-кеңестер болуға тиісті.

Клиент басшылығына хат анық, әрі қыска, әрі мазмұнды, нақты дәлсіздіктерсіз болуға тиісті. Басшылықпен жасальшған келісім бойынша баскдрудың әртүрлі деңгейлері үшін жеке хаттар жасалъшуы мүмкін.

Аудитордың кәсіпорын басшылығынан өзінің ақпараттық хатына сол хатта көтерілген мәселелер бойынша болжанған іс-әрекеттер көрсетілген жауапты сұрап алуына болады. Жауап шешім қабылдауға құқықгы тұлғаның  қолы қойылған хат түрінде рәсімделуі мүмкін.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *