Сұрау салу бақылаудан ажырағысыз. Ауруды сұрау сала отырып, біз бақылаймыз, ал сұрақтарды қоямыз. Ауруға диагностика қойып, оның бүкіл ерекшеліктерін анықтау үшін аурудың мінез-құлқын – оның бет әлпетін, дауыс құбылысын, ондағы сәл пәл өзгерісті байқауды мұқият бақылау, аурудың бүкіл қозғалысын белгіге алу керек. өйткені психикалық бұзылыс қандай бір болмасын білінетін елеусіз түрде аурудың сыртқы келбеті мен мінез-құлқынан білінеді.
Ауруларды зерттеу кезінде сұрау салу және бақылау жолымен ең адымен тиісті симптомдарға абыржушылықтың, қозудың ассоциациялық процестің, санырақтың, көңіл-күй өзгерісінің, кемақылдықтың бар – жоқтығына сүйене отырып, сенсориумның жай-күйін ( сананың айқындығы және алжасыуы) анықтайды. Осы жалпы жай күйді анықтау жолымен басқа бұзылыстардың болуы менерекшеліктері ( галлюцинация, психикалық жаттандылық құбылысы, жаттандылық құбылысы, ырықсыз құштарлық, ұстама т.б ) айқындалады.
Ауруды танып білу үшін қазіргі жай күйді дәл анықтаудан басқа осының алдында болған өзгерістер сипатын айқындауды, яғни ауру анамнезі мен тіршілін білу керек.
Анамнез жиыстыруды ата-ананың тұқым қуалаушылық бейімділігіне, денсаулық жай-күйіне, ауруына, екіқабат кезіндегі ауру анасының жарақат алуына, босандың қалай өткендігіне назар аударылды. Ерте балалық шақтағы аурудың дене және психикалық жағынан дамуының ерекшелігі айқындалады. Кесел, кейінгі жылдардағы психикалық жарақат айқындалады. Сонымен бірге, осы кезде жабысқақ түнгі үрейлену, ұйықтау кезіндегі жүріп кету, ұстама ауру, түнгі зәр жіберідің тоқталу кезі, құрбыларына көзқарасы, мектептегі табысы, мінез-құлқы мен оның қалыптасу сипаты: одан әрі білім алу жолындағы, жұмытағы табысқа жетуі, келесі кезеңдегі оның мінез-құлқының қалыптасыуы, жыныстық толысу кезіндегі оның өзгерісі; жасөспірім шақтағы құштарлық, жыныстық өмір, есірткіге салыну; өмір, өндірістік жұмыс, қоғамдық қызмет, әріптестері және туысқандарымен қарым-қатынас, қызығатын істерінің шеңбері; дене және психикалық тұрғыдағы жарақаттар, мұның алдындағы психикалық аурулар, бастан кешкен соматикалық аурулар, улану ауруы анықталады.
Аурудың басталуы, оның басталар алдындағы тікелей жағдайлар, алғашқы белгілер, олардың дамулары, одан арғы барыстарына назар аударылды.
Объективтік анамнез аурудың жақын-жуықтарынан, олардың таныстарынан, қызметтестерден, көршілерден, оны жақсы білетін адамдардан жинастырылды. Сондй-ақ объективті анамнезді жинау барысында да тұқым қуалаушылық жөніндегі мағлұмат алыс туыстардың арасында ерекше, айрықша мінез-құлықты психикалық аурулардың бар – жоқтығы мұқият айқындалады.
Аурудың туыстары мен таныстарынң кеселдің дамуы туралы әңгімесін басшылыққа алу керек. Көп жағдайда олар ауру көрінісін бірлесіп сипаттаудан гөрі мұның себебі туралы өз жорамалдарын баяндауға тырысады немесе жақын адамының науқастануына байланысты өздерінің күйзелістерін сипаттайды.
Психикалық ауру кезінде психиатрлық зерттеумен бірге неврологиялық зерттеуді де міндетті түрде жүргізу керек. Мұның өзі мынаған байланысты: бірқатар психикалық ауру мидың дөрекі түрде органикалық зақымдануының нәтижесінде пайда болады, көптеген психикалық аурулар әр түрлі невроргиялық бұзылыстармен, вегетативтік кеселдермен қоса жүреді. Жүйке және вегетативтік жүйені зерттеу невропатология белгілеген ережелерге сай орындалуы тиіс.
Психикалық аурулардың этиологиясы мен патогенезі үшін аңғарылған неврологиялық және жалпы соматикалық кеселдерді мәніне баға беру көбіне үлкен қиындық туғызады, мәрі неврологиялық, жалпысоматикалық және психикалық кеселдер сипатын мұқият салыстырған кезде ғана мүмкін. Психикалық кеселдердің бәрі соматикалық аурулар нәтижесінде пайда бола бермейді, тек олардың кейбіреулері ғана өзгеше түрде клиникалық тұрғыдан айқын білінеді.
Электроэнцефалорафия – ми биотактарын жазып алу. Ми токтарының көзі оның клеткаларының жазып алуы. Ми токтарының көзі оның клеткаларының метоболизмі, клетка мембраналарының белсенді қарсыласудағы өзгерісі, сианс арқылы импульстардың жүргізілуі және басқа да жете зерттелмеген басқа да факторлар болмақ. Ми биотоктарының тербелісі қалыпты жағдайда ек түрде : альфа және бета-толқын түрінде байқалады.