Аналитикалық процедуралар арқылы аудиттің дәлелдер алу процесі
Тексеру жүргізгенге дейін, тексеру процессінде сондай-ақ, оның аяқталу кезеңінде аудитордың жинаған және дайындаған мәліметтері өткізілген аудиторлық тексерудің куәлігі болып табылады. Бұл мәліметтердің бір бөлігі—аудиторлық дәлеледеулер ретінде қарас-тырылатын құжаттар немесе олардың көшірмелері.
Аудиторлық дәлеледеулер дегеніміз—аудиторлық қорытынды жасауға негіз болатын аудитордың қорытынды пікірлерін тұжырымдау процессінде пайдалануға алатын ақпараттары. Аудиторлық дәледдеулерге қаржылық қорытынды есепті құруға негіз болған және басқа көздерден алынған ақпараттарды растайтын бастапқы құжаттар мен есеп регистрлері жатқызылады.
Аудитор тексерілген қаржылық қорытынды есептің дұрыстығын дәлеледеу үшін өзінің жинаған дәлелдерінің жеткілікті екендігіне сенімді болуға тиісті. 200 «Қаржылық қорытыңцы есеп беру аудитінің мақсаты және оны реттеуші жалпы принциптер» деп аталатын Халықаралық аудит стандартына сәйкес аудит қаржылық қорытынды есепте елеулі бұрмаланғандықтың (қателіктің) жоқ екендігіне қатысты саналы сенімділікті қамтамасыз етуге арналған.
Саналы сенімділік дегеніміз-бұл, жалпы қаржылық қорытынды есепте елеулі қателердің жоқ екендігі жөнінде жоғары бірақ абсолюттік емес сенімділікті алу үшін қажетті дәлелдеулерді жинауға қатысты түсінік [4].
Барлық қолдағы бар дәлелдеулерге егжей-тегжейлі талдау жасап, оларды бағалау аудиттің құнын кетеруі мүмкін болғандыктан, бұл мәселе бойынша айқындық қажет. Ол үшін аудиторға өзіне қаңдай дәлелдеулер алу қажет екендігін, оларды қандай кездерден және қандай процедулардың көмегімен алатындығын анықтап алу керек. Ол әділ және негізді аудиторлық қорытынды жасау үшін жиналған дәлелдердің жеткілікті әрі сапаға сәйкес келетіндігіне сенімді болуға тиісті. Аудиторлық дәлелдеулердің сапасы оларды алу көздеріне байланысты.
Дәлелдеулер алудың негізгі көзі клиент әкімшілігінен, үшінші жақтан алынған, сонымен бірге аудитор өзі алған мәліметтер болуы мүмкін.
Клиент әкімшілігі дайындаған мәліметтерге төмендегі ақпарат көздерін жатқызуға болады:
бастапқы құжаттар, статистикалық қорытынды есеп, жарғылық құжаттар, қаржылық қорытыңды есеп, есеп регистрлері;
талдау нәтижелері, ауызша сұхбат, салыстырулар, түгелдеу нәтижелері, басшылыққа жолдау жіберу.
Мұндай жағдайда аудиторға қаржылық қорытынды есептегі қате жіберу тәуекелдігін бағалау қиын болады. Егер аудитор бұл мәліметтерге сенім артуға шешім қабылдайтын болса, онда ол тексеруге аз уақыт шығындайды. Клиент басшылығы дайындап берген мәліметгерге қарағанда, үшінші жактан алынған дәлелдеулер сенімдірек болады. Сонымен бірге, клиент басшылығы тарапынан қысым жасау ықтималдығы орын алды, ал аудитордың бұл ақпараттарды дайындаған үшінші жақтың жұмыскерлеріне сұрақ қою мүмкіңдігі жоқ деп пайымдауға болады. Егер аудитор өзінің тікелей бақылауындағы ақпарат көздерінен алынған дәлелдеулерді пайдаланатын болса, әрине, жақсырақ болады. Бірақ, ол жеткілікті түрде күрделі және қымбат. Сондықтан аудитор үшін кәсіпорындағы шаруашылық операцияларының өзі жүргізген талдауы маңыздырақ. Мұндай кезде аудитор есеп құжаттарында қате көрсетілу мүмкін болғандықган, шаруашылық операциялары жөнінде қауіпке көбірек ұшырайтын ақпараттарды алуына болады. Бір ғана шаруашылық операциясы жөнінде бірнеше ақпарат көздерінен алынған дәлелдеулер бір көзден алынған дәлелдеулерге қарағанда әлдеқайда сенімдірек [5].
Дәлелдеулер алу процессін бірнеше кезеңдерге бөлуге болады