Әлеуметтік процестерді моделдеу ерекшеліктері
1.Өмірдегі обьектілер мен процестердің көпқырлылығы мен күрделілігі сондай, оларды зерттеудің ең жақсы тәсілі шындықтың бір шетін бейнелейтін бір модель құру болып табылады, өйткені ол шындықтың өзінен соншалықты қарапайым, оны зерттеу шындықтың өзін зерттеуден әлдеқайда қарапайым.
Модель, моделдеу терминінің қазіргі таңда анықтамалары көп. Соның бір-екеуіне тоқталайық: 1) Кеңестік энциклопедиялық сөздікке сүйенсек, модель – бұл басқа бір құрылымның құрылысы мен әрекетін ғылыми, өндірістік не практикалық мақсатпен имитациялайтын (еліктеу), елестететін құрылым;
2) Модель қандай-да бір обьектінің, процестің, құбылыстың өкілі не орынбасары ретінде қолданылатын кез-келген образ;
3) Модель обьектінің шындықтағы өмір сүру формасының біршама өзгеше бейнесі.
Моделдеу методының төмендегідей мақсаттары бар: 1)нақты бір обьектінің құрылымын, қасиетттерін, құрылысын, даму заңдары мен оның қоршаған ортамен өзара әрекеттесу формаларын түсіну;
2) Алға қойылған мақсаттар мен белгілерді басқарудың ең жақсы әдістерін анықтау, обьектіні басқару;
3) Обьектіге ықпал ететін тәсілдер мен формаларды іске асырудағы тікелей және жанама салдарларды болжамдау.
Әлеуметтік моделдеу – өмірде болып жатқан процестер мен феномендердің анологы ретінде модел құру, одан әрі оларды жобалау мен болжамдау. Әлеуметтік моделдеудің обьектісі тек қоғам ғана емес, сонымен бірге жеке әлеуметтік тұлға, әлеуметтік топ, ұжым, институттар, әлеуметтік организм және әлемдік қауымдастық болып табылады.
Әлеуметтік обьектіні динамикасында моделдеу үшін процесс ұғымы қолданылады. Процестің бірнеше түрі бар күштеу және ерікті, қайтатын және қайтпайтын, жоспарланатын және жоспарланбайтын, ой-елегінен өткізілген және өткізілмеген, ұйымдасқан және стихиялы. Сондай-ақ, қозғалыс векторы бойынша сызықтық, сатылық, циклдық, спиралдық деп бөлінеді. Қандай-да бір моделді жасағанда белгілі бір процесс түріне акцент жасалады.
Әлеуметтік моделдеу әлеуметтік сегменттер (бөлім, мүше) мен процестерді, құрылымдарды, жалпы қоғамды зерттеуде көп қолданылатын қажеттті әдіске айналып отыр. Моделдеу қоғамдық өмірді зерттеуді тиімді жүргізуге, оның жабық, жасырын қайшылықтарын анықтауға және соған сай әлеуметтік шындықты болжамдау мен жобалаудың мүмкіндіктерін береді. Екінші жағынан, әлеуметтік моделдеу әлеуметтік шындықты қоршаған құбылыстар мен процестерді алдын-ала нәтижелі көре білуге, оның қауіпті және апатты тенденцияларға әкелетін жақтарын анықтауға, керек емес дағдарысты салдарлардың алдын-алуға жағдай жасайды. Қоғам негізделген, таразыланған, өзіне тұрақтылық пен тепе-теңдікті қамтамасыз ететін моделдер мен болжамдарға мұқтаж. Үшіншіден, моделдеу әрбір жеке тұлғаға өзінің болашағын барынша адекватты көруге және өз әрекеттерін қоғамдық тенденциялармен коррекциялауға, сол арқылы мақсаттарына жету үшін керек.
2.Моделдеу ұғымының өзі бір мағынада болмағандықтан оны классификациялау қиындау, сондықтан ол әртүрлі негізде классификацияланады:1) моделдеу сипаты (құрамы) бойынша, 2) моделденетін обьектінің сипаты бойынша, 3) моделдеуді қолдану саласы (техникалық, химиялық, психологиялық, жанды нәрсені моделдеу), 4) моделдеу деңгейі бойынша (мысалыға атом, бөлшек, молекулаларға қатысты микродеңгей, т.б.).
Ең көп таралғаны моделдерді сипаты бойынша классификациялау, оған сай моделдеудің төмендегідей бес түрін бөліп қарастыруға болады:
- Пәндік моделдеу, бұнда модель обьектінің геометриялық, физикалық, динамикалық не қызметтік сипатын елестетеді. Бұндай моделдерде обьектіде болатын процестер зерттеледі. (егер моделдің де, моделденіп отырған обьектінің де табиғи негізі бір болса, онда физикалық моделдеу туралы сөз болады, мысалыға көпір, плотина, самолет қанатының моделі);
- Анологтық моделдеу, бұнда модель мен обьект бірыңғай байланыспен суреттеледі. Оған мысал ретінде механикалық, динамикалық, акустикалық құбылыстарды зерттегенде қолданылатын электр моделдерін жатқызуға болады;
- Белгілік моделдеу, бұнда моделдің ролін схемалар, чертеждер, формулалар атқарады. ЭВМ-нің арқасында бұл моделдерді қолдану аясы кеңейіп отыр, әсіресе логикалық құралдар арқылы моделдер жасау көп кездесуде;
- Ойша моделдеу, бұл бойынша модель ойда көрнекті сипатқа ие болады;
- Моделдеудің ерекше түрі моделдік эксперимент деп аталады, бұнда обьектінің өзі емес моделі экспериментке енеді. Бұндай моделдеу эмпирикалық және теориялық таным әдістерінің арасында қатаң шектеу жоқ екендігін көрсетеді.
Моделдеу негізінен эксперименттік зерттеудің құралы ретінде пайдаланылады. Өйткені, бұнда басқа эксперименттердегі сияқты обьектінің өзі емес, оның орынбасары — моделмен эксперимент жүргізіледі. Моделдік эксперименттерге мынандай сипаттар тән: 1) обьектіден моделге өту, 2) моделді тәжірибелік зерттеу, 3) моделден обьектіге өту, яғни зерттеу кезінде алынған нәтижелерді обьектіге аудару.
Әлеуметтік моделдеуді әртүрлі негіз бойынша төмендегідей етіп бөледі: формалдық, мазмұндық, суреттеуші, түсіндіруші, болжалдық, статтық, динамикалық әлеуметтік млделдер деп бөледі. Әлеуметтік моделдеу мынандай сатылардан өтеді:менталды модел жасау, әлеуметтік обьектінің мазмұнды моделін құрастыру, моделді концептуализациялау (негізгі ой ұғымына келтіру), моделді формалдау, яғнм формаға салу.
Айтып өту керек, моделдеу жетілген ғылыми әдіс емес, өйткені іс жүзінде әрбір моделді зерттеу обьектісімен идеалды түрде сәйкестендіру мүмкін емес. Моделдеу арқылы әрбір обьектіні нақты контекстінде, оның барлық өмір сүретін және маңызды көп образды диалектикалық өзара байланысы мен факторларын бейнелеу мен көрсетудің, қамтудың мүмкіндігі жоқ. Соған қарамастан, моделдеуді қолдану зерттеу шығыны және мерзімін азайтуға септігін тигізеді.