Әлеуметтік жұмыс сипаты

Сонымен қатар әлеуметтік қызметкер өз жұмысына да “диагноз” қойып алуы керек, оған жұмыс істеуге оқай бола ма?, шындап жәрдем бере ала ма?, қайсысы ресми және ресми емес ұйымдармен жұмыс істейді?, берілген “пациент” пен жұмыс істеу мерзімі қанша уақытқа созылады? деген т.б. да сұрақтарға жауаптар кіреді.

Әлеуметтік жұмыс сипатына қарай жұмыс жобасы түзіліп, оның мазмұны мен практикалық жәрдем түрі аныңталады. Әлеуметтік қызметкер басқарушы немесе практикалық қызметкер болуына қарамастан, әйтеуір бір мөлшерде ол басқарушылық жұмыспен айналысуына тура келеді.

Әлеуметтік жұмысты басқару да, әлеуметтік жұмыс мазмұнының мақызды да қажет компоненті болып табылады.

Әлеуметтік жұмыс құралдар арқылы жүзеге асырылады. Құралдар деп қызмет мақсатына жетуге жәрдем беретін, қолданылатын заттар, құрал-жабдықтар және қондырғылар аталады. Әлеуметтік жұмыс функцияларының көп түрлілігі, оның құралдарының көп түрлілігін де келтіріп шығарады. Оларға сөз, арнайы тіркеу аныңтамалары, телефон, іскер байланыстар, психотерапия әдістері, жеке әсерлік және т.б. көптеген құралдар. Құралдар қанша көп болса (қолда барын есептегенде), қызмет те соншалықты тиімді, ұтымды болады. Құралдарды тақдау мен қолдану түгелімен әлеуметтік жұмыс объектісінің сипаты мен ерекшеліктеріне байланысты. Әрбір жеке жағдайда жәрдемге мұқтаж адамға жекелей жандасу үшін, мейлінше тиімді құралдардан пайдалану керек.

Әлеуметтік жұмысты жүргізу – басқарусыз мүмкін емес. Басқару компонентіне: объекттің жағдайын бағалау, жоба жасау, шешімдерді түзіп және қабылдау, тіркеу және бақылау, координация (үйлестіру), ұйымдастыру мен материалдық-техникалық жабдықтауды қамтамасыз ету, әлеуметтік жұмыс істейтін кадрларды тақдау, дайындау және тәрбиелеу сияқты жұмыстар кіреді.

Бұл басқару қызметтерін барлық әлеуметтік қызметкерлер атқарады: басқарушы болсын, практикалық жұмысшы болсын бәрі де бұл қызметпен айналысады.

Әлеуметтік жұмысты басқару үшін әлеуметтік қызметкер тек өз саласында ғана емес, басқа көптеген салалардан хабардар болуы керек. Қоғамның әлеуметтік құрылымын, елдіқ басқару жүйесін, әлеуметтік жұмысты басқаруды, өзінің және өз клиенттерінің құқықтарын, әлеуметтік жәрдем және қамтамасыз ету мәселелері бойынша заң үкімдерін, әлеуметтану, психология, педагогика және әлеуметтік жұмыс негіздерін жете түсіне білуі шарт.

Демек, әлеуметтік қызметкер жан-жақты білімді болып, қолынан көптеген жұмыс келуі қажет.

Әлеуметтік жұмысты басқаруда өте мұқият және зерек болу керек, өйткені бұл салада жәрдемге мұқтаж науқас және мүгедек, өміріне немесе денсаулығына қауіп төнген адамдармен жұмыс істегенде шешілмей жатқан мәселелерді кейінге қалдыруға болмайды, ал сол мәселенің оқ шешіміне адам өмірі мен денсаулығы тікелей тәуелді болуы мүмкін. Бұл адамдар категориясына, дені сау адамдарға қарағанда жәрдемніқ жедел және тікелей болуы, көптеген апаттық алдын алуға мүмкіндік береді.

Объект, мазмұн, құралдар, басқару, субъект сияқты компоненттер әлеуметтік жұмыс құрылымын құрайды. Бірақ бұл құрылым әлі жүйе болған жоқ. Қызмет, іс-әрекеттер біртұтас жүйе болуы үшін, оның компоненттері функциялар және мақсаттармен байланысуы қажет. Функция туралы айтып өттік. Ал мақсат дегеніміз не? Мақсат дегеніміз – бұл өз қызметі нәтижесінде адамның қол жеткізбек болған зат образы (бейнесі) және қызметіндегі зат жағдайын өз қалауына келтіру. Әлеуметтік қызметкердің мақсаты — өз клиенттерінің мұқтаждықтарын қанағаттандыру және олардың нормал өмір сүруіне жағдай жасап, қолдау көрсету.

Бұл мақсат үшін субъектінің барлық қызметі жұмылып, соған сәйкес мазмұн қалыптасып, басқару ұйымдастырылып, сәйкес құрал-жабдықтар, әлеуметтік жұмыс формасы мен әдістері тақдап алынады.

Мақсат — әлеуметтік жұмыс компоненттерін біртұтастыққа байланыстырып, оларды бір жүйе ретінде қалыптастырады. Функция да сондай бірлестіруші роль атқарады.

Ақпарат, бағалау, болжам, ұйымдастыру, басқару, сияқты іс-әрекеттер тікелей әрбір компонентке тиісті болып, олардың бәрін біртұтас организмге енгізеді.

Схемада көрсетілгендей, қызметтің ерекше жүйесі ретіндегі әлеуметтік жұмыстың субъект, мазмұн, құралдар, басқару, объект компоненттері мақсат және функциялар жәрдемімен біртұтас жүйеге бірлеседі.

Бұл жүйе туралы түсінік үлкен маңызға ие. Себебі кез-келген әлеуметтік жұмыс атқаруда объектінің өзгешеліктерін аныңтау, субъекттің ерекшелігін есепке алу, жұмысқа сәйкес басқару мен сәйкес құралдарды тақдау, мақсаттарды белгілеу, нақты функцияларды алға шығару қажет. Әлеуметтік жұмыс жүйесінің компоненттерінің жиынтығының қажеттілігі соншалық, кез-келген бір компоненттің жетіспеуі, жүйенің бұзылуына, әлсізденуіне және жойылуына да әкеліп соқтырады.

Қазіргі замандағы әлеуметтік жұмыс саласындағы қиыншылықтар, Кеңес үкіметі кезіндегі жетілмеген әлеуметтік жүйенің жойылып, қазіргі жақа әлеуметтік жұмыс жүйесі әлі қалыптаса қоймағандықтан келіп шығуда. Әлеуметтік объект ретінде жұмыссыздар деген категория пайда болды. Сол жұмыссыздарға жұмыс тауып бере алатын, жедел және тиімді жұмыс істейтін әлеуметтік қызметкерлер де, түрлі мамандық құрылымдар да, жұмысшыларды қайта дайындайтын жүйелер де, қаржылай немесе материалдық жәрдем де, жұмыссыздық процессін реттеудегі басқаруды дер кезінде бола қойған жоқ. Көптеген адамдардың кейінге қалдырып болмас және шиеленіскен қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын әлеуметтік жұмыс жүйесі әлі де түзілмеген. Ең басты кемшілік — әлеуметтік қызметтің дайын кадрларының жетіспеушілігі. Ал кадрларсыз ешандай жүйе тиімді істей алмайды. Әлеуметтік жұмыс жүйесінің жұмыс істеу жүйесіне келіп тірелетінін түсіне білу өте мақызды. Бұл жүйені басқа да аспектілерде жүйе деп тану керек.

Ең маңызды аспект болып тік және горизонтал тәріздегі ұйымдар мен мекемелер жүйесі саналады. Қазір бұндай жүйе қалыптасуда. Оны еқбек және әлеуметтік қорғау министрлігі басқарып отыр. Әрбір облыстарда еқбек және әлеуметтік қорғау департаменттері жұмыс істеп келеді. Мемлекеттік ұйымдармен қатар қоғамның жоғарғы жағынан бастап төменгі жағына дейін қамтамасыз ете алатын, тік құрылымға қоғамдық ұйымдардың да көптеп ашылуы қажет.

Бұл мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар әрбір горизонтал деқгейде (республика, облыс, аудан) бір-бірімен байланысты, бір-біріне кедергі жасамастан, бір-бірін толықтырып отыруы ел мүддесіне сай келер еді. Бұл мекемелер мен ұйымдардың жүйесін білу әлеуметтік қызметкерге өз жұмысын мейлінше тиімді ұйымдастыруға жәрдем береді, ал білмеу жұмыс тиімділігі деқгейін әлдеқайда төмендетіп жіберуі мүмкін.

Әлеуметтік жұмыс жүйесі қайсы аспектіде қаралмасын, ол басқа әлеуметтік жүйелермен тығыз өзара байланысқан ашық жүйе болып келеді, яғни әлеуметтік жұмыс экономика, саясат, құқық, мәдениет, этика, экология, тұрмыстыңқызмет көрсету және т.б. тығыз байланыста. Бұл байланыстарды көре білу және түсіну әлеуметтік жұмысты қоғамдық мәдениеттің биік деқгейіне көтереді, қоғамды шын мәнінде гумандық (адамсүйгіштік) етеді, адамды қоғамдық өмірдің ортасына орналастырады, ең биік мағынада түсінілетіндей адамды адам етеді.

Бұл байланыстарды төмендегідей суреттесе болады:

Әлеуметтік жұмысты жүйе ретінде түсінудің таным және практикалық ұйымдастыру үшін де, әлеуметтік жұмысты күнделікті басқару үшін де концептуалдық, әдістемелік мақызы үлкен. Әлеуметтік жұмысты жүйе ретінде түсіну ұйымдастырушыларды мәселеге біржақтама жандасудан және кейбір тұстарының ролін үлкейтіп жіберуден сақтандырады, болуы мүмкін қайшылықтарды дер кезінде көре білуге және реттеп отыруға, қателерді жөндеуге мүмкіндік береді, әлеуметтік жұмыстыңмәдениеті мен тиімділігін көтеруге жағдай жасайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *