Әдіс дегеніміз –бірдеңеге апаратын жол деген мағынаны білдіреді. Ал, болаудың әдістері деп болжанатын обьектінің мәліметтері мен оның сыртқы және ішкі байланыстарын талдау негізінде сол обьектінің болашағы туралы белгілі бір дәрежеде сенімді пікір шығара алатын әдістер мен тәсілдер жиынтығын айтады. Қазіргі таңда ғылымда болжау әдістері өте көп, 150-ден астамы белгілі екен. Бірақ, олардың барлығы қолданыла бермейді, өйткені олардың көпшілігі бір нюансты ашу үшін ғана керек.
Жалпы болжау әдістерін үлкен үш топқа бөлуге болады: 1) формалдану деңгейі бойынша; 2) әрекет ету принципі бойынша; 3) болжамдық информацияны алу тәсілі бойынша.
Формалдану деңгейі бойынша әдістерді 1) интуитивтік; 2) формалды деп бөлуге болады. Интуитивтік әдісті болжау обьектісі күрделі болғанда, яғни оға, көптеген факторлардың ықпалын есепке алу мүмкін емес кезде пайдаланылады. Оған комиссия, миға шабуыл, Дельфи әдістері енеді. Бұл әдістер тобы ұжым болып ойлауға құрылған, яғни нәтижелер дәл, идеялар көбірек болғанға бағытталады. Формалдық әдістер тобына экстраполяция және моделдеу енеді.
Болжамдық ақпатартты алу тәсілдері бойынша әдістер анкеталаудан, интервью алудан, тарихи-логикалық, сценарий жазу, ассоциативті моделдеуден тұрады.
2. жалпы ғылыми әдістер деп барлық ғылым түрлеріне ортақ әдістерді айтады. Олардың қатарына дедукция ( ), индукция ( ), тарихи кешен, анолог табу әдістерін жатқызуға болады.
Сол сияқты әрбір ғылымның өзіне ғана тән әдістері болады, оларды жеке ғылыми әдістер деп атайды. Ендеше, болжаудағы ең көп таралған әдістерге тоқталайық:
1.Экстраполяция әдісі болжанатын обьектінің динамикасын зерттеуге негізделген және обьектінің өткен мәндерін үзіліссіз талдайды. Экстраполяцияда белгілі бір құбылыстың (процесстің) бір ғана бөлігін зерттеу арқылы шыққан нәтижені зерттелмеген екінші бөлігіне де қолданылуға болады. Әлеуметтік салада бұл әдіс арқылы өткен оқиғалар мен жағдайларды қазіргі таңдағы және болашақтағы қайталану тенденцияларын есепке ала отырып болжайды. Экстраполяция халықтың болашақтағы саны, жасқа сай ерекшеліктерін және жанұялық құрамын болжау арқылы демографияда қолданылады. Осы әдіс арқылы халықтың болашақтағы жасару немесе қартаю ерекшеліктерін есептеу болжамы жасалынады, туылу, өлу, некелесу кезеңдері қазірден ондаған жылдарға дейінгі аралыққа болжам жасалынады.
Компьютерлік бағдарламалар көмегімен көптеген формулаларды қолдану арқылы графиктерге сәйкее экстраполяция құрастыруға болады. Бірақ әлеуметтік болжау барысында экстраполяцияны қолдануымызға бірнеше шектеулер бар. Бұл шектеулер нақты дәл модельдеу мүмкіншілігін бермеуге байланысты, өйткені әлеуметтік процестер бірқалыпты даымайды, кейде қарқынды тез дамымайды, кейде дамымай тоқтап қалса, кейде бірқалыптылықты көрсетеді. Сондықтан әлеуметтік процестерді экстраполяция арқылы болжау көптеген қателіктерді туындатуы мүмкін.
2.Модельдеу – обьектілерді олардың анологында заттай немесе ойша танып, зерттеу дегенді білдіреді.
Объектінің аналогтына мысалға оның макеті (кішіреййтілген, көлемі өзгертілген немесе үлкейтілген), сызбасы, схемасы жатқызуға болады. Әлеуметтік салада көбіне ой арқылы модельдеу қолданылады. Модельдеумен жұмыс барысында анық әлеуметтік объектіні ойша дубликатын құрастырып, адамзатқа тән қате шешімдерден құтқара аламыз. Ойша модельдеудің негізгі ерекшелігі-ол қандай да болмасын сынаулардан өтіле бергендігінде.
Әлеуметтік жобалауда, яғни ойша жасалған мағлұматтар арқылы болжам жасауда аталған жобаның дәл, кемшіліксіз болуын анықтауды талап етеді.
Модельдің ең үлкен кемшіліктерінің бірі- ол қарапайымдыылығында. Модельдееудің, яғни объектінің сипатындағы белгілі бір қасиеттері есепке алынбайды. Әлеуметтік жобалау мен болжау процестерінде модельдеу әдісін қолдануда көптеген қателіктер жіберілуі мүмкін. Мектеп кезеңінен қалған бір түсінік бар, ол модель тек математика ғылымыда ғана қолданылады деген қате түсінік, өйткені модель жаратылыстануда да қолданылуы мүмкін. Осы жағдайда әлеуметтік жобалауды да ескерген жөн. Модельдеу әдісі арқылы жобалаудың міндеттерін жұмсартуға болады.
Әлеуметтік жобалаудағы математикалық емес модельдердің маңыздылығы өте жоғары. Модель басқарудың ыңғайлы шешімдерін таңдап қана қоймай, қақтығыс жағдайларын модельдеуге, келісімге келу әдістерін дұрыс шешім қабілдау мәселелерін модельдейді.
Соңғы уақыттарда әлеуметтік жүйені талдау және модельдеу жеке әлеуметтік пәнге айналып жатыр (математкиалық бағдарламалармен қамтылған жеке пәнге).