Қазіргі заманғы сот тілі: ұғымы, түрлері

 Қазіргі заманғы сот тілі: ұғымы, түрлері

 

Соттағы сөз сайыстары істерді сотта қараудағы өз алдына жеке бөлімдердің бірі болып келеді. Қылмыстық істерге қатысы бойынша сот қарауының өзі Дайындық бөлімінен, сот тергеуінен, айыпталушының сөзінен, үкімнің тоқтатылуынан құралады. Соттағы сөз сайыстарына айыпталушылардың азаматтық талап етушінің, азаматтық жауап берушінің немесе олардың өкілдерінің, қорғаушылар мен сотталушылардың сөздері жатады. Сонымен қатар оған жәбірленушілер мен олардың өкілдері де қатысады.

Қылмыстық және азаматтық істерді талқылау бойынша сот мәжілістерінде сот сөзінің келесі түрлері болады:

  1. алғашқы инстанциялық соттағы қылмыстық істер бойынша прокурордың сөзі;
  2. алғашқы инстанциялық соттағы қылмыстық істер бойынша адвокаттың сөзі;
  3. өзін қорғау үшін сотталушының сөзі (өзін-өзі қорғау сөзі);
  4. жәбірленушімен оның өкілінің сөзі;
  5. азаматтық талай арыз берушінің және азаматтық жауап берушінің немесе олардың өкілдерінің сөзі (қылмыстық істер бойынша азаматтың талап-арыз беру шегінде);
  6. азаматтық істер бойынша азаматтың талап-арыз берушінің , жауапкердің, олардың өкілдерінің сөзі;
  7. алғашқы инстанциялық соттағы азаматтық істер бойынша прокурор және адвокаттың сөзі;
  8. екінші инстанциялық соттағы қылмыстық және азаматтық істер бойынша прокурор және адвокаттың сөзі;
  9. қылмыстық істер бойынша қоғамдық айыптаушылар және қоғамдық қорғаушылардың сөзі;
  10. азаматтық істер бойынша қоғамдық ұйымдар мен еңбек ұжымдары өкілдерінің сөзі;
  11. жауап қату – сот тілінің ерекше бір түрі.

Прокурор (айыптау сөзі) мен адвокаттың (қорғау сөзі) сөздері ерекше орынға ие. Мұнда айыптаушы мен қорғаушы сотта істің қаралуына қорытынды жасап қана қоймай, сондай-ақ алдыңғы жұмысын да қорытындылайды, дәлелдемелерді талдайды, іс бойынша өз ұстанымдарын баяндайды.

Сот тілі дегеніміз – бұл қылмыстық немесе азаматтық істерді талқылау кезінде сотқа және барлық қатысушы адамдарға арналған көпшілік алдындағы сөз. Алғашқы инстанциядағы сотта қылмыстық істер бойынша сот тіліне мыналар кіреді: істің нақты мән-жайлары, дәлелдемені талдау мен бағалау анықталған фактілік мән-жайларға заңды баға беру – қылмысты саралау, сотталушының тұлғасына сипаттама беру, жазалау немесе босату мәселелері

Екінші инстанциядағы сотта наразылық білдіру және шағымдану істері қаралады, соттағы сөз сайыстары болмайды. Сот тілінің сипаты мен мазмұны кассациялық шағым немесе наразылықты негіздеу, үкімнің дұрыстығын негіздеу немесе сынау арқылы анықталады.

 

8.2. Айыптау сөзі: жалпы ерекшеліктері, құрылымы

 

Сот тілінің бір түрі – айыптау сөзі, ол сотта прокурордың сөзі ретінде анықталады. Айыптау сөзінде мемлекеттік айыптау қолданылады, жиналған дәлелдемелерге талдау жасалады, қылмыстың саралануына пікір айтылады, жазалау шарасы айтылады. Айыптау сөзі сотталушы жасаған әрекеттің қауіптілігін сотқа, сот талқылауына қатысушыларға көрсету үшін қолданылады.

Логикалық тұрғыдан алғанда, айыптау сөзі – қылмыстық әрекет жасаған адамның жауапкершілігін негіздеу.

Кез-келген айыптаудың негізі – бұл айыптау фабуласы, оның заңды құрылымы мен құқықтық саралануы. Айыптау фабуласы іс бойынша фактілерді анықтайды. Айыптаудың заңды құрылымы әрқашан бірдей болып келеді. Айыптау фабуласын құрайтын фактілерді анықтау мен олардың заңды белгілерін айқындау арқылы қылмыс құқықтық тұрғыдан сараланады.

Құқықтық саралауәлдебір бап бойынша қылмысты негіздеу, тиісті бабын, оның бөлімі мен тармағын көрсету, заң актінің атауын белгілеу.

Сонымен, айыптауда айыптау фабуласы, заңды құрылымы, құқықтық саралануы болуы тиіс.

Айыптау сөзінің композициялық құрылымы әрбір нақты жағдайда қарастырылуынан істің маңызы мен ерекшелігіне, дәлелдемелердің сипатына, сотталушының тұлғасына байланысты болады. Айыптау сөзінің композициялық құрылымының 2 нұсқасы бар. Бірінші нұсқа бойынша айыптау сөзінің құрылымдық элементтері мынадай: 1) кіріспе сөз; 2) қылмыс құамын баяндау; 3) іс бойынша дәлелдемелерді соттық бағалануы мен талдауы; 4) қылмысты саралау; 5) сотталушының тұлғасын, оның жасалған қылмысқа қатынасын, оның себептерін сипаттау; 6) сотталушының жауапкершілігіне қатысты ұсыныстар.

Екінші нұсқадағы құрылымдық элементтер: 1) кіріспе бөлім; 2) істің мән-жайларын баяндау; 3) сот тергеуі барысында зерттелген дәлелдемелерді бағалау; 4) қылмысты заңды саралау; 5) сотталушының мінездемесі; 6) жазалау түрі мен мөлшері туралы, азаматтық талап-арызды қанағаттандыру туралы, материалдық зиянды өтеу туралы ұсыныстар.

Кіріспе бөлімнің негізгі мақсаты – қатысушылармен байланыс орнату. Кіріспе бөлімнің бірнеше тәсілдері бар. Көп жағдайда айыптаушылар сөз басында-ақ істің ерекшеліктерін көрсеткенді жөн санайды: қоғамдық-саяси, моральдық-этикалық, заңды, фактілік. Мәселен, прокурор В.Н.Сажин қарастырылушы істің қоғамдық-саяси бағасын былай береді:

«Жолдас судьялар! Орыс тілінде «жіптің ұшы қанша ұзын болғанымен, бәрібір соңы болады» деген сөз бар. Демек, жаман әрекеттер де құрықталады деп айтуға болады. Сотталушылар С. Және К. өздерін жазасыз боламыз деп ойлады. Олар мемлекет қаржысын талан-таражға салды».

Кейде айыптау сөзінде кіріспе бөлім орын алмай, істің мән-жайлары бірден баяндалады. Кісі өлімі туралы В.И.Царевтің сөзінен мысал келтіреміз:

«Жолдас төраға! Жолдас облыстық соттың халық өкілдері! Біздің облысымыздың түпкі өңірінде – Ковровада өткен жылы күзде Татьяна Исаеваның мәйіті табылды. Оқушы қыздың зорлықпен өлтірілуі ата-анасына, достары мен құрбыларына, мектеп ұжымына зор қайғы әкелді».

Айыптау сөзінің кіріспе бөлімі логикалық тұрғыдан істің мән-жайларын баяндауға қарай көшуі тиіс. Осы бөлімде айыптаушы жалпы түрде істің фабуласын жасайды. Баяндаудың екі тәсілі бар: хронологиялық және жүйелі. Хронологиялық тәсіл қылмыстың әрбір эпизодында нақты бір сотталушының ролі көрсетіледі, уақыттық реттілігі беріледі. Мәселен, прокурор сөзін келтірейік:

«Сонау тамыз айында-ақ Васильченко Тимонинге ақша табуды, дүкенді тонауды ұсынды. Тимонин сол кезде-ақ «Ұсталып қалсақ ше?» деп жауап берген. Келісім болған жоқ. 25 қазанда Васильченко Тимонинге «мерекеге арнап азық-түлік алу керек. Ақшаны қайдан табамыз» дейді. Тимонин көршілері Щербаков деген кәрі кісілерді тонауды ұсынады. Сөйтіп ойластырылған жоспарға дайындық жасалады. 2 күннен соң қылмыс жасалады».

Істің мән-жайларын жүйелі баяндау кезінде әрбір сотталушының қылмыстық әрекеті көрсетіледі. Қылмыскерлердің қылмыстық әрекеттері жеке-жеке баяндалады.

Айыптау сөзінде дәлелдемелерді бағалау мен талдау – орталық орынды иеленеді. Прокурордың осы бөлімдегі сөзі арқылы сот айыптаушының ұстанымының дұрыстығына көз жеткізеді. Сот дәлелдемелері теориясының әдістанымдық негіздері М.С. Строговичтің еңбектерінде жүйелі баяндалған.

Сот тергеуінде қарастырылған барлық дәлелдемелерді талдау мен бағалау негізінде прокурор сотталушының қылмысы мен кінәсін дәлелденуі туралы өз қорытындысын жасайды. Мұның өзі айыптау сөзінің келесі бөлімі – қылмысты заңды саралауға көшуіне мүмкіндік береді.

Қылмысты заңды саралау айқын құрылуы тиіс, сот талқылауы барысында жасалған дәлелдемелерге  негізделуі қажет. Қылмыстық кодекстің тиісті бабына ғана сілтеме жасалумен шектелмеуі керек. Мысал ретінде мынаны келтіруге болады: «азамат Халиковтың өлтірілуін растайтын дәлелдемелерге негізделе отырып, сотталушы Гулковтың әрекетін ҚК 102 бабы «г» тармағы бойынша саралауға болады. Өйткені, құрбандығының басына балғамен 24 рет соққы беруді ерекше қатаңдықпен кісі өлтіру деп қарастыру қажет».

Сотталушының тұлғасын сипаттауда айыптаушының сөзіндегі міндетті элемент болып келеді. Мұнда оның әлеуметтік сипаты (тегі, аты, әкесінің аты, туған жері және жылы, азаматтығы, жұмыс орны, білімі, тұрғылықты жері, отбасы жағдайы, ұлты және т.б. деректер), дене және психикалық жағдайы (темпераменті, қабілеті, дүниетанымы, қылмыс жасау кезіндегі психологиялық жағдайы) келтіріледі.

Прокурор жазалау шарасы туралы сөзінде жаза белгілеу кезінде қандай мән-жайларды ескеру қажет екендігін баяндайды.

Айыптау сөзінің осы бөлімінде жазалау туралы ұсыныспен қатар азаматтық талап арызды қанағаттандыру немесе бұл талаптан бас тарту туралы мәселе қарастырылады.

өзінің айыптау сөзінде прокурор қылмыстың жасалуына ықпал еткен жағдайлар мен себептерге терең баға беріледі, талдау жасалады.

Айыптау сөзінің аяқтаушы бөлімінде айыптау сөзіне қорытынды жасалады. Мұнда айтқан әрі нақты қорытынды жасалады, тыңдаушыларға күшті әсер беріледі. Кісі өлімі туралы іс бойынша өз сөзін аяқтай отырып, В.И.Царев былай дейді:

«Жолдас судьялар! Сіздер аз уақыттан соң кеңесуге кетесіздер. Кеңесу бөлмесінде тұрған кездеріңізде халықтың ашулы даусын ести алмайсыздар. Виноградовтың жасаған қылмысы кешіруге тұрмайды. Сот өз үкімінде сотталушыға қандай жаза қолдануы тиіс деген сұраққа: Виноградов өлім жазасына кесілсін деп» жауап беремін.

Соттағы сөз сайысына қатысушылардың сөздерінен соң, прокурор айтылған сөздерге жауап қатуы мүмкін. Мұнда дәлелді сөздер айтылады.

 

8.3. Қорғау сөзі: жалпы ерекшеліктері, құрылымы

 

Қорғау сөзінің жалпы ұғымына қылмыстық істі қарастыру кезіндегі сотталушыны қорғаушының сөзі және жәбірленушінің өкілінің – азаматтық талап-арыз берушінің немесе азаматтық жауапкердің өкілінің сөзі кіреді. Қорғау кезінде айыпталушыны ақтап шығаратын немесе жауапкершілігін жұмсартатын мән-жайлар айқындалады. Егер сотталушының кінәлі еместігі толық дәлелденбеген болса, қорғаушы оны ақтауы тиіс.

Қорғау қызметі үш кезеңге бөлінеді: 1) қорғаудың жалпы тұжырымдамасын құру; 2) қорғау тактикасын әзірлеу; 3) қорғау мен қорғау сөзін іске асыру.

Қорғаушының сөзінде сот тергеуіне қорытынды жасалады, іс бойынша жасалған дәлелдемелер талданады, соталушыға сипаттама беріледі, сол негізде қорытынды жасалады. Француз адвокаттарының мынадай бір сөзі бар: «Сотқа біз бір нәрсені дәлелдеу үшін емес, прокурордың ешнәрсе дәлелдей алмағанын көрсету үшін келдік». Қорғау сөзіне мыналар енеді: дәлелдемелерді жинау, зерттеу және бағалау, ұсынылған тезиске логикалық негіздемем беру. Прокурор мен қорғаушы өздерінің қарсы ұстанымдарын растау үшін, бір ғана фактілерді және бір ғана дәлелдемелерді келтірілуі мүмкін. Өкінішке орай, қазіргі әдебиетте бір ғана іс бойынша айыптау және қорғау сөздері келтірілген жинақ жоқ. Прокурор мен қорғаушының бір ғана фактілер мен дәлелдемелерді қарама-қарсы бағалауына Я.С.Киселев мынадай мысал келтіреді:

«Өз әйелін өлтіргендігі үшін айыпталушы Муранов өз кінәсін жоққа шығарады, әйелі өзін-өзі өлтірді деп тұжырымдайды. Прокурор айыптай отырып, былай дейді: «Муранов өз әйелін өлтіру туралы ойы болғандығын теріске шығарады, айыптауды теріс» дейді. Муранов наразы болып былай дейді: «менде кісі өлтіру туралы ой болған емес. Әйелін өлтіру туралы ойы болмағандығын басқа адам емес, Мурановтың өзі теріске шығарады. Муранов ты муранов ұстап берді. Істе келесі мазмұндағы хат бар». Галинаның жүріс-тұрысы менің жынымды келтіреді. Мұның немен тынарын білемін. Мен оны өлтіремін». Естіп тұрсыз ба, Муранов? Мүмкін, бұл хатты мен жазбағанмын дерсіз, әйеліңізді өзіңіз өлтіргеніңізді теріске шығармайтын боларсыз».

Мурановты қорғаған адвокат Успенский дәйексөздің дәлдігіне дау келтірмей былай дейді:

«Егер Мурановтың өз әйелін өлтірмегендігі туралы дәлел керек болса, прокурордың оқыған хаты да жеткілікті. Бұл жерде хаттың кімге арналғаны және қашан жазылғаны да зор мәнге ие. Хат Муранованың анасына арналған. Ол қайтыс болардан екі күн бұрын жазылған. Егер Муранов шынымен-ақ адам өлтіргісі келсе, Галина Муранованың өзін-өзі өлтіргендігіне сендіруге әрекет жасар еді. Кім адам өлтірер алдында, қызыңды өлтіремін деп хат жазады. Жазды ма, демек — өлтіруді ойлаған жоқ. Жазды ма, демек ашуға бой берді, одан құтылудың жолы деп түсінді. Жазды ма, демек өлтірген жоқ».

Үкім шығарар кезде келесі мәселелер қаралуы тиіс:

1) қылмыстың жасалу факті даулы болған жағдайда, сотталушыға таңылатын әрекет орын алған ба; салыстырыңыз, айыптау версиясы – кісі өлтіру, қорғау версиясы — өзін-өзі өлтіру немесе бақытсыз жағдайдан алу, айыптау версиясы — өртеу, қорғау версиясы – табиғи жағдайлар себебінен өртену; 3) осы әрекетте қылмыс құрамы бар ма? 4) осы қылмысты сотталушы жасады ма? 5) оның жасалуына қатысты кінәсі бар ма? 6) сотталушы жазалануға жата ма; 7) сотталушыға қандай жаза тағайындалуы тиіс және ол жазасын өтеуі керек пе?

Қорғау сөзінің жалпы элементтері мынадай: 1) Кіріспе бөлім. 2) Істің фактілік мән-жайларын талдау. 3) Таңылған айыптаудың заңды жағын талдау. 4) Қорғалушының сипаттамасы. 5) Аяқтаушы бөлім.

Қорғау сөзінің кіріспе бөлімінде қорғаушы тыңдаушыларды қызықтыра білуі керек. Кіріспе сөздің бірнеше нұсқалары бар. Онда қоғамдық-саяси, фактілік ерекшеліктер қаралады. Э.О.Рогальскийдің ісі бойынша И.М. Кисенишскийдің қорғау сөзі былай басталады:

«Жолдас судьялар! Сот ісі аяқталып келеді. Алдын-ала тергеуге қорытынды жасалынуда. Сот процесінің аяқтаушы әрі шешуші кезеңі жақындап келеді. Бұл процесс біршама ерекше. Ол әлеуметтік маңызға ие. Цирк өнерінің көрнекті өкілдерінің есімдерімен байланысты. Өйткені осы процесте Ирина Бугримова, Олег Попов, Наталья Дурова, Игорь КИо сияқты танымал актерлерден жауап алынды. Бұл есімдер цирк өнерінде «аңызға айналған». Процесс барысында сіздің тарапыңыздан бірқатар жалпы, цирк мәселелеріне, шығармашылық көркемдік және ұйымдастыру мәселелеріне көңіл бөлінеді».

Сот тәжірибесінде прокурордың айыптау сөзінде айтылған жағдайларға жеке-жеке сілтеме жасау да кездеседі. К.Г.Верхавскийдің ісі бойынша (қызғаныштан кісі өлтіру) адвокат О.В.Дервиздің қорғау сөзі былай басталды:

«Құрметті жолдас судьялар! Біздер жаңа ғана менің қорғалушымды қатаң жазалауға шақырған мемлекеттік айыптау өкілінің сөзін тыңдадыңыздар. Жолдас прокурор Верховскийдің менмендігі, жеке инстинктері, әйелдердің құқықтарын құрметтемеуі туралы айтып өтті. Оның қорытындысы бойынша Верхавский қызғаныштан әйелін өлтірді».

Қорғау сөзінің кіріспе бөлімімен кейінгі элементтерінің арақатынасы адвокаттың іс жүргізу ұстанымына байланысты болады. Ақтау туралы өтініш жасау кезінде сотталушының тұлғасына сөз басында сипаттама беріледі. Кейбір жағдайларда қорғалушы адамға берілген дұрыс мінездеме оның кінәсіз екендігіне дәлел бола алады. Оған тағылған айыптың дұрыстығына күдік келтіреді. Содан соң оның кінәсіздігін дәлелдейтін басқа дәлелдемелерге көшуге болады.

«Сонымен қатар басқа да объективті дәлелдемелермен қатар кінәсіздіктің бір дәлелдемесі ретінде оның өмірлік жолы, жоғары адамгершілік бейнесі ескерілуі тиіс.

Мен Кирилинаны парақорлықта айыптау оның тұлғасына дұрыс келмейтіндігіне өте сенімдімін. Вера Кирилина 16 жасында комсомол атанды. Ұлы Отан соғысында әкесі қайтыс болды. Қоршаудағы Ленинградта ол армияға өз еркімен алынып, Волховтан Шығыс Пруссияға дейін радист болып соғысты. Әскерде бөлімшенің комсоргы болды. Соғыстан соң заводта комсорг болды. Сауда техникумын үздік бітірді. Жұмыс орнында беделді қызметкер ретінде сипатталады, көптеген алғыс хаттар мен мақтау қағаздарына ие. Кімнен сұрасаңыз да, Кирилина туралы жақсы пікірлер айтылады».

Дәлелдерді талдау мен бақылау қорғау сөзінің маңызды әрі шешуші бөлімі болып келеді. Бұл бөлімде қорғаушы барлық дәлелдемелер мен олардың дерек көздеріне сындарлы талдау жасайды. Өз қорытындыларына сенімді дәлелдер келтіреді. Осы қарастырылушы бөлімдегі мәселелер істің ерекшеліктері арқылы анықталады.

Дәлелдемелерді талдау кезінде олардың іс бойынша басқа материалдарға сәйкестілігін көрсету қажет: куәлердің, жәбірленушілердің, сарапшылардың айғақтары, заттай дәлелдемелер, тергеу және сот әрекеттерінің хаттамалары.

Прокурор М.Ф.Громницкий сотталушы Даниловты былай сипаттайды: «Ол 17 жасынан өз бетінше өмір сүріп, ақша тапқан. Сыртқы түрі сүйкімді, ақылды. Альябеваның күйеуі атанып, Соковниндердің отбасы сеніміне кірген. Осы сенімді қалай пайдаланғанын да білеміз».

Студент Даниловтың тұлғасын қорғаушы былай сипаттайды:

«Прокурор Даниловты жас әрі толық дамыған адам ретінде сипаттайды. Үйлену ниеті кемелденген адамды білдіре бермейді. Ата-анасының үйінде тұруы, танысуы оның тұрмыстық тәжірибесін көрсетпейді. Оны жан жылуы жоқ адам ретінде суреттейді. Бірақ, алқа билер, сіздер оның әкесі мен әпкесін көрдіңіздер. Шешесі сотқа келе алмады. Оның отбасына қарап, жақсы ортадан шыққандығын білуге болады».

Қорғаушының сөзінде адамның ішкі дүниесі, дүниетанымы, психологиясы, жан күйзелісі ашылады. XIX ғасырдың екінші жартысындағы сот шешендігі осынысымен ерекшеленеді. Ұқсас, жалпы фразалардан бойды аулақ ұстау қажет. К.С.Пиросманишвилидің ісі бойынша («мәжбүрлі пара») И.М.Кисенишскийдің сотталушыны сипаттау сөзін келтірейік: «Пиросманишвили өзінің адами және қоғамдық бейнесі бойынша қылмыскер меес. Бұл инцидент оның өмірінде кездейсоқ болды. Ол оған тән емес әрекет. Оның өмірі, өскен ортасы мұны жақсы дәлелдейді.

Пиросманишвили –баршаға танымал фамилия. Немере ағасы Пиросманишвили – атақты суретші. Тбилиси мен әлемнің басқа қалаларында Нико Пиросманишвилидің есімімен мектептер, көшелер, мұражайлар аталады. Карло өз фамилиясын ардақтайды, атақты Пиросманишвилидің аты жаман аталмау керек деп, ол ондай әрекетке бармайды».

Кейде қорғау сөздерінде жәбірленуші мен сотталушының тұлғаларына саклыстырмалы мінездеме беріледі. Өйткені қорғаушыны жәбірленушінің жүріс-тұрысы мен айыпталушы арасындағы өзара қатынасы қызықтырады (аталған белгілер ҚК жалпы бөлімінде жан-жақты берілген). Мұндай салыстыру арқылы сотталушының тұлғасы жеңіп шығуы мүмкін. Левчинскаяның ісі бойынша Я.С.Киселевтің сөзінен мысал келтірейік:

«Әрине, қазір Левчинская өзінің не істеп қойғандығын еске алғанда, жаны ауырып ұялса керек. Ол өзінің ана екендігін ұмытып кетті. Моховтың еркіне көніп, өз қолымен 6 айлық Юрканы өзі жақсы танымайтын адамдардың қолына берді. Мұны Мохов бағалады ма? Надежда Петровнаның әрекетінен бойы тіксінді ма? Жоқ. Ол мұны жайбарақат қабылдады».

Құрбандық әкелінді, бірақ өмір жақсармады. Емшектегі бала ауырып қалды. Ортада дау туып, Мохов Левчинскаяға былай деді: «Сен оны бір жасқа дейін асыра, оған ана сүті керек. Содан соң баланы алып, сені қуып жіберемін».

Сотталушыға мінездеме беруде қылмыс жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларға талдау жасау ерекше орынға ие. В.Д.Спасович «қылмыс мотиві анықталмаған қылмыстық іс басы жоқ мүсін сияқты» деп дұрыс атап өткен.

Қорғау сөзінің аяқтаушы бөлімінде қорытынды жасалады.  Мұнда адвокат ақтау туралы немесе мардымсыз жазалау жылын беруді өтінеді. Аяқтаушы бөлімде сөз басындағы мотивтер қайталанғаны дұрыс. Адвокат А.С. Экмекчи тубдиспансердің бас дәрігері В.Цыгарованы пара алуда айыптау ісі бойынша былай деп сөйлейді:

«Жолдас судьялар! Осы жерде Вера Михайловна Цыгарова 12 жыл жұмыс істеді. Қыстыгүні боранда, күзгі балшықта, қараңғы түнде алғашқы шалынған қоңырау бойынша алыс елдімекендерге сырқат адамдарға көмек беру үшін жол тартты. Оған берілген мінездемелер, сотта оқылған алғыс хаттар халықтың сүйікті дәрігері болғандығын көрсетеді. Бірақ В.Цыгароваға жала жабылды, ол кінәсіз әрі ақталуы тиіс. Ары қарай А.С. Экмекчи өз сөзінің құрылымында композициялық тұтастық құрады: Тамаша совет дәрігері Вера Михайловна Цыгарова әлі де ұзақ жылдар бойы қар-боранға қарамай, қараңғы түндерде алғашқы қоңыраумен-ақ адамдарға көмек беруді жалғастыра түсетіндігіне сенімдімін».

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *