Ғылыми анықталмағандықтың топтық түрлері. Әлеуметтік алдын-ала көре білудегі интуицияның ролі
1. Қазіргі таңда әлеуметтік алдын-ала болдаудың мәні зор, өйткені ол –нақты әлеуметтік процестердің дамуының перспективасын ерекше нақтылықпен айтуға қол жеткізіп отыр, сонысымен қоғамдағы көптеген әлеуметтік проблемаларды шешуге көмегін тигізіп отыр. Алдын-ала болжау биологиялық не әлеуметтік жүйелердің мінез-құлқының арнаулы түсінігі, жалпы теориясы болып табылады және адам практикасы мен жалпы өмірдегі қажетті нәрсе. Адам өзінің алдындағы жоспарлары мен үміттерін құра отырып, өзінің күнделікті өмірінде болашаққа көз жүгіртуге мұқтаж, ол болашақ пен бүгінгіні болжағанда ылғи қорқыныш пен үміт сезімдерін қатар ұстап, соның арасында толқып отырады. Адамға алдын-ала болжау неге керек? Алдын-ала болжау оның дәл қазіргі уақыттағы жай-күйінің анық еместігіне, тұрақсыздығына, оларды шешу үшін оның өткенге, бүгінге, болашаққа ізденіс әрекетін жасауымен байланысты. Алдын-ала болжау әруақытта өткен мен бүгінгі потенцияға, қабілет, ресурстар мен жағдайларға сүйенеді, оның ғылыми және ғылыми емес, эмпирикалық түрлері бар. Сөйтіп, алдын-ала болжау дегеніміз қазіргі кездегі белгісіз не жоқ , бірақ болашақта болуы және зерттелуі мүмкін табиғат құблыстарын, қоғамдық өмірді, психологиялық жай-күйді анықтайтын, сипаттайтын теориялық әрекеттің (қызмет) түрі.
2. Болашақ туралы байлам айтуға негізделген көптеген терминдер кездеседі, мысалыға пайғамбарлық, сәуегейлік, алдын-ала білу, сезу, көру, айту, алдын-ала болжау. Бұлардың әрқайсысының қандай-да бір ерекшелікті көрсетеін қасиеті, өзіндік мәні бар. Соның ішінде, алдын-ала болжау болашақ туралы пікірлердің ортақ, туыстық түсінігі болып табылады, яғни бұндай пікірлердің басқа түрлерін өзіне енгізеді. Бұнымен бірге бұл сөздің көмегімен бұндай пікірлердің негізділігіне, обьективтілігіне көңіл аударады. Бұл ұғымның екі мағынасы бар, ол: 1) зерттеудің прогностикалық процесін; 2) болашақ туралы алынған қорытынды білімді көрсету үшін қолданылады.
3. Алдын-ала болжаудың ғылыми, ғылыми емес, эмпирикалық сияқты түрлері бар. Ғылыми емес болжау фантастикалық, іске аспайтын, жасанды құрастырылған өзара байланыстарға негізделеді, оның басты мақсаты адамның көзқарасы мен мінез-құлқын бақылауға ұмтылу болып табылады, оның фактілік негізі жоқ. Түс жору, бал ашу, астрология, әлеуметтік утопияларды осы топқа жатқызуға болады.
Ғылыми алдын-ала болжау деп ғылыми теорияның негізінде алынған нәтижені атаймыз, ол ең алдымен қоғамдық дамудың заңдылықтарын жүйелі ой елегінен өткізуге құрылған. Тек реалды жағдайды талдаудан шыққан алдын-ала болжау ғана барынша сенімді және болашақтың қажетті және ықтимал тенденцияларына барынша толық ене алады. Ол тек обьективті заңдарды тануға сүйенеді, оның нәтижелерін тексеруге, жөндеуге, одан әрі дамытуға болады. Бірақ, ол болашақ туралы дәл және толық ғылым болып табылмайды, тек өткен мен бүгінді салыстыра қарау арқылы ғана болашақты айта алады.
Эмпирикалық алдын-ала болжау деп адамның күнделікті тәжірибесіне сүйенген, тұрақтылық пен фактілік өзарабайланысқа негізделген болжауды айтады. Бірақ, ол ғылыми теорияға не тәжірибені бағалауға сүйенбейді. Бұған халық ырымдарын жатқызуға болады. Әдетте бұл болжаулар күмәнды және айқын емес, бірақ бұл жағдай олардың жүзеге асу мүмкіндігін жоққа шығармайды.
3. Болжау әдістері
1.Болжау әдістерінің топтамасы
2.Жалпы ғылыми және жеке әдістер (эксрополяция, сараптық баға беру, дельфи, сараптық жұмыс, болжамдық сценарий, эдип нәтижелілік, морфологиялық синтез,оптималді шешімдерді таңдау, анология, гипотезе, логика, дедукция, индукция, математикалық теориялар)