Шымкент — ежелгі қалалардың бірі

Шымкент — ежелгі қалалардың бірі. Ол еліміздің оңтүстік- шығысында Бадам мен Сайрам өзендері аралығында орналасқан. Қаланың іргесі екі мың жыл бұрын қаланған. Ерте орта ғасырда Ұлы Жібек сауда жолында жайғасқан ол XVIII ғасырда ірі қалаға айналды. 1864 жылы патшалық Ресейдің қарамағына көшер алдында қаланың айналасы алты шақырымды құрап, алғашқы қамалдары тұрғызылған еді.

1932 жылдан бастап Шымкент облыс орталығы болды. Қазіргі Шымкент-еліміздің ірі өндіріс және мәдениет орталықтарының бірі. Қала өндірісі жергілікті ауылшаруашылык шикізаты мен маңызды қазбаларды қайта өңдеу базасында дамыды. Бүгінгі Шымкенттін басты кәсіпорны — республикадағы түсті металлургия алыптарының бірі — қорғасын зауыты. Жақсы дамыған саласы — жеңіл өнеркәсіп: мақта-мата комбинаты, тігін фабрикасы.

Шымкент аймағының қысы жұмсақ әрі қысқа, ал жазы ыстық әрі ұзақ болып келеді. Мұнда жемістер мен көкөністердің бірнеше түрі өседі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *