Тарихи үдерістің толқындық сипаты.

Тарихи үдерістің толқындық сипаты.

Тарих философиясының немістік мектебі. Гегель мектебі және әмбебап тарихи үдеріс концепциясы. Неміс позитивизмі. Неокантиандық мектептер. Тарих философиясының француздық мектебі. Р.Декарттың конструктивизмі. Француз ағартушылары тарихтың философиясы туралы. Француз позитивизмі. «Анналдар» мектебі. Тарихи үдерістің дамуынын марксистік теорияс. К.Маркс, Ф.Энгельс және тарихты материалистік тұрғыдан түсіндіру. Тарихи білімдердің жинақталу қорының кезеңдері. Тарих туралы жазба деректер мен шығармаларды жасау тарихтың барлық кезеңдері үшін тән құбылыс емес. Жазба деректер болмаған кезде әрине, жазбаша тарих та болған жоқ. Сондықтан, өткеннің оқиғалары тек қана ауыз әдебиеті – фольклорда ғана сақталып қалды. Ал ең бастысы – тарихи түсініктердің пайда болуы үшін адамзат санасы өзінің тарихи дәуірдің бір кезеңінен екінші кезеңіне өткендігін түсіне алуы мүмкін болған кезде ғана жасалады. Қазіргі заманның адамының санасы мұндай өткелең кезеңдері толық ажырата алады, сондықтан, тарихи түсініктердің, тарихи білімдердің және тарих ғылымының пайда болуына мүмкіндік береді. Сонымен, тарихи кезең ішіндегі тарихи білімдердің жинақталудың алғашқы кезеңі ежелгі Египеттегі алғашқы жазба ескерткіштерінің пайда болуы. Палерм тасы.

Тарихи уақыттың ортағасырлық концепциясы: антикалық, библиялық және ежелгі германдық кезең деп бөлудің қалыптасуы. ІІІ-Ү ғғ. алғашқы христиандық хронографиялардың пайда болуы. Иорданның «Гетикасы». Григорий Туркский, Иседор Сивильский. Ағылшын тарихшысы Беда Достопочтенныйдың (672/673-735) алғаш рет 731 ж. тарихнамаға жыл санауды Иса пайғамбардың туылуынан бастауды ұсынуы және оның ХІ ғ. кең тарауы. Павел Диакон. Орта ғасырлық тарихнаманың басталуы. Ерте ортағасырдың тарихи шығармаларында христиандық діннің ролі. Ортағасырлық тарихшының шындыққа көзқарасы. Әлемнің пайда болуынан бастап, христостың екінші келуіне дейінгі аралық өмір – ортағасырлық шіркеудің тарихқа берген анықтамасы. Кез-келген оқиғаның іргелі себебі – құдайдың әмірі. Тарих құдайдың бұйрығымен болып отырады, адамдар құдайдың бұйрығын сөзсіз орындаушылар, олардың сана-сезімі, ерік күші тарихты өзгертуге қауқарсыз деп есептеді. Ал өмірде болып жатқан сұмдықтарды да құдай әдейі жасап отыр, өйткені адамдар жақсы оқиғалардың бағасы мен құнын дұрыс түсіну керек деп есептеді. Сөйтіп, ортағасырлық провиденциализм антикалық прагматизмді біртіндеп кері ысыра бастады.

Уақыттың сызықтық үлгісі. Тарихты (іс-әрекет) және хрониканың (анналдар) өзара айырмашылығы. Тарих пен хрониканың синтезделуі. Тарихнаманың триверизм (грамматика, риторика, диалектика) пәндерінің ережелерін өзіне қабылдауы. Ортағасырлық тарихшының ұйымдасуы мен әдістері. Августиннің дүниені түсінуі және оның тарихи процесстерге көзқарастары. Ортағасырлық шіркеу иелерінің ішінде Августин және басқалары антикалық тарихи ескерткіштерге жасаған қарым-қатынастары басқалардан өзгеше болды және олар антикалық шығармалардың үлгілерін өздерінің қызметтерінде үнемі пайдаланып отырды.

Ол өзінің «О граде божьем» деген еңбегінде тарих құдайдың бұйрығымен болып отырады, адамдар құдайдың бұйрығын сөзсіз орындаушылар, олардың сана-сезімі, ерік күші тарихты өзгертуге қауқарсыз деп есептеді. Ал өмірде болып жатқан сұмдықтарды да құдай әдейі жасап отыр, өйткені адамдар жақсы оқиғалардың бағасы мен құнын дұрыс түсіну керек деп есептеді.

Каролиндік кезеңдегі тарихнама және оның құлауы. Дамыған феодализм кезеңінде шіркеулік феодалдық тарихнама (Ножанский, Сугерий, Ганорияны «Әлем суреті», Эадмер, Ульям Мэмсберийский, Ламперт, Оттон, Гельмольт, Готфорд Витербский, Арнульф, Матвей Парижский, Салимбене, Мартин Опавский, Винцент из Бове). Ульям Ньюбуркский және тарихи сынаудың қалыптасуы. Кейінгі феодализмнің тарихнамасы (Хигден, Кэпгрев, Яков Твингер). Жан Лебельдің «Шыншыл хроникалары», Жан Фруассардың «Хроникалары». Филлип де Каллин, Буркард Цинг, Дино Компаньи, Филиппо Вилани. Дәстүрлік шіркеулік тарихнаманың құлауы. Жылнамалар жинағы Русьтегі алғашқы тарихи шығармалар ретінде. Ортасырлық орыс тарихи әдебиетінің негізгі жанры жылнама жазу болып есептеледі. Оның алғашқы пайда болуы туралы белгілі қалыптасқан пікір жоқ, дегенмен, барлық зерттеушілер бізге дейін келіп жеткен жылнамалар олырдың алғашқы жазбалары емес, кейіннен барлық жазбаларды топтастыруға ұмтылған жинақтар екендігіне тоқталған. ХІҮ ғ. жасалған Ипатьев, Лаврентьев және басқа жылнамалар жинағының бастапқы бөліктерін ХІІ ғ. жасалған «Мерзімдік жылдардың баяны (Повесть временных лет)» жылнамалары құрайтындығын анықталды. «Мерзімдік жылдар баяны» жылнамаларын алғашқы жазушы – Киев-Печер монастырының монахы – Нестор. Ол өзінің баяндауын 1113 жылға дейін алфп келеді Осы жылы Святополк князь өліп, оның орнына таққа Владимир Мономах келеді де, Киевтің Выдубец монастырының монахы Сильвестрге «Мерзімдік жылдар баянының» 1116 жылға дейін жеткізілген екінші нұсқасын жазғызады. Ал 1118 жылға дейін жеткізілген 3-ші нұсқаның авторы белгісіз. Дегенмен, «Мерзімдік жылдар баянының» Нестор жазған алғашқы нұсқасының өзі де жеке адамның шығармасы екендігі, оның да бірнеше жылнамалардың жинастырылғын жинақтық нұсқа екендігі анық болған. Өйткені оған ХІ ғғ. жазылған Киев және Новгород жылнамалар жинақтары енгізіліп, құрастырылып жасалған. Ежелгірусь жылнамаларының жазылуының мұндай схемасын зерттеуші А.А. Шахматов та ХІХ ғ. соңында және ХХ ғ. басында-ақ байқаған.

Жылнамашылар орыс князьдері архивтерінде сақталған жазбаларды еркін пайдалана алған, олардың ішінде Олег пен Игорьдың гректермен жасаған келісім шартының мазмұнын өз жылнамаларының мазмұнына кіріктіруге рұқсат берілген. Сонымен қатар, оқиғаларға тікелей қатысушылардың әңгімелеуінен де жылнамалар мазмұны толықтырылып, жарқын әрі шынайы эпизодтармен байытылып отырылған.

«Мерзімдік жылдар баянының» аталымының алғашқы нұсқаларының бірі – «Се повести времяньных лет, откуда есть пошла Русская земля, кто в Киеве нача первее княжити, откуда Русская земля стала есть» екендігін орыс зерттеушісі А.А. Шахматов байқап ұсынған. Және жылнамалардың барлығының ортақ тақырыбы құдайдың қаһарынан қорқу және қорқыту болғанымен, орыс халқының мемлекеттілігінің қалыптасу тарихын жазу және соны дәріптеу де негізгі орында тұрған.

Еуропа елдерінің халық ауыз шығармалары және Русьтегі былиндік циклдың қалыптасуы.

Тарихи теория — тарихи әрекет, тарих үдеріс теориясы. Тарихи үдеріс теориясының категориялары. «Қоғамдық-экономикалық формация» категориясы және оның тарих пен әлеуметтану ғылымдарын-дағы функциялары. «Өркениет» категориясы және онын танымдық функциясы. Тарихи үдерістегі субъективтілік пен объективтіліктің диалектикасы. Тарихи заңдылық. Қажеттілік пен кездейсоктық. Альтернативтілік (баламалылық). Қоғамдағы альтернативтік мүмкіншіліктердің нақты тарихи заңдылықка айналу жағдайлары. Тарихтың көпөлшемділігі. Тарихи білімдерді жи-нақтаудың сабактастылығы. Тарихи оқиғалар мен тарихи құбылыстар.

Тарихи циклдар. Циклдық динамика мен генетиканың жалпы тарихи заңдылықтары. Тарихи циклдарды кеңістіктік тұрғыдан карау. Тарихтағы географиялық фактордың ролі. Тарихи үдеріс ырғағының өлшемділігі. Тарихи уақыт. Қысқа мерзімдік, орта мерзімдік және ұзақ мерзімдік циклдар. Циклдар арасындағы өтпелі кезең.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *