Тарихи фактілерді талдаудың әртүрлі аспектілері
«Тарихи факт» түсінігін диа-лектиқалық-материалистж тұр-ғыдан талдау. Тарихи фактінің логикалық-гносеологиялық құ-рылымы. Тарихи шындық фак-тісі (факт — оқиға). Оқиғаны реалистік және конструктивтік тұрғыдан түсіндіру. Факт — дерек (факт – ақпарат). Ғылыми тарихи факт және оның түрлері. «Тарихи факт» түсінігінің тарихтың батыстық методоло-гиясындағы талдаулары.
Тарихты тану үдерісі фактіні меңгеруден басталады. Тарихи фактінің ерекшелігі – оның қайталанбайтындығында, оны бақылаудың мүмкін еместігінде. Сондықтан, қандай да болмасын тарихи факт туралы оқушының түсінігін қалыптастыру үшін оқушының қазіргі замандағы заттар мен құбылыстар туралы білімімен байланыстыру қажет. Мысалы, Фарос маягының әлемнің 7 кереметінің бірі екендігін түсіну үшін оқушының бәрінен бұрын қазіргі заманғы маяктар туралы түсінігі болуы керек (оның үлкендігі, неден жасалғандығы, не үшін жасалғандығы және т.б.).
Бірақ, жекелеген фактіні білуі – оқушының тарихты меңгергендігін көрсетпейді. Өзара байлнысы жоқ фактілердің қарапайым тізбегі тарихи материалды саналы түрде меңгеруді мүмкін ете алмайды. Сондықтан, тарихты оқыту үдерісінде фактілер өткен өмірде болған маңызды байланыстар мен өмір заңдылықтарын меңгеру үшін, өзара салыстыру үшін қажет. Тарихи фактілер өте көп. Тарихты оқыту үдерісін ұтымды жүргізу үшін, оларды дұрыс топтастыра алу қажет.
Тарихи фактілер екі сипатта болуы мүмкін:
Біріншіден, бұл тарихта бір ғана рет, белгілі-бір жағдайларда ғана, тек белгілі бір адамдар ғана қатысқан, мерзім мен кеңістік ішінде қатаң шоғырланған жекелеген оқиғаларды көрсететін фактілер. Олар қайталанбайды. Мысалы, Мұз қырғыны – бұл жеке тарихи оқиға. Ол Чуд көлінде 1242 жылдың 5 сәуірінде болды. Онда А.Невскийдің әскері мен немістің «төбат-рыцарьлары» қатысты. Ресейдегі крепостнойлық құқықтың жойылуы да жеке оқиға. Ол Ресейде 1861 жылдың 19 ақпанында болды. Оны жоғарыдан жасалып, шаруалардың өте үлкен наразылығын туындатты.
Екіншіден, белгілі бір тұтас тарихи кезең мен дәуірге тән, олардың сипатты белгісін көрсететін тарихи құбылыстар да болуы мүмкін. Мысалы, барщина мен оброк – феодалдық құрылыс кезіндегі шаруалардың атқарған міндеттіліктері. Бұл фактілерді меңгерген кезде оны француз шаруасының, ағылшын шаруасының немесе орыс шаруасының атқарғанын білу маңызды емес, барщина мен оброкты басқа тарихи құбылыстардан ерекшелеп тұрған сипатын білу маңызды. Мұндай фактіні біз тарихи құбылыстар қатарына жатқызамыз. Басқа мысал: өндірістік төңкеріс – бұл қол еңбегінің машина еңбегімен алмастырылып, фабрикалық өндіріске өту және бұрын тарихта болмаған таптардың пайда болу үдерісі. Бұл үдеріс әлемнің әртүрлі бұрышындағы саналуан елдерде де болуы мүмкін. Аталған үдерістің болуы үшін капиталистік қарым-қатынас дамуы керек. Сондықтан, бұл тарихи факт — тарихи құбылыс.
Фактілер көлемі, күрделілігі, мағынасы жағынан өзара ерекшеленеді. Мысалы, Қырым соғысы – бұл жекелеген, қайталанбайтын факт болып табылатын тарихи оқиға. Ол тарихта бір ғана мәрте (1853-1856 жж.), нақты хронологиялық кезең ішінде болды. Бұл соғысқа белгілі бір елдер ғана қатысты (Ресей, Түркия, Англия, Франция), кеңістік ішінде шоғырланған (әскери қимылдар Қара теңіз, Қырым түбегінде, Кавказ тауларында болды). Бұл оқиғаны түсініп, меңгеру үшін оны одан кішірек, Синоп шайқасы, Севастополь қорғанысы, Камчаткадағы-Петропавловск қорғанысы тәріздес фактілермен танысу арқылы игеру керек. Яғни, өзінің толық ашылуы үшін неғұрлым кішірек фактілерді білуді талап ететін күрделі фактілер – бірінші кезектегі фактілер, ал, кішірек фактілер – екінші кезектегі фактілер деп аталады. Бірінші кезектегі фактіні түсіну екінші кезектегі фактіні меңгермейінше мүлдем мүмкін болмайды.
Өз кезегінде екінші кезектегі фактілер де нақтыланады. Мысалы, жоғарыда келтірілген Синоп шайқасының өзі орыс және түрік эскадрасының орналасуы, олардың сапқа тұру ерекшеліктері, қару-жарақтарының ерекшеліктері, шайқас эпизодтары және т.б. бөліктерден құралады. Бұл фактілер тарихи білімнің алғашқы бөлшектері деп аталады. Әдістемеде олар тек бір ғана қарапайым тарихи құбылысты немесе оның бір ғана сипатты белгісін көрсетететін қарапайым фактілер деген топқа біріктіріледі.
Тек әртүрлі сипаттағы фактілерді өзара ұштастыра отырып, тарихи оқиғаның нақты образын жасап шығаруға болады. Бұл тарихи фактілер мен материалдарды таңдап алуды өте ұқыптылықпен жүргізуді талап етеді. Бұл кезде мұғалім оқушылардың есінде өмір бойы сақталуы міндетті негізгі фактілерді және олардың өзінің мазмұнын ашу үшін қажетті қосалқы фактілердің арақатынасын дұрыс реттеп таңдап алуы қажет.
Фактілердің мазмұнын ашу дәрежесі олардың маңыздылығына байланысты болады: тарих курсының тарихи үдерістің бағытын анықтайтын негізгі фактілер барынша толық мазмұндалады, ал, осылардың мазмұнын ашуға немесе негізгі фактілердің өзара байланысын көрсететін фактілер бүге-шігесіне дейін түсіндірусіз-ақ айтып өтіледі. Осындай жағдайда ғана тарихты түсіну саналы, құрғақ жаттаудан азат түрде жүргізіледі.
Оқиғалар мен құбылыстар бір-бірімен тығыс байланысты. Бір сипаттағы фактіні меңгеру – екінші сипаттағысын түсінуді мүмкін етеді. Оқиғалар мен құбылыстардың мазмұндары бірін бірі толықтырады, жекелеген белгілерін ғана емес, дәуірге тән сипатты белгілерді көре алуға, тарихи даму үдерісін бақылауға машықтандырады.
Оқиғалар мен құбылыстар арасындағы байланыстар жекелеген, қайталанбайтын фактілерді оқу типтік фактілер мен құбылыстарды меңгеруді мүмкін ететіндігінен көрінеді. Мысалы, жекелеген шаруалыр көтерілістерімен танысу арқылы біз олардың феодализм кезіндегі негізгі күрес түріне айналған сипаттылығымен де таныс боламыз.
Осы кезде кері байланысты да анықтауға болады. Мысалы, империализм дәуіріндегі капиталистік елдер арасындағы қарама-қайшылықтар үдерісін білу – І дүниежүзілік соғыстың себебі мен сипатын түсінуді мүмкін етеді.
Фактілер – теориялық тұжырымдардың негізі болып табылады. Егер мұғалімнің сабақ түсіндіруінде фактілердің саны көп болып. Олар өзара ешқандай байланыссыз көп мөлшерде берілсе, онда бұл фактологияға айналады, ал, шынайы фактіге онша көп сүйенбей, тек тұжырымдар жасаумен айналысқан мұғалімнің сабағы әлеуметтану пәніне айналады. Яғни, факті мен тұжырым арасындағы дұрыс тепе-теңдікті ұстау – тарих мұғалімінің бұлжымайтын қағидасына айналу керек.
Фактілерді тарих сабағына іріктеудің негізгі критерийлері:
ғылыми шынайылығы;
тарихты түсіндірудегі маңыздылығы;
нақтылығы мен образдылығы;
эмоциялық әсер етуінің жоғарылығы;
оқушының ойлауын дамытуға жасайтын ықпалының жоғарылығы;
оқушының іскерлігін дамытуға жасайтын ықпалының жоғарылығы;
оқушының жас ерекшелігіне сәйкестігі: 5-8 сыныптарда неғұрлым образдық, бейнелеушілік сипаты басым фактілер іріктеледі, ал, жоғарғы сыныптарда оқушы сенімін қалыптастыратын (құжат негізіндегі, материалдың шынаыйлығы күмән келтірмейтін) фактілер іріктеледі.
Оқушылар фактілердің арасындағы байланыстарды неғұрлым мол меңгерген сайын, олардың білімінің бір жүйеге келуі де соғұрлым жоғары деңгейде болады, албұл болса, оқушылардың өз тарихи білімдерін керек кезінде тез пайдалана алуына мүмкіндік береді. Тұжырымдау мен жүйеге келтіру – тарихты танудың негізгі құралы. Тарихи білімді қалыптастыру – білмеуден білуге қарай, толық емес, үстіртін білімнен толық әрі бір жүйеге түскен терең білімге қарай жылжу түрінде жүзеге асады. Тарихи таным тарихи фактілердің образын жасаудан, яғни, тарихи елестетуден басталады.
№10. Тарихи деректің методологиялық мәселелері.
А. Тарихи дерек түсінігі және оның тарихнамалық дерек түсінігінен ерекшелігі мен олардың түрлері
Б. Тарихи деректерді сынау әдістерінің тарих ғылымының дамуының әр кезеңіндегі эволюциясы
Тарихи дерек, оны топтастырудың әртүрлі тәсілдері: позитивистердің дерек таңдау ерекшелігі. Жазба деректерден басқа деректерді тарихи зерттеу барысында пайдалана бастау. Деректі талдау әдістері базасының жасалуы және дерек талдау түрлері. Тарих ғылымындағы хронология және кезеңдерге бөлу. Тарих пен әдебиеттің өзара қарым-қатынас деңгейі.
Сондықтан тарих көркем әдебиеттің бір саласы. Тарихи шындық зерттеуші ырқына бағынбайды, оның шегіне жету мүмкін емес деген сыңайдағы пікірлер айтты.
Дегенмен де осыған қарап тарихи зерттеулердің шындығы жоқ деген қорытындыға келуге болмайды. Л. Ренкенің айтуы бойынша «… тарихи уақиға қалай болса, сол күйінде жазу керек» [3]. Немістің лы ғалымының айтуынша, тарих әлемі – объективті тарихи фактілердің тізбегі екен. Тарихи шығарма жазу үшін зерттеуші өзінің баяндар мәселесі жөніндегі жеке басының көзқарасынан арылуы керек. Яғни автордың саяси ұлттық, корпоративтік мүдделері шығармаға әсер етпеуі керек. Тарихшы болған уақиғаны сынап-мінемей, ыждаһатты түрде, мұқият баяндауы керек. Өкінішке орай Л. Ренке сияқты объективизм ұранын ұстаған тарихшылар өмірде тым аз кездеседі.
Тарихи объективизмнің жеңіске жетуі үшін бірнеше факторлардың әсер етуі мүмкін. Біріншіден, белгілі бір тарихи уақиғаны баяндау үшін деректер корпусы толық болуы қажет. Бірнеше ғасыр бұрын болып өткен қоғамдық құбылысты шындыққа жақын етіп көрсету үін деректердің бірнеше типін, әр-алуан түрін кешенді түрде пайдаланған жөн. ХІХ ғ. 2 жартысында ағылшын капитализмі өзінің дамуының шырқау шегіне жетті: өндірістік революция мен ұлан-ғайыр отар елдер Англияны әлемдік өндірістік өнеркәсіп бойынша 1-ші орынға алып шықты. Лондон халықаралық сауданың орталығына, ал фунт стерлинг — әлемдік есеп айырысу бірлігіне айналды. Ағылшын әдебиетінде бұл кезең 1837-1901 жж. билік құрған королева Викторияның есімімен «викториандық» кезең деген атқа ие болды.
Маркс пен Энгельстің «Біз бір ғана ғылымды – тарих ғылымын ғана білеміз», – деген қанатты сөзі ХІХ ғ. ІІ жартысындағы интеллектуалды мәдениетін толық сипаттайды. Ресей сыншысы әрі публицисті В.Г. Белинский ХІХ ғасырды тарихи ғасыр деп атап, барлық іс-әрекет тарихи негізде әрі тарихи себептерге байланысты пайда болады деп есептеді.
Ағылшын капитализмінің ерекшеліктері елдің осы онжылдықтағы әлеуметтік және саяси дамуының бағытына өз ықпалын жасады. ХІХ ғ. соңына дейін Англиядағы буржуазия үстемдігіне ешқандай қауіп төнген жоқ. Осы жылдарда демократиялық сипаттағы бірқатар реформалар жасалды. Парламентке сайлану және сайлау құқығын тек буржуазия ғана емес жұмысшы табының жоғарғы бөлігі де иемденді. Либералдық және консервативтік партиялар өзара біріге бастады.
Осындай жағдайда ағылшын қоғамдық ой-пікірінде күрделі, қос сипатты үдеріс қалыптасты. Бір жағынан Англияның экономиклық күш-қуаты мен елдегі саяси тұрақтылық, Британдық отарлық империяның күштілігі, ғылым мен техника жаңалықтары буржуазия идеологтарының капиталистік құрылымның мығымдылығы және ағылшын мемлекеттіәк билігінің тұрақтылығына сенімдерін нығайтты. Ал екінші жағынан, жақындап келе жатқан империалистік кезеңнің елдің өзінің ішінде де, сыртқары жерлерде де пайда болып келе жатқан қиыншылықтарымен бой көрсетіп келе жатқандығы бірқатар үрей туындатты.
Осындай кезде қоғамдық ой-пікірге Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі өз ықпалын тигізді. Эволюция идеясын қоғамдық өмірдің басқа да саласына пайдалануға ұмтылудан әлеуметтік дарвинизм ілімі пайда болды. Оның негізін жасаушылар биологиялық әлем заңдылықтарын қоғамға пайдаланбақшы болып, өмір үшін күрес барлық тірі организмдер үшін, оның ішінде адамдар үшін де ортақ әмбебап заң деп есептеді. Ол ілім бойынша өмір үшін тартысты күрес қоғамның қалыпты жағдайы болып есептелді. Әлеуметтік дарвинизм өкілдерінің пікірі бойынша жекелеген адамдардың арасында өмір сүруге бейімділігі жағынан айырмашылықтары болатыны тәріздес, халықтардың арасында да «жақсылары» және «жамандары», басқаша айтсақ, «жоғарғы» және «төменгі» нәсілдер болады. Сөйтіп, әлеуметтік дарвинизм нәсілшілдік теориясына тікелей жол салды. Әлеуметтік дарвинизм ақ нәсілді, оның ішінде ағылшынсаксондық ұлтты туыла біте төрелер нәсілі деп есептеді. Бұл теорияның қалыптасуына Англияда белсенді түрде жүргізіліп отырылған отарлық жаулап алу саясаты негіз болды .
Осы онжылдықтың қоғамдық ой-пікірінің ерекше сипатты белгісі позитивисттік әлеуметтанудың кең таралуы. Аса ірі ағылшын философ-позитивисі Герберт Спенсер (1820-1903) эволюция идеясы тәріздес адамзат білімінің барлық саласын қамтитын философиялық жүйе жасап шығуды іске асырмақ болды. Негізгі мамандығы бойынша инженер Спенсер дәл білімдер саласымен, нақтырақ айтсақ, механикамен жақсы таныс болатын. Өзінің философиялық жүйесін Спенсер синтетикалық философия деп атап, оны өзінің келесі еңбектері сериясында сипаттап берді:
1. Негізгі бастау – 1862ж.,
2. Биологияның қалыптасуы – 1864-1867,
3. Психологияның қалыптасуы – 1855, 1870-1872,
4. Әлеуметтанудың қалыптасуы – 1876-1896.
Спенсер эволюция әлем дамуының негізі деп есептеді. Спенсер эволюцияның өзіне «материя мен оған қоса-қабат жүретін бей-берекет қозғалыс интеграциясы» деген анықтама берді. Оның өзінде деп есептеді Спенсер «материя белгісіз, байланыссыз біртектіліктен белгілі әртекті байланысты жағдайға өтеді» деп есептеді. Спенсер бұл заңды әмбебап заң деп есептеп, жекелеген ғылымдардың, оның ішінде қоғамдар тарихының бай материалдарына сүйене отырып, әртүрлі салалар мен өрістердеоның қалай жұмыс жасайтынын анықтамақ болды.
Эволюция заңын тексеру, оның жұмысын анықтауға ұмтылудың өзі қаншалықты жемісті болғанымен Спенсердің эволюцияны түсінуінің өзі сыңаржақты болатын. Даму Спенсер бойынша баяу, ешқандай секіріссіз, біртіндеп жүретін қозғалыс. Дамудың негізінде оның пікірінше тепе-теңдік заңы бар: тепе-теңдік жойылған кезде табиғат өзінің алғашқы қалпына қайта келеді. Дамуды осылайша түсіну капиталистік құрылыстың әлеуметтік және саяси негіздерінің тұрақтылығы мен бірқалыптылығын дәлелдеп берді.
Қоғам дамуының тарихында Спенсер үш кезеңді ажыратты.
1-кезең: ру-тайпалық қоғам,
2-кезең: ерте таптық қоғам,
3-кезең: индустриалдық кезең.
Қоғам ішіндегі әртүрлі қызметтерді әртүрлі топтардың арасындағы бөлінуін Спенсер адам ағзасының әртүрлі органдарының арасындағы қызметтердің бөлінуімен салыстыра отырып, соған теңестірді. Спенсердің осы теориясы «қоғамның ағзалық теориясы» деп аталып, қоғам ішіндегі әлеуметтік топтар мен таптардың өмір бойы орын алмаспайтындығын дәлелдеп негіздеді.
Спенсердің ілімі қаншалықты сыңаржақты болғанымен ол өз дәуірі үшін алдыңғы қатарлы философ еді, өйткені қоғам өмірін теологииялық тұрғыдан түсіндіруден бастартқан болатын.
Осы кезеңде белгілі экономист және публицист, ықпалды «Экономист» журналының редакторы У.Бэджгот О.Конттың әлеуметтік позитивистік ілімін одан әрі қарай дамыту әрекеттерін жасайды. Өзінің 1872 ж. жазған «Физика және саясат» деген еңбегінде Конт схемасын Дарвин ілімімен байланыстырмақ болды.
ХІХ ғ. 60-70 жж. жаңа мектептер мен бағыттар қалыптасты. Позитивистік тарихнама шеңберінде жеке мектептер арасында да өте үлкен айырмашылықтар болып отырды.
Базель университеті өнер тарихының профессоры Яков Буркхард тарихшылардың тұтас ұрпағын дайындай отырып, өз мектебін жасады. Бурхардт Берлин университетінде Ранкеден дәріс алды, бірақ, оның деректерге ғылыми-сыншыл қатал қатынасын қабылдаған жоқ, керісінше оған мүлдем қарама-қарсы тұрды. Ол Ранкеге қарсы өз тұжырымдамасында 1-орынға мемлекет пен саясатты емес, адамзаттың рухани және материалды мәдениетінің тарихын – тұрмыс, техника, өнер, поэзия, ғылымды – қойды. Болашақтағы тарихнаманың дамуына үлкен әсер еткен европалық мәдениеттің даму схемасын жасады. Өз көзқарасын Бурхардт адамзат тарихы – мемлекеттер мен саяси тарих деп есептеді.
Ол: «Тарих мен үшін ұлы поэзия болып қала береді. Мен оны рухтың жаңа, мәңгі жаңа жаңалықтарының … керемет үдерісі деп қарастырамын», — деп жазды. Бурхардт тарихшылардың арасында алғашқылардың бірі болып зерттелетін дәуірдің тұрмысы мен адамгершілік тұрғысын қайта жаңғырту, олардың көрнекі қайраткерлерінің көзқарасын сипаттау әдісін пайдаланбақ болды.
Оның тұжырымдамасында Қайта құру дәуіріне негізгі орын берілгенін 1860 ж. жазылған «Қайта құру дәуіріндегі Италияның мәдениеті» еңбегі дәлелдейді.
Зерттеу шеңберін кеңейту, фактілік материалдарды жинақтау, бірінші кезекке әлеуметтік, экономикалық және мәдени тарихтың мәселелерін қою – позитивистік тарихнаманың жетістіктері болып табылады. Қарастырылатын кезеңнің тарихи білімі елге жаңа дәуірге ғана бөлінбей, жеке мәселелер бойынша да бөлініп, мамандануы жоғары болды. Салыстырмалы тарихи әдісті жүйелі түрде қолдану, жазба және заттай ескерткіштерді қарқынды түрде талдау айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізуді қамтамасыз ете алды. Зерттеу техникасы нығайды. Қосалқы пәндер — дипломатика, нумизматика, палеография, аралас ғылыми салалар – археология, тарихи география, филология, этнография дамыды.
ХІХ-ХХ ғғ. арасындағы француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм (1858-1917) О.Конттың көптеген пайымдамаларын сынады. Оның ойынша әлеуметтік шындық жеке тұлғалардың әрекетіне ықпал ететін индивидтердің қандай да бір әрекеті. Дюркгейм біржағынан, әлеуметтік факторлар жеке іс-әрекетке сыртқы түрде болса, екінші жағынан, құнды нормативтік факторлар болып табылады. Әлеуметтік статиканы да, қоғам эволюциясын да қарастырады.
Дюркгеймнің әлеуметтік мектебінің өкілі Франсуа Симиан (1873-1936) тарих пен әлеуметтануды қарсы қойды., тарих ғылым емес, ол ешқашан ғылым бола алмайды, өйткені ғылымның тек жалпымен ісі болады, ал тарих жекемен, бір кезде болған дүниемен байланысты деп түсіндірді.
ХІХ ғ. аяғында нақты тарихи зерттеулермен айналысқан тарихшыларды тарихи білімнің теориялық мәселесі онша қызықтырған жоқ, тек тарихи сын әдісі пайда болған елдерде ғана көңіл бөлінді. Дүниежүзілік тарихнамада неміс тарихшылары жетекші орында болды, тарихқа, өткен күндерге пән ретінде қарады. Сондықтан, ХҮІІІ ғ. авторларын «партиялылығы» үшін, яғни, қандай да бір жақтың, топтың идеялық-саяси бағытын ашық түрде қабылдағаны үшін сынады.
Алайда, бұл кезде позитивизмді сынау да көбейді, жаратылыстанудан тарихи танымды бөліп алу нығайып, қорытындылардың объективтілігі шектеулі болса да, оның ғылыми мәртебесін қорғау куерек болды.
Бұл мәселе туралы алауыздықтар ХІХ ғ. 90 жж. немістің көптеген көрнекі тарихшылары қатысқан методологиялық пікір-таласта айқын көрінді. Оны бастаған Карл Лампрехттің қақпайласу мақалаларында кең түрде ашық сыналды. Ол 1897 ж. ғылымның мақсаты жеке бөлімдермен жұмыс істеп, фактілерді тізу емес деді. Біз табиғатты бақылаған сияқты,тарихты бақылау жасап, жалпы ұғым жүйесіне ғылым көптеген фактілерді келтіруі қажетдеп есептеді. Бұл анықтама басқа басқа ғылымдармен бірге тарихта да қолданылды. Лампрехт тарихи үрдістің факторы ретінде кездейсоқтық пен бостандықты мойындағанымен, тарихи зерттеулерде себептерді эмпирикалық түрде белгілеу мүмкн емес деп есептеді. Лампрехт өзін тарихшы-психолог деп есептеді, кез-келген әрекет психологиялық жағдайға байланысты, ал іс жүзінде әңгіме жеке психология емес, әлеуметтік психология туралы болады,өйткені ол әлеуметтік санадағы өзгерістерді түсіндіре алады. Бұл өзерістерді ол қатаң схемаға салды, онда қоғамдық өмірге әсері тұрғысынан жеке адам, ұлттық айырмашылықтар мойындалмады.
Табиғат туралы ғылым және мәдениет туралы ғылымның ерекшелігі мәселесін айта келіп, тарихты пікір таластағының ішіндегі маңыздысы деп санады. Табиғат туралы ғылымдар номотеистік және жинақтайтын заңдар деп белгіленсе, мәдениет туралы ғылымдар идеографиялық (сипаттама) және индивидуалдандыратын (жеке) деп қарастырылды.