Сараптық баға беруде қоғамның белгілі бір сферасы (рухани, саяси, әлеуметтік) не оны құратын элемент (білім беру, медицина, мәдениет) , не компоненті ( жастарды, пенсионерлерді әлеуметтік қорғау, т.б.) қарастырылады. Аталған жағдайлар бойынша қанағатсыз жағдайлар нақтыланып, оған жауап беретін мекемелер жұмысына талдау жасалынып, баға беріледі. Әлеуметтік жобалауда сараптық баға беру алдын ала болжанған мәселелерді шешумен айналысып қана қоймай, парамерті төмен дәрежеде анықталған дүниенің бәрін анықтауды талап етеді. Сараптық бағалауды арнайы ғылыми – аналитикалық орталықтар іске асырады. Қоғамдағы тұрақсыздық сараптық баға беру қызметіне сұранысты күшейтуде.
Эксперттік бағалау әдістемесі мынандай кезеңдерден тұрады: 1) проблема анықтау; 2) эксперттік бағалаудың критерийлерін жасау; 3) экспертиза нәтижелерін жариялайтын формаларды анықтау, олар конференция, дөңгелек стол, публицистика, т.б. болуы мүмкін.
4.Дельфи әдісін (Грекиядағы арал атымен аталған) РЭНД зерттеу орталығының эксперті Олаф Хельмер ( математик) ойлап тапқан. Бұл әдіс жекелеген эксперттердің пікірлерін үйлескен топтық пікірге жинақтауға мүмкіндік береді. Бұл әдісті басқа эксперттік әдістерден төмендегідей үш ерекшелігі ажыратады: 1) эксперттің анонимдігі; 2) сұрау салудың алдыңғы тур нәтижелерін пайдалану мүмкіндігі; 3) топтық жауаптардың статистикалық сипаты, яғни нәтижесінде қарастырылатын проблема бойынша коллективтік пікірді көрсететін эксперттердің пікірлерінің диапазоны қалыптасады .
5. Сценарий әдісі терминін алғаш рет 1960 жылы футуролог Х.Кан әскери саладағы стратегиялық мәселелерді шешу үшін қолданған. Сценарий әдісі шындыққа жақын болжамдарды есепке ала отырып құрылған болашақтың картинасы. Сценарий әдетте алдын-ала болжам мен болжам обьектілерінің дамуы бойынша бастапқы материалдар негізінде жасалады. Бастапқы материалға ғылыми және өндірістік бағалаудың негізгі көрсеткіштерін жатқызамыз. Сценарий – бұл міндетті жүйелі, детальді шешуді көздейтін картина, онда мүмкін болатын кедергілер, маңызды кемшіліктер анықталып, тіпті жүргізіліп отырған жұмысты тоқтату мүмкіндігі не одан әрі жүргізу мәселесі де алдын-ала шешіледі.
6.Миға шабуыл әдісі –коллективтік жұмысқа құрылған, қысқа уақыт ішінде обьектінің дамуының мүмкін варианттарын анықтауға бағытталған, коллективтік идеяға (миға шабуыл) негізделген әдіс. Миға шабуыл әдісіне идеяларды коллективтік генерациялау және проблемаларды творчестволық тұрғыдан шешу тән. Миға шабуыл таңдалған тақырып бойынша кез-келген идеяны генерациялаудың еркін, құрылымдық емес процесі. Қатысушылардың саны 6-12 адам болуы керек, мүмкіндігінше әртүрлі мамандық мен кәсіп иелерінің басын біріктірген жөн.
7. Эдип нәтижелік (ертедегі Эдип патшасы атымен аталған) –бұл ақпараттың өзі қатысты обьектінің жағдайына ықпал ету мүмкіндігі. Ол төмендегідей ережелермен сипатталады: 1) индетерминизм (таңдау мүмкіндігін қолдайды), 2) болашақ реалды өмір сүрмейді (потенциалды болуы мүмкін), 3) болашақ өзгермелі. Бұдан шығаратын қорытынды болмыс өзгере отырып, фундаментальді заңдар мен принциптер негізінде белгілі бір тұрақтылықты сақтауы керек.