П. Тульвистеннің зерттеулері

П. Тульвистеннің зерттеулері сол кезде үнсіз қалды. 20 ғасырда аяқтай отырып, Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи концепциясының метедологиялық негізінде дамыған жаңа зерттеулер пайда болды.

Американдық психометристердің қателігі, олар зерттеу бағдарламасын вербальді тапсырмаларға дейін немесе басқа тесттерді алыстатумен оның мәнін тарылтып жіберді. Ал шындығында, міндет басқаша қойылуы керек, этностың өзіндік ерекшеліктерімен қатар танымдық процестердің бірлігін де ескеру керек. Көптеген зерттеулер барысында танымдық процестер, атап айтқанда, ойлау іс-әрекеті және түсіну этностың практикалық тәжірибесімен, тіршілік әрекетімен, этносаралық байланыстармен,біріккен ойлау іс-әрекетімен тығыз байланысты.

Қазақстандағы психология ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан белгілі ғалым ұстаз М. М. Мұқановтың зерттеулерінің негізі, ақыл-ой мәселелерін тарихи-этностық аспектіде қарастырған деген еңбегінде тайпа адамдарында ақыл-ойы таяз болады деген шетелдік зерттеулердің дұрыс еместігін көрсетіп, барлық халықтардың ақыл-ойы біркелкі, бір-бірінен артықшылығы, кемдігі жоқ екенін ғылыми зерттеулермен дәлелдеді.

Атап айтқанда, адамның ақыл-ойын зерттеу тарихына байланысты антрополог Л. Леви-Брюль (1857-1939) зерттеулерін сынап, соған байланысты шаман діні жайындағы Ш. Уәлихановтың зерттеулерін талдайды. Леви Брюльдің адам ақылын орта билейді, қоғамдық орта қандай болса, интеллектісі де сондай болады деген пікірлерін жақтаған біраз ғалымдар Орта Азияға (Өзбекстан) экспедиция ұйымдастырып, зерттеу жүргізгені белгілі. Сананы  орта билейді деген түсінік интеллектіге байланысты айтылмауы керек. Адам интеллектісі қоршаған ортаға байланысты десек, онда тұрмыстық жағдай қандай болса, интеллект, ой өрісі де солай болады деген пікір туындайды. Негізгі қателік – сана ұғымын интеллект ұғымымен шатыстыру. Осының өзі Леви Брюль теориясының басты кемшілігін көрсетеді. А. Лурия жүргізген зерттеу барысы негізінен дұрыс болғанымен, одан шығатын қорытындыларға толығымен келісуге болмайды. (М. М. Мұқанов).

Ш. Уәлиханов халық ауыз әдебиеті ерекшеліктерін «ұлт» ұғымының бір белгісі деп қарастырды. Ауыз әдебиетінің творчествасының бір түрі – мақалдар ойлау актісінде интеллект іс-әрекетінің логикалық компонент функциясын орындайды, тыңдаушы мақалды қабылдаса, онда ол талдау мен бағалаудың пәні болады. Қазақтардың қарым-қатынасында мақалдарды кең қолдану жағдайы метофорлық ойлау деп айтуға болады (М. М. Мұқанов). Мұнда мақалдардың тек логикалық компонент функцисян ғана емес, мақалдан туындайтын ойдың нақтылығын, бейнелілігін де айту керек. Мақалдар ойлау әрекетінің өтуіне әсер ете отырып, таңдау мен шешім қабылдау жайлы белгілі бір білімдерді ұйғарады. Қазақ мақалдары, сондай-ақ басқа мәдениеттерде де орнықты сипатқа ие және стереотипті шығарылады. Адам оны меңгереді, бірақ өзгерте алмайды, себебі оларды қолдануға дағдылынып кеткен.

М. Ғабдулиннің пікірінше, мақалдар қанатты сөздер ретінде ақындардың ауызша сөз сайыстарында қолданылған, яғни нақты авторлары болған, алайда ол авторлар соның салдарынан ұмытылып, халық мақалдарды тәуелсіз пікір, ойын жеткізу құралына айналып кеткен. Бізге ең маңыздысы мақалдар, адам басқаға әсер етеді, олардың біріккен іс-әрекеттерінің координациясы үшін туындайды. Мақалдар орындау функциясы бойынша логикалық ойлаумен байланысты болса, айтыс өнері ойлаудың заңдылықтарын психологиялық тұрғыдан түсінуге мүмкіндік береді.

Интеллект мәселесінің этнопсихологиялық аспектісін талдауда рефлексия мен этностық стереотиптерді қарастырмау мүмкін емес. Рефлексия ұғымының анықтамасын қарасақ, ол териялық іс-әрекеттің формасы дейді А. Б. Огурцов. Ендеше ол тек теориялық әректте ғана көрінеді, ал дәстүрлі мәдениетте кездеспейді деген ұғымға әкеледі. Ол теориялық іс-әрекет терминін түсінуге байланысты.

Адамдар не теориялық, не практикалық қана ойлайтын адамдар деп бөлінбейді ғой. Мұнда С. Л. Рубинштейннің пікіріне негізделеміз, яғни теориялық іс-әрекет практикалық іс-әрекеттен өндіріледі. Адамның өмір сүруінің екі тәсілі бар, бірі – тікелей байланыстардан шықпау (әкесі, шешесі т.б), екіншісі рефлексияның туындауымен байланысты, бұрынғы процесті тоқтатып, үзіп, ойша оның шегінен шығу. Рефлексияны былайша түсіндіру реалды өмірден алынады (жеке адамның өнегелі қалыптасуы). Және ол рефлексияның сипатын архаистік (көне) ақыл контексінде қарастыруға итермелейді. «Тікелейліктің шегінен шығу мәселесін ғылыми ұғымдарға өту деп тар мағынада түсінбей, кең мағынада өмірді өзгерту нәтижесі деп түсіну керек. Міне, осы жағдай архаистік (көне) мәдениет өкілдерінде рефлексияны эксперименттік зерттеуге әкелді».

Ұлттық стереотиптерді зерттеудің ұзақ тарихы бар, ең алғашқы жұмыстардың бірі, американдық тарихшы және социолог В. Дю Буанын жұмыстары (1899). Батыста этностық стереотиптер көп зерттелді. Әлеуметтік стереотиптер ұлттық стереотиптер негізінде зерттелді. Ең негізгісі – «стереотип» пен «нанымдар» түсініктерінің ара қатынасы. Этностық нанымдарды психологиялық сөйлеу 20 ғасырдағы «фрустрация-агрессия» (Д. Доллард), авториторлы тұлға (Т. Адорно) теориясымен байланысты. Бұл зерттеулерде социомәдени факторлар ескерілмеді, этностық нанымдар облысындағы когнитивті бағыт оларды қатты сынады. Шетелде «стереотип» пен «нанымдар» түсінігін ұқсастырады, синонимдер ретінде интерпритациялайды.

Ұлттық стереотиптер ұлттық салт-дәстүрлерде жасалады. Әлеуметтік тәжірибелерді беру формасын этностық стереотип дейміз. Стереотиптерде адамның этнос жайлы теориялық және практикалық білімдері болады. Этнос стереотиптерді ұлттық дәстүрлермен, мифтермен, ритуалдармен, салттармен жиі ұқсастырса да, олардың психологиялық негіздерінде айырмашылық болады. Этностық сана бөтен этностық топты тек тіркеп ғана қоймайды, оларға эмоциялық-аффективті қатынасты көздейді. Өзінің этностық тобын қалау мәселесінде этноцентризм мәнді рөль атқарады. Бұл терминді алғаш У. Самнер кіргізген (1906). Оның пікірінше, этноцентризм интоптардың позитивті этномәдени сипаттамаларының гипертрофиясымен байланысты.

Г. У. Кцоева этностық санаөсезімдерді әлеуметтік топтардың этномәдени болмысқа белгілі бір қатынасы, әлемді қабылдаудың ерекше тәсілі ретінде қарастырады. Этномәдени бағыттағы зерттеулер позитивті этностық және мәдени идентификацияның қалыптасуының психологиялық механизмдерін анықтайды. Этномәдениетті түсінуге деген алғашқы ықпал социосфера парадигмасында этностық процестерді зерттеумен байланысты. Ол парадигма этностық әлеуметтік құбылыс қоғамның даму заңдарына бағынады деген алғышартты негіздейді.

3. Этносаралық конфликттердің психологиясы

Ресей-Америка социологы П.Сорокинаның санауы бойынша 24ғ. ішінде бір жылы кикілжің, соғыс революция болып келеді. ХХғ. Кикілжіңі 300 млн. адамның қаза болуына себепкер болды.

Қазіргі таңда этностық кикілжіңдердің проблемасымен айналысатын 11 ғылым бар. Сол ғылымдардың ішінде лидерлері, психология, әлеуметтану, саясаттану ғылымдары болып табылады.

А.Я.Анцупов этностық кикілжіңді әлеуметтік топ арасындағы әртүрлі этностық кикілжің деп суреттеген. Ал Стефаненко бойынша этностық кикілжің топ арасындағы кез-келген бәсекелестік болып табылады.

Этностық кикілжіңдерді зерттеу нәтижесінде олардың бірнеше аспектілері анықталды.

  1. Этнопсихологиялық аспект. Кикілжің жағдайда ұлттық қызығушылықтарды қорғау нәтижесінде көрінеді.
  2. Әлеуметтік-мәдениетті аспектісі. Бұл аспект әлеуметтік-мәдениетті бірегейлік ретінде этностық дезинтеграциясына қауіп төнген жағдайда көрінеді.
  3. Әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті немесе шағын топтың экономикалық қызығушылығы.
  4. Саясатты аспект. Шағын дәрежеде автономияда үлкен саясатты билікке қол жеткізетін жаңа саясатты лидерлердің пайда болуы мен сипатталады.

Осыған байланысты этностық кикілжің дереу аяқ астынан пайда болмайды, олардың ұзақ уақыт бойы туындайтынын айтуға болады. Осыған мысал ретінде 1986 ж. «Желтоқсан оқиғасын» алуға болады. Жастарды қарсы шығуға интермелеген әлеуметті-экономикалық себеп – бұл ауылдан шыққан жастар өздерінің әлеуметті-экономикалық құқықтарының жойылғандығын сезінді. Бұл ережеге сай студенттер және жас жұмыскерлер 10-15 жас завод, фабрикаларда істеген болатын.

Осылайша этностық кикілжіңдердің негізгі себептері болған жағдайда қанағатсыздану, билік басындағыларға деген сенімнің жоғалуы т.б.

Кикілжіңнің себептерін анықтайтын психологиялық концепциялар.

  1. Топ арасындағы кикілжің адамның мінез-құлқының әсіресе агрессивті болып келетін мінез-құлық болып табылады. В.Макдугалл агрессивтілік бұл қоздырудың әсерінен туындамайды, бұл адам ағзасында болатын күш деп айтқан. З.Фрейд және К.Лоренц адамдардың агрессивті мінез-құлқының себебі биологиялық әсерден туындайды деп айтқан.
  2. Фрустрация-агрессия. Н.Миллер, Д.Доллард, Л.Берковица пікірлері бойынша агрессивті мінез-құлық адам немесе топ фрустрацияға ұшыраған кезде туындайды.
  3. Авторитарлы тұлға Т.Адорна пікірінше басқа топтарға деген қарым-қатынас отбасында қалыптасқан эмоционалды қарым-қатынаспен анықталады. Егер бала тәртібі қатал отбасында тәрбиеленген болса, онда ол агрессияның бір бөлігін адам өзін теңестірмейтіндерге шығарады.
  4. Реалды кикілжің теориясы. М.Шериф пікірі бойынша топ арасындағы кикілжіңдер, топ арасындағы қызығушылықтардың сай келмеуінен нәтижесі б.т.
  5. Әлеуметтік бірегейлік теориясы А.Тешфел топ арасындағы дұшпандықтың пайда болу үшін бір-біріне сай келмейтін қызығушылықтар мен мақсаттар болу міндет емес, кейде ол үшін өзінің топқа деген қажетінің бар болуын сезінуде жеткілікті.

Кикілжіңді шешетін 5 әдіс.

  1. геттоизация бұл адам өзгелердің мәдениетінен қашып өз мәдениетін құру кезінде жүзеге асады.
  2. ассимиляция индивид өз мәдениетінен мүлдем бас тартып өзге біреудің мәдениетін меңгеру.
  3. аралық-мәдени айырбас және бірігіп әрекет етуден тұрады.
  4. бөлшекті  ассимиляция – индивид басқа мәдениет пайдасы үшін өз мәдениетін қияды.

Осылайша этникалық кикілжіңдерді болдырмау үшін, халық проблемаларын шешу үшін мемлекет тарапынан арнайы жоспарлар құрылуы тиіс.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *