Психология

Егер АҚШ-та биік үйлер шыныдан тұрғызылған, бұл барлығымыз бір істі атқарып, бірге жұмыс жүргізіп жатырмыз дегенді білдірсе, бұл немістер үшін тек түсінбестікті туғызады. Американдықтарда бір ғимаратта бірге отырған адаммен сөйлесуден бас тарту оған деген кері қ-қ білдірсе, ағылшындар үшін бұл қалыпты жағдай.

Психологияда адамдар арасындағы тактильдік қарым-қатынасты зерттеу қолға алынған (тактильді – дене арқылы түйсіну, сезіну). Бұл жағдайда әріптестік тактильді қатынасы эмоционалды жақындықты білдіреді. Тактильді қатынасқа жынысы, жасы, әлеуметтік жағдайы, қарым-қатынас кезінде ара қашықтық әсер етеді. Тактильді қатынас әр этникалық топта өзінің әртүрлі мағынасына ие. Тактильді қатынас арабтар, латынамерикандықтар, Оңтүстік Еуропа елдерінің арасында көптеп кездеседі. Латынамерикандықтардың түсінігінше әріптеске тактильді қатынас жасамау өзін салқын ұстаудың белгісі. Итальяндықтардың ойынша тактильді қатынасқа түспеу жаратпағанның белгісі. Жапондықтардың ойынша әңгімелесушіге дене арқылы түйісу бұл агрессияға ұшыраған немесе өзін-өзі басқара алмайтын адамның іс-әрекеті. Егер сіз жапондықтармен әңгімелескенде арқасынан қақсаңыз, сіз оларды ренжітіп алуыңыз мүмкін.

Қазақ халқында әйелдерге қарағанда, ерлер тактильді қатынасқа бейім. Мұсылман халықтарына тән бір-бірін құшып амандасу салты қазақ ерлерінің арасында да сақталған. Зерттеулер барысында амандасудың мұндай түрі Қазақстанда тұратын басқа ұлттарға да әсерін тигізген. Бұл жест бір-біріне деген сенім мен түсінушілікті білдіреді.

Ольфакторлық байланысқа иіскеу, яғни вербальды емес қатынас жатады. А.Алмани мен А.Алвананың зерттеуінше Таяу Шығыс елдерінде құда түсуге келген адамдар қалыңдықты иіскеуге рұқсат алады.

Ал қазақ халқында иіскеу кейде сүюдің орнына қолданылатын қатынас құралы. Олар кішкентай баланы, сүйікті әйелін, аға-інісін, сіңлі-қарындастарын иіскейді. Бұл махаббаттың белгісі.

Вербальды емес қатынас түрлері түрлі этносаралық халықтар арасында әлі де толық зерттелмеген. Қазақ халқында ертеден қонақ сыйлау, әдет-ғұрып сақталған. Әр қонақтан олар жақсы жаңалықтар күткен. Қазақ халқының тіл үйренуге деген талабы жоғары болған. Қазақстан мен Ресей елдері біріккенде орыс тілі негізгі қатынас құралына айналып, еуропа мәдениетін тануға септігін тигізген. Ы.Алтынсариннің бастауымен қазақ даласында орыс-қазақ мектептері ашылған. Алғашқы интеллигенцияның пайда болуынан бастап, қазақ халқы өз тілін ұмытып, орыс тілінде сөйлеу басталған. Бұл қазақ мектептерінің жабылуына әкеп соқтырған. Тәуелсіздік алғаннан бері бұл мәселеде шешіле бастады.

Қазіргі таңда көп ұлтты Қазақстанның халқы өзін қандай ортада болсын еркін сезіне алады. Ауған соғысының жауынгерлерінің айтуы бойынша, бұрынғы Кеңес Одағының басқа ұлттарына қарағанда Қазақстан халқы жергілікті ауған халқымен тіл табыса білген. Мұның себебін жауынгерлер өз Отанындағы көп ұлтпен араласудың нәтижесі деп түсіндіреді. Өз еліндегі көп ұлтты халықтың арасында өскен аламдар өздерін басқа елде, басқа ұлттардың арасында өздерін еркін сезінеді. Бұл Қазақстанға тән жағдай.

Ю.С.Крижанскийдің сөзімен айтқанда: «Қарым-қатынас бұл әдемілік емес, бұл басты құрал. Бұл қандай да бір іс жасамасақта алғашқы және басты нәрсе, бұл бір-бірімізді түсіну, бұл ең керекті және маңызды элемент».

Қазіргі заманғы этносаралық қатынастардың психологиясы

Ұлттық таптаурындарды зерттеудің ұзақ тарихы бар, ең алғашқы жұмыстардың бірі, американдық тарихшы және социолог В.Дю Буаның жұмыстары (1899). Батыста этностық таптаурындар көп зерттелді Әлеуметтік таптаурындар ұлттық таптаурындар негізінде зерттелді. Ең негізгісі – «стереотип» пен «нанымдар» түсініктерінің арақатынасы. Этностық нанымдарды психологиялық түсіндіру 20-ғ «фрустарция – агрессия» (Д.Доллард), авторитарлы тұлға (Т.Адорно) теориясымен байланысты. Ұлттық таптаурындар ұлттық салт-дәстүрлерде жасалады. Әлеуметтік тәжірибелерді беру формасын этностық таптаурын дейміз. Таптаурындарда адамның этнос жайлы теориялық және практикалық білімдері болады. Этнотаптаурындарды ұлттық дәстүрлермен, мифтермен, ритуалдармен, салттармен жиі ұқсастырса да, олардың психологиялық негіздерінде айырмашылық болады. Этностық сана басқа этностық топты тек тіркеп қана қоймайды, оларға эмоциялық – аффективті қатынасты көздейді. Өзінің этностық тобын қалау мәселесінде этноцентризм мәнді рөл атқарады. Бұр терминді алғаш У.Самнер кіргізген (1906). Оның пікірінше, этноцентризм интоптардың позитивті этномәдени сипаттамаларының гипертрофиясымен байланысты.

Психологиялық тұрғыдан этноцентризм топтық сана, этностық топтың тікелей тәжірибесі негізінде қалыптасады және қоғамдық болмысты бейнелейді. Интопқа (автостереотип) және ауттопқа (гетеростереотип) деген қатынасты абстракциялы түрде бөлек қараймыз, ал шынайы жағдайда олар бір-бірінен бөлінбейтін тұтастық құрайды. Ұлттық ерекшеліктерге этностық сипат, этностық сана-сезімдер, әдеттер, салт-дәстүрлер, мәдениет және этностық стереотиптер жатады.

Стереотипті сипаттамалар адамның ойлауындағы тенденцияларды көрсетеді. Адам алдымен анықтайды, содан соң көреді немесе керісінше.

Этностық таптаурындар — әлеуметтік таптаурынның бір түрі, бағыты – поляризациялы, этносаралық өзара әрекетпен детерминацияланады, болмыспен байланысты, орнықты, алайда әлеуметтік және психологиялық факторлардың әсерінен өзгереді. Этностық таптаурындар этномәдени әлеуметтену процесінің нәтижесі. Этностық әлеуметтенуде индивидте этностық топқа тән мінез-құлық, аттитюдтар, қабылдау, құндылықтар қалыптасады, ол өзіне және басқаларға сол топтың мүшесі ретінде қарайды.

Алайда, этнотаптаурындарға жеке бір индивидтердің өзгерген пікірлері жайлы зерттеулер өте жеткіліксіз. Этностық таптаурындардың қалыптасуына әр түрлі этностықтан тыс факторлар, ең алдымен этностың әлеуметтік құрылымы әсер етеді. Этностық таптаурындар ұрпақтан-ұрпаққа ауысуда тұрақты болғанымен, әр түрлі ситуациялардың әсерінен өзгере береді. Этностық таптаурындардың жұмыс жасау механизмдерін білу этносаралық қатынастардағы мәселелерді реттеуде өзіндік рөл атқарады. Онтенезде этностық сана-сезімдерді және оның компоненті – этностық таптаурындарды қалыптастыру әлеуметтенумен, аккультурациямен байланысты.

Этностық стереотиптің когнитивті (мазмұны) және аффективті (нанымдар) деп аталатын екі жағы бар. Ішкі бағдарлану стереотиптің когнитивті элементіне мазмұн береді, бағыттылық оның интенсивтілігін анықтайды. Адамда алдымен ішкі бағдарлану қалыптасады, содан кейін ол ішкі бағдарлануға сәйкес мазмұнда стереотиптің толықтырылатыны жайлы пікірлер эксперименттік зерттеулерде дәлелденді.

Этностық сана – сезімдердегі этномәдени феномендердің репрезентациясы, әлеуметтік – психологиялық құрылуларда ішкі орнықтылықты қамтамасыз ете отырып, этностық бірліктің, әлеуметтік мінез-құлықтың реттеуші негізгі механизмдеріне айналады. Этносаралық өзара әрекетте этностық таптаурынның когнитивті мазмұны дамиды, эмоциялық компоненті өзгереді, этностық топ позитивті өркендейді. Этностық түсініктер адамды этностық топтың мұшесі деп қана қабылдамайды, әрі этностың қоғамдық санасында қалыптасқан тұрмысын, мәдениетін, салт-дәстүрлерін де қабылдайды. Этностық тұсініктердің негізінде, этносаралық қатынастардың тарихи практикасында қалыптасқан орнықтылық, этнос топ мүшелерінің қабылдауы мен мінез-құлқын реттейтін этностық таптаурындар қалыптасады.

Этностық стереотип қандай-да бір адамның тұлға туралы көзқарасының қалыптасу кезінде туады. Кез келген адамның қатынас тәжірибесі этносымен, қоғамдағы қай топқа жататындығымен, жынысымен, жас ерекшелігімен, кәсібімен түсіндіріледі.

Жалпы зерттеулерге сүйене отырып, мынандай түйін жасаған жөн: этникалық стереотиптер әлеуметтік стереотиптердің ең жиі кездесетін түріне жатады, олар әлдебір этникалық топтар бейнесінің қалыптасу үрдісіне де ықпал етеді. Сондай-ақ, этностереотиптер кез келген адамның әлденені ұғынуына да керемет ықпалы болады. Өзге қоғамның бейнесін анықтайтын детерминант: объектілердің ұлттық ерекшеліктерінен бастап, топаралық өзара әрекетке дейін, бүгінгі күннің себебінен бастап, мәдени-тарихи тәртіптің латенттік факторларына дейін, жеке тәжірибеден бастап, көпшілік сананың көзқарасына дейін болады.

Этностық сәйкестілік және оның транформациялық мәселесі

Қазіргі ұлттық көңі-күйде өз «тамырларына» қызығумен байланысты психологиялық өзгерістер жүруде. Этнос ұғымы мәдениетпен байланысты зерттеледі, этнопсихология термині әлемдік ғылымда әлі қабылданған жоқ, «халықтар психологиясы», «психологиялық антропология», «салыстырмалы-мәдени (кросс) психология» деп айтылады.

Қазіргі этностың дәстүрлі мәдениетін зерттеу – маңызды сұрақтардың бірі. Басқа елден алғашқы келген зерттеушілер экзотикалық мәдениет деп суреттеме қалдырған. Еуропалық білім алған алғашқы қазақтардың жұмыстарында өзінің туған мәдениетіне деген «іштей көзқарас» тұрғысындағы мәнді мәліметтерді көреміз (Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, Х.Қостанаев, И.Ибраимова және т.б). қазақтардың дәстүрлі өмірі, тұрмысы, мәдениеті жайлы құнды пікірлерді неміс этнографы Рихард Карутц, француз этнографы Жозеф Кастанье жұмыстарынан табамыз, олар қазақтардың мәдениетіне, әсіресе шамандыққа қатты назар аударған. Көшпенді өмірлік салт тән қазақ этносы күрделі дамыған ішкі этностық құрылымға ие.Әр халықтың өзіне тән этномәдени ерекшеліктері, мазмұнды халық творчествасы, дәстүрлерді сақтау тенденциясы болады.

Психологиялық антропология, психология, этнография және лингвистика ғылымдарының аясында қалыптасты. «Этнопсихология» термині антропологиялық психологиямен тең мағынада қолданады, ол М.Мидтің «антропология және этностық» деген бағдарламасында көрініс тапты. Алайда тіл мен этностық сәйкестік әлеуметтік-психологиялық аспектілері, өзара байланысы зерттелмеген. Тіл мен этностық ішкі құрлымдық және функциялық аспектіде бөлек зерттелінді. Тіл мен этностық сәйкестіктің байланысы мойындалмады.

Шетелдік әдебиеттерде «этностық сәйкестік» ұғымы индивидуалды және топтық құбылыстармен ара қатысты қолданылады. Ағылшын тілді әдебиеттерде «этностық сәйкестік» топтық сананы (нәсілдік, діни, ұлттық) белгілейтін «этностық сана-сезімдер» түсінігін ығыстырады.

Қазіргі жұмыстарда «этностық сана-сезімдер» ұғымы этностық топпен сәйкестік және топтың басқа этностық бірлестіктермен өзара әрекеті деп түсіндіріледі. Этноқұрушы факторлардың біртіндеп, күрделі өтіп жатқын трансформациясына қарамастан, дәстүрлі мәдениет ұлттық салт-дәстүрлерде, мейрамдарда жүзеге асып, сақталып келе жатыр.

Этностық сәйкетік статисттикалық құрылу емес, ол әр түрлі факторлардың әсерінен трансформацияланады. Этностық стереотиптердің ерекшеліктері этностық сәйкестіктің ерекшелігімен, оның қалыптасу дәрежесінің өзгерістерімен шарттанады. Тұлғаның ішкі құрлымын құрайтын компаненттердің бірі – этностық сана-сезімдер. Этностық сана-сезімдер өзінің психологиялық құрлымына ие, психологияның, этнопсихологияның, этнологияның, философияның, социологияның зерттеу пәні (А.Х. Гаджиев, А.Ф. Дашдамиров, Г.В. Старовойтова және басқалар). Н.М.Лебедева бұрынғы кеңестік кеңістіктегі әлеуметтік және этностық сәйкестіктің трансформацияларын этнопсихологиялық қарастырған зерттеу нәтижелерін талдады.

Индивидуалды деңгейде құндылықтар мотивтердің негізі ретінде қарастырылады. Мәдени деңгейде құндылықтар қоғамда кездесетін негізгі мәселелерді белгілейді. Кеңестік этнопсихологияда орыс зерттеушілері құндылыққа бағдарланулар жайлы зерттеулер өткізді (К.Касьянкова, 1994; Л.Почебут, 1997; В.Знаков, 1997; Н.Лебедева және Е.Павленко, 1998 және басқалар). Бұл зерттеулерді талдау, жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайлар индивидтің құндылықтарға бағдарлануының өзгеруіне әкеледі. Алайда ұрпақтан-ұрпаққа келе жатқан мотивтер мен детерминациясының бұрынғы әлеуметтік механизмдері мен тұлғаның сапалары қоғамның ең терең түпкі құрлымдарында сақталады.

Индивидте құндылықтарға бағдарлану халықтың рухани құндылықтарының бірі – халық эпостары арқылы жүзеге асады. Көптеген зерттеулерді талдау барысында (В.Вундт, Г.Вернер, Л.С.Выгодский, К.Юнг) халықтың эпостар арқылы тұлғаны творчествалық дамытудың психологиялық терең мазмұнын көруге болады. Халық эпостарын, ұлттық салт-дәстүрлерді интериоризациялау индивидтің мінез-құлқын реттейді, соның негізінде әлемге, басқа адамдарға, өзіне, халық творчествасына деген қатынасы өзгерелі.

Интелектінің, стереотиптердің және рфлексияның этнопсихологиялық ерекшеліктеріне тоқталсақ, этнопсихологиядағы ойлау жайлы жұмыстар М.Мидтің Жаңа Гвинеядағы Папуадағы манус тайпаларының балаларының ойлауын зерттеген класикалық жұмыстарынан басталады. Ең маңыздысы, манус пен ағылшын тілінің арасындағы айырмашылықты зерттеуде М.Мид, Э.Сэпир, Б.Уорфтың лингвистикалық салыстырмалық болжамына сүйенді.

Американдық антрополог және этнолингвист Б.Уорвтың адам объективті болмысты тілдік категориялардың субъективті призмасы арқылы қабылдайды деген пікірі қатты сынға ұшырығаны белгілі. (М.Мұқановтың «Б.Уофтың лингвистикалық салыстырмалық гипотезасы және этнопсихология» деген еңбегінде де айтылған). М.Мұқанов Бенжамен Ли Уорфтың лингвистикалық салыстырмалық гипотезасын талдай отырып, этнопсихологияның пәні тек ұлттық сипат қана емес деді.

Ш.Уәлиханов көрсеткендей, бір ғана ой әр түрлі тілде түрлі лексикалық және грамматикалық құралдармен айтылады Б.Уофтың гипотезасы бойынша, тіл ойлауды, қабылдауды, көзқарастарды анықтайды, тіл – ұлтқа, ал ойлау жалпы адамзатқа тән. Тілдің ойлауға қатынасын анықтауда ойлаудың функционалды және символикалық жоспарын анықтау керек. Психологиялық мәліметтерге сүйенсек, ойлау процесс ретінде белгілі бір өлшемде тілмен байланысты емес. Психологиялық зерттеулер интеллект пен тіл семантикасын дифференциялауға көмектеседі.

Творчествалық іс-әрекеттің интеллект компаненті жайлы өте ертеде де айтылған. Этнопсихология перцептивті процестермен қатар интеллект сапаларын өлшеу мәселесін де қарастырады. А. Бине және Т. Симон баланың мектепке дайындығын өлшеу үшін интеллект тестісін жасады. АҚШ-та әр түрлі мәдениетке жататын адамдарды тесттен өткізу тек ғылыми ғана емес, саяси сипатқа да ие болды. 1913 жылы АҚШ-қа келген венгрлерді, итальяндықтарды, еврейлерді тесттен өткізіп, олардың ақыл-ойы артта қалған деді. Олар үшін тілі, мәдениеті өзгеше болды. Қазір IQ интеллект коэффициентіндегі мәдениетаралық айырмашылықты этнопсихология былай түсіндіреді: біріншіден, әр түрлі мәдениетте интеллект және интеллекті адам деген түсінік әрқалай.

Жарты ғасырдан астам уақыт бойы интеллект диагностикасы тек индивидтер ғана емес, бүкіл нәсілдердің интеллектік айырмашылықтарын зерттеді. Алайда бұл үлкен қателік, яғни интеллектілік айырмашылықтарды ақыл-ой дамуының деңгейіне көтеру интеллект туа берілетін жалпы қабілет деп қарастырумен байланысты болды. Сонымен А. Р. Лурияның «артта қалған халықтар» деген пікірі «дамушы» халықтардың психология мәселесі дегенмен ауыстырылды. Шынында да, А. Р. Лурияның 1931-1932 жылдары Өзбекстанның алыс аудандарында жүргізген эксперименттік зерттеулерінен кейін көптеген жылдар өтсе де, кеңестік психология сол кездердің лабораториялық зерттеулеріне қайта оралды, жарты ғасырдан кейін Эстонияда А. Р. Лурияның шәкірті П. Тульвистенің «Вербальді ойлаудың мәдени-тарихи дамуы» деген монографиясы (Таллин, 1988) шықты. Бұл зерттеу әр түрлі этностық тпотардың психологиясы бірдей деген мифке қауіп төндірді. Бұл еңбек «этностық психологиясыз» деген идеологияға соққы болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *