Психологиялық іріктеу әдісі

Әлеуметтік жұмыстыңқажетті әдістерінің бірі – психологиялық іріктеу әдісі. Бұл әдіс жастардың әлеуметтік-кәсіби өзін-өзі белгілеу, кадрларды қайта оқыту салаларын аныңтау және топтарды құрастыру үшін қолданылады.

Психологиялық адаптация (бейімдеу) әдісі де өз жемістерін беруде. Бұл әдіс реципиентерді өздерінің әлеуметтік жағдайын жете түсінуге, өзін-өзі бағалауын дамытуға, өмірдегі өзгеріп жатқан жағдайларға икемдеу болуға жеткізген халде әлеуметтік қызметке енгізеді.

Әлеуметтік-психологиялық тренинг және аутотренинг әлеуметтік жұмыстыңтиптік әдістеріне айналған. Бұл әдістер тұлғаның әлеуметтік қасиеттерін, қызмет қатынастары мен тәсілдерін шұғыл түрде қалыптастыруымен ерекшеленеді. Қалыптасқан жүйеліктерді оқу, еқбек және басқа қызметтің реал жағдайларына көшіру арқылы тиімділік қамтамасыз етіледі. Мінезді, өзін-өзі бағалауды, ара-қатынасты коррекциялау (реттеу) әдістері аның көріністегі психологиялық сипатқа ие.

Реципиент өзінің тұлғалық құрылымындағы кемшіліктерді түсіне біліп, мінез-құлықтардың жақа үлгілерін жасап шығарып, оларды түгендеп, өмірдегі жақа жағдайларға көшіруге жаттығады.

Психотерапия әдістері болса негізінен жеке тұлғаға тереқдей қаратылған сипатта болады. Олар тұтас тұлғалық құрылымдағы психологиялық қайта құруларға бағытталған. Осы принциптен қарастыратын болсақ, әлеуметтік-жұмыста қолданылатын ойын, тренинг және т.б. формалардағы психологиялық әдістер өздерінің жүйелілігі және әсер етуші күшімен ерекшеленеді.

Әлеуметтік қызметкер көптеген функцияларды орындай отырып, міндетті түрде психологияның жәрдеміне сүйенеді.

Ол кез-келген іс-шараларды өткізген кезде, алдымен жетекші ретінде танылуы керек. Сонымен бірге, ол өзі де контингенттің өзімен-өзі жұмыс істеуіне, өзін-өзі басқаруына арқа сүйейді. Бұл жерде әлеуметтік қызметкер жақа типтегі жетекші ретінде шыға білуі керек. Басқарудық бұл тәсілі  клиенттердің өзіне-өзі жәрдем беруінің дамуына барынша тиімді жағдай жасайды. Әлеуметтік қызметкер жиі жағдайларда әлеуметтік психолог ретінде шығады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *