Мәтін риторикасы

Мәтін риторикасы

 

Құқықтық нормаларды жасау, негіздеу және қолдану барысында, заңгер ауызша және жазбаша мәтіндермен жұмыс істейді.

Алдыңғы параграфтарда атап өтілген тіл аспектілері (сөйлеу мәдениеті, сөздің мағыналық типтері, сот дауының логикалық формулалары) мәтінге қойылатын талаптарға да қатысты болып келеді.

Ауызша тілдің жазбаша тілге қалай өзгертілетініне мысал келтірейік:

Куәден жауап алу.

Ч. – Сонымен, 9 қабатты жатақханаға жеделхат апаруға кеттім. Бұл шамамен жұмыс күні сағат 9 кезі еді. Мұнда орман. Ана жерде Беляевскіге жол бар. Мен сол жолмен жатақханаға бара жатып, айқай естідім. Құтқарыңдар дейді. Мен жылдам жүріп отырып, вахтершіге милицияға қоңырау шал дедім татар әйелге.

Тергеуші нақтылай түседі:

  • Сіз жатақханаға көтерілген кезіңізде, айқай естідіңіз ғой?
  • Иә, баспалдақпен көтерілген кезде. Қорқып кеттім. Ол қатты айқайлап жатты.
  • Сіз кім деп ойладыңыз?
  • Білмедім, қыз болар. Соңынан ол әйелді таныдым.
  • Не деп айқайлады?
  • «Құтқарыңдар» деді.

Тергеуші оның сөздерінен хаттаманың мәтінін құрады.

Жұма күні, 13 наурыз 1987 жылы 21 сағат шамасында Окраинная көшесінің маңында жатақханаға бара жаттым. Жатақханаға Беляевский ауылына баратын жолмен жүрдім. Жатақханаға жеткен кезде, бұрынғы балабақша жақтан қатты айқайды естідім. Айқайлаған қыздың даусына ұқсады. «Құтқарыңдар» деп қатты дауыстады. Жатақханаға кіріп, вахтерге милиция шақыруын өтіндім.

Кез келген мәтін бірізді және дәлелді ойлар негізінде құрылады. Мәтін сөздері бір-бірімен байланысуы керек.

Мәтіннің бірізділігі мазмұн элементтерінің ретімен орналасуын көрсетеді. Мәтіннің абстракталы композициялық схемасы келесі түрге ие:

Тақырып

       |

Кіші тақырып 1

       |

Кіші тақырып 2

       |

Кіші тақырып 3

Мәтіннің негізгі бөлімі оның мазмұнын ашады. Бұл бөлім өте маңызды әрі көлемді болып келеді. Тақырыпқа орай жіктеме, типология, мүшелеу, кезеңдерге бөліну үрдістері жүреді. Негізгі бөлім талқыланушы мәселенің гипотезасынан құралады.

Мәтін сызықтық-фактологиялық тізбекте құрылады: Мұнда әрбір үзінді алдыңғысымен логикалық-мағыналық байланысты болады.

Мәтіннің қорытындысында қысқа әрі нақты пішінде негізгі бөлімде негізделген нәтижелер баяндалады.

Көпшілік заң мәтіндері МЖМС талаптарына бағынады. Әсіресе, бұл қызметтік құжаттарға тиісті болып келеді. Кейде қызметтік құжаттың стандарт пішіні болады.

Рубрикация – мәтіннің композициялық құрылымының сыртқы көрінісін білдіреді. Ең қарапайым рубрика – абзац. Ол бір ойдан келесі ойға өтуді көрсетеді.

Абзацтың өзі кейде сан мен әріппен нөмірленуі мүмкін. Нөмірлеу аталған әрбір элементті жеке-жеке қарастыру қажет екендігін білдіреді.

Рубрикацияның маңызды бір құралы – тақырыпшалар. Олар мәтіннің құрылымдық бөлімі ретінде көрінеді. Тақырыпша мәтін немесе құжаттың тақырыбына сай келуі керек.

 

10 тақырыпЗаңгер тілінің лингвогерменевтикалық аспектілері.

           

10.1. Заңгер тілінің лингвогерменевтикалық аспектілері. Жалпы мәселесі

 

Бастапқыда герменевтика өнерді талқылауды білдіретін, оған көп мағыналы сөздерді түсіндіру және мәтіндерді нақтылау тәсілдері енеді. Нermeneutike термині (грекше «өнерді түсіндіру») «қарапайым адамдарға құдайдың әмірін жеткізуші» берместің атымен байланысты. Орта ғасырларда герменевтика өнерді түсіндіруші ретте теологиямен, «шіркеу әкейлерінің» шығармаларын түсіндірумен байланысты болды.

Түсіну, түсіндіру мәселесі қарым-қатынастағы түрлі жағдайларға қатысты болып келеді. Өйткені түсіну процесінің өзі адам тұрмысының іргелі мәселесі болып табылады. Сондықтан библиялық, филологиялық, заң герменевтикасымен қатар XIX ғ. Ортасында философиялық герменевтика пайда болады. Оның негізін қалаушы Ф.  Шлейермахер герменевтиканы рух туралы барлық ғылымдардың әдісі – гуманитарлық ғылымдардың әдістанымы деп саналады. Неміс философының пікірінше «түсіне білу өнері» киелі жазу үшін де, көркем мәтіндер үшін де, заң құжаттары үшін де бірдей болуы керек. Ф. Шлейермахер атап өткендей: «Герменевтикада берілгеннің барлығы да – бұл тіл, барлығы осы тілден табылуы қажет».

Кейіннен В. Дильтей герменевтиканы «өмірдің жазбаша түрдегі көріністерін түсіну өнері туралы ілім» деп атады.

Өткен ғасырда Савиньи «Рим құқығының жинағы» трактатында герменевтиканы кез келген мәтінді түсіндіру деп анықтады. Ол түсіндірудің жан-жақты типтерін түсіндіреді: сөз мағынасы бойынша (грамматикалық тұрғыдан түсіндіру).

 

10.2. Сөздердің мағыналық типтері

 

Сонау көне дәуірлерден-ақ баяндаудың мағыналық типтері оның құрылымында орталық категория ретінде көрінеді. Көне грек риторикасында келесі реттілік бар:

  • әрекетті хабарлау;
  • — заттарды суреттеу;
  • Заттар мен әрекеттердің арасындағы қатынастарды айқындайтын пайымдау.

Қазіргі риторика бұл жіктемені терминологиялық тұрғыдан ғана жаңартты, мәтіндерді бейнелеу және логикаландырылған түрлерге бөлді.

Хабарлау баяндаудың қарапайым тәсілі бола отырып, уақыт ішіндегі әрекеттер мен оқиғаларды бейнелейді. Хабарлаудың қарапайымдылығы алдамшы нәрсе (ритоикада «әңгіме» терминімен, сөйлеу теориясында – «істің мән-жайларын баяндау» терминімен аталады). Қажетті динамизмнің орнына сот шешені оқиғалардың реттілігін, олардың аяқталған түрдегі ауысуын көрсетеді. Мұнда қажетті емес оқиғаларды бірінен соң бірін айтып өтеді.

Көпшілік алдында сөйленетін сөздердің хабарлану түріне мыналар жатады: 1) этикалық тәсіл – болған оқиға туралы жалпылама әңгімелеу;

2) сахналық – көрнекі бейнелеу;

3) кинематографиялық.

Соңғы тәсіл  көп жағынан көркем әдебиет стиліне жатады.

Біз үшін сахналық баяндау тәсілі ерекше қызығушылық тудырады. Мұнда құжатты көркем проза стилі ретінде оқиғаға қатысушылардың «тірі» дауыстары, бір-біріне берген жауаптары орын алады.

Саханлық хабарлау мен суреттеу сот тілінде өзара бірлікке, бірін-бірі толықтырып отырады. Левчинскаяның ісі бойынша Я.С. Киселевтің істің мән-жайларын баяндауы осы үлгіде құрылған. Түсіндіріп өтелік. Левчинскаяөз күйеуі Моховты өлтіруде айыпталады. Киселев өз версиясын қорғап қалды: Ол хатты жәбірлену арқасында күшті жан күйзелісінен кенеттен кісі өлтірді. «Осы жерде ең қорқыныштысы болады. Ешнәрсені ойланбаған Мохов сабырлы қалыпта Левчинскаяға «Мен айнып қалдым» дейді».

  • Мен айнып қалдым, — дейді Мохов, — сен баланы бір жылға дейін емес, 10айға дейін асыра, содан соң көзден жоғал Юркамен бірге.

Егер ол ашумен айтса, Левчинская кешірер еді. Бірақ мұндай сөзді қолына шарап ұстап, жантайып алып айтуы қалай әсер етеді?

Өзін-өзі ұстай алмай, қатты жәбірленген әйел ашуға булығады. Электр үтігін алады да Моховты соғып қалады, содан соң өзі есінен танғанша , соққылай береді.

Суреттеу сот тілінде шындық жағдайда, мейлі ол портрет, пейзаж, интерьер, экстерьер болсын, егжей-тегжей бейнелеуді көрсетеді.

Суреттеудің негізгі мақсаты – болған оқиғаның дәлме-дәл (статикалық немесе динамикалық) картинасын жасау.

Пайымдау – баяндаудың мақсаты мен құрылымы бойынша ең күрделі типі. Пайымдаудың мақсаты – болған оқиға туралы білімді зерттеу, жалпылау, қорытынды мен дәлелдерді, анықталған тезистердің ақақат немесе жалған екендігін негіздеу.

Пайымдаудың құрылымы: кіріспе, алдын-ала хабардар болу, аргументтер мен қорытынды.

Кіріспеде оқиғаға байланысты сіздің қаншалықты хабардар екендігіңізді түсіндіру керек болады. Мұнда тыңдаушылармен байланыс орнатылады.

Алдын-ала хабардар болуда мәселенің маңызы, оның тарихы мен себептері түсіндіріледі.

Аргументтеуде өз ұстанымыздың басымдығын көрсетесіз, балама ұстанымдардың кемшіліктері нұсқалады. Өз шешіміңіздің дұрыстығын түсіндіресіз.

Қорытындыда сіздің аргументтеріңізді қабылдаудан келер пайда түсіндіріледі. Одан бас тарқан жағдадағы теріс салдарлар айтылады.

Пайымдаудың мұндай схемасы немесе оған жақын схемасы сот тіліне қатынасы жағынан орнықты келеді. Көз жеткізе сөйлеуді көрнекті түрде көрсетеді.

Я.С.Киселевтің пайымдауындағы реттілік осы айтылған схемаға жақын келеді. «Неге бір ғана соққы болмады. Бір ғана соққы болса, онда Левчинская өзін ұстаған болар. Көп соққыны бірінен соң бірін жұмсағаннан соң, бұл әйелдің өзін ұстай алмағандығын білеміз. Ашу мен ызадан булыққан ол электр үтігін қолына алып, соққылай берген».

            Әрине, пайымдау – бұл баяндаудың мақсаты мен құрылымы жағынан ең күрделісі. Өйткені ол жаңа білім шығару үрдісі. Баяндаудың осы тәсілінде ойлаудың барлық формалары мен әдістері берілген: себеп пен салдардың, болжамның, салыстырудың, қарама-қарсы қоюдың қатынастары.

            Пайымдауда қолданылатын полемикалық тәсілдерге мыналар жатады:

  • пайымдау алдындағы бағалау;
  • оппоненттің пайымдауындағы алогизмді айқындау;
  • оппонент сөзінен мысал келтіру;
  • оппонент пайымдауындағы сенімсіз жайттарды айқындау, оның біліксіздігі, қорытындыларының негізсіздігі;
  • жалпы пайымдауларды нақты жағдайларға көшіру;
  • жеке тәжірибеге сүйену.

Қорытындысында айтарымыз, «Вульгарлық стиль» жасау қауіптілігі (риторикада бағалау сипатына ғана емес, сондай-ақ шынайы толығу сипатына да ие). Пайымдаудағы осы стильдің нашар тұстарынан бойды аулақ ұстау керек. Ойдың бір-біріне ұласуы мен байланысы айқындалмайды, пайымдаудағы басты нәрсе көрінбейді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *