Лев Платонович Карсавин (1882-1952) біртұтас, жүйелі тарих концепциясын құрастыра отырып, адамзат тарихын зерттеуге дербестендіруші және тұтастандырушы қатынастардың қарама-қарсылығын жоққа шығарды, өйткені, барлық дербестіктер белгілі-бір тұтастықтың абсолютті көрінісі болып табылады. Карсавин прогресс идеясы даму үдерісінің қарама-қарсылығын ескермейді, сөйтіп, өткен мен бүгінді шынайы түсінудің жолына бөгет бола отырып, тарихты арзандатады деп есептеді. Ол тархтың пәнін біртұтас және тоқтамайтын әлеуметтік (яғни, қоғамдық саяси, материалдық және рухани-мәдени) даму үстіндегі адамзат деп анықтады. Олардың ешқайсысы да басқаларына үстем бола алмайды. Карсавин өз идеяларын «Тарихқа кіріспе: Тарих теориясы» )1920) және «Тарих философиясы» (1922) еңбектерінде дамытты, алайда замандастары бұл еңбектерді дұрыс бағалалй алған жоқ. Оның тарихнама ғылымы үшін жасаған еңбегі тек ХХ ғ. соңында ғана айқын болды.
ХХ ғасырдың өнебойында тарих ғылымы ғалымдардың өздері «бұрылыс» деп атаған үлкен өзгерістерді бірнеше рет бастан кешірді. Бұл өзгерістер ғылымның пәніне, оның мазмұнына, проблемаларына, зерттеу әдістеріне, ақыр соңында оның ғылыми-кәсіби және әлеуметтік орнына байланысты болып отырды. Дағдарыстың себептері мен нәтижелері: ХХ ғ. тарих ғылымының дағдарысы ХІХ ғ. тарихи танымның күшті қарқынмен дамуының заңды салдары, оның нәтижесінде тарих туралы теориялық білімді оның ұлғайып кеткен эмпирикалық базасымен сәйкестендірудің өткір қажеттілігі пайда болды. Ескі ғылыми парадигманы қайта қарау. ХІХ-ХХ ғғ. шекарасында тарихи және жаратылыстану ғылымдарының танымының принципиалды айырмашылығын мойындаудан басталды. Бұл жағдай тарихтың бет-бейнесіне түбірлі өзгерістер енгізді. Алайда ХХ ғ. І онжылдығында тарихтың нақты, жекелеген, неғұрлым қарапайым бөліктерге бөлінбейтін тарихи фактілермен жұмыс істейтін ғылым екендігін ешкім жоққа шығарған жоқ.
Позитивизмге неғұрлым шешуші шабуыл жасау тек І дүние жүзілік соғыстың алды мен оның тұсында ғана жүзеге асырылды.
Ғасырлар шекарасында басталған методологиялық дағдарыс соғыс жылдарында өте күшті дамып, тарих ғылымының жалпы дағдарысына айналды.
Қоғамның өзін-өзі тануының формасы ретінде тарих оның (қоғамның) проблемаларына өте сезімтал болып келеді.
№12. Тарихи үдерістің қазіргі заманғы мәселелері
1. О. Шпенглер, А. Тойнби, К. Поппер ілімдері
2. Қазіргі замандағы тарихи танымдағы әлеуметтік тарихтан мәдени-әлеуметтік тарих форматына ойысу мәселесі.
3. Қазіргі заманғы интеллектуалдық тарих
О. Шпенглердің мәдени-тарихи концепциясы. А. Тойнбидің локальды өркениеттер теориясы. Эпистомологияның логикалық және методологиялық мәселелері туралы К.Поппердің идеялары. Постмодернизм. Тарихтың тропологиялық теориясы. Хейден Уайт. ХХ ғ. 80-ші жылдарында жаңа мәдени тарих бағытының пайда болуы. «Жаңа мәдени тарих» бағыты. Энтони Гидденстың реляциялық структуризм методологиясы. Әлеуметтілі-ктің мәдени тарихы бағыты және оның өкілі Роже Шартье. М.М. Бахтин және оның диалогиялық концепциясы. Жак ле Гофф және оның тарих методологиясын жаңартудың кешенді үш бағытын ұсынуы. Гендерлік тарих. Джонн Скотт. Тарихи өмірбаянның жаңа өмірбаяндық тарихқа алмасуы. А. Лавждой. Тарихтың дәстүрлі өрістеріндегі өзгерістер: саяси ой-пікір тарихының методологиясы арсеналының ұлғаюы. Пәндер мен ғылымдар тарихының қазіргі замандық ерекшелігі.