Куәлердің жауаптарын талдау
Куәгерлердің жауаптарына деген шешен қарым-қатынасының негізгі ережесі оларға қарсы мүмкіндігінше аз дауласуға алып келеді. Егер де шешен куәгер мен дауласу қажет деп шешсе, оның қарсылықтары керемет болуы керек. Көбісі жауаптар жайлы бір нәрсе айтып, сенімділік арттыруға болады деп ойлайды; сол себепті қарсылықтар өзінің тапқырлығымен емес, қауіпсіздігімен ерекшеленеді. Міне, оған бірнеше мысалдар келтіруге болады.
Маңызды куәгер жауабы туралы дауласу жүріп жатыр. Куәгер сұрақтарға тез әрі табандылықпен жауап берді. Ол шындықты айтты,- деп хабарлады прокурор. – Жоқ, ол тергеуден тезірек құтылуын ойлады, — деп қарсы болды қорғаушы. – Куәгер батылсыз әрі нашар жауап берді. Ол өзінің жауаптарына сенімді емес және қателесуден қорқады, — деді қорғаушы. – Мүлдем олай емес; ол өзінің түсініктерінің мағынасын түсінеді және әрбір сөзін таразылайды, — деп жауап берді айыптаушы. – Куәгер ештеңе айтпайды. Анық болғаны, ол барлығын ұмытқан… немесе барлығы есінде, бірақ барлығын жасырып қалғысы келеді. – Куәгер толық және нақты жауаптар беруде. Ол іс жағдайын жақсы біледі және қатаң есінде. – Ия… немесе ол жалған жауапты қатты жаттап алған.
Куәлердің жауаптарын талдаған кезде генерал М.И.Драгомировтың афоризмін есте сақтау керек, істің түрін түсінік қатпарлары мен қарым-қатынас өзгешіліктері анықтайды. Бұл жалпы ереже көптеген нәрсені түсіндіреді және бекітеді.
Неге аула сыпырушы дөрекі де, ал газет сатушы сыпайы? – Атқаратын қызмет түріне қарай. Не үшін ақылды және атақты адвокатта сенім қалыптасқан «жеңе алмайтын істі жеңген кездегі жеңістен тәтті ештеңе жоқ» — Атқаратын қызметіне қарай.
3. Куәгерлердің сөздерінен фактілерді куәландырылуынан олардың бағалануын айыра білу қажет.
Куәгер оқиға шындығын куәландыру кезінде, оның жауаптарының дұрыстығы оның адалдығынан, фактілерге деген сенімділік пайда болған жағдайлардан және оны жеткізу кезіндегі нақтылықтан; бірақ оқиғаны бағалауда куәгердің іс туралы дұрыс ойлау қабілетінің қаншалықты екенін есепке алу қажет. Нандыру, қызықтыру арқылы, жоғары әсершіл адам білмейтін нәрсесін білемін, көтмеген нәрсесін көрдім деп соған шын сенуі мүмкін. Ольга Штейн мен фон Д мырзаны ісін еске түсірейік. Ол (она) толық әшкереленді; оған (он) қатысты айғақ аз, сөйтіп ол айыптауды мойындамайды. Ол – бұрынғы алқалы сенімді адам, және адвокаттардың бірнеше куәгерлері оның қорғаушысының сұрағына жауап беруде: «Мен сотталушыны ең адал адам ретінде білемін, ол біздің арамызда құрметке ие және біз оны осы істе Ольга Штейннің құрбаны». Бұл пікірлер шындық айтатын адамдар айтқаны белгілі: алқалы сот олардың іс фактісі бойынша түсініктерін тыңдады және олардың адал ниетті куәгерлер екенін көрді; сотталушы туралы олардың пікірлері үлкен мағынаға ие. Бұған не айтуға болады?
Жалпы ой-пікірді көрсету керек: адамға кімге көмек қажет болса соған көмектесу тән; әрбір адал адам сотта сотталушының пайдасына сөз айта алатын, сонымен қатар азаматтық борышын өтейтін әрине ол соны орындайды; егер де сотталушы – куәгерге алыс болмаса; олар бір корпорацияға жататын болса , онда одан да күшейеді: сотталушыға адал, намысты болысады, куәгер де өзінің жақсы атын қорғайды. Сонымен барлық адамдар фон Д. мырзаның адалдығына сенеді; осыдан келіп олардың қателесуі мүмкін бе деген сұрақ туады? Істен алыс кетпеу үшін сотталушының айналасына қарайық. Сізде адамдардың қалай қателесетіні жайлы сенімді мысал жоқ па? Ольга Штейнге алданғандардың барлығы оның адалдығына сенді ғой, сондай-ақ фон Д мырзаның жолдастары сенген сияқты? Олардың көзін не ашты? Оларды алдағандар. Егер де ол оларды алдамағанда, олар оның адалдығын сотта дәлелдер еді. Сотталушының жолдастарының бірде-бірі оған алданбаған, сол себепті олардың ешқайсысы да оны өтірікші деп санамайды.
Куәгердің адамгершілік ролі нашарлаған сайын, шешенге оның жауаптарын талдауда қызығушылығы аз болады.
Егер сіздің қарсыласыңыз сіздің жақтың адал куәгеріңізге сенімділікті бұзғысы келсе, онда оған көмектеспеңіз. Сотқа айтыңыз, куәландырылған фактілердің маңыздылығы мен күштілігі сондай, қарсылас сот алдында өзінің борышын өтеп тұрған адамға көлеңке түсіруден басқа ештеңесі қалмады.
Гаррис айтады: «Екі адам көшеде келе жатыр; біреуі екіншісін көрсетіп, айқайлайды: міне адал адам, мына адал адамға қараңыздар! Сіздер ойлайсыздар екеуі де алаяқтар деп. Адам үшін асыра мақтаудан өткен жаман кепілдеме жоқ, сотта да одан орындалған кемелдеген жасауға ынталану». Бұл қателіктерге еліктемеңіздер; сотқа үлкен қарсылықтарға тап болмайтын нәрселерді өз күштерімен шешуді беріңіздер.
Егер куәгер жағдайды ақылға симайтындай немесе қосыңқыраса, оны толық жоққа шығаруға уақыт жібермеңіз; сотқа бұл көрініп тұрған нәрсеге тек қана жеке екендігіне қарауға көңіл бөлу керек екенін көрсету қажет.
5. Қарсыластың әрбір куәгерін өзіңізге куәгер етуге күш салыңыз. Әрбір жауаптан процесс кезінде екі жаққа да пайдалы нәрсе табуға болады.
Тақырып 7. Ресейдің сот шешендік өнері (CIC ғ.). Соттағы дау өнері
7.1. Соттағы даулардың кейбір түрлері
Argumenta pro meliora parte plura sunt simper – шындықтың дәлелі үнемі соның жағында (лат.) деп айтады Квинтилиан. Аристотель де жазған: шындық жағында көбіне логикалық дәлелдер, айғақтар және адамгершілік дәлелдемелері.
Шындықты логикалық ретсіздікте баяндауға немесе әдейі жалған айтуға болмайды, өйткені ол осынысымен шындық болып құралады. Жан ділімен шындыққа ұмтылған адам батыл сөйлейді, оның келтірген пікірлерінде кемшілік болмайды. Біздің ақыл-ойымыздың қасиеттері бойынша, түсініктеріміз бен ойларымыздың жиынтығына орай шешен болып өткен жағдайлар туралы өз пікірлерінде, ақиқатты іздеу жолында фактілер туралы өз қорытындыларын растау үшін логикалық негіздемеге сүйенеді; басқаша айтқанда сөйлеу туралы алдын-ала пайымдауларында өз бойымызда дәлелдемелер пайда болады: сондықтан оқырмандарды оларды таба білуге үйрету үшін жоғарыда бесінші бөлімде айтылған жайттарға сүйенуге кеңес беремін. Бір ескертетін жағдай шексіз пайымдай түсу керек.
Тікелей айғақтармен жұмыс істегенде шешеннің негізгі міндеті мыналардан құралады: қылмыс жағдайын түсіндіру үшін, жанама айғақтармен жұмыс істегенде – сотталушының қылмысқа қатыстылығын дәләлдеу немесе теріске шығару қажет. Алайда аталған қос жағдайда да негізгі ереже бірдей болып келеді: meditez, meditez encore, meditez toujours (Ойыңызды түйіндеңіз, ойыңызды түйіндеңіз, тағы да барлық уақытта түйіндей біліңіз – фр.) деп айтады шешенге қазіргі заманғы жазушы. Квинтилиан да екі мың жыл бұрын осылай деп жазған болатын. Өзінен-өзі туындайтын ойларға қанағаттанбаңыз. Non oportet offerentibus se contentum esse; quaeratur aliquid, quod est ultra. Үздік дәлелдемелер әдетте істің түпкілікті мән-жайларында жасырын жатады; оларды табу тіптен оңай емес. Рlurimae рrоbаtiones in ipso causarum complexu rереriantur eaeque sunt еt potentissimae, еt minimum obviae (Квинтилиан). Бұл көгалда өсіп тұрған гүлдер емес сондықтан қолыңызды созып керегінше ала алмайсыз; бұл – жер астында жасырын жатқан қазба байлықтар. Іздеуші таудың қалың қабаттарында жайғасқан қымбат қазынаны немесе құм астындағы шексіз орналасқан алтын құймасын тапқанша ұзақ еңбектену керек. Тапқан кезде мол олжаға кенелесіз, өйткені сіздің қолыңызда алтын жарқырап тұрады. Яғни сотта сөйлегенде де солай болмақ, істің мән-жайлары мен ерекшеліктерінен ең маңыздысын ала білу қажет, барлық ортақ жағдайлардан да сенімдірек жайттар орын алады.
Логика ережелеріне және суфизмге қатысты ретте айтсақ: әрбір заңгер Шопенгауэрдің «Эристика немесе дауласу өнері» кітабын, сондай-ақ Миллдің қателіктер туралы бесінші «Логика» кітабын оқып шығуы тиіс. Бұл өте қажет нәрсе, өйткені кез-келген сотта сөйленетін сөз өз маңызы бойынша дауласу және дауласа білуді білдіреді. Мұның өзі шешенге қатысты аса құнды қасиеттердің бірі. Төменде осы салаға қатысты кейбір риторикалық ережелер келтірілетін болады. Олардың қылмыстық іс жүргізу сотында пайдасы зор. Бұл сотта шайқаса білу тактикасының ережелері болып келеді. Алайда бұл жерде соттағы дауласу мен ғылыми дауласудың ерекшеліктерін атап өту қажет.
Ғылым өз құралдары еркін таңдап алады. Өз пікірлері сөзсіз дәлелдемелермен расталған жағдайда ғана, ғалым өз жұмысын аяқталды деп есептейді. Алайда ол зерттеу құралдары жетіспей жатса немесе зерттеуден шаршаса, өзінің ғылыми жұмбағының жауабын табуға міндетті емес. Ол өз сызбалары мен есептеулерін шетке ысыра салады да, басқа жұмыспен айналысып кетеді. Ақиқат күдік астында қалады, сөйтіп адамзат келесі бір жолы болғыш ізденуші табылғанша жолын тосып отырады. Ал сотта мәселені шетке ысырып қоя алмайсыз. Айыпты ма әлде жоқ па, міне осыған жауап беру керек.
Сотта мынадай бір қанатты сөз бар: ақиқат сотта сөйленген сөздің нәтижесі болып табылады. Бұл сөздің өзі ащы шындықты білдіреді. Сотта сөйленген сөз ақиқатты белгілемейді, бірақ істің мәнін шешеді. Сөз сайысы — қоғамдық қондырғының жетілмеген формаларының бірі. Соттағы сөз сайысы кейбір дәрежеде шартты сипатқа ие: олар адамдардың адамгершілік қасиеттерінен емес, мақсатқа сай келу тұрғысынан туындайды. Сонымен қатар сот шешімі салдарынан әділетті жаза тағайындалмауы немесе қылмыскерге жеңіл жаза берілуі, кейде айыпты емес кісіні жазалаудың өзі айыптаушы мен қорғаушы арасында нағыз шайқас тудырады. Егер семсер сілтей білетін адам ебедейсіз біреумен жекпе-жекке шығатын болса, өзінің басымдығын және жауының әлсіздіктерін пайдаланбай-ақ, оған кешірім беруге ерікті. Ал егер оның алдында тепе-тең қарсылас тұрса, шайқастың нәтижесінде біреуінің тағдыры шешілер болса, онда ол өз өнерін толық шамада пайдалануға міндеттімін деп санайды. Соттағы сайыста өзі үшін емес, өзгелер үшін күресуде тиісті нәрселедің көпшілігі кешіріледі, қарапайым адамды өз өнерін асыра пайдалануға итермелейді. Сот тергеуі мен сөз сайысына дайындала отырып, әрбір шешен өз қарсыласы жеңімпаз атану үшін қолдан келген өнерінің бәрін төгетіндігін, сондай-ақ судьялар да адам ретінде қателікке ұрынатындығын біледі.
Бұндай жағдайларда адам күрестің жасанды тәсілдерінен бас тарта алмайды. Олай етпеген жағдайда қарулы адамға жалаң қолмен қарсы шыққандай болып көрінеді.
Р. Гаррис былай деп айтады: «Адамды соттау үшін ғана жасанды тәсілдерге жүгінудің қажеті жоқ; бірақ сөйлеу құралы қылмыстық әрекет болғандықтан ғана ешкім де бұл тәсілден бас тартуға міндетті емес. Сіздің міндетіңіз мынадай: қолдан келсе әділетті құралдармен сотталушының кінәлі екендігін дәлелдеп шығу. Сіздің міндетіңіз мынадан көрінеді: қолдан келсе әділетті құралдар мен алқалы билер алдында айыпталушының кінәсін дәлелдеу. Оған қол жеткізу үшін фактілерді қысқаша күйде (бұл өнер), логикалық бірізділікті (бұл өнер) өте қарапайым түрде (бұл да өнер) бере білу». Йоркширде болып өткен бір сессияда адвокат Скарлет, ол кейіннен лорд Эбингер атанды, өзінің тұрақты сәтсіздіктері арқасында алқалы билер алдында «вердиктер тонаушысы» атағына ие болды. Ол солай бола тұра от тілді Брумға қарсы бірнеше рет қарсы сайысқа түсті. Сессия аяқталған соң жолдастарының бірі алқалы билердің бірінен сот сайысынан алған әсерін сұрастырып көрді.
— Брум тамаша адам, — деп айтты ол, — ол өз сөзінің шебері; ал сіздің Скарлетіңіз онша бағалы емес. – Солай ма! Таңданарлық жағдай екен. Неге онда сіз әрбір жағдайды оның пайдасына шешіп отырдыңыз? – Таңданарлық ештеңесі жоқ. Оның жай ғана жолы болды. Ол ылғи дұрыс тараптың жағында болып келді. – Шындығында таңданарлық нәрсе жоқ, алайда оның басқа да себебі бар.
Сот дауының негізгі элементтерінің маңызы мынадай: рrоbаtiо — дәлелдеу және refutatio — терістеу.
Prоbаtiо
1. Ойластырылған жағдайлардың ішінен қажеттісін және пайдалысын, сөзсіз кездесетіндігін және қауіптісін айыра біліңіз. Дәлелдемесіз ешнәрсе қалдырмай қажетті нәрсені соңына жеткізе біліңіз, толық айқындалғанша түсіндіріңіз, шаршап – шалдықпай дамытыңыз, күшейтіңіз, безендіре түсіңіз, қайталай беріңіз; пайдалысын еске алудың өзі-ақ жеткілікті; қауіптісін асқан ұқыптылықпен сөз арасынан алып тастаңыз, оны байқаусызда сөз арасында айта көрмеңіз, олай болған жағдайда қарсыласыңыз сізден басым түсетін болады; сөзсіз кездесетін жағдайда шешімді түрде қабылдаңыз және түсіндіріңіз немесе оған мүлдем жоламай-ақ қойыңыз, ол өздігінен-ақ ойға түседі.
2. аrgumentum ad rem және аrgumentum ad hominem арасындағы айырмашылықты ұмытпаңыз.
Аrgumentum ad rem, яғни істің маңызына қатысты ой өзге жағдайлар тепе-тең болған кезде ең жақсы қару болып келеді. Сот ақиқатты іздейді, сондықтан аrgumentum ad rem, идеясында яғни осы адамға немесе бірнеше осы адамдарға қатысты, бірақ даудың маңызын шеше алмайтын ойлар сөз сайысында кездеспеуі тиіс. Қалыпты жағдайларда аrgumentum ad hominem дегеніміз оның ісі бойынша немесе өзіне қатысты ретте берілетін шешеннің жалаң сөздері болып келеді. Алайда сенімді емес судьялар жағдайында аrgumentum ad hominem осы сот құрамына сенімді ретте іске жарайды, мәселен, сотталушы және судьялар әр түрлі әрі бір-бірімен жауласушы топтарға немесе жауласушы саяси партияларға қатысты болса. Бұл жағдайларда осы дәлелдемерді пайдалану орны толмас қателіктерге ұрындырады.