Жеке адам психологиясы туралы зерттеулер.
Адам-әлеументтік қатынастармен саналы іс әрекетті жүзеге асырушы, табиғатта кемелденіп жетілген ақыл ой иесі және қоғамдық тұлға. Осы ерекшеліктеріне орай адамды ғылымның көптеген салалары зерттейді. (Философия, анатомия, физиология, антропология, тарих, педагогика, психология) Әр ғылым адам проблемасын әр қырынан зерттейді. Философия- дүние танымдық, көзқарасын анатомиямен физиология –денесімен жүйке жүйесінің құрылысын оның қызметін, антропология-адамның қоғамда алатын орынын, табиғаттағы өзеге құрылыстар мен байланысын тарих –қоғам өміріндегі қарым қатынасын саралау, ал педагогикалық адам тәрбиесі, оның білім беру жүйесін қарастырып,оның қоғамның белсенді азамат етіп қарастыруын көздейді. Психология-адамның жан дүниесін,сырын, психикасын даму заңдылықтарын, оның жеке қасиеттерінің жеиілуі мен қалыптастыру жолдарын зерттейді. Қарап отырсақ әр ғылым өз бетінше белгілі бір мақсаты көздейді.
Адамды зерттеуді Р.С.Немов 3 кезеңмен қарастырады:
1.Философиялық-әдебиеттік.2. Клиникалық. 3.Эксперименталдық.
Жеке адамды зерттеудің философиялық-әдебиеттік кезеңі — ежелгі ойшылдардан XIX ғасырға дейін созылады. Адамды зерттеу мәселесі адам табиғатын, адамгершілігі, іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарын қарастырды. Адамға қатысты барлық мәселені, жеке адамға тән деп қарастырылды. Оның биологиялық, психологиялық, мінездік, мәдениеттік т.б жақтары жеке адамға қатысты деп түсінді және ондай түсінік күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Жеке адамды кең түрде талдаудың өзіндік негізі бар. Адамның қажеттілігіне байланысты мейлі тәндік болсын, мейлі жандық болсын тұтас алғанда жеке адамды сипаттайды. Әдебиеттерде, философиялық және әлеуметтік ғылымдарда жеке адамды бұлай қарастырылуын түсінуге де болады. Дегенмен, психологияда мұндай қарастыру тым кең, жалпылық деп саналады. Сондықтан, гылыми — нақты мазмұнды қажет етті.
Жеке адамды зерттеудің клиникалық кезеңі – XIX ғ. бастауында көрініс берді. Онымен врач-психиаторлар айналысты. Олар жан ауруымен ауыратындардың өмір сүру тарихын, мінездерін бақылап, оларға диагностика жасау, емдеу және олардың табиғаты туралы кәсіби қорытындылар жасады. Психиаторлардың ең басты назары-дені сау мен ауру адамдар арасындағы тұлғалық айырмашылықтарын белгіледі. Ауру адамдардың тұлғалық ерекшеліктері қалпынан тыс ұлғаюда, дені сау адамдарда ол біркелкі көріністе болды. Экстраверсия, интроверсия, қозу мен тежелу, мазасыздықтар адамға қатысты. Дәрігер- психиаторлардың тұлға туралы берген анықтамалары дені сау паталогиялық, акценттелген (норманың ең соңғы шегіне сай) тұлғалардың келбеті жөнінде термин берумен шектеледі. Мүндай анықтамалар психотерапиялық мақсаттарды шешу үшін дұрыс болып табылады. Мұндай терминдер психологиялық мақсаттарды шешуге тым қысаң келеді.
Жеке адам оның мұқтаждықтары туралы теориялар өте ертеден белгілі. Алғашқы теориялардың бірі греция философы Аристрах Эпикурдің адам әрекеттері, қылықтары оның сезімдерге туралы, өз тұрмысында жағымды сезімдерді тудыруға ұмтылып, жағымсыз сезімдерді жоюға талпынуы жөнінде айтады. ХVІІІ ғ француз материалист ағартушылар бұл теорияны жақтады. Олар жағымсыз сезімдерге қарсы шығып, дүниені ең қызығы алаңсыз өмір сүру дүниенің барлық қызық тамашасын көріп қалу, сондықтан жағымды сезімге көбірек ұмтылу керек деп есептеді. Сөйтіп, француздар мұқтаждық туралы физиологиялық теорияға негіз салды. Бұл теорияда, тәнде болатын биологиялық, физиологиялық ағымды мұқтаждықпен байланыстырады. Мұқтаждық адам тәнінде болатын биологиялық жағдайларды санадан өткізіп таниды деп есептеді.
Неміс оқымыстысы психоаналистик психоневролог З. Фрейд (1856-1939) сексуалдық теориясында адамның мұқтаждықтарын ынтығуларға, құмартуға апарып теңейді. Екі түрлі ынтығу бар деп есептейді.
Сексуалдық яғни, жыныстық ынтығу.
«Мен» яғни, өзін-өзі қорғауға ынтығу.
Екінші ынтығу біріншіден кейін пайда болады. «Мен» ынтығуы өзінің өмір сүруіне қажетті ынтығу болып саналады. Фрейд, жыныс құмартулары адам әрекетінің арлық қылықтарын негіз болады, әрі оны басқарады деп есептеді. Адам қажеттіліктері: материалдық, рухани болып бөлінеді. Адамда екі түрлі күш бар: биологиялық- ол жыныс ынтығуы; әлеументтік ынтығу. Міне, осы ынтығуларды адам өзін-өзі сақтау инстинкті арқылы оларды тежейді, өз бойындағы күш қуатын сақтап, оны дұрыс қолданады, оны әрдайым басқарып отырады және жақсы мақсатқа жұмсайды және мәдени қажеттілік түрін басқарады. З. Фрейдің адам бойындағы белсенді әрекеттің табиғи әрі, биологиялық құбылыс екенін дәлелдеп берудің өзі айтарлықтай жаңалық. болғанымен оның белсенділік әрекетінің қозғаушы күші жыныстық қатынастарға сәйкес дейтін пікірін көптеген шетелдік психологтар . А. Кординер, Е. Формм, К.Хорни т.б. орынсыз деп санады. Олар, Фрейдтің көзқарасындағы кемшілікті атап айта алмасада, өздерінше «жаңа Фридизм» деген ағымды тудырды. «Жаңа Фрейдизм» ағымы адам тіршілік еткен ортасыны тәуелді, сол ортаға бейімделгіш келеді деп санайды. «Жаңа Фрейдшілердің» ойынша тіршілік ортасына бейімделген адам әлеументтен өзінің ғашығын іздейді. Соған ұмтылады, адамдар тобының ырқына көніп, мақсатына жетуге талпынады деп адам белсенділігін асыра дәріптейді.