Жаратылыстану.
Жаратылыстану негіздері Қазақстан Республикасы университетері гумантарлық факультетерінің оқу жүйесінде ендірілген жаңа пәндер қатарына жатады. Бұл пән болашақ мамандаға жаратылыстану мен гуманитарлық салаларға біріккен мәдениеттен бөлуге келмейтін тұсарына жүйелі қосымша мәліметтер беріп, бізді қоршаған шексіз Әлемнің құрылымы туралы саналы көзқарастың қалыптасуына әсерін тигізеді.
Жаратылыстану ғылымының озық әдістері гуманитарлық аймаққа кеңінен еніп, қоғам санасын қалыптастыруда философия, психология, әлеуметтану мен мәдениетте универсал тіл қолданылған кезеңде пәннен қажеттілігі өмір талабынан туындап отыр. Әлемнің біртұтастығын түсіну үшін бұрыннан қарсы тұрып келген дәстүрлі екі мәдениеттің гармониялық синтезделу тенденциясы пайда болған уақытта «Жаратылыстану негіздері» актуалдылығы айқындала түседі. Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құрал бұрыннан белгілі физиканың, химияның, биологияның және экологияеың арасындағы қарым-қатынасты жай түсініп қана қоймай, жарпатылыстануға қатысты тарихи философиялық, эволюциялық –синэнергиялық және мәдениеттану сияқты пәндердің пәнаралық байланыстарынан туындайтын және осы байланыстарды негіздейтін пән болып отыр. Сондықтан, бұл пәнді оқытудың құндылығы, жаратылыстану және гумантарлық компоненттерді (құрылымды) байланыстыру, жаратылыстанудың, философияның және синергетикалық фундаментальды заңдылықтарын талдау үшін жаңа парадигма негізінде жасалған. Қәзіргі кезеңде «Жаратылыстану негіздері » біренеше оқу құралы және осы курс бойынша бірнеше оқу бағдарламасы бар. Әрбір оқу құралының өзіндік жетісіктері бар, бірақ студенттердің дайындығы кезінде қәзіргі жаратылыстану шыққан оқу құралдарының барлығын қолдану мүмкін емес, ал бір ғана оқу құралын пайдалану жеткіліксіз. Осыған байланысты беріліп отырған оқу-әдістемелік құралдың авторлары семинар сабақтарына берілген тақырып бойынша теориялық кіріспеден, нақты сұрақтардан, рефераттар тақырыптарынан және әдебиеттер тізімінен тұратын оқу құралын ұсынып отыр. Пәнге қажет материалдарды таңдағанда физика, химия семинар сабақатрына дайындалу үшін 2-3 оқу құралын пайдалануға болатын бағытты ұстады.
«Жаратылыстану негіздері» екі оқу бағдарламасы бар:
- В.Г. Буданов О.П. Мелехова Современное естествознание. Программа курса. Университет РАО., 1995
- З. Г. Бияшева., Биящева, В.В. Вышинский др. Примерная типовая программа курса «концепция современного естествознания». Алматы 1998.
Бірінші бағдарлама оқу курсын біртұтас парадигма бойынша құруды қажет етеді, бірақ бұл оқу құралының авторлары дәл қәзіргі кезеңде осы оқу бағдарламасына сәйкес келетін оқу құралын кездестірмей отыр. Екінші бағдарлама «Жаратылыстану негіздері» курсының мәні мен мақсатына сәйкес келмейді, себебі, бұл бағдарлама курсты бірнеше пәнге бөлген, сондықтан, бұл бағдарлама бойынша біртұтас оқу курсын құру мүмкін емес. Авторлар оқу-әдістемелік құралды жазғанда «Қазақстан Республикасының Жоғарғы білім беру жүйесін арналған стандартты» басшылыққа алды.
1. Ғылым. Ғылым әдістері, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары.
«Ғылым» түсініг. Ғылымның негізгі белгілері. Ғылымның қалыптасуы. Ғылым әдістері. Жаратылыстану және гуманиралық ғылымдар.
Ғылым –табиғат, қоғам және сана туралы білімдерге бағытталған зерттеулер сферасы. Ғылым көп салалы және өзіне білімнің барлық кезеңдері мен шарттарын: ғалымдардың білімі мен қабілетін, тәжірибесі мен мамандық іскерлігін, ғылыми еңбектің бөлінуі мен корпорациясын, ғылыми мекемелерді, ғылыми –зерртеу жұмыстарының әдістемесін, түсініктерігі мен санаттылық аппараттарын, ғылыми информациялық жүйені және барлық білімдердің қосындысын қамтиды.
Ғылым мәдениетінің бір саласы, дүниені тану әдісі және арнаулы институт ретінде қолданылады.
Ғылымның негізгі белгілері: оның жан-жақтылығы мен фрагментарлылығы, жалпыға тәңділігі мен жеке еместігі, жүйелілігі мен аяқталмайтындығы, үйлесімділігі мен сыншылдығы, ақиқатшылдығы мен моральдан тысқарлығы, рациональдылығы мен сезімталдылығы.
Бұл қасиеттер бір-біріне қатысты диалектикалық алты жұпты құрайды.
Ғылымның жан –жақтылығын адамның тапқан –мағынасында түсінуге болады. Ғылымның фрагментарлылғы дегеніміз, ғылым жалпы тұрмысты емес, шанайылықтың немесе оның көрсеткіштерінің (параметрлерінің) әртүрлі фрагменттерін зерттейді, және өзі бөлек салаларға бөлінеді. Ғылымының жалпыға тәңдігі одан алынған білімінің барлық адамға жарайтындығын, ал оның тілінің бір жақтылығын, ғылымның өз терминдерін мүмкіндігінше өте анық көрсетуге тырысатындығын анықтайды. Ғылымның жеке еместігі ғылыми танымның соңғы қортындысының ғалымның өзіне тән қасиеттеріне, оның ұлтына, оның өмір сүріп отырған ортасына байланысты еместігінен көрінеді. Ғылымдарды қалыптасқан жүйелілік, ондағы құрылымды сипаттайды. Ғылым жетістіктеріне ешуақытта соңғы нүкте қойылған емес, білімге деген құштарлық артқанмен, абсолют шындыққа жету мүмкін емес. Ғылымда әрдайым үйлесімдік сақталады, соңғы жетістіктер ертеде алынған нәтижелерден сабақтасып жатады. Онда талғампаздық та қалыптасқан, ақиқатқа көз жеткізу үшін ғылыми нәтижелер жан-жақты тексеріліп және талқыланып барып жарияланады. Ғылым қашанда моральды-этикалық тұрғыдан нейтральдылылықты қалайды, яғни моральдан тыс болады. Ғылымдағы рациональдық нәтижелер эмпирикалық деңгейге сәйкестенбеген жағдайда логикалық заңдар және теория мен қағидаларды тұжырымдағанда байқалады. Ғылым сезімтал, объекті эмпиркалық әдіспен бірнеше рет тексеріп барып, дәлділікті анықтайды.