Болжаудағы қарама-қарсы байланыс. Болжау мен жоспарлау.
1. Кез-келген болжамдық зерттеу біртұтас базалық түсініктермен байланысты. Бұл түсініктер болжамның көптеген параметрлерімен сипатталады. Олардың қатарына: 1)болжаудың обьектісі , ол дегеніміз адамның танымдық және практикалық қызметі бағытталған кез-келген құбылыс не процесс болуы мүмкін, яғни қызмет қарқынына қарай мегажобалар, аймақтық, салалық, микроэкономикалық, ал мазмұндық сипатына қарай әлеуметтік, экономикалық, демографиялық, экологиялық-экономикалық, ғылыми-техникалық; 2)болжаудың формаларын көз алдына келтіру, яғни тапсырушының талабына сай, сондай-ақ оны жасаушылардың обьективті мүмкіндігіне сай болжау нәтижелерінің әртүрлі формалары болуы мүмкін (нүктелік, тренд т.б.); 3) болжауды алдын-ала білу кезеңі, яғни болжау жасалып отырған кезең алдын-ала білу кезеңі деп аталады және болжамдау мақсатына сай ағымдағы, қысқа, орта, ұзақ, өте ұзақ мерзімді деп бөлінеді; 4) болжаудың алғашқы негізі, яғни зерттелетін обьект не құбылыс туралы фактілік материалдардың болуы (фактографиялық құжат, эксперт пікірі); 5)Болжаудың әдістері мен құралдары өте алуан түрлі, ең көп таралған түрі экстраполяция, сараптау, нормативтік, ізденістік әдіс, т.б.; 6)Болжаудың сапасы, бұл дегеніміз кең мағынада алғанда болжамның негізділік, сенімділік, дәлдік, ақпараттылық, құндылықтарының бірлігі. Ал, болжаудың бағалау әдісін –болжаудың верификациясы деп атайды, ол болжамның бекітілуін қарастырады.
Сапалы әлеуметтік болжам алу үшін болжаудың ғылыми принциптеріне сүйену қажет, яғни жүйенің дамуын болжамдау саласындағы зерттеу жұмыстарының барлығы осы принциптер негізінде іске асырылуы тиісті, атап айтсақ: жүйелілік, келісушілік (ұйғарушылық), варианттық, үздіксіздік, верификациялану, тиімділік принциптері.
Әлеуметтік болжам жасау үшін зерттеуші төмендегідей қадамдарды жүйелікпен жасап отыруы тиісті:1) проблеманы анықтау; 2) ақпаратттарды зерттеу; 3) әдіс таңдау; 4) болжамдық ақпараттың генерторын құрастыру; 5) нәтижелерді талдау; 6) болжамдық ақпараттың генераторын жүйелі эксплуатациялау, обьектіні мониторингтан өткізу.
2. Болжам деп зерттелетін обьектінің болашақтағы мүмкін жағдайлары туралы, оның дамуының альтернативтік жолдары туралы түсінікті айтамыз. Болжамды жасау процесі болжау деп аталады.
3. Жоспарлау дегеніміз мақсаттарды, басымдықтарды ғылыми негіздеу, оларға қол жеткізудің жолдары мен құралдарын анықтау анықтау процесі. Практикада ол жоспарды жасаумен іске асады. Оның ерекше белгісі көрсеткіштер жинақтау. Жоспарлау болашақтың қауіпті аспектілерінің бәрін есепке алып, проблемалар туралы шешім қабылдауға негізделген.
Жоспар дегеніміз- әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу бойынша әртүрлі шаралардың кешені мен көрсеткіштер жүйесі бар құжат. Онда мақсаттар, басымдықтар, ресурстар, оларды қамтамасыз ету көздері, орындау тәртібі мен мерзімі көрсетіледі. Ал, болжамдауда мүмкін не қалауымыздағы аспектілер, күй, шешімдер, болашақтың проблемалары суреттілінеді.
Боламдаудың жоспарлаудан басты ерекшеліктері төмендегідей: 1)болжамдау кездейсоқтық пен анықталмағандықтың жоғары үлесі жағдайында іске асады; 2) болжамдаудың ақпараттық кеңес берушілік сипаты басым; 3) болжамдауда шешім қабылдау міндетті емес, ал жоспарлаудың міндетті (директивалық) сипаты бар; 4) болжамдауда көбіне жалпы есептік не эксперттік норма пайдаланылады. Сөйтіп, болжамдау өзінің құрамы бойынша жоспарлаудан кең, өйткені мұнда субьектінің ғана қызмет көрсеткіштері емес, сонымен бірге көп жағдайда өзгеріп отыратын сыртқы ортаның да көрсеткіштері есепке алынады. Болжам алдын-ала болжаумен жоспардың байланыстырушы звеносы. Болжам мен жоспар бір-бірін өзара толықтырып отырады. Болжам жоспардан бұрын да, кейін де жасалуы мүмкін, кейде жоспардың орнына жүре алады.
2. ӘЛЕУМЕТТІК АЛДЫН-АЛА БОЛЖАУ ЖӘНЕ БОЛЖАУ.