Басқару әртүрлі табиғат

Басқару әртүрлі табиғаттың (биологиялық, әлеуметтік, техникалық) ұйымдасқан жүйелерінің элементі болып табылады. Бұл жүйелерге сәйкес басқарудың негізгі үш түрін бөліп көрсетуге болады: тірі табиғатта, өлі табиғатта, қоғамда (әлеуметтік басқару).

Басқарудың ең күрделі түрі әлеуметтік басқару деп есептелінеді. Әлеуметтік басқару дегеніміз адам қызметі саласындағы басқару, қоғамдағы қоғамдық қатынастар мен процестерді басқару, адамдардың мінез – құлықтарын және олардың ұжымдарын басқару, адамдар еңбек ететін ұжымдарды басқару. Әлеуметтік басқару үш топқа бөлінеді: экономикалық, әлеуметтік-саяси, қоғамның рухани өмірі.

Әлеуметтік – экономикалық қатынастар саласындағы басқару бүкіл халық шаруашылығын оның барлық стадиясы мен деңгейлерінде саналы ұйымдастыру бойынша жүргізілетін жүйелі, нақты практикалық қызмет. Бұл – обьективтік экономикалық заңдардың барлық жүйесінің талаптарын ұйымдастырушылық және орындаушылық өндірістік қызмет арқылы іске асырудың механизмі, сондай-ақ, ол барлық өндіріске қатысушылардың: қоғамдық, ұжымдық, жеке тұлғалардың бүкіл мүдделер жүйесін іске асыратын механизм.

Әлеуметтік – экономикалық қатынастар саласындағы басқару қоғамдық еңбек қызметін ұйымдастырады, яғни бүкіл халық шаруашылығы көлемінде қызметкерлерді өндіріс құрал- жабдықтарымен біріктіреді. Осыған байланысты бұл саладағы басқаруды материалдық және адам ресурстарын басқару деп бөледі.

Экономикалық қатынастар негізіне өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну жатса, бұған сәйкес басқару өндіріс, материалдық –техникалық қамсыздандыру мен өткізу, қаржы, айналым саласындағы басқарудан тұрады. Қоғамдық өндірісті басқаруда обьект ретінде материалдық өндірістің салалары: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, т.б. бөлініп шығады. Экономикада белгілі бір салалық құрылым ғана емес, аймақтық құрылымдар да қалыптасады. Сондықтан басқаруда басқару обьектілеріне әртүрлі әкімшілік- территориялық бірліктер: қала, аудан, облыстар жатады. Басқару обьектілерінің ішінде шарушылықтың негізгі өндірістік звенолары: фирма, мекеме, өндірістік бірлестіктер ерекше орынды алады. Сөйтіп, әлеуметтік — экономикалық қатынастардағы басқару обьектілері экономиканың барлық звеноларын, өндірістің барлық стадиялары мен компоненттерін, еңбек қызметіне қатысушылардың барлығын қамтиды.

Басқару субьектілеріне мемлекет, қоғамдық ұйымдар, тікелей қызметкерлер жатады.

Әлеуметтік — экономикалық қатынастардағы басқару жүйесі келесі негізгі компоненттерден тұрады: басқару механизмі (жалпы принциптер, функциялар, мақсаттар мен әдістер) , басқару құрылымы ( басқарудың жалпы құрылымы, басқару органдарының нақты жүйесі, басқару кадрлары, басқарудың техникалық құралдары), басқару процесі ( шешімдерді қабылдау және іске асыру, басқарудың технологиясы мен процедурасы, басқару қызметкерлерінің қызметін ұйымдастыру).

3.Рухани өмір саласы рухани қызметтің ерекше формасы, ол еңбектің қоғамдық бөлінуі мен қоғамның қабаттарға жіктелу процесінде жеке салаға айналған, яғни рухани өмір саласы адам қызметінің материалдық және рухани қызметке қақ бөлінуі нәтижесінде пайда болып, материалдық өндіріспен қатар қоғамдық өндірістің ерекше сферасы ретінде өз статусын алады.

Қазіргі таңда рухани өмір саласы рухани қызметтің күрделі жүйесін құрайды, оған рухани творчество сферасымен ( ғылыми, көркемдік, идеологиялық, т.б.) қатар, бұл творчествоның өнімдерін бүкіл қоғам деңгейінде игеру мен бөлу сферасы да енеді. Соңғы сфера халыққа білім беруді, оның адамгершіліктік және эстетикалық тәрбиесін, оларды рухани мәдениетке тартудың әртүрлі формаларын қамтиды.

Рухани өмір саласын басқару көбінесе рухани өнім шығарушылардың қатынастарын қарастырады, өйткені оны дайындау технологиясының да басқарушылық бөлігі бар (мысылы, дирижер оркестрді басқарады, режиссер спектакль қоюды, хор басшысы хорды, т.б. басқарады). Рухани өмірді басқарудың күрделі түрінде басқару белгілі бір білім көмегімен, атап айтсақ, идеологиялық, қоғамдық және жеке тұлғалардың санасын манипуляциялау формасында, соның ішінде массалық ақпарат құралдары арқылы, қоғамдық мінез –құлыққа білім беру жүйесі арқылы әртүрлі бағдарламаларды енгізу арқылы және әсер етудің басқа формалары арқылы іске асырылады. Ықпал ету обьектісі бұндай жүйелерде рухани өнім болып табылады, ол басқа рухани өнімнің көмегімен жасалады.

Рухани өмір саласындағы басқару обьектісі бұл өндірістің қызметкерлері түсетін қатынастар болып табылады, ал басқару субьектісі рухани өмір саласындағы тікелей әкімшілік мекемелер (білім беру министрлігі, мәдениет министрлігі, т.б.) мен нақты қоғамда рухани өмірді реттеудің шешуші факторы болып табылатын рухани өнімді тұтынушылардан тұрады. Рухани өмір саласын мемлекеттік басқару жүйесі өз саласы бойынша ұйымдастырылған әкімшілік мекемелерден « тиісті министрліктер мен ведомстволар, жазушы, композиторлар одағы, т.б.) тұрады.

Рухани өмірді басқарудың әдістері көп, оларды екі топқа бөліп қарастыруға болады: 1) ұйымдастырушылық – құқықтық, экономикалық, әлеуметтік – психологиялық, бұлар рухани сала қызметкерлерінің қатынастарын ретттейді; 2) рухани өмір саласы қызметін жалпы ұйымдастыру әдістері, ол еркін ой білдіруді, процесті және қызмет нәтижелерін коллегиялы бағалауды, творчестволық процеске оған қатысы жоқ адамдардың килігуін, т.б. болмауын реттейді.

3.Стратегиялық жоспарлау – бұл басқарудың бір функциясы, ол ұжымның мақсатын таңдау мен оларға қол жеткізу процесін білдіреді. Стратегиялық жоспарлау барлық басқарушылық шешімнің негізін қамтамасыз етеді. Ұжымның функциясы, мотивациясы және бақылауы стратегиялық жоспарды жасауға бағытталған. Стратегиялық жоспардың артықшылықтарын пайдаланбай, ұжым және жекелеген тұлғалар корпоративті мекеменің мақсаты пен бағыттарын айқын бағалау қабілетінен айырылады. Стратегиялық жоспарлау процесі ұжым мүшелеріне басқару үшін негізді қамтамасыз етеді.

Стратегиялық жоспарлау ұжымға даму бағыты мен қарқынын, қоршаған ортадағы глобалды тенденцияларды анықтауға, ұжымның кез-келген бәсекеге қабілетті болуына көмектеседі.

Стратегиялық жоспарлау бірнеше кезеңдерден тұрады:

-ұжымның миссиясы мен мақсатын анықтау;

-қоршаған ортаны талдау, ақпараттар жинау, ұжымның әлсіз жіне күшті жақтарын талдау, оның мүмкіндігін есептеу;

— стратегияны таңдау;

-стратегияны іске асыру;

-орындауды талдау және бағалау.

Қысқа жоспарлау стратегиясы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *