Адам психологиясының эксперименттік кезеңі

Адам психологиясының эксперименттік кезеңі — XX ғ. алғашқы он жылдығынан бастап кәсіби психологтар айналысты. Оның қалыптасуына А.Ф.Лазурский, Г.Оллпорт, Р.Кеттел және т.б. үлес қосты. Кәсіби психологтар бұған дейін танымдық процестерді және адам жағдайларын зерттеген болатын. Эксперименттік кезеңде дені дұрыс адамдарды сенімді валидті тестілік әдістерді жасап, бағалады.

Тұлғаны зерттеуде эксперименталдық кезеңі танымдық процесті зерттеуде едәуір жетістікке жеткен кезең. Ол психология ғылымының тұтас мінез актісін түсіндірудегі тоқыраумен тұспа-тұс келді. Үстемдік   құрған адамды  атомдық тұрғыдан   қарау адам психологиясын жекелеген процестер мен жағдайлар тұрғысынан қарауды талап етті.

Адамға эксперименттік тұрғыдан қарауда ағылшын психологі Р.Кеттел ескі негізде құрмай, өзінде жаңа талпыныс жасауда ауру адамды емес, дені сауды және оларға нақты, әрі дұрыс әдісті қолданды.

Адамды экспериментальдық зерттеумен А.Ф.Лазурский, Г.Айзенек, Р.Кеттел шұғылданды. А.Ф.Лазурский тұлғаны ғылыми бақылаудың жүйелі техникасы мен әдісін ендірді. Ол сонымен бірге табиғи эксперимент арқылы дені сау адам психологиясы мен мінезіне қатысты мәлімет алу, қорыту сияқты еңбектер жасады. Г.Айзенек алынған бақылауды математикалық өңдеу процедурасы мен әдісін, құжатты талдау, сауал, т.б. тұлға туралы жинақталған мәліметтер нәтижесіндегі мәліметтермен тұлғаның өзіне ғана тән тұрақты келбетін сипаттады. Г.Оллпорт «Келбет теориясы» деп аталатын жаңа теорияны дүниеге әкелді. Ал, Кеттел Г.Айзенектің әдісін пайдалана отырып, тұлғаға факторлық талдау жасады. Олда барынша нақты факторға негізделген түлға келбетін белгіледі. Ол тұлғаны зерттеудің тестілік негізін дүниеге әкелді. Тұлғаны зерттеу тесті  16 факторлық тестіден тұрды. Бұл тест Кеттелдің атымен  «Кеттелдің 16 факторлық тесті» деп аталды.

Тұлға туралы қазіргі теориялар.

XXғ. 20 ғасыр 30 жылдардан бастап түлға психологиясын зерттеу белсенді дифференциядық бағытта болды. Соның арқасында тұлға туралы теориялар түрлі тұрғыдан қарастырулар қалыптасты.  48 түрлі варианпен, 5 параметрмен жіктелгені де белгілі.

Психодинамикалық теория типіне К.Левиновтің формуламен берілген символикалық түсініктік типі жатады: В = F (Р,Е). В- мінезді, F-функциональдық  тәуелділік белгіні, Р-тұлғаның ішкі субъективті психологиялық қасиетін, Е- әлеуметтік ортасы дегенді білдіретін шартты белгілер болып табылады. Психодинамикалық теорияның символикалық көрінісі мынадай болады: В = Ғ (Р)

Мұнда мінез психологиялық қасиеттен шығарылып тасталды. Ол толығымен олардың негізінде түсіндіріледі.

   Социодинамикалық теорияда мінез детерминациясы ішкі ситуацияға беріліп, оған ішкі тұлға қасиеті ретінде мән берілмейді. Сөйтіп, оны символикалық түрде  В = Ғ (Е)  берілді.

  Интеракционистік теория — адамның өзектіәрекеттерін басқарудың ішкі және сыртқы факторларын өзара әрекеттестік принцип негізінде құрылады. Оның Левин формуласы: В = Ғ(Р,Е).

  Экспериментальдық теория — факторлар арқылы алынған талдау мен қорытып шығаруға құрылады.

  Экспериментальді емес теория — өмірлік пікірлер, бақылау мен тәжірбиеге, теориялық қорытуға негізделеді де, экспериментке сүйенбейді.

  Құрылымдық теория — тұлға қүрылымын анықтау, жүйелік түсініктер беріледі де солардың арқасында сипатталу жүзеге асады.

 Динамикалық теория — тұлға дамуындағы қайта құрылу, өзгерістер, яғни оның динамикасы беріледі.

Кейбір теориялар білім беру жүйесі кезеңін, ал енді бірі адамныің бүкіл ғұмырлық дамуын қамтиды. Сондықтан, олар жас ерекшелік және педагогикалық психологияға тән сипаттарға сай құрылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *