Жыр алыбы-Жамбыл


Менім пірім Сүйінбай,
Сөз сөйлемен сыйынбай.
Жамбыл.
Жоспар:
І. Өлең өнердің үздігі,
Жыр жұлдызы Жамбыл.
ІІ. Қазақ гомері-Жамбыл Жабаев.
А) Жамбыл шығармаларының салмақты бөлігі-айтыс, дастандар.
Ә) Екі ғасырды жырлаған ақын.
ІІІ. Жыр алыбының өнерпаздық жолы бүгінге жеткен мұра.
Өлең-жырдың шебері болған қазақтың көрнекті ақыны Жамбыл Жабаевтің ақындық жолы баршаға үлгі.Өмірінің қиындығына қарамастан жүрегі елім деп соққан ақын бала кезінен өлең жазған.Оның уытты өлеңдері халықтың тұрмыс-тіршілігіне, бай мен кедейдің арақатынасы жайлы болған.Өзінің жырлары арқылы сол замандағы ел арасында кеңінен жайылған парақорлық пен ұрлық, патша үкіметінің озбырлығын,ел басқарып отырған надан болыстардың іс-әрекетін ашық жайып салып отырған. «Заманның айғақ ақыны кім айтар Жамбыл болмаса»,-деп өзі айтпақшы, Жамбыл шындықты айтуды ақындық парыз деп санайды.Сондықтан да,
Шындық пенен аныққа,
Сайрайтын бұлбұл табылар.
Халықтың сүйген ақыны
Бұлбұл болып табылар,-деп, алған бетінен, әділеттік бағытынан қайтпаған ақын болса керек.
Жамбыл шығармашылығының салмақты бөлігіне айтыстарды жатқызамыз. Ол өзі айтыстың асқан шебері болған ақын. Өз заманында ешкімге дес бермей, жеңілудің не екенін білмеген.Атақты Сарбас,Досмағамбет, Құлмамбет ақындармен айтысы соның дәлелі бола алады.Әсіресе Құлмамбетпен айтысы Жамбылдың ақындық атын көкке жайған айтыс болды. Бұл айтыста Жамбыл өзінің білімінің Құлмамбеттен әлдеқайда жоғары екенін көрсете білгендіктен айтысты жеңіп шығады.Яғни халық тарихын жақсы білетінін аңғартып, халық мүддесі мен ел мүддесінің атынан сөйлейді.Оның барлық айтыстарынан тапқыр ой мен көркем тілді,ащы сатираны ,болашаққа болжай көз тіге білген ақын сарынын байқауға болады. Сол себепті де ол айтыстың жүлде бермес жүйрігіне айналған.
Туған елге, туған жерге деген біртұтас сүйіспеншілік сезімін ақын өзінің дастары арқылы жеткізген.Ол «Отанды қорғау-парызың,борышың» деп көрсете отырып, халықтың арманын жырлаған ақын.Оған айған «Сұраншы батыр», «Өтеген батыр»дастандары.
Жамбылдың есімі қазақ халқы үшін,қазақ поэзиясы үшін аса қымбат.Ол екі ғасырды жырлаған ақын. Халық басына түскен ауыртпалықты жеңілдетуді өзіне парыз санаған ақын.Ол халықпен бірге жасаған ақын: қуанса қуанған, күйінсе күйінген.Әсіресе Ұлы Отан соғысы кезіндегі айбынды жырларының майдандағы жауынгерлердің рухын көтеруге өз септігін тигізгені баршаға аян.Мысалы, «Ата жаумен айқастық» өлеңінде:
Асқар таудай еліме,
Байтақ жатқан жеріме
Шапты фашист дегенде,
Ашуменен аралас
Жыр да келді көмейге,-деп қаһарман халықтың жауға деген ыза-кегін суреттейді.Ол елдің күшіне, жауынгерлердің ерлігіне сенеді және жауды шаншып тастауға ұран тастайды.
Жаныштап басын жыланның,
Салайық, халқым, табанға,-дейді Жамбыл сендіре.
Жамбылдың қай шығармасын алсақ та ,оның халық мүддесіне қызмет еткені көрінеді. Өз Отанын шын сүйген, шығармаларымен елін қызғыштай қорғаған ақын Жамбылдың мұрасы кейінгі ұрпаққа аманат болмақ.Оның жырлары арқылы Отаншылдыққа, елге қызмет етуге, халқыңа адал болуға үндейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *