«Біржан мен Сара» айтысы ақындар айтысының асқақ үлгісі

«Біржан мен Сара» айтысы ақындар айтысының асқақ үлгісі.
Айтыс –ат бәйгесімен пара-пар.
С.Мұқанов



Жоспар:
1.Сөздің мәні айта білсе ашылады.
2. «Біржан мен Сара айтысы»- ақындар айтысының ішіндегі үздігі
а) Біржан мен Сара — өшпес өнер иесі.
ә) «Біржан мен Сара» айтысының қазақ ауыз әдебиетіндегі ерекшелігі.
3.Қос саңлақтың шешен сөздері- бүгінгі күнге дейін үлгі.
Қазақтың ауыз әдебиетіндегі ерте заманнан келе жатқан айтыс жанрының туу кезендері мен өзіне тән ерекшеліктері, даму тарихы бар. Қазақтың айтыс өнері- ат жарысымен, балуандар күресімен пара-пар. Демек, ақындар айтысы да жарыс. Бұл- өнер жарысы, сөз сайысы. Ақындар айтысы- айтыс жанрының кейінгі даму кезенінің жемісі. Ақындар айтысының өзіне тән ерекшелігі олар өлеңді тапан астынан шығарып, сұрауларға жауап беріп отырады. Бірін-бірі сүріндіру үшін өмір құбылыстарын жұмбақтап айта алатын болған. Бұнын өзі ақындардан сөзге жүйріктікті, білгірлікті, тапқырлықты қажет етумен қатар, елдің шежіресін, тарихын, ел жайын, сол елдің салт-дәстүрін толық білуді талап етеді.
Біржан мен Сара айтысы- өзінің құрылысы мен мазмұны жағынан болсын, көркемдігі жағынан болсын, қазақтың ақындар айтысының ішіндегі үздігі. Біржан мен Сара айтысы айтыстың екі түрін де, яғни қыз бен жігіт айтысы, ақындар айтысын толық қамтиды. Бір жағынан, бұл шаршы топта сөз толастырған саңлақ ақын жігіт пен шешен ақын қыздың дарынды айтысы болса, екінші жағынан, ру атынан сөйлейтін екі ақыннын да айтысының үлгісі болып саналады. 


Біржан да, Сара да- көпке мәлім, тарихта белгілі адамдар. Біржан жас шағынан әнге, өлеңге құмар болған. Өнер жолында түскен табиғи талант иесі көп ұзамай-ақ әнші-ақын, сол Біржан деген атаққа ие болады. Ел аралап, ән салып, айтысқа түсіп, ойын көркі, той көркі атанды. Біржан көптеген ән шығарды. Біржанның даңқы әуелде әнмен танымал болған. Әнді әрі шығарушы, әрі тамаша орындаушылығымен қатар, әніне лайық сөз өрнегін, бояуын таба білген ақын. Біржан мен Сара айтысындағы асқақ, өз сөздердің түп тамыры да осы қысқа-қысқа ән мәтіндерінде жатыр. Біржанның Сарамен айтысы- бүкіл халық игілігі, халықтың тамаша сүйсініп тындайтын өлеңі болады. Ән мен күй, асқақ жыр өнерлі Сараны ынтықтырып, оны өз биігіне бастайды. Сара жастай әкеден айырылып жоқшылық тақсіретін көп тартады. Сара көптеген ақындармен айтысқа, сөз сайысына түсіп, жүйріктерге алдырмаған. Оны мына өлең жолдарынан анғаруға болады.
…Мінеки, он сегізге биыл шықтым,
Сан жүйрік ілесе алмас самғағанда.
Біржан мен Сара айтысынын тақырыбы- әйел тендігі.Айтыста феодалдық заманның қатал да ащы шындығы бейнеленген. Қазақ әйелдерінің аянышты, қайғылы халі суреттеледі. Қалың мал-қазақ әйелдерін мықты шырмауы еді. Айтыста сол қырсықты ескі әдет-ғұрыпқа, салт-санаға наразылығын айқын да ашық білдіреді. Біржан Сараның осындай аянышты халіне күйінеді. Ақын қыз сол кездегі әйелдердің ауыр тұрмысын, әйелді тұтқындаған діни ұғымдарды айқын ашып айта біледі.
Айтыстың негізгі өзегі әйел бостандығы болса, мұнда айтыстың дәстүрлі әдісі бойынша, ру басыларын, би-болыстарын дәріптеу, мадақтау сияқты қайшылықтар да кездеседі.
Халық айтыстары,негізінен, екі ақынның бір-бірінің қай жағынан болсын кемшілігін табуға құрылады. Осы өнерімен тең түскен Сараны Біржан сүріндіру үшін Есімбек сияқты ел билеушілері жаны да , тәні де кемтар Жиенқұлға атастырып қойғандығын айтып, күйінің нашарлығын тілге тиек етеді. Сара Біржанға бар өнерін салып бақса да Жиенқұлға келгенде мүдіре береді,топ алдында жеңілгенін мойындап,өз басының мұңын,ішкі күйінішін жырға қосады. Өз басының мұңды халін ғана емес, қазақ қыздарының мұң шерін білдіреді. Осы айтыста екеуі де өздерінің адамгершілік ,ақындық сипаттарымен көріне біледі. Біржан да , Сара да үздік өнер иесі. Бір-бірінің бойындағы осы қасиеттерді қапысыз тани біледі.
Өлшеусіз талант, әрі әнші екі ақынның шешендік өнері-өзінің көркемдік жағынан бүгінге дейін үлгі.
Бүгінде сөзге жүйрік, ойы ұшқыр ақындар жаңа заманға лайықталған жыр жолдарымен, жарасымды әзіл-қалжыңдарымен таныла бастады. Бұл кезеңдегі айтыс халқымыздың салт-дәстүрі мен тұрмыс-тіршілігін, қазіргі таңның өзекті мәселелерін тілге тиек етеді.
Бұл өнер ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып, өрісі кеңейе түсетіне кәміл сенемін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *