ISO 9000 бойынша сапа мененджментінің жүйесімен (СМЖ) өзара байланыс.

ISO 9000 бойынша сапа мененджментінің жүйесімен (СМЖ) өзара байланыс. ISO 9000 бойынша халықаралық стандарттардың құрылымы. Сапа ілмегінің сапа мененджментінің жүйесімен байланысы. ISO 10011…10013 халықаралық стандарттары

Бүгінгі күні ИСО-ның 9000 сериялы стандарттарын әлемнің барлық елдері танып отыр, ұлттық стандарттар есебін қабылдап отыр және көптеген фирмалар іске енгізіп отыр. Сапа жүйесінде сертификаттаудың жоқтығы, сыртқы нарық кеңістігіне шығуға басты кедергі болып отыр. Трансұлттық компаниялар судпоставщиктерінен өз кәсікорындарында 9000 сериялы стандарттарды міндетті түрде енгізуді талап етіп отыр.

Аталған стандарттардың әлемге тарау деңгейін төмендегі цифрлардан көруге болады: 1993 – 750000 сапа жүйелері сертификатталды, 1995ж.–100000, ал 1997ж. басында — 250000.

ИСО тарапынан в 1987ж. қабылданып және 1994ж. жаңартылған ИСО 9000 – 9004 халықаралық стандарттарының пакетінде сапаны басқарудың әлемдік тәжірибесі шоғырланған және жинақталған.

ИСО 9000 стандарттарында фирманың қызметіндегі нақты жағдайға байланысты (сәйкес) стандарттарды таңдау және пайдалану туралы басшылық нұсқаулар келтірілген.

ИСО 9004 стандарты – кәсіпорында (фирмада) сапаға сәйкес жалпы басшылық жасау үшін әдістемелік нұсқаулар. ИСО 9001-9003 стандарттары – өндірістік процестің әртүрлі стадияларында сапаны қамтамасыз ету жүйелерінің модельдері.

ИСО 9000-де атап көрсететіндей, фирма немесе кәсіпорынның ішінде сапаны қамтамасыз ету – жалпы басшылықтың тірлігі.

Контракт түзілетін кезде, экспортердің сапаны қамтамасыз ету жүйесінің жағдайы контракт тарапында оған көрсетілетінін сенім шамасы болып табылады, әріптесінің сенімділігінің белгісі болып табылады.

Осыған байланысты контрактта экспортердің сапаны қамтамасыз ету жүйесінің ИСО 9001-9003 стандарттарының бәріне сәйкес келуін бағалау қарастырылуы мүмкін. Бағалауды импортер немесе екі жақтың өзара келісімі бойынша бейтарап ұйым жүргізе алады. Егер жүйе сертификатталған болып, контрагент сай келу сертификатын мақұлдаса, бағалау процесі жүргізілмейді.

Сапалы тауар нарық кеңістігін комплексті зерттеп отырған жағдайда ғана өндірілуі мүмкін.

Сапаны басқарудың осы заманғы жүйесінің ерекшелігі, ИСО 9000 стандарттарнан туындайтындай, нақты өнімнің сапасын қамтамасыз етуге бағытталуында. Өнімнің бірнеше түрлерін өндіретін кәсіпорында түрлі элементерімен өзгешеленетін бірнеше жүйелер болуы тиіс. Мысалы, Финляндияның «Нокия» фирмасының сапаны қамтамасыз ететін бірнеше дербес жүйелері бар («кабелдер, тұрмыс, электроника» және т.б.).

Сапаны қамтамасыз ету жүйесі «сапа тұзағының» барлығы стадияларында жұмыс істеуі тиіс, сапаға әсер ету сипаты бойынша жүйеде үш бағыт болуы мүмкін:

– сапаны қамтамасыз ету;

– сапаны басқару;

– сапаны жақсарту.

Cапаны қамтасыз ету – өнімнің сапасына қойылған талаптарға сай келтіру мақсатында «сапа тұзағының» әрбір этапын орындау үшін қажетті жағдайларда тудыратын шараларды жоспарлау және жүйелі түрде жүзеге асыру.

Жоспарланатын шаралар, әдетте, сапаны қамтамасыз ету бағдарламасына кіреді. (мысалы, өнім сапасын жоғарылатудың мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалары).

Сапаны қамтамасыз ету бойынша жүйелі жүргізілетін шаралар кәсіпорынның күнделікті немесе мерзімді түрде атқаратын жұмыстарын қамтиды (нарық кеңістігін зерттеу, қызметкерлердің квалификациясын көтеру, персоналды үздіксіз біліммен қамту және т.б.).

ИСО 9004 стандартындағы сапа «философиясы» сапаны қамтамасыз ету жүйесі туындайтын мәселелерді, олар пайда болғаннан кейін айқындасттындай емес, олардың алдын алатындай (ескертетіндей) болып жұмыс істеуі тиіс. Алдын алу (ескерту) шаралары болып табылатындар: инструменттерді дер кезінде жаңалап отыру; жабдықтарды жоспарлы түрде жөңдеу; жұмыс орындарында тиісті құжаттардың болуы және т.б.

Сапаны басқару – оперативтік сипатқа ие қызмет.

Бұл процестерге әсер ету, «сапа тұзағының» әрбір стадияларында сәйкессіздіктерді анықтау және оларды жою, және де сол ауытқулардың себептерін жою жөніндегі әрекеттер.

Сапаны жақсарту – техникалық деңгейді және өнім өндіру сапасын көтеру, өндірістік жағдайларды жақсарту, сапаны қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру бойынша күнделікті тұрақты атқарылатын жұмыстар.

7. ISO 9000:2000 бойынша сапа мененджменті жүйесінің негізгі ережелері. Сапа мененджменті жүйелерінің қажеттігін негіздеу

Сапа менеджменті жүйелері ұйымдардың тұтынушыларды қанағаттандыруын жоғарылатуға септігін тигізе алады.

Тұтынушыларға мінездемелері олардыңі қажеттіліктері мен күтулерін қанағаттандыратын өнімдер керек. Бұл қажеттіліктер мен күтулер өнімге күтулер өнімге дайындалған техникалық шарттарда беріледі және тұтынушылар талаптары болып есептелінеді. Талаптар тұтынушымен шартта бекітілінуі немесе ұйымның өзімен анықталынуы мүмкін. Қай жағдайда болмасын өнімнің қолайлығын ақыры тұтынушы бекітеді. Тұтынушылардың қажеттіліктері мен күтулері ауысып отырғандықтан, ал ұйымдар талас және техникалық прогреспен негізделген қысым көретіндіктен, олар өздерінің, олар өздерінің өнімдері мен өздерінің үрдістерін үнемі жетілдіріп отырулары керек.

Сапа менеджментіне жүйелі келісім, ұйымға тұтынушылар талаптарын талдауға, тұтынушыларға қолайлы өнімдерді алуға көмектесетін үрдістерді анықтауға, сонымен бірге осы үрдістерді басқарылатын жағдайда ұстап тұруға әкеліп соғады. Сапа менеджменті жүйесі тұтынушының, басқа да қызығушы тараптардың қанағаттануын арттыратын ықтималды көтеру мақсатында үнемі жақсартуға негіз бола алады. Ол ұйымның өзіне талаптарға толық сәйкес келетін өнімді тұтынушыларға жеткізу мүмкіндігіне сенімділік береді.

Сапа менеджменті жүйелеріне талаптар және өнімге талаптар.

ИСО 9000 стандарттар топшалары СМЖ талаптар және өнімдерге талаптар арасына өзгешіліктерді көрсетеді.

СМЖ талаптар ҚР СТ ИСО 9001 бкітілген. Олар қай категорияда болмасын өнімнің өнеркәсіптің немесе экономиканың қандай да болмасын секторындағы ұйымдарға жалпы және қолданылатын болып табылады. ҚР СТ ИСО 9001 өнімге қандай да болмасын талаптар бекітеді.

Өнімге талаптар топшыланатын тұтынушылар сұраныстарынан немесе нұсқаулықтар талаптарынан шығып, тұтынушылар немесе ұйымдармен бекітіле алады. Өнімдерге талаптар көп жағдайда үрдістермен байланысты, мысалы, техникалық шарттарға, өнімге стандарттарда, үрдістерге стандарттарда, келісім шарттарда және регламенттерде жазыла алады.

Сапа менеджменті жүйелеріне тәсілдеме.

Сапа менеджменті жүйелерін әзірлеу және енгізу мыналарды қосып бірнеше босқыштардан тұрады:

тұтынушылар және басқа да қызығушылық танытқан тараптардың қажеттіліктері мен күтулерін бекіту;
сапа саласында ұйымның саясаты және мақсаттарды әзірлеу;
сапа саласында мақсаттарға жету үшін керекті үрдісте және жауапкершілікті бекіту;
қажетті қорды бекіту және анықтау және олардың сапа саласында мақсаттарға жетуді қамтамасыз ету;
әрбір үрдістің нәтижелігі және тиімділігін өлшеу үшін әдістер;
осы өлшеулердің нәтижелерін әрбір үрдістің нәтижелігі және тиімділігін анықтау үшін қолдану;
сәйкессіздіктің алдын алу және олардың себептерін жою үшін керекті тәсілдерді анықтау;
сапа менеджменті жүйелерін үнемі жақсарту үшін үрдісті әзірлеу және қолдану.
Мұндай тәсілдеме сонымен бірге бар СМЖ жұмыс жағдайында ұстауға және жетілдіруге қолданылады.

Жоғарыда көрсетілген келісімді қабылдаған ұйым өзінің процестерінің мүмкіншіліктері және өзінің өнімінің сапалығына сенімділік қамтамасыз етеді, сонымен бірге үнемі жақсарту үшін негізді қамтамасыз етеді. Бұл тұтынушының және басқа қызығушы тараптардың қанағаттандырылуын және ұйым жетістігін жоғарылатады.

Үрдістік тәсілдеме

Кірістерді шығысқа айналдыру үшін кірістердің қандай да болмасын әрекет немесе әрекет кешендері, үрдіс ретінде қарала алады.

Нәтижелі қызмет ету үшін ұйымдар өзара байланысты және өзара әрекеттегі көптеген үрдістерді анықтауы және басқаруы қажет. Жиі бір үрдістің шығуы келесі бір кірістің енуін қамтамасыз етеді. Ұйыммен қолданылатын үрдістердің жүйелі сәйкестендірілуі және менеджменті, әсіресе, осындай үрдістердің өзара әрекеті үрдістің келісім болып есептеліне алады.

Осы халықаралық стандарт үрдістік келісімнің ұйым менеджментіне қабылдауына жол ашуға арналған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *