Әскери ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық климаттың компоненттері.

Әскери ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық климаттың компоненттері.

Ұжымның идеологиялық құрылымы ұжымның әлеуметтік-психологиялық климатын құрайтын қоғамдық пікірдің, көңіл-күйдің, қатынастардың қалыптасуына әсер етеді. Ұжымның жұмысқа қабілеттілігі осы әлеуметтік-психологиялық климаттан тәуелді болады. Дұрыс көңіл-күй мен пікірдің, қарым-қатынастардың қайнар көзін мектепте жүргізілетін тәрбиелік жұмыстардан іздеген жөн.

АӘД оқытушысы ұжымның психологиясының құрылымдық компоненттері туралы нақты ақпараттардан хабардар болуы қажет.

Қоғамдық пікір ұжым мүшелері арасында бөлістіретін ұжымды-бағалық стреотиптердің жүйесі бола отырып, нормативті ықпал мен қозғаушы күшке ие болады. Дұрыстық, жариялылық, қызбалық, үздіксіздік және қаталдық ұжымның әрбір мүшесінде болады және оның жүріс-тұрысын реттеуші болып табылады.

Көңіл-күй адамдардың жүріс-тұрысына, оқиғаларға, құбылыстарға, ақиқатқа ұжымның әсерлік-бағалық, топтық жауап қайтаруы. Ұжымның жалпы жағымдық көңіл-күйі жауынгерлердің жұмыс күшін оятады, белсенділігін арттырады. Сондықтан командир немесе АӘД оқытушысы жауынгерлердің, оқушылардың көңілін аулауға тырысады.

Ұжымның психологиялық кллиматының құрылымында дәстүр маңызды орын иеленеді. Әскери ұжымдағы әрбір жауынгер дәстүрді жалғастырушы болып есептеледі. Дәстүр өзінің мазмұны, пайда болу сферасы, тиімділігі бойынша әртүрлі болады, бірақ олардың тәрбиелік мәні мен жұмылдырушы күші басым болады. Әскери ұжымда қалыпты әлеуметтік-психологиялық климатты қалыптастыру үшін, әскер мен флоттың ұрыс дәстүрі мен бөлімшенің ішкі дәстүрін дұрыс үйлестіру қажет. Тәрбиелеу процесінде дәстүрді пайдалану жеке құрамның саналы түрде жетілуіне, ұрыстық шеберлігінің арттыруына, әскери тәртіптің орнығуына, ұжымның бірігуіне, жағымсыз құбылыстардың тумауына септігін тигізеді.

Адамдар арасындағы арақатынас олардың бірігуі нәтиежесін көрсетеді, өйткені, біріншіден, оларға боъективті, әлеуметтік негізделген тұлға аралық байланыстар сипаты тән. Бір жағынан, күнделікті қарым-қатынаста адамдардың бір-біріне әсері байқалады, ал екінші жағынан сол әсердің негізінде бір-бірінің ерекшеліктерін қабылдайды. Бұл тәрбиелік әсерді саналы түрде игеру формасында және еліктеу формасында жүзеге асырылады.

Екіншіден, қарым-қатынастар тұлғаның ұжыммен және оның мүшелерімен байланысының күрделі жүйесін құрайды. Демек, қарым-қатынастар көп адамның бір адамға жиынтық әсері болып табылады.

Үншіден, қарым-қатынастар адам мен ұжымның пікірінен, көңіл-күйінен анық білінеді. Сондықтан бағыныштылардың қарым-қатынастары әрқашан да кез-келген жетекшінің басты назарында болады.

Қарым-қатынастардың құрылымы бірнеше сферадан тұрады: қызметтік қоғмдық-саяси, тұлғааралық психологиялық қатынастар. Қызметтік және әлеуметтік-саяси қатынастар қызметпен байланысты міндеттерді орындау кезіндегі жеке құрылымның келісімді әрекетінің негізі. Бұл қарым-қатынастар кез-келген әскери ұжымның ұйымдық құрылымында, ресми құжаттарда, жалпы әскери жарғыларда бекітіледі. Олар жауынгерлерді жұмылдыратын (әрекетін өз бетінше бақылау, өзіне бұйрық беру, өзіне талаптар қою) алдын-ала жазылған ережелер мен нормалар түрінде орындалады.

Тұлға аралық психологиялық қатынастар (достық пен жек көрушілік, ұнату мен жирену т.б.) негізінде кездейсоқ қалыптасады, олар арнайы ұйымдастырылмайды. Бұл қатынастар ұйымда маңызды рөл атқарады және үнемі қадағалау мен бақылауды талап етеді.

Тәжірибеде қарым-қатынастың басқа да түрлері кездеседі: нормативті-ерікті, танымдық эмоциялық.

Нормативті-ерікті қарым-қатынастар заңдар мен жарғылардың талаптары бойынша қалыптасады.

Танымдық-кәсіптік қызметке қатысты процеспен байланысты. Мұндай қарым-қатынастар техникамен әуестенушілер, кітап сүйер қауым арсында құрылады. Мұнда адамдарды тануға ұмтылыс, саяси, қызметтік, тұрмыстық ақпараттармен өзара алмасу біріктіріледі.

Эмоциялық қатынастар белгілі сезімдер арқылы пайда болады: оптимизм, таным, қанағаттану немесе керісінше, пессимизм, өкпелеу, жабырқау. Алғашқы сезімдер қарым-қатынас нормаларын құруға мүмкіндік береді, ал екіншілері олардың бұзылуына әкеледі. Командир мен АӘД оқытушысының міндеті – осы нормаларды үнемі енгізіп отыру болып табылады.

Бөлімшедегі әдетті қарым-қатынастар болып әскери қызметкелер арасында қалыптасатын жарғылық қарым-қатынастар болып табылады.

Болашақ жауынгерлерде мұндай қарым-қатынастарды қалыптастыруға қызметке дейін, яғни АӘД пәні оқыту процесінде жүргізіледі. Жарғылық қарым-қатынастарды қалыптастырудың негізгі шарттары келесідей:

жауынгерлерді идеялық-өнегелі тәрбиелеуге бағытталған, жұртшылыққа сүйене отырып, командирлер мен бастықтардың тарапынан келісілген түрде ұйымдастырылған белсенді жұмыстар;
жауынгерлердің жарғылық қарым-қатынастардың принциптерін дұрыс түсінулеріне мүмкіндік беретін мақсатты бағытталған түсіндіру жұмыстары мен оларды жүзеге асыру;
жарғылық талаптара сай қатаң түрде жеке құрамның өмірі мен қызметін ұйымдастыру;
жауынгерлерге дербес түрдежақындасу, әрбір әскери қызметкерлердің категориясының ерекшеліктерін есепке алу.
Жетекші ұжымға толығымен, әскери қызметкерлердің жеке категориялары мен топтарына, жастарға, жауынгерлерге әсер етеді. Өзара байланысты әсерлердің сипаты ұжымдағы қатынастардың сәйкес жүйесін де қалыптастырады. Әскери ұжымдағы қарым-қатынастың кейбір түрлерін атап көрсетуге болады. Мысалы, бедел, яғни бір адамның (немесе топтың) басқа адамдарға психологиялық тұрғыдан әсер етуі: офицерлердің сарбаздарға, оқытушының оқушыларға, ұжымның тұлғаға және т.б. Әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде бедел келесілерден құралады: әскери жарғылардың беделді, лауазымдық беделі, әскери шеннің беделі. Әсіресе, әскери қызметкердің тұлғалық беделі өте маңызды.

 Адамдардың өзара қарым-қатынасы. әлеуметтік психологяилық құбылыстар. Кадрларды орналастыру. Ақпарат қозғалысы. Кадрлар алмасуы. Біріккен қызмет. Әскер ұжымындағы жағымсыз психологиялық құбылыстарды жеңу. Сыбыстар, бос әңгімелер, өсектер, үрей, байбалам, жікшілдік, жалған жолдастық, жалған табынушылық, көсем шексіздігі және т.б. жеке тұлғалар арасындағы қарама-қарсылықты ескерту мен жеңу.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *