Әскери қызмет жағдайындағы адамның сана-сезімдері.
Адамның өзінің не танитынын және нені істейтінін ойлауы және айналадағы заттарға, құбылыстарға, адамдарға қатынасты ойлауы сана-сезім деп аталады. Сана-сезім адамды қоршаған ортаға бағыттайды. Әскери қызметте жастарды дайындау сана-сезімнің болуын талап етеді. Сана-сезімнің ерекшелігі қандай болады?
Біріншіден, адамның сана-сезімі танымдық психикалық процестерден мазаұны бойынша ерекшеленеді. Танымдық процестерде адам қоршаған ортаны бейнелейді. Сана-сезімнің мазмұны болып, адамның өзі қабылдаған, таныған нәрселерін ойлап мазасыздануы табылады.
Екіншіден, адамның сана-сезімі сапасы жағынан әртүрлі болады. Егер түйсік туралы сөз қозғалса, онда оның 12 түрін атап көрсетуге болады.
Үшіншіден, адамның сезімі екі жақты сипатқа ие. Адамның әрбір сана-сезімінің антиподы (қарама-қарсы жағы) болады.Мысалы: қуаныш және қайғы, махаббат және жек көрушілік. Адамның сезімі тез өзгереді. Сондықтан, ол күрделі және сезімтал болып келеді.
Төртіншіден, адамның сезімі. Мысалы, бүгін жағымды сезімді тудырған құбылыс біршама уақыттан кейін, жағымсыз әсер етуі мүмкін.
Бесіншіден, адамның саяси сана-сезімі физилоогиялық процестермен байланысты: жүректің соғысы мен тыныс алу органдарының, асқазқан-ішек жолдарыныңқызметімен және т.б. Адамның ағзасы рефлекстердің негізінде жұмыс істейді. Сан-сезім осы рефлекстерге әсер етеді, сондықтан ағзаның қызметінің жақсаруына немесе нашарлануына да әсерін тигізуі мүмкін.
Алтыншыдан, адамның сезімі оның қызметімен байланысты болады. Кез-келген әрекет, кез-келген қызмет түрі үш кезеңге шартты түрде бөлінеді: адам әрекетке дайындалғанда – дайындық кезеңі; әрекет еткенде — әрекетті орындау кезеңі; әрекетті аяқтағанда – соңғы кезең. Мазасыздану кезіндегі іс-әрекеттің құрылымында бір эмоционалдық жағдайдан екіншісіне өтудің белгілі бір динамикасы болады. Сырттай сезім адамның бойында келесі жолмен пайда болады: тыныс алу жиілігімен тереңдігінің өзгеруі; қан айналымы. Ұялу мен қысылу адамның бетінің қызаруына әкеледі, ашу мен үрей өңін бозартады. Сезім адамның сөзінде, қимылында көрінеді. Оқытушы оқушылардың жағдайын олардың бет-әлпетінен, дауысынан, қимылынан аңғаруы қажет.
Адамның сезімдері мазмұны мен формасы бойынша әртүрлі болады. Адамның мазасыз формасына қарай үшке бөледі: эмоционалдық жағдайы немесе көңіл-күйі; Эмоционалдық қатынастар немесе өзіндік сезімдер (үрей); эмоциялық немесе эффектілер. Көңіл-күй – бұл әлсіз қарқындылықпен (мысалы, қамығу), біршама ұзақтылықпен, қауіпсіздікпен, айқынсыздықпен сипатталатын адамның тұрақты эмоциялық жағдайы, яғни әдетте олардың себептерін түсіне бермейді. Көңіл-күй диффузиялық сипатқа ие, яғни адамды толық қамтиды, оның психикалық процестеріне, жұмыс қабілеттілігіне, іс-әрекетіне әсер етеді. Көңіл-күйге бірқатар факторлар мен жағдайлар әсер етеді:
- әртүрлі органикалық процестер мен ағзаның жағдайы;
- қоршаған сыртқы ортаның ерекшеліктері. Ауа райы, тәртіп, тазалық, ғимараттың сырлануы мен жарық болуы, дыбыстық тқоздырғыштар;
- адамадар араысндағы ара-қатынастардың ерекшеліктері. Әдептілік пен ізеттілік көңіл-күйге оң әсерін тигізеді;
- оқудағы, жұмыстағы, қызметтегі жетістіктер немесе құлдыраулар.
Адамның сезімі төменгі және жоғарғы болып бөлінеді. Төменгі сезімдер адамның ағзасында болатын физиологиялық процестермен және оның материалдық қажеттіліктерін қанағаттандырып, қанағаттандырмауымен байланысты. Оларға аштықты, суықты, ауырды, шаршағанды сезіну жатады.
Жоғарғы сезімдер адамды оның қоғамдық қажеттіліктерін қанағаттандырып, қанағаттандырумен, сондай-ақ оның жеке көзқарасының қызметімен сәйкес келіп-келмеуімен байланысты туындайды.
Адамға қандай жоғарғы сезімдер тән?
Моральді-саяси сезімдер. Ол адамның немесе басқа адамдардың жүріс-тұрысының имандық талаптарына сәйкес келіп-келмеуін ұғынумен байланысты пайда болады. Моральді-саяси сезімдерге тоаншылдық, ұжымшылдық, жауыңа деген жеккөрушілік сезімдері жатады. Екіншіден, парасаттылық сезімдері саяси, ақыл-ой қызмет кезінде пайда болады және осы қызметке деген қызығушылық ретінде көрініс табады.
Парасаттылық сезімдеріне айқындылық, таңқалу, түсінбеушілік, сенімділік, күдік сезімдері жатады. Парасаттылық сезімдеріне ең алдымен адамның танымдық қызметімен, оқуымен байланысты.
Эстетикалық сезімдер әдетте объектілер мен құбылыстардың «әдемілігін немесе ұсқынсыздығын» сезінумен байланыста туындайды. Аффектілер – бұл жоғары интенсифтілікпен, жауапсыздықпен сипатталатын адамның эмоциялық реакциялары. Оларға диффузиялық сипат тән. Бір адамның аффектісі басқа адамдардың эмоциялық жағдайына теріс әсерін тигізеді.
Сана-сезімдер қуаттылығы, тұрақтылығы, тереңдігі бойынша бағаланады. Берік, күшті, терең сезімдерді құштарлық деп, ал оларды иеленуші адамдаы құштар адам деп атайды. Адамның сезімдерін сипаттай отырып, оның өзін қалай ұстайтынына, сезімдерін қалай басқаратынына назар аудару қажет.