- Әскери психологияның табиғи-ғылыми негіздері.
Әскери психологиянның табиғи-ғылыми негіздері жоғарғы жүйке қызметі туралы ілім болып табылады. Әскери психология объектілері адамның, тұлғаның және ұжымның психикасы болып табылатын білімнің басқа да шектес облыстарының жетістіктеріне сүйенеді. Адамның психикасы мидың фунциясы болып табылады. Ми – бұл адамның барлық органдарының өзара және сыртқы ортамен толық байланысын қамтамасыз ететін жүйке жүйесінің бір бөлігі. Мұндай байланыс жүйке жүйесімен оған тән қоздырғыш (қоздырғыштың әсерінен қозу жағдайына ұшырау қабілеті), өткізгіштік (қозуды өткізу қабілеті) және жүйке жүйесі тұйықталатын органдардың қызметін ынталандыру мүмкіндігі сияқты қасиеттердің негізінде жүзеге асырылады.
Адамның жүйке жүйесінің құрылысы қандай?
Жүке жүйесінің элементі жасуша болып табылады. Адамның жүйке жүйесі құрылыстары бірдей және бірдей қызмет атқаратын миллиардтаған (18-ге дейін) жүйке жасушаларынан тұрады.
Әрбір жүйке жасушасы ұзын өскін тәріздес денеден және айналасында шашырап тұратын бір немесе бірнеше қысқа өскіндерден тұрады. Кң үлкен жасушадағы өскіндер 1,5 метрге дейін созыла алады.
Жүйке жасушасының жұмысы қозуды тасымалдаумен қорытындыланады (120 м/с жылдамдықпен тасымалдайды). Бұл тасымал қысқа өскіндерден дене арқылы ұзын өскінге қарай бағытталған. Бұл қатынаста жүйке жасушасы жартылай жолсерік құралын үйлестіруді төменгі жүйке қызметі, ал ағзаның қоршаған ортамен байланысын, оның сыртқы жағдайлармен теңдесуін жоғарғы жүйке қызметі қамтамасыз етеді. Жоғарғы жүйке қызметінің заңдылықтары туралы ілімпсихологияның табииғи ғылыми негізін құрайды.
Ағзаның қоршаған ортаға реакциясын қамтамасыз ететін осы негізгі жүйке процесі рефлекс болып табылады. Ол сыртқы немесе ішкі ортадағы қоздырғыштардың әсеріне немесе органның орталық жүйке жүйесі арқылы жауапты реакциясын білдіреді. Рефлекстер шартты және шартсыз болып бөлінеді.
Шартсыз рефлекстер адамның өмір сүруі мен қызметінің нақты шарттарынан тәуелді болады. Олар мұрагерлікпен беріледі. Олардың жиынтығы туылысынан бағдарланған реакциялардың белгілі жүйесін құрайды. Шартсыз рефлекстер дем алу және жүректің соғысын, дене температурасының қалыптылығын көздің қарашығының тартылуы мен кеңеюін қамтамасыз етеді. Олардың сыртқы көрінісі бойынша жауынгердің жағдайы туралы (шошу, терең уайымдау, құштарлық немесе қинаушылық және т.б.) айтуға болады.
Қоршаған әлеуметтік және табиғи орта күрделі және жиі өзгеретін болса, онда шартсыз рефлекстер мақсатты реакциялармен мінез-құлұқты қамтамасыз етпейді. Сондықтан өмір сүру барысында шартты рефлекстер қалыптасады және олар белгілі бір шарттарға тәуелді болады. Олар дағдылар мен әдеттердің негізінде жатыр, мысалы: күн тәртібін нақты орындау, белгілі бір киім үлгісін киіп жүру ережесін қатаң сақтау, әскери ант беру, дұрыс жүріп-тұру және т.б.
Шартты рефлекторлы байланыстар ми қабығында заңды түрде, қозу және тозу процестерінің, шартсыз рефлекстердің негізінде қалыптасады. Қозу уақытша жүйке байланыстарының құрылуына, ал тежеу олардың бұзылуына әкеледі.
Шартты рефлекстер ми қабығында алғашқы және екінші белгі беру жүйелерінде қалыптасады. Тікелей қоздырғыштарға дұрыс реттеуді қамтамасыз ететін шартты рефлекстер жүйесі алғашқы дабыл жүйесі деп аталады. Оның негізінде барлық тікелей түйсіктер қабылдау және сәйкес реакциялар туындайды. Алғашқы белгі беру жүйесі жануарларда дамыған. Екінші белгі беру жүйесі тек адамда ғана бар. Ол адамға әлеуметтік ортаға бағдарлануға, қоршаған әлемнің мәнін ортаға бағдарлануға, қоршаған әлемнің мәнін түсініп, саналы әрекет жасауға мүмкіндік береді.
Өзінің әсерінен екінші белгі беру жүйесін қалыптастырып, қызметін реттейтін қоздырғыш сөз делінеді.
Сөз – бұл тікелей қоздырғышқа қатысты белгі. Екінші белгі беру жүйесінің көмегімен адам дыбысқа емес, сөздің мағынасына көңіл аударады.
Әскери психология үшін маңызды орынға динамикалық стреотип ие. Қоздырғыштар жүйесі тұрақты немесе аз тұрақты болады. Бұл әсіресе күн тәртібін күнделікті орындайтын әскери қызмет үшін тән нәрсе. Көптеген шаралар (әскерде – бұл ұйқыдан тұру, физ жаттығу, төсек жинау, таңғы тексеру, тамақтану, ал мектепте – сабақтар, кезекшілік) күнде қайталанып тұрады. Динамикалық стреотип – шартты рефлекстердің жиынтығы деп түсінуі қажет.
Сәйкесінше сыртқы қоздырғыштар жүйесінде адамдағы стреотип деп аталатын шартты рефлекстер жүйесі қалыптасады. Ол өзгіріске жиі ұшырайды. Алайда, адам жаңа өмір сүру ортасына келгенде ескі стереоти бұзылып, жаңасы пайда болады. Ол әдетте жұмысқа қабілеттілік пен мінез-құлыққа әсер ететін күшті уайымдаушымен бірге жүреді. Бұл жағдай жауынгерлерді басқару, оны оқыту мен тәрбиелеу мен ұйымдастыру бойынша жұүмыстар жасау кезінде ескеріледі.
Әскери психологияда кері афферентация идеясы болады. Оның мәні келесідей: рефлекс ағзаның жауапты реакциясымен аяқталмайды. Жүйке жолдары арқылы миға реакция туралы кері ақпарат келіп түседі. Оның көмегімен түзетулер жасалады.
Әрекет акцептары – адамның өмір сүру процесінде қалыптасатын ми қабығындағы физиологиялық жүйке аппараттарын білдіреді. Оның мәні белгілі бір жағдайларға қажетті әрекеттерді алдын-ала жоспарлау. Осы мезанизм бойынша болашақ қызмет туралы оқушылардың, болашақ жауынгерлердің көзқарасын қалыптастыружұмыстары жүргізіледі.