Ұжымдасу жалпы халықтық, ұжымдық және жеке мүдделердің сәйкестенуі. Әскери ұжым және оның мүмкіндіктері. Әскери ұжымның әлеуметтік-психологиялық климаты. Қоғамдық пікір. Көңіл-күй

Ұжымдасу жалпы халықтық, ұжымдық және жеке мүдделердің сәйкестенуі. Әскери ұжым және оның мүмкіндіктері. Әскери ұжымның әлеуметтік-психологиялық климаты. Қоғамдық пікір. Көңіл-күй

 

  1. Ұжым-ұжымдық және жеке мүдденің үйлесімі.

 

Тек ұжымда ғана тұлға өзінің талаптарын жан-жақты дамытуға мүмкіндік беретін құралдары табады және ұжымда ғана жеке еркіндікке ие болады. Ұжым әрбір адамның күшін көбейтеді және еңбек процесіндегі қоғамдық қатынас жеке тұлғаның өнімділігін ұлғайтатын бәсекелестікті тудырады және өмірлік энергиясын қоздырады. Өз кезегінде ұжымның әрбір мүшесі өзінің жолдастарына, ұжымға әсер етеді. Бұл әсер ұжымның психологиясында көрініс табады.

 

  1. Әскери ұжым және оның ерекшеліктері.

 

Әскери ұжым дегеніміз жеке құрам өмір сүретін, жауынгерлердің рухани бейнесі мен шеберлігі қалыптасатын қоғамдық-идеялық, психологиялық орта. Ол басқа ұжымның түрлерінен алдына қойған мақсаттары мен Отанды қорғау міндеттерімен ерекшеленеді. Егер бөлімшенің мүшелері өздерінің міндеттері мен бағыттарын терең түсінсе, онда ол нағыз әскери ұжым деп танылады. Болашақ жауынгерлер әскери қызметтің мақсатары мен міндеттерін мектепте, әсіресе алғашқы әскери дайындық сабағында кеңінен түсінеді. Әскери ұжымның ерекшеліктері олардың алдына қойған мінтерінің қаруды, ұрыс техникаларын қолдану арқылы шешілетіндігімен байланысты болады.

Осыған сәйкес, барлық мүшелері батыл мүшелері батыл, өжет, шыдамды, соонымен қатар техника мен қаруларды шебер қолданатын ұжым, нағыз әскери ұжым болып есептеледі.

Әскери ұжым өз мүшелерінің арасындағы арақатынас пен тәртіптің арнайы нормалар мен ережелер тек әскери қызметтің талаптарына ғана емес, әскери қызметтің қажеттіліктеріне де сәйкес белгіленеді. Олар жалпы әскери жарғыларда көрсетіледі.

Әскери ұжымның барлық мүшелерінде әскери бөлімге, жолдастарына, жауларына деген белгілі бір қатынас пайда болады. Бұл қатынастар әскери этиканың нормаларын құрайды. Егер жауынгерлердің Отан алдындағы борышын өтеу, серт пен дәстүрге деген адалдық, жауларға дегенөшпенділік сезімдері болмаса, онда ұжым ұрыс тапсырмаларын орындауға дайын емес деп есептеледі.

  Қарулы Күштерде тұлғаның ұжымға бағыныштылығы принципі – бөлімшенің барлық жауынгерлері командирге мемлекеттің өкілі ретінде сөзсіз бағынулары тиіс.

Әскери психологияда әскери ұжым дегеніміз ҚР Конституциясына сәйкес әскери қызметкерлердің ұрыс техникалары мен қаруларын қолдану арқылы орындайтын қызметтерінің, идеялық және моральдық ұстанымдарының негізінде жоғары ұйымдастырушылығымен, ұрысқа дайындығымен, қабілеттілігімен көзге түсетін командирдің басшылығымен ұйымдасқан түрде бірлесуі.

 

  1. Әскери ұжымның ішкі ерекшелігі.

 

ҚР Қарулы Күштерінде ұжымның әртүрлі болуы тән. Әскери ұжымды дифференциялаудың негізгі критерийлерінің бірі әскери қызметкерлерді қызмет категорияларына қарай: офицер, прапорщик, сержант, сарбаз деп бөлу болып табылады.

Әскери ұжымды ішшкі ұжымдық қатынастың түрі бойынша бөліпкөрсетуге болады: бір ұжымдағы әскери қатынас ұжымдық қызметтің негізін құрайды, ал басқа бір ұжымда қатынас демалыс уақытысында негізделеді, өйткені ұжымның барлық мүшелері жеке қызметпен айналысады. Сондай-ақ сапалық сипат та ескеріледі, идеялық-өнегелі кәмелеттіктің, ұйымшылдықтың, ұжымдық ұрыс шеберлігінің, тәртіпке бағыныштылықтың, қол жеткен нәтижесінің деңгейі және т.б.

Штаттық-ұйымдық құрылымға (бөлімшеге) сәйкес құрылған ұжымдар әдетте негізгі әскери ұжымдар деп аталады. Сонымен қатар жастар, спорттық, көркемөнерлік ұжымдар мен үйірмелер жұмыс атқарады.

Тұлғамен ең жақын қарым-қатынастағы ұжым ұштасқан деп аталады. Ұжымның бұл түрі экипаждан, жұптық топтан,, есептен, жұптық шолғыннан құралады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *