Қазіргі ауыл мектептеріне оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру
Оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру және іске асыру әдістері:
Сөздік әдістері (әңгіме, әңгімелесу);көрнекілік әдістері (иллюстрация, демонстрация, оқу теледидары); практикалық әдістер ( жазба жаттығулар, лабораториялық, практикалық жұмыстар, тәжірибе және бақылау, оқушылардың өндірістік бригадаладында, шеберханаларында, еңбек тапсырмасын орындау, оқыту машиналарымен жұмыс, дыбыс жасап шығарушы аппаратуралар т.б.); индуктивті әдістер; репрадуктивті, проблемалы ішінара іздену әдістері, өз бетінше жұмыс істеу әдістері.
Оқу-танымдық іс-әрекетінің ынталандыру әдістері оқушылардың танымдық ықыласын қалыптастыру әдістері; оқудағы жауапкершілікті қалыптастыру әдістері; оқудағы жауапкершілік және міндетті ынталандыру әдістері: оқудың қогамдық және жеке адамның маңыздылыгын түсіндіру, оқыту талаптарын қою, мадақтау, ұялту.
Оқу-танымдық іс-әрекетінің тиімділігін бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері: ауызша бақылау әдістері; жазбаша бақылау
әдістері;лабораториялық бақылау әдістері; машиналы бақылау әдістері; өзін-өзі бақылау әдістері.
Ю.К.Бабанский ұсынған жіктеуде оқыту әдістері педагогика оқу құралында толық баяндалған. Сондықтан әрбір әдістерді жеке-жеке сипаттаудың қажеті жок сияқты.
Қазіргі жағдайда білім беру ісін одан әрі жетілдіру мақсаты мен оқыту әдістерін бірыңғай жүйеге келтіру басты мәселелердің бірі. Бірақ бұл жөнінде ғалымдар арасында бірығай көзқарастардың жоқ екені байқалады. Мұның себебін қалай түсіндіруге болады?
Біздің байқауымызша, оқыту әдістерін жіктеуді әрбір автор өзінше дәлеледейді. Мысалы, кейбіреулер оқыту әдістері жіктеудің қызметінің білім көзі, біреулер дидактикалық міндеттерді, ал қайсы біреулер окушыладың танымдық іс-әрекетін негізге салады т.б. Екіншіден, оқыту әдістері мен тәсілдерінің шекарасы жылжымалы болады деп жоғарыда айтылған. Сондықтан оқыту ережесінде кейде әдіс тәсілге, ал тәсіл әдіске ауысып отырады. Үшіншіден, бір әдіс ір түрлі дидактикалық мақсаттарға қызмет көрсетеді. Мысалы, әңгіме әдісі жаңа білімді меңгеру, білімді, іскерлікті, дағдыны тексеру, дидактикалык міндеттерін шешуде қолданылады.
Оқыту әдістерін жіктеуде, сірә, мына мәселелерді ескеру қажет: а) әрбір әдіс оқуты процесінде дидактикалық міндетті шешеді; э) мұғалім мен оқушылардың өзара байланыс іс-әрекеті таным қабілетін дамытудың негізгі құралы; б) әрбір автордың пікірін ескеріп, оқыту процесін тиімді ұйымдастыру.
Сонымен, қазіргі қоғам өмірінің барлық салаларын жаңарту кезеңінде оқыту әдістерін терең зерттеп олардың ғылыми негізделген жіктеуін жасау ғалымдардың алдында тұрған басты міндеттердің бірі.
2. Мектептегі білім сапасын басқару құрылымы
Мектептің құрылымы
Бастауыш саты 1-4 сынып.
Баланың оқкға деген ерекше қабілеті мен құлшынысын дамыту
Негізгі саты 5-9 сынып
Жеке тұлғаның жан-жақты білім алуын қалыптастырып, өзін-өзі айқындау қабілетін жетілдіру.
Бағдарлы саты 10-11 сынып
Қоғамдық өмірге төселген, жоғары мәдениетті, саналы таңдаумен бағдарлы білімді игерген жеке тұлғаны қалыптастыру.
Компьютерлендіру
Компьютерлік сауаттылық – негізгі міндет (5-11 сынып). Қазіргі компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін пайдаланып, оқу үрдісінде ақпарат құралына айландыру.
Тәрбие жүйесі.
Сыныптан тыс бос уақыттарын ұйымдастыру арқылы оқушылардың жеке шығармашылық қабілеттерін жан-жақты дамыту.
Мектептегі білім сапасын басқарудың тиімділігі мен ықпалдылығы.
Мақсаты: Білім сапасын басқарудың педагогикалық үрдістік дамуына, нәтижеліктің қалыптасуына, даму рижміне әсер етуін анықтау.
Міндеттері:
1.Педагогикалық ұжымды бір мақсаттылық ұйымдастыру.
2. Ынтымақтастық, мектеп өміріндегі жариялықты қалыптастыру.
3.Ұжымдық шығармашылықпен жұмыс істеуіне әкімдік тарапынан қолайлы жағдай туғызу.
4. Мектепішілік мәдениетті қалыптастыру.
5.Оқушылардың дамуы және білім алу деңгейін, білім, білік дағдыларының сапасы.
6. Оқу процесінің
7. Негізгі және негізгі емес пәндердің оқытылу жағдайы,оқушылардың білімі, білік дағдыларына қажетті «жөндеу», коррекция. Үлгермеушілікті болдырмау туралы.
8.Пәндік бірлестіктерді, орталықтарды құрудағы басшылық жұмыстың нәтижесі.
9. Инновациялық технологияларды енгізу.
10. Мұғалімдердің өзіндік білімін көтеру, ғылыми-әдістемелік зерттеу жұмыстары.
11.Мектептің оқу-маериалдық базасын нығайту.
3. Мектептегі білім беру сапасын көтерудегі проблемалар, кедергілер, кедергілерді жою жолдары, түпкі нәтиже.
Проблема: Мектеп түлектерінің білім сапасын нарық талабына сай
қалыптастыру.
Кедергілер: Мектеп оқушыларының саналы түрде ілім-білімге (оқушылар) құлшынысының аздығы.
- Мектеп талабымен ғана шектеліп, өзін-өзі алдау, үйде, көшеде өзгеруі.
- Пәндерге қызығушылық танытпауы, тапсырманы мұғалім үшін, баға үшін орындалуы.
- Болашақ туралы аз ойлауы, кейбіреулерінің мүлдем ойланбауы.
- Көркем әдебиетті оқымай, теледидер, компьютерлік ойындарға бой ұруы.
- Жоғары оқу орнына өз талантымен емес, ата-анасының көмегімен түсуі.
(мұғалімдер)
- Ғылыми-әдістемелік базаның жұтандығы (бағдарлмамлар, дидақтикалық материялдар, әдістемелік көмекші құралдар, т.б ).
- Ата-аналар мен мектептің байланысының аздығы.
- Психологиялық қызыметтің болмауы.
- Педтехнологиялардың тиімді пайдалана алмауы.
- Ұстаздардың кәсіби біліктілігінің төмендегі, әкімшілік тексерістерден қашуы.
- Шығармашылықпен жұмыс істеуге қабілетсіздігі.
- Үнемі жұмысты жаңаша бастаймын деп ойлануы, бірақ бұрынғы әдіс-тәсілдермен сабаққа дайындықсыз келуі.
Кедергілерді жою
жолдары:
- Оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік жұмыстарын дамыту барысында кешенді-мақсатты бағдарлама жасау.
- Аттестация, педұжымы моральдық-материялдық жағынан ынталандыру жұмысын жүйелі жолға қою.
- Курстар, үнемі білімін жетілдіріп отыру.
- Ғылыми-әдістемелік орталық құру.
- Оқушының қабілеті мен білімін көтеру мақсатында оқу жоспарларын жасау.
- Тәрбие сағаттарын дұрыс ұйымдастыру, өмір сүруге қабілетті етіп тәрбиелеу.
- Ата-аналармен тікелей байланысты.
- Психологиялық қызметті мақсатты түрде қалыптастыру.
- Біртұтас, жүйелі түрде мониторинг, рейтинг жасап, салыстырмалы нәтижелерін шығарып отыру.
- Қосымша танымдық сабақтарды көбейту.
Түпкі нәтиже:
- Еңбекте, оқуда өзіндік білімін жетілдіруге төселген, нарықтық экономиканың талабына сай, білімін сапалы түрде жалғастыра алатын жеке тұлға дайындау.
4. Дарынды балалармен әлеуметтік-педагогикалық
жұмыс ерекшелігі.
Дарынды және ерекше қабілетті балаларды оқытып, төрбиелеу қазіргі күні өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бұл — мектепте мүғалімді, отбасыңда ата-ананы және дарынды баланың өзін мазалайтын ерекшелік. Мұндай болуының себебі алдымен оны дер кезіндс жыға тану қиын, өйткені баланың қабілетті скенін барлық адам бірден байқамайды. Ал егср оны таныған күнде одан соң сол дарынның орнын тауып дамыту, қоғамның керегіне, баланың өзінің бас пайдасына жаратуына жағдай жасау маңызды. Іштен «қозғап», «түрткі беріп» тұрған психикалық ерекшеліктің не нәрссгс жетелеп, қайда апарып соқтырарын ешкім дөп басып айта алмайды. Дарынды баланың өзі және оны қоршаған ересектерді мазалайтын басты сұрақтар: дарындылық сипаты мен дәрежесі қандай және ол қай бағытта қандай жұмыс түрлері оны жетістіктерге алып келеді? Бала өзінің қабілетін қай салаға бағыттауы керек? Баланың өзі соны біле ме және білсе оның ойында не бар? Мұндай ерекшелігі бар баланы қабілетті немесе дарынды деп қарастыруға болады. Қабілет — тұлғаны ерекше жетістіктерге алып келетін жеке психикалық сапа. Қабілеттің белгілі бір іс-әрекет түрінде нақты байқалуы тұлғаның жеке ерекшелігі болып табылады. Қабілеттілік бір ғана бағытта емес көп қырлы болуы мүмкін, сол себепті «егер адам бір нәрееге қабілетті болса, барлығына қабілстті» деген соз бар. Ондай адамдар көп жағдайда кез келген істі табысты атқарып игілікке жету мүмкіндігіне ие. Олар кәсіпті жақсы меңгереді, білімі мықты, еңбегі нәтижелі болады. Олардың көп қырлы қабілеті істің «көзін табуға», кез келген ахуалдан шығармашылықпен жол табуға, болжауға және іс жүзінде табысқа жетуіне көмектеседі.
Қорытынды.
Оқушылардың дарындылығын артыру.
Қорыта келгенде Ел президенті Н.Назрарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында «Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтылған өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтаумыз қажет» деген сөздері бар.Демек оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, қазіргі техниканы пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу ұстаздардың басты міндеті болуы тиіс.
Қорыта келгенде, қабілетті, дарынды оқушыларды таба біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін арттырып, өзара қатысты жақсартып, ата-ана→мектеп→оқушы→ұтаз байланысын жоғары ұстап, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқушының білімге ынтасын арттыру қажет. Ең бастысы, табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйын одан әрі дамытып, ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыра білейік дегім келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер.
- Қазақстан мектебі журналы, 2003ж. №1, 49 бет.
- Сынып жетекшісі журналы, 2007ж. №6, 18бет.
- Мектеп журналы, 2005ж №7, 9 бет.
- Халитова І.Р. Мектеп-ауылды жердегі әлеуметтік-педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыру орталығы. ХХІ ғасырдағы қазақ мектебі: даму болашағы./ғылыми-практикалық конференция материялдары 2-том. Алматы,2006ж.