Халықаралық сауда. Сауда және төлем балансы.

Халықаралық сауда. Сауда және төлем балансы.

Әлемдiк шаруашылық — бұл халықаралық еңбек бөлiнiсi жүйесiне ұлттық шаруашылықтарды бiрiктiретiн ғаламдық экономика. Әлемдiк шаруашылық халықаралық экономикалық қатынастар түрiнде жүзеге асады. Халықаралықэкономикалық қатынастар түрлерiне мыналар жатады: халықаралық сауда, капитал шығару және халықаралық несие, халықаралық валюталық қатынастар, халықаралық жұмысшы күшi миграциясы, халықаралық ғылыми-техникалықжәне өндiрiстiк қатынастар және т.б.

Халықаралық сауда – бұл әлемдегi барлық елдердiң сыртқы саудаларының  жиынтығын көрсететiн халықаралық қатынастар жүйесi.

Халықаралық сауда көлемi экспорттық және импорттық квоталармен айқындалады. әр елдiң халықаралық саудаға түсу деңгейi мен дәрежесi оның ресурстық потенциалымен айқындалады.

ұлттық шаруашылықтарды ортақ әлемдiк шаруашылыққа бiрiктiрудiң негiзiн халықаралық еңбек бөлiнiсi құрайды. Оның мәнi – әлем елдерiн бiрiктiру, ал нәтижесi – әлемдiк масштабта еңбек өнiмдiлiгiн арттыру.

Халықаралық еңбек бөлiнiсi дегенiмiз бұл елдердiң ұлттық шаруашылықтарының ең жоғарғы тиiмдiлiкке жеткiзетiн тауарларды өндiруге мамандануы.

Д. Рикардо, елдiң белгiлi бiр өнiм түрiн өндiруге бейiмделуiн түсiндiру үшiн  «салыстырмалы артық шығындар теориясын» ұсынады. Оның ойынша, «белгiлi бiр өнiм түрiн өндiруге мамандану тиiмдi болады, егер де сол өнiмдi өз елiнде өндiру басқа елдермен салыстырғанда аз шығынды талап етсе».

Мемлекет протекционизм және еркiн сауда саясатын жүргiзу арқылы экспорт пен импорт қатынасын реттейдi.

Протекционизм – бұл импортты шектей отырып, ұлттық экономиканы шет ел тауарларынан қорғауға бағытталған саясат.

Фритредер – еркiн сауда саясаты.

Протекционизм саясаты келесiдей бағыттарда жүргiзiледi:

—         импорт кезiнде жоғары кеден алымы бар және экспорт кезiнде төмен мөлшердегi кеден салымдары;

—         тарифтiк барьерлер: контингентирлеу, лицензиялау, мемлекеттiк монополия.

Фритредердiң негiзi Д. Рикардоның «салыстырмалы артық шығындар теориясы» жүзiнде тiркелген. Ол 18 ғасыр соңында протекциондық әрекетке қарсы пайда болған. Қазiргi таңда фритредер жеңiске жетiп, «ашық» экономика теориясына енгiзiлген.

Елдiң ағымдағы  сыртқы экономикалық жағдайын төлем балансы арқылы көруге болады.

Төлем балансы – бұл шет елге төлем мен белгiлi бiр уақыттағы шет елден түскен кiрiстiң қатынасы. Оның iргетасын сауда балансы құрайды.

Сауда балансы – бұл тауар экспорты мен импортының қатынасы. Оның негiзiн ел шекарасынан өткен тауарлар жайлы кедендiк статистика мәлiметтерi құрайды.

әлемдiк шаруашылықтың субъектiлерiне трансұлттық компаниялар (ТНК), халықаралық интеграциялық бiрлестiктер: ЕЭС – Европалық экономикалық қауымдастық, ЕС – Европалық  Одақ,  ЕАСТ – Европалық еркiн сауда ассоциациясы, яғни БҰҰ, ОПЕК, ГАТТ – сауда және тарифтер бойынша Бас келiсiм, Халықаралық валюталық қор, Қайта құру және дамудың халықаралық банкi және т.с.с., жатады.

Халықаралық жұмысшы күшi миграциясы – ұлттық шекарадан өткен, көшкен, ауысқан еңбекке қабiлеттi халық қозғалысы. Оның екi түрлi себептерi бар: экономикалық және экономикадан тыс.

Экономикалық себептерге мыналар жатады: төменгi квалификацияланған жұмыс күшiне деген сұраныстың төмендеуi мен ұсыныстың өсуi, халықаралық  жалақы  айырмашылығы.

Экономикадан тыс себептерге: демографиялық жағдай, саяси, дiни, ұлттық, мәдени, жанұялық және т.б. факторлар жатады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *