Тұлғаралық қарама-қайшылықтардың алдын алу мен жою.
Ұжым адамдардың жолдастық ынтымақтастығы мен бір-біріне көмек көрсетуіне негізделген. Алайда жекеленген топтарда бәрібір дау-дамай болу мүмкіндігі орын алады. Әскери ұжымның ерекшеліктерінің бірі оның әртүрлі өндірістік, спорттық ұжымдардан келген адамдардан құралуы. Бұл адамдардың идеологиялық шыңдалу, жалпы және кәсіби дайындық, ұжымдық ерекшеліктерінің даму деңгейі әртүрлі болады және бұл ерекшеліктері әскери ұжымға бейімделуіне ықпал жасайды.
Ұжымда өзара түсініспеушіліктің болуы, даудың пайда болуына әкеледі. Дау-дамай дегеніміз эмоциялық жағдайға байланысты өзара түсінесе алмайтын адамдардың арасындағы қарама-қайшы қатынас түрі. Ұжымдағы даулар келесі себептер бойынша туындайды:
- жетекшілердің жеткіліксіз дайындығы, тәрбиесіздігі, адамдарды немесе белгілі бір қызмет түрін басқара алмауы, жетекшінің стилі мен ұжымның жетілу деңгейінің сәйкессіздігі;
- әлеуметтік жағынан жетілмеген тұлғалардың болуы: тәртіп бұзушылар, пайдақорлар, өзімшілдер, мансапқорлар, ұрлықшылар, маскүнемдер және т.б.
- жеке мүшелерінің саналы тәртібінің болмауы;
- жаңалыққа қарсыласуға әкелетін жұмыстағы салғырттық;
- ұжымның жеке мүшелерінің мінез-құлықтарының дертке айналған ерекшеліктері (қызғаншақтық, дөрекілік, өсек-өтірікке бейімділік, дау-жанжалға жиі килігу);
- жеке тұлғалардың әлсіздігінен, мейірімсіздігінен, шектен тыс билікке құмарлығынан, әдепсіздігінен икемсіздігінен көрінетін моральдық тәрбиенің жетіспеуі;
- жеке тұлғалардың бірін-бірі түсінбеуі немесе түсінуге тырыспауы (беделіне әдейі нұсқан келтіреді деп түсініп, өзіне айтылған сынды дұрыс қабылдамау);
- қоғамдық және топтық мүдделері арасындағы қарама-қайшылықтар (рушылдық пен ведомствовалық т.б.);
- жеке тұлғалар мен ұжымның орындалмаған күтілімдері.
Даулардың келесідей түрлерін атап көрсетуге болады: ішкі тұлғалық дау қандай да бір ішкі қарсылықтың нәтижесінде пайда болады. Мысалы, жеке қалау-тілек, объективті мүмкіндіктер, дәлелдердің ұштасуы, күдік және т.б. Сыртқы проблемалық жағдай ішкі дауды субъектіге жүктелген және оның қол жеткізуге тиісті міндеттерінің арасында тудырады.
Даулы жағдайды шешу үшін педагогикалық және әкімшілік шаралар ұжым мен оның өнегелі-психологиялық дамуының сақталуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық ықпалдың негізгі құрамы болып сендіру әдісі табылады. Әкімшілік шараларға күштеу (мысалы, басқа ұжымға мәжбүрлеп ауыстыру) мен тәртіптіік жазалау жатады. Даудың негізінде бір адамның әрекетінің басқа адмның күтушілеріне сәйкессіздігі жатқанын есерту қажет. Яғни, әрбір адамның әртүрлі мүмкіндіктері мен тілектері, ұштылыстары мен қөзқарастары болады.
Әскери ұжымға негізінен әскери қызметкерлердің оқуын, қызметін ұйымдастырудағы тиіспеушілік жағдайы тән.
№8. Әскери тәртіп пен жарғы тәртібі психологиясы. Тәртіпті күшейтудегі кешенді шаралар. Тәртіпті күшейту және жауынгерлерге жарғы тәртібінің тәрбиелеуші әсерін көтеруші психологиялық жағдай. Жарғылық қарым-қатынас және жарғы тәртібі әскери ұжымның тәртібі.
1. Жауынгер мен әскери ұжымның тәртібі және тәртіптілігі.
Әскери тәртіптің рөлінің артуы халықаралық жағдайдың күрделігімен, нақты әскери қауіптілікпен, қазіргі заманға сай соғыстың талаптарымен байланысты. Әскери тәртіп – бұл сәтті оқудың, ұйымдастырылған қызметтің, ұрысқа дайындығын қамтамасыз ететін талаптар ерекше мүмкіндіктер мен тиянақты иемденген. Әскери тәртіптің мәні қаззіргі заманғы техникалар мен қару-жарақтарды меңгерумен, пайдаланумен байланысты әскери еңбектік шиеленістердің күрделенуімен және қуаттылығының артуымен жоғарылай түседі.
Қазіргі уақытта үлгілі нақты орындаушылықпен, ұйымдасушылықпен сипатталатын, жұмыста жоғары әдениеттілікті сақтауға, ұжымда дұрыс саяси-моральдық жағдайды, жоғары саяси және әскери қырағылықты қолдауға мүмкіндік туғызатын жоғары саяси және әскери қараңғылықты қолдауға мүмкіндік туғызатын жоғары тәртіп деңгейі қажет.
Бөлімшеде әскери тәртіпті нығайту бойынша жұмыстар көп жоспарлы түрде жүргізіледі. АӘД оқытушысы сияқты офицердің «тәртіп» туралы түсінігі келесідей:
- адамдарға қойылатын талаптар жүйесі. Тәртіптің талаптары ҚР Конституциясында, әскери антта, әскери жарғылар мен заңдарда көрініс табады;
- адамдардың сәйкес талаптарды орындауы. Демократиялық қоғам, әскер мен флот жағдайында бұл саналы тәртіп делінеді;
- жеке құрамның өз талаптарын орындау жағдайы (жоғарғы, төменгі, тұрақты, тұрақсыз тәртіп);
Әскери қызметкердің жеке ерекшеліктері – тәртіптілік, яғни әскери тәртіптің талаптарын саналы және міндетті түрде орындау. Тәртіп сөзінің көп мағыналы екенін ескере отырып, оны орнықтыру бойынша жұмыстардың көп жоспарлылығын айта кеткен жөн: әкімшілік жұмыс-тәртіпті сақтау үшін талаптар қою; түсіндіру жұмыстары – осы талаптарды әскери қызметкерлердің түсініп, қабылдауына қол жеткізу; талдау жұмыстары — әскери бөлімдегі, ұжымдағы тәртіп жағдайын бағалау; педагогикалық жұмыстар-жауынгерлерді тәртіптілікке тәрбиелеу.
Психологиялық жоспарда бөлімшенің әскери тәртібін орнықтыру бойынша негізгі жұмыстардың бірі болып жауынгерлерді тәртіптілікке тәрбиелеу табылады. Жауынгерлердің тәртіптілігі – оның мінез-құлқының, жеке басының маңызды белгісі және моральды-ұрыстық ерекшеліктерінің бірі.
Оған келесілер жатады:
- қажеттілік, ұмтылыс түрінде көрініс табатын дамыған мотивациялық сфера, жарғылық талаптарды қатаң сақтау, міндеттер мен тапсырмаларды орындау;
- жеке мүдде мен ниетке толығымен сай келетін бұйрықтар мен талаптарды орындауға қызығушылығы мен дайындығының арақатынасы;
- техниканы, қару-жарақтарды, бағыныштыларды басқару бойынша қажетті әрекеттерді орындау дағдысы;
Әскери тәртіпті орнықтыру бойынша командирлердің, басшылардың жұмыстары келесілерді қамтиды:
- бағыныштылардың жеке ерекшеліктерін зерттеу;
- жеке тәрбиелік жұмыстарды жоспарлау;
- тәртіпілікті қалыптастыру деңгейін үнемі бағалу (жауынгердің қызметке қатынасы, оның іс-әрекеттері, қол жеткен нәтижелері, қоғамдық белсенділігі, ықыласы, басқаларға ықпалы);
- үнемі орындау, жағдайға бейімделу, өзін-өзі бағалау үшін критерилерді құру есебінен жарғылық нормалардан жауынгерлердің жүріс-тұрысының ауытқуын алдын-алу;
- жауынгерлердің биографиялық ерекшеліктері мен жағдайын ескере отырып, олардың жүріс-тұрысын үнемі болжамдау;
- әскери ұжымды біріктіру;
- бөлімшедегі жарғылық тәртіпті қолдау.
Жеке құрамның жүріс-тұрысының көрсеткіштері болып табылатын ұжымды психологияның топтық ерекшеліктері (ұрыстық қарқын, икемделу және т.б.) мен басқа элементтерінің (пікір, дәстүр, қарым-қатынас және т.б.) жиынтығы әскери ұжымның тәртіптілігін көрсетеді. Ұжымның тәртіптілік деңгейі әлеуметтік-психологиялық құбылыстарымен анықталады. Олардың ең негізгілері келесілер болып табылады:
- әскери тәртіптің талаптарына қатынасы, топтық әрекеті жүзеге асырылуы, жауынгерлердің араласуы бойынша ұжымның ұстанымы, нормалары және дәстүрлері;
- әлеуметтік-психологиялық құрылым-мамандарды жайғастыру, ішкі ұжымдық топтардың ерекшеліктері, ішкі топтық міндеттері болу;
- ішкі ұжымдық құрылымның сапасы, әрбір жауынгермен ұжымның абыройын бағалаудың, мойындаудың объективтілігі, тұрақтылығы;
- ұжымның өміріндегі жағымсыз құбылыстардың алдын-алу және жою қабілеттілігі әскери тәжірибеде тәртіпті бұзудың ішкі және сыртқы себептері айқындалған. Ішкі себептерге бөлімшеде қатаң жарғылық тәртіптің және жеке жарғылық нормалардың орындалу қажеттілігіне сенімнің болмауы, жауынгерлердің әскери жарғылар талаптарын аз білуі, басшыларының бағыныштыларға қоятын талабының аздығы, тәртіптілікті бұрмалау жатады. Сыртқы себептерге әскери кезеңге дейінгі жауынгерлерде қалыптасқан кесірлі бейімділігі, әдеттері, отбасылық-тұрмыстық қатынастағы жағымсыз құбылыстар, жарғылық нормалардан ауытқу жатады.
- Жарғылық тәртіптің жауынгерлерге тәрбиелік әсерін арттырудың және тәртіпті орнықтырудың психологиялық шарттары.
АӘД оқытушысы өз тәрбиеленушісінің қызметке келгенде мүлдем жаңа жарғылық қатынастар жағдайына тап болатындығын ескерту қажет. Жауынгерлерді осы ортаға дайындау керек. Күн тәртібін, өзін ұстау ережелерін сақтау жауынгерлердің тәртіптілігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Оқытушы жарғылық тәртіптің жауынгердің жеке басының қалыптасуына әсер етуінің ерекшеліктеріне сүйену қажет. Бұл әскери қызметке дайындық бойынша мектептің тәрбиел мүмкіндіктерінің толық жүзеге ауысуына септігін тигізеді.
Жарғылық тәртіп әскери қызмет негіздерін құрайды. Ол адамдар тобын әскери бөлімшеге, ал қаруланған адамды сарбазға айналдырады. Жарғылық тәртіп – бұл бөлімшедегі әскери қызметте жарғының талаптарын жүзеге асыру. Жарғылық тәртіптің эхлементтері келесілер:
- жауынгерлердің ішкі тәртіп ережелерін орындауы;
- ұрыс техникалары мен қару-жарақтарын сақтау;
- қарауылдық қызметте және тәуліктік қызметте тұру;
- басқа әскери қызметкерлерімен қарым-қатынас жасауға нормаларды сақтау (басшыларға сөзсіз бағыну, ант беру). Ең басты жарғылық тәртіптің үлкен тәрбиелік мәнінің болуы.
Тәжірибе көрсеткендей, бөлімше жауынгерлері жарғылық тәртіпті қадағалаған сайын олардың ұрыстық және саяси дайындық кезіндегі жоғары моральдық-ұрыстық ерекшелктерін қалыптастыру процесс сәтті жүргізіледі. Жарғылық талаптар барлық уақытта, барлық жерде орындалуы тиіс.
АӘД оқытушысы немесе офицер жарғылық талаптарды сенімді түрде түсіндірілсе, оның сөзсіз орындалуын да қатаң талап етеді және жауынгерлер мен әскер қатарына шақырылмағандардың тәртіпті орындауы дағдыға айналды, бөлімшенің әскери тәртіптілігі орнығады.