Сапа көрсеткіштері бойынша технологиялық процестерді басқару. Өндіруді, пайдалануда, жөндеуде сапаны талдау және қамтамасыз ету әдістері

Сапа көрсеткіштері бойынша технологиялық процестерді басқару. Өндіруді, пайдалануда, жөндеуде сапаны талдау және қамтамасыз ету әдістері

 

Сапа менеджмент жүйелерін әзірлеу және енгізу мыналарды қосып бірнеше басқыштардан тұрады:

  • тұтынушылар және де басқа да қызығушылық танытқан тараптардың қажеттіліктері мен күтулерін бекіту;
  • сапа саласында ұйым мақсаты және мақсаттарын әзірлеу;
  • сапа саласында мақсаттарға жету үшін керекті үрдістер және жауапкершілікті бекіту;
  • қажетті қорды бекіту және анықтау және олармен сапа саласында мақсаттарға жетуді қамтамасыз ету;
  • әрбір үрдістің нәтижелілігі және тиімділігін анықтау үшін қолдану;
  • сәйкессіздік алдын алу және олардың себептерін жою үшін керекті тәсілдерді анықтау;
  • сапа менеджмент жүйесін үнемі жақсарту үшін үрдісті әзірлеу және қолдану.

Мұндай тәсілдеме сонымен бірге бар сапа менеджмент жүйесін жұмыс жағдайында ұстауға және жетілдіруге қолданылады. Жоғарыда көрсетілген келісімді қабылдаған ұйым өзінің поцестерінің мүмкіншіліктері және өзінің өнімінің сапалылығына сенімділік қамтамасыз етеді. Сонымен бірге үнемі жақсарту үшін негізді қамтамасыз етеді.

Қазіргі кезде (уақытта) сапаны басқарудың, шетелдерге кең мәлім болған жаңа концепциялары пайда болды. Олар TQM (Total quality management-всеобщее управлением качеством) және QS 9000 (Quality system 9000), бұл екеуі де 9000 сериялы стандарттарға қайшы келмейді, сапа жүйеcін басқарудың одан ары дамуы және нақтыланған түрі деп қарастырылуы мүмкін.

TQM жүйесі компания қызметтерімен бөлімдерінің және де оның субпоставчиктерінің сапаны қамтамасыз ету бағыттарының толық сай келуіне қол жеткізу бағытталған. TQM енгізуге қол жеткізілетін негізді экономикалық эффект – дайын бұйымдардың ақаулығына байланысты  шығындары анағұрлым төмендету; ақаулық деңгейі ақаулар саналау 1000000 бұйымға келетін сапамен анықталады.

QS 9000 стандартты салалық сипатқа ие, өйткені: машина жасаудың үш гигант – компаниялар Крайслен Форд және Дженерол Моторс түзген, бекіткен. Оларға 5 жүктасушы көліктер өндірушілер – Фрайластнер, Мэн Транс, Невистер Интернешнл, Паккар, Вольво Джи, ЭьХэви Трак қосылған. QS9000, ИСО9000 стандарттарының негізінде жасалған, бірақ көрсетілген компаниялардың жалпы салалық сипатқа ие ір фирма үшін нақтыланған талаптарын қамтиды.

 Сапаны қамтамасыз ету жүйесін кәсіпорын басшылығы сапа саласындағы саясатын белгіленнен және құжат түрінде дайындағаннан кейін түзіледі және іске енгізіледі.

СТ РК 9000-2001

1 Қолданылу саласы

  1. Осы стандарт ИСО 9000 топшасындағы стандарттардың объектісі болып табылатын және менеджмент жүйелерінің негізгі ережелерін негіздейді және тиісті терминдерді анықтайды.

Осы стандар:

  • СМЖ енгізу арқылы артықшылыққа жетуге ұмтылатын ұйымдармен
  • өнімге қойылған талаптардың жеткізушілермен орындалуына сенімділік алуға ұмтылатын ұйымдармен
  • өнімді пайдалатындармен
  • сапа менеджментінде қолданылатын терминологиялық бірегей түсінілуіне мүдделілермен (мысалы, жеткізушілер, тұтынушылар, реттелмейтін органдар)
  • СМЖ бағалайтын немесе ҚР СТ ИСО 9001 талаптарына сәйкестігін тексеретін ұйымға қатысты сыртқы немесе ішкі талаптармен (мысалы, аудиторлар, сертификаттау, тіркеу жөніндегі органдар)
  • Берілгендер ұйымға сәйкес сапа менеджменті жүйелері бойынша ақыл-кеңес беретін немесе оқужүргізетін ұйымға іштей немесе сырттау қатысты талаптармен
  • Сәйкес стандарттарды әзірлейтіндермен пайдаланылды.

ИСО 9000:2000 бойынша сапа менеджменті жүйелерінің негізгі ережелері

Сапа менеджменті жүйелері ұйымдардың тұтынушыларды қанағаттандыруын жоғарылатуға септігін тигізе алады.

Тұтынушыларға мінездемелері олардыңі қажеттіліктері мен күтулерін қанағаттандыратын өнімдер керек. Бұл қажеттіліктер мен күтулер өнімге күтулер өнімге дайындалған техникалық шарттарда беріледі және тұтынушылар талаптары болып есептелінеді. Талаптар тұтынушымен шартта бекітілінуі немесе ұйымның өзімен анықталынуы мүмкін. Қай жағдайда болмасын өнімнің қолайлығын ақыры тұтынушы бекітеді. Тұтынушылардың қажеттіліктері мен күтулері ауысып отырғандықтан, ал ұйымдар талас және техникалық прогреспен негізделген қысым көретіндіктен, олар өздерінің, олар өздерінің өнімдері мен өздерінің үрдістерін үнемі жетілдіріп отырулары керек.

  Сапа менеджментіне жүйелі келісім, ұйымға тұтынушылар талаптарын талдауға, тұтынушыларға қолайлы өнімдерді алуға көмектесетін үрдістерді анықтауға, сонымен бірге осы үрдістерді басқарылатын жағдайда ұстап тұруға әкеліп соғады. Сапа менеджменті жүйесі тұтынушының, басқа да қызығушы тараптардың қанағаттануын арттыратын ықтималды көтеру мақсатында үнемі жақсартуға негіз бола алады. Ол ұйымның өзіне талаптарға толық сәйкес келетін өнімді тұтынушыларға жеткізу мүмкіндігіне сенімділік береді.

Сапа менеджменті жүйелеріне талаптар және өнімге талаптар.

ИСО 9000 стандарттар топшалары СМЖ талаптар және өнімдерге талаптар арасына өзгешіліктерді көрсетеді.

СМЖ талаптар ҚР СТ ИСО 9001 бкітілген. Олар қай категорияда болмасын өнімнің өнеркәсіптің немесе экономиканың қандай да болмасын секторындағы ұйымдарға жалпы және қолданылатын болып табылады. ҚР СТ ИСО 9001 өнімге қандай да болмасын талаптар бекітеді.

Өнімге талаптар топшыланатын тұтынушылар сұраныстарынан немесе нұсқаулықтар талаптарынан шығып, тұтынушылар немесе ұйымдармен бекітіле алады. Өнімдерге талаптар көп жағдайда үрдістермен байланысты, мысалы, техникалық шарттарға, өнімге стандарттарда, үрдістерге стандарттарда, келісім шарттарда және регламенттерде жазыла алады.

Сапа менеджменті жүйелеріне тәсілдеме.

Сапа менеджменті жүйелерін әзірлеу және енгізу мыналарды қосып бірнеше босқыштардан тұрады:

  • тұтынушылар және басқа да қызығушылық танытқан тараптардың қажеттіліктері мен күтулерін бекіту;
  • сапа саласында ұйымның саясаты және мақсаттарды әзірлеу;
  • сапа саласында мақсаттарға жету үшін керекті үрдісте және жауапкершілікті бекіту;
  • қажетті қорды бекіту және анықтау және олардың сапа саласында мақсаттарға жетуді қамтамасыз ету;
  • әрбір үрдістің нәтижелігі және тиімділігін өлшеу үшін әдістер;
  • осы өлшеулердің нәтижелерін әрбір үрдістің нәтижелігі және тиімділігін анықтау үшін қолдану;
  •  сәйкессіздіктің алдын алу және олардың себептерін жою үшін керекті тәсілдерді анықтау;
  • сапа менеджменті жүйелерін үнемі жақсарту үшін үрдісті әзірлеу және қолдану.

Мұндай тәсілдеме сонымен бірге бар СМЖ жұмыс жағдайында ұстауға және жетілдіруге қолданылады.

Жоғарыда көрсетілген келісімді қабылдаған ұйым өзінің процестерінің мүмкіншіліктері және өзінің өнімінің сапалығына сенімділік қамтамасыз етеді, сонымен бірге үнемі жақсарту үшін негізді қамтамасыз етеді. Бұл тұтынушының және басқа қызығушы тараптардың қанағаттандырылуын және ұйым жетістігін жоғарылатады.

Үрдістік тәсілдеме

Кірістерді шығысқа айналдыру үшін кірістердің қандай да болмасын әрекет немесе әрекет кешендері, үрдіс ретінде қарала алады.

Нәтижелі қызмет ету үшін ұйымдар өзара байланысты және өзара әрекеттегі көптеген үрдістерді анықтауы және басқаруы қажет. Жиі бір үрдістің шығуы келесі бір кірістің енуін қамтамасыз етеді. Ұйыммен қолданылатын үрдістердің жүйелі сәйкестендірілуі және менеджменті, әсіресе, осындай үрдістердің өзара әрекеті үрдістің келісім болып есептеліне алады.

Осы халықаралық стандарт үрдістік келісімнің ұйым менеджментіне қабылдауына жол ашуға арналған.

1 суретте ИСО 9000 стандарттар топшасында суреттелген сапа менеджменті жүйесіне негізделген үрдістік келісімді суреттейді. Онда қызығушы тараптардың ұйымға кіріс берілімдерін ұсынуға елеулі роль атқаратыны көрсетілген.  Қызығушылы тараптардың қанағаттандығын бақылауі, қызығушы тараптардың қажеттіктері мен ктістерінің орындалу деңгейіне қатысты ақпарат бағасынн талап етеді. 1 суретте көрсетілген үлгі үрдістерді бөлшекті денгейде көрсетпейді.

 

19. Сапа нашарлататын себептерді айқындау және оларды жою тәсілдері. Сапаны нашарлататын себептерді талдау. Сапаны нашарлататын себептерді жою тәсілдері. Сәйкессіздік себептерін жою жұмыстары

 

Сәйкессіздік дегеніміз — өнімнің көрсетілген нормативті-техникалық құжаттарында көрсетілген талаптарға сай келмеуін айтамыз.

Cәйкессіздік себептері дегеніміз — осы талаптардан ауытқуына әсер ететін құбылыстарды айтамыз. Сәйкессіздік себептерін болдырмау үшін жұмысшы персоналын квалификациядан өткізіліп тұруын қамтамасыз ету тиіс. Сәйкессіздік себептері өлшіу құралдарынан, аппараттардың дұрыс жұмыс жасамауынан шығуы мүмкін. Осындай сәйкессіздіктердің алдын алу мақсатында мезгіл-мезгіл тексеру жұмыстарын жүргізу қажет. Сәйкессіздіктерді болдырмау мақсатында, оны бақылап, қадағалап отыратын арнайы жауапты тұлғаны тағайындау қажет. Егер сәйкессіздік орын алса, оны –түзету әрекеттері арқылы жоюға және қайта қайталануын болдырмауға болады.

    Кәсіпорын өнімге қойылатын талаптарға сәйкеспейтін өнімнің сәйкестендірілуін және қолданылуын немесе жеткізілуін алдын алу мақсатында басқарылуын қамтамасыз етуі керек. Сәйкеспейтін өніммен басқару жабдықтары, сәйкес жауаптылық және өкілеттік құжатталған түрде анықталуы тиіс. Кәсіпорын сәйкеспейтін өнім сұрақтарын бір немесе бірнеше тәсілмен шешуі керек:

— айқындалған сәйкессіздікті жою мақсатында әрекетті жүзеге асыру арқылы;

— сәйкес органнан немесе тұтынушыдан болдырмау туралы шешім болған   жағдайда оның пайдалануын, шығарылуын немесе қабылдануын шешу жолымен;

— алдыңғы болжалданған пайдалануы мен қолдануының алдын алу мақсатында әрекетті жүзеге асыру арқылы.

— Сәйкессіздіктің мінездемесі және алып тастауға алынған рұқсаттарды қоса, қандай да болсын кейінгі қабылданған әрекеттер туралы, жазбалар жұмысшы қалыпта ұсталынуы тиіс.

 — Сәйкеспейтін өнім дұрысталған кезде, талаптарға сәйкестігін бекіту үшін қайталау верификациясына түсуі керек.

— Сәйкеспейтін өнім жеткізілгеннен кейін немесе пайдаланудың алдында анықталса, ұйым сәйкеспейтін ықпалға (немесе әлеуетті ықпалға) сәйкес әрекетті қабылдауы керек.

Мұнай өнімдерінің сәйкессіздік себептерін анықтау мақсатында Исикаво диаграммасын қолданамыз. Тіршілік циклының барлық кезеңдерінде өнім сапасына әсер ететін факторларды Исикаво диаграммасының көмегімен анықтауға болады. Анықталған өнім сәйкестігін болдырмау жолдары төменде көрсетілген.

  1. Материалдарды:

— ақаулы бөлшектерды қолданбау;

— өлшеулердің дұрыс жүргізілуі;

— қоспаларды дұрыс таңдауы;

— келген шикізатты нормативтік-техникалық құжатқа сай қабылдап   алу;

— шикізаттардың сақтау орындарының жайлылығы

2) Персоналдарды;

—  жұмысты тиянақты орындау;

— жұмысқа жауапкершілікпен қарау;

— басшылықтан келген ақпараттармен дер кезінде таныстыру;

— жұмысқа ынталандырып, жағдайларын жасау (сыйақы, жәрдемақы т.б ақыларды дер көзінде төлеу, кәсіпорын өзінің фирмалық киімдерімен қамтамасыз ету);

— қызметшілерге жұмыс орындарын ыңғайлы етіп жасау, барлық құрал — жабдықтармен қамтамасыз ету;

— мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында арнайы оқуларға оқыту.

3) Әдістер:

— ең бірінші әдістерді қолданбас алдын оларды жақсылап зерттеу;

— нақты әдісті қабылдап уақтылы шешім қабылдау;

— өз әдістер мен басқа кәсіпорындардың, шет елдердің әдістерін салыстырып нәтиже шығару;

4) Өлшем құралдары:

— қазіргі заманға сай заманауи эталондар болуы керек;

— бұзылған приборлар мен тозған приборларды қолданбау;

— оларды әрдайым дер кезінде тазалап уақтылы жөнлеуден өткізіп тұруы керек;

— құрал-жабдықтардың толық техникалық шарттаға сай қызмет атқаруын қамтамасыз етуі қажет;

— мүмкіндігінше барлық параметрлерін қадағалап реттеп отыруы керек.

Сапаны басқарудың статистикалық әдістері сапаны тиімді басқарудың маңызды шарттары болып мойындалады. Сондықтан сапа бойынша жұмыстардың әдістерінің ортасынан бөліп алып қарастырамыз. Статистикалық ыңғайға негізделген әдістер бұйымның тіршілік циклының барлық сатыларында пайдаланылады. Сапаны басқаруда мынадай статистикалық әдістер жиі қолданылады:

  • гистограммалар;
  • уақытша қатарлар;
  • Парето диаграммасы;
  • себептік – тергеулер диаграммалары;
  • бақылау қағаздары;
  • бақылау карталары;
  • шашырау диаграммалары.

     Бұл әдіс «сапаның 7 құралдары» деп аталады. Соның ішінде Парето диаграммасына тоқталып өтейік.

          Парето диаграммасы проблемаларды шешу үшін жүргізілетін нүктені таңдау мақсатында барлық проблемалар мен шарттардың салыстырмалы маңыздылығын көрсету қажет болған жағдайда пайдаланылады. Парето диаграммасы қарастырылатын проблемалар мен оларды шешу реті арқылы анықталатын тік бағаналық сызба түрінде тұрғызылады. Мұндай диаграммаларды тұрғызу нақты маңызды проблемаларға көңіл аударуға көмектеседі. 2 – суретте Парето диаграммасы мысал түрінде келтірілген.

100 %

Ақаулар   Ақаулардың  саны жинақталған пайызы

       Ақаулар    

6.2 сурет. Парето диаграммасы

   

 Парето диаграммасын құру тәртібі мынадай сатылардан құралады:

  • салыстырылатын проблемаларды таңдау;
  • өлшем бірліктерін өлшеуге арналған критерилерді анықтау;
  • оқып зерттеу үшін уақыт мерзімін таңдау;
  • категориялар бойынша мәліметтерді топтастыру және әрбір топтың критерилерін салыстыру;
  • критери мәндерін кемуі ретінде горизонталь ось бойына солдан оңға қарай категорияларды санау.

Исикава диаграммасы. Нәтижелі көрсеткішке әсер етуші кейбір факторларды анықтау барысында сапаны сипаттайтын Исикава схемасын қолданады.

Бұл схеманы 1953 жылы инженерлердің әртүрлі пікірлерін нәтижелеу барысында Токийск университетінің профессоры Каору Исикава ұсынды. Тағы басқа бұл Исикава схемасын нәтиже және себеп диаграммасы «балық қаңқасы», ағаш деп те атайды.

Ол факторлы көрсеткіштерді және нәтижені сипаттайтын сапа көрсеткішінен тұрады (сурет 3)

Диаграмманың орналасуы келесі этаптарды құрайды:

  • Өнімнің (процестің т.б.) сапасын сипаттайтын нәтижелі көрсеткішті таңдау;
  • Сапа көрсеткішіне әсер ететін басты себепті таңдау. Оларды тікбұрышқа орналастыру тиіс («үлкен сүйектер»);
  • Бастысына әсер ететін екінші себепті таңдау («орталық сүйектер»);
  • Екіншісіне әсер ететін үшінші себепті таңдау («ұсақ сүйектер»);
  • Мағынасы бойынша факторларды ранжирование.

Нәтиже және себеп диаграммасы универсалды қолдануға ие. Сондықтан оларды мәнді факторларды шығару барысында, мысалы, еңбектің өнімділігіне әсер ететін факторларға қолданады.

  6.3 сурет. Исикава диаграммасы

 

20. Сәйкессіздік себептерін болдырмау

 

Жоғарғы басшылық сәйкессіздіктерді уақтылы тану және болдырмауды қамтамасыз ету үшін процестің кез келген кезеңінде сәйкессіздіктер туралы айтып отыру үшін қызметкерлерді өкілеттіктер мен жауаптылықпен қамтамасыз етуі және талаптарға процестер мен өнімдердің сәйкестігін ұстау мақсатында сәйкессіздіктердің алдын алу жөнінде өкілеттіктерді анықтауы керек. Ұйым сәйкеспейтін өнімдерді дұрыс емес пайдалануды болдырмау үшін, оларды сәйкестендірумен, алып тастаумен және кәдеге жаратумен нәтижелі және тиімді басқару керек.

Олардың тиімсіздігі кезінде талдау үшін және жақсарту жөнінен әрекеттер туралы деректерді зерттеу мен қамтамасыз етуді жеңілдету үшін сәйкессіздіктердің орналасқан жерін көрсетіп тіркеп отыру керек. Ұйым сондай – ақ өнімнің өмірлік кезеңдерінің процестеріне және көмекші процестерге қатысты сәйкессіздіктерді тіркеу және басқару туралы шешім қабылдай алады.

Сондай – ақ ұйым, жұмыс барысында түзетілген сәйкессіздіктер жөнінде тіркелген ақпаратты қарастыруы керек. Бұндай деректер процестердің нәтижелілігі мен тиімділігін жақсарту жөнінен құнды ақпарат беруі мүмкін.

Сәйкессіздіктерге талдау және оларды болдырмау

Ұйым басшылығы анықталған сәйкессіздіктерді талдау мен болдырмау жүргізудің нәтижелі және тиімді процесін әзірлеуді қамтамасыз етуі керек. Сәйкессіздіктерді талдауды қандай – да болмасын беталыс немесе олардың туу мүмкіндіктері көңіл бөлуді талап ететінін бекіту мақсатында өкілетті тұлғалар жүргізгені дұрыс. Жағымсыз беталыстар оларды жақсы жаққа өзгертуге, сондай – ақ оларды азайту және қажетті ресурстарды тарту жөнінен тапсырмаларды қарастырғанда басшылық тарапынан талдау үшін кіріс деректер ретінде қарастырылады.

Талдауды жүзеге асыратын қызметкерлер сәйкессіздіктің жалпы әсер етуін бағалау үшін құзіреттікпен, сондай – ақ сәйкессіздіктерді болдырмау үшін және қажетті дұрыстау әрекеттерін анықтау жөнінен өкілеттіктерге және ресурстарға ие болуы керек. Сәйкессіздіктердің алдын алуды бекіту тұтынушылардың келісімшарттық талаптары немесе басқа да қызығушы тараптардың талаптары болуы мүмкін.

Ұйым өнімге қойылатын талаптарға сәйкеспейтін өнімнің сәйкестендірілуін және қолданылуын немесе жеткізілуін алдын алу мақсатында басқарылуын қамтамасыз етуі керек. Сәйкеспейтін өніммен басқару жабдықтары, сәйкесжауаптылық және өкілеттік құжатталған түрде анықталуы тиіс.

Ұйым сәйкеспейтін өнім сұрақтарын бір немесе бірнеше тәсілмен шешуі керек:

  • айқындалған сәйкессіздікті жою мақсатында әрекетті жүзеге асыру арқылы;
  • сәйкес органан немесе тұтынушыдан болдырмау туралы шешім болған жағдайда оның пайдалануын, шығарылуын немесе қабылдануын шешу жолымен;
  • алдыңғы болжалданған пайдалануы мен қолдануының алдын алу мақсатында әрекетті жүзеге асыру арқылы.

Сәйкессіздіктің мінездемесі және алып тастауға алынған рұқсаттарды қоса, қандай – да болсын кейінгі қабылданған әрекеттер туралы, жазбалар жұмысшы қалыпта ұсталынуы тиіс.

Сәйкеспейтін өнім дұрысталған кезде, талаптарға сәйкестігін бекіту үшін қайталау верификациясына түсуі керек.

Сәйкеспейтін өнім жеткізілгеннен кейін немесе пайдаланудың алдында анықталса, ұйым сәйкеспейтін ықпалға (немесе әлеуетті ықпалға) сәйкес әрекетті қабылдауы керек.

Жасалынатын өнім сапасын бақылау нәтижелерін талдау үшін саспа топтарын пайдаланытын талдаудың графикалық әдістері кеңінен таралады. Статистикалық әдістердің 3 категориясы болады:

Статистикалық бақылаудың 7 элементарлық әдістері:

Паретто диаграммасы

Исикава диаграммасы.

Гистограммалар

Нүктелік график

Шашырау диаграммасы

Бақылаудың кестелік нәтижесі

Бақылаушы  карта

Анағұрлым белгілі әдістер — «сапаны бақылаудың 7 аспаптары» әдістері: қабыршақтану әдісі, график, гистограммалар, себеп-салдарлық диагораммалар, бақылаулық карталар, шашырау диаграммалары, паретто диаграммасы.

Паретто диаграмасы түрлі ақаулардан болған шамасын көз алдында елестетуге мүмкіндік береді. Осы әдістің арқасында назарды бастапқы кезде мыналарға аударуға болады:

— осы ақауларды жою;

— ақаулылық себептерін анықтап білу.

Ақаулық себептерін анықтап білу кезінде себеп-салдарлық әдістерді немесе диаграммаларды пайдалану қажет. Ақауды жойғаннан кейін жүргізілген іс-шаралардың тиімділігін басқару мақсатында диаграмма тұрғызылады. Бұйымдардың ақауынан болатын жоғалымдар жиынтығын есепке алу үшін кумулятифтік қисықты тшұрғызған орнында, ол ақау пайызы бойынша ақаумен келтірілген экономикалық немесе құндық шығындарды анықтауға мүмкіндік береді.

Гистограмма-параметрлердің нақты шамаларын белгілі бір уақыт ішінде оны қайталау жиілігі болйынша бөліп үлестіруді көзге анық елестетуге мүмкіндік беретін бағандық график. Гистограмманы талдау кезінде белгілі бір параметр рұқсат етілетін диапазонға қаншалық жиі кіретінін және оның шектерінен шығуын анықтауға болады. Гистограмаларды талдау кезінде келесі әдістерді пайдаланылады:

— ақаудың үлесін және жоғалымдарды анықтау:

— себеп-салдарлық диаграмма көмегімен ақаулар себептері:

— сипаттамаларпдың уақыт ішінде бақылау карталары бойынша өзгерту.

Шашырау диаграммасы екі параметр арасындағы тәуелділік графигі ретінде тұрғызылады. Бұл осы параметрлер арасындағы өзара байланысты анықтауға, бір параметрдің екіншісіне ықпал етуін анықтауға және қажет болған жағдайда параметрлердің бір-біріне ықпал етуін жоюға мүмкіндік береді. Мұнда оң және теріс өзара байланыстар немесе кез-келген байланыстың жоқ болуы мүмкін.

Бақылау картасы — белгілі параметрлердің шамаларының сәйкестігін анықтаудың жол береді. Бұл график сипаттамалардың әдеттегі жағдайларда технологиялық процесс ішінде шашырауының өзгерістерінің рұқсат етілетін диапазонды білдіретін бақылаулық шекаралар шегін көрсетеді. Сипаттамалардың шекаралар шегінен шығуы процесс тұрақтылығының бұзылуының және оның бақыланбайтығын білдіреді. Осы мәліметтердің негізінде  осы ауытщқуларды жозю бойынша іс-шаралар жасалады. Графиктер сипаттамалардың айқын көрінуіт үшін және өзара байланысын түсіну үшін пайдаланылады. Сызықтық тәуелділік графиктерін, диаграмма, бағандық ленталық тәуелділіктерді қолданады.

Себеп-салдарлық диаграмма ақаулар өндірістің ең үлкен жоғалымдарға әкелген кезде қолданылады. Мұндй диаграмма тергеу, нәтиже және оларға әсер ететін барлық мүмкін себептермен арадағы қатынастарды көрсету мақсатында жасалып дайындалған. Балықтың қаңқасына ұқсағандығына байланысты мұндай диаграмма  «балық қаңқасы» немесе Исикаво деп аталады. Мұнда негізгі төрт факторлар талданылады: адам, өлшем құралдары, материал, жұмыс әдісі. Талдау кезінде жойылуы біріншілей, екіншілей, үшіншілей ақауларды анықтап біледі. Талдау үшін осы ақауларға әкелетін себептердің максисалды санын анықтау қажет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *