Педагогикалық процестiң мәнi, негiзi заңдылық

Педагогикалық процестiң мәнi, негiзi заңдылық

 

Қазiргi педагогикалық процестiң мәнi туралы түсiнiк бiрден қалыптасқан жоқ, ол бiртiндеп зерттеушiлердiң бiрнеше ұрпақтарының күш салу нәтижесiнде бiрқатар жинақталған материалдар негiзiнде жасалды. М.А. Данилов өзiнiң «Педагогикалық процесс педагогикалық теорияның объектiсi» деген еңбегiнде, ең бастысы, әр түрлi педагогикалық құбылыстары зерттеу негiзiнде педагогика теориясының одан әрi жетiлдiруiн айқындайды.

Педагогикалық сөздiктiң жарыққа шығуымен «Педагогикалық энциклопедияның» (М.: 1964-1968 жж.) шығу жылдары аралығында ғылыми педагогикалық процестiң мәнiң анықтауды басқамен түсiндiруге болатын материалдар жинақталып қалды. Ең алдымен, бұл ұғым ендi ең негiзгi педагогикалық категориялардың бiрi ретiнде қарастырыла бастайды. Энциклопедиядағы мақаланың авторы В.Е. Гмурман «Педагогикалық процесс» туралы ұғымға мынадай анықтама бередi. Бұл терминмен (педагогиканың талабына сай) ұйымдастырылған тұтас оқыту тәрбие процесiн, ұстаздар мен тәрбиеленушiлердiң, оқытушылар мен оқушылардың iс-әрекеттерi көрсетiледi.

Педагогикалық процестiң мәнiн марксистiк тұрғыда түсiнудiң дамуын Н.К. Крупская бастаған болатын, ол К. Маркстың қадам жағдайлардың жемiсiң яғни «жағдайларды тек қана адамдар өзгертедi» деген тезисiн негiзге ала отырып ең бiрiншiсi болып бала тек педагогикалық әрекеттiң объектiсi ғана емес, сонымен бiрге оның субъектiсi болатындығы туралы ойын айтқан болатын. А.С. Макаренко ұсынылып отырған ойды одан әрi дамыта отырып мұғалiмдер мен тәрбиеленушiлер ең алдымен бiр коллективтiк мүшелерi деген қорытындыға келдi.

Оқушылардың қоғамдық өмiрге қатынасу тәжiрибесiн қалыптастыру, педагогикаляқ процестiң оқудан тiс өрiсiнде iс-әрекеттермен сан алуан түрлерiн меңгеру сол мектептiң барлық оқушылардың өзара әрекетiн және ұстаздар тарапынан басшылықты талап етедi, осыдан барып мектеп үшiн макро жүйе «мектеп ұстаздары – оқушылар коллективi» пайда болады, қоғам бұл жүйеге қатысты мета жүйе ретiнде көредi.

Яғни ңұстаздар мен оқушыларң (жағдайының өзгеруi) жүйесiнiң қызметi педагогикалық процесс болады. Педагогикалық процесс дегенiмiз оқушылардың мәдени байлықтарды меңгеруге және оларды еңбекке және қоғамдық өмiрге дайындаудағы бiрлескен iс-әрекеттер, бұл ұстаздардың белсеңдi араласуымен және басшылығымен жүзеге асады. Педагогикалық процесстiң бөлiктерi өзара әрекеттер барысында өзiн көрсетедi. Бөлiктердiң ерекшелiктерiн педагогикалық процесстiң заңдылықтарын тану барысында түсiнiктi бола түседi. Басқаша айтқанда, педагогикалық процесс туралы ұғымды жүйелi қалыптастыру оның заңдылықтарын бiлумен тығыз байланысты. Педагогикалық процестiң негiзгi заңдылықтарына мыналарды жатқызуға болады:

    педагогикалық процестiң қоғамның әлеуметтiк-экономикалық  қажеттiлiгiмен келiстiлiгi;

    педагогикалық процестiң нақтылы бiр мақсатқа бағыттылығы;

    ұстаздар мен оқушылар, тәрбиешiлер мен тәрбиенушiлердiң өзара әрекеттерiмен байланысты педагогикалық процесстiң екi жақтылық ерекшелiгi мiндеттi түрдегi екi жақтың да iс-әрекеттерi арқылы сипатталады;

    оқушылардың белсендiлiгi мұғалiмдердiң iс-әрекеттердi мұқият ойластыру мен ұйымдастыру нәтижесi;

    оқушылардың мұқият ұйымдастырылған өзара әрекеттерi педагогикалық процесстiң тиiмдiлiгiн арттырады;

    оның мазмұны мен ұйымдастырудың жас ерекшелiктерi коллективтiң және кейбiр жеке оқушылардың даму деңгейiне сәйкестiлiгi;

    оқушылардың педагогикалық процесстегi өзара әрекеттерiн ұйымдастыру қажеттiлiгi;

    педагогикалық процесстiң бөлiктерiнiң өзара әсер етушiлiгiмен қатар бағыныштылығы;

    педагогикалық процестiң уақыт бiрлiгiнiң ұзақтылығы;

    педагогикалық процестiң iшiндегi және арасындағы өзара жиылысқан қосымша жүйелерiнiң ықпалы әртүрлi реттегi жүйелер) көптеген факторларды тудырады, соның әсерiнен негiзгi нәтиже қалыптасады.

Педагогикалық процесс — бұл «мұғалiм-оқушылар» жүйесiнiң үздiксiз қызметi, ол осы жүйе жағдайының алмасуынан көрiнедi. Бұндай мүмкiншiлiк қарым-қатынастарды түсiну мен оны дұрыс шешетiн қажеттi жағдай жасауға бағытталған, ол осы нақтылы процесстiң қозғаушы күшi болады. Педагогикалық процестiң қозғаушы күштерiн бiлу мұғалiмге оның белгiлi бағытта дамуына қоғамның әлеуметтiк заңдылығына байланысты жеке түлғаға қажеттi қасиеттердi қалыптастыруға әсер етедi.

Табиғат пен қоғам дамуы адамның еркiнен тыс суретiн объективтiк заңдардың қатарына жатады. Бiрақ адамдар ол заңдарды ашып, пайдалана бiлгендiктен олардың iс-әрекетке айналады.

Адам табиғаттың қүрамды бiр бөлiгi ретiнде оны танып бiлу, оған тәрбие арқылы әсер ету күрделi педагогикалық процесс. Педагогика болса диалектиканың барлық заңдылықтарын өз бойына жинақтаған ғылым. педагогиканың заңдылықтары деп мыналарды айтуға болады; тәрбие процесiнiң бiрлiгi мен дамуының өзара байланыстылығы, оқытудың тәрбиеленушiлiк сипаты, әрекет негiзi — өскелең ұрпақтың жеке басын қалыптастыру. Осы жағдайлардың жиынтығы қосылып (қабысып келiп) педагогикалық құбылыстың негiзiн құрайды. Кез келген педагогикалық мәселеде (оқыту процесiнде, еңбек тәрбиесiнде, қоғамдық тәрбиеде) белгiлi бiр заңдылық бар, оларды бiлмей, есепке алмай тұрып педагогикалық iс-әрекетте айтарлықтай, жетекшi табыстарға жетуге болмайды.

Оқыту және тәрбие процесiнiң диалектикасы оның өзара байланысында, үздiксiз дамуында жылжымалылығында және қарама-қайшылығында ашылады.

Педагогикалық процестiң заңдылықтарын кезiнде К.И. Ушинскийде өзiнiң «Педагогикалық антропология» деген еңбегiнде ескертiп айтқан, педагогикалық қағидаларды құр жаттап алу ештеңеге қол жеткiзбейдi. Оның ғылыми негiздерiн зерттеу керек, содан шығатын ережелерiн бiлу керек деген. Ол психикалық құбылыстардың, заңдылықтарын, оны басқарудың жолдарын зерттеудi, сол заңдарды ой елегiнен өткiзе отырып жағдайларға байланысты, өзiң қолдануға болады-ау деген жағдайға сай пайдалануға болады деген.

Педагогикалық процестiң заңдылықтары көрнектi педагогтардың Ю.К. Бабанскийдiң, И.Я. Лернердiң, И.Ф. Харла­мов­тың еңбектерiнде кең көлемде баяндалған. Сонда тәрбие заңдылықтары деген не? Бұл ұғым тұрақты, қайталай беретiн және тәрбие процесiнiң негiзгi байланыстарды белгiлейтiн оны жүзеге асырудың нәтижесiнде жеке басты дамытудың, қалыптастырудың тиiмдiлiгiн арттырып, нәтижесiнде жетiстiкке жетуге мүмкiншiлiк бередi дегендi бiлдiредi.

Философияда — құбылыстар мен процесстердiң арасындағы дамуды сипаттайтын мәңгi байланысты заңдылық деп айтады. Педагогикалық заңдылық деп педагогика процесстiң тұтастығын айтады. Мұндай заңдылықтың бiрнешеуiн атауға болады.

Оқыту мен тәрбие қоғамның тәрбие мұқтаждығына және жағдайына байланысты жүзеге асады (қоғамның экономикалық-әлеуметтiк жағдайына). Бұл заңдылықты iс-жүзiне асыру үшiн қоғамның экономикалық мүмкiншiлiгi ғылыми техникалық прогресске сәйкес болып отырса, соғұрлым мектептiң оқу-материалдық бағасы жақсарады, педагогикалық процесс тиiмдi ұйымдастырылып жеке адамның дамуына игi әсер етедi.

Тәрбиенiң, оқытудың бiлiм берудiң және дамудың өзара байланыс заңдылығы… Оқыту жеке адамның жанжақты болуына көмектессе, оқытып бiлiм беру, тәрбие және даму функцияларының бiрлiкте iске асуына мүмкiншiлiк туғызады.

Вытотскийдiң айтуынша оқыту дамудың алдына шығып отырса, ол бала дамуының «ең таяу даму зонасын» жасайды… Одан әрi ол «актуальды даму зонасына» көшуге тиiс, бұл зонада оқушылар тиiстi тапсырмаларды өз бетiмен орындайды.

Оқытусыз тәрбиенi iске асыруға болмайды, өйткенi бiлiмдi меңгеру негiзiнде ғана өмiрге игi әсер етедi. Оқушы оқуды өзiмнiң мiндетiм деп санамаса, өз жауапкершiлiгiн сезiнбесе, онда оқыту процесiн де жақсы ұйымдастыру қиын.

 

6. Педагогикалық процесс мұғалiм iс-әрекетiнiң объектiсi

 

Педагогикалық iс-әрекетте еңбек субъектiсi мұғалiм болады. Мұғалiмнiң еңбек құралдарының өзiндiк сипаттары — ол оның бiлiмi, бiлiгi, тұлғалық қасиеттерi.

Осыған байланысты, бiлiм «сананың бiртұтастық объектiсi» болып есептелуi керек, (Н.И. Непомнящая), мұғалiмнiң iс-әрекетi, оның бiлiмi және тәжiрбиесi кәсiби шеберлiктiң деңгейiне тiкелей қатысты екендiгi анық.

Қажеттi тәжiрбиенi жинақтауға әкелетiн iс-әрекет мұғалiм тұлғасын қалыптастырудың шарты болады, ал ол «оқу-методикалық» құралдарының өзiнде орныққан. Бiрақ бұл iс-әрекет тиiмдi болуы мүмкiн емес, егер еңбек объектiсi толық айқын болмаса, еңбек субъектiсiнiң зейiнi терiс түсiнiп объектiге аударылса. Бұндай жағдайда еңбек субъектiсiнiң әрекетi объективтi өмiр сүретiн кәсiби iс-әрекеттiң объектiсiне сәйкес болмайды .

«Диалектикалық-материалистiк философияда жеке тұлғаның қалыптасуындағы iс-әрекеттi» рөлi туралы жан-жақты зерттелген. Адам iс-әрекеттiң субъектiсi ретiнде психологиялық зерттеулерде көрсетiлген. Бiрақ, негiзiнен, тек XX ғасырдың 60-шы жылдарыңца ғана мұғалiм iс-әрекетi оқушылармен өзара әрекет ретiнде қарастырылып еңбектер жарық көрдi. Көрнектi ұстаздардың еңбектерi (Ш.А. Амонашвили, В.А. Сухомлинский, А.С. Макаренко және т.б.) оқушы ертерек мұғалiмнiң арқасында iс-әрекеттiң нақтылы субъектiсi ретiнде қалыптасса, оқу-тәрбие жұмысының тиiмдiлiгi арта түсетiндiгiне куә етедi.

Мiне, сондықтан да мектептегi педагогикалық (оқыту-тәрбиелеу) процесте мұғалiм және оқушы iс-әрекетiнiң субъектiсi ретiнде көрiнедi, мұғалiм iс-әрекеттiң объектiсi ретiнде оқушыны емес, педагогикалық процесс деп есептеу керек. Мұғалiм даярлаудағы мұндай бағыттың қажеттiлiгi бiрқатар зерттеулерде дәлелденген:

    бiртұтастық тұлғаны қалыптастыру проблемасын, бiртұтас педагогикалық процестiң ерекшелiктерiн есепке алмай шешу мүмкiн емес (В.С. Ильин);

    мұғалiм iс-әрекетiн оптимизацияландыруға тек қана оқытуға бағытталушылықпен жету мүмкiн емес (Ю.К. Бабанский);

    егер оқушының iс-әрекетi назардан тыс қалған болса, педагогикалық еңбектi ғылыми түрде ұйымдастыру мүмкiн емес (И.П. Радченко);

    мектеп әкiмшiлiгi iс-әрекетiнiң тиiмдiлiгi тек қана бiртұтас педагогикалық процестi ұйымдастыру негiзiнде мүмкiн болады (М.И. Кондаков);

    бiртұтас педагогикалық процестiң теориясын жасамайынша, басқару шешiмдерiн қабылдау үшiн педагогикалық талдауды жетiлдiру одан әрi дамыту өте күрделi болады (Ю.А. Конаржевский);

Қазiргi кезендегi бiртұтас педагогикалық процестiң мәнi туралы түсiнiк ғалымдардың бiрнеше ұрпақтарының күш салуларының арқасында жинақталады, өйткенi педагогикалық құбылыстар компонентерiнiң, қасиеттерi, заңдылықтар туралы дербес бiлiмдерi бiрте-бiрте жинақталады. Бiрақ, бөлiк туралы бiлiм әлi бiртұтас туралы бiлiм емес. «Педагогикалық процесс» деген сөздiк (термин) ғылыми айналымға ХIХ ғасырдың екiншi жартысында (И.Ф. Каптерев) енгiзiлгенiмен, ұғымның мазмұндық сипаттамасын тек қана тұлға теориясы, iс-әрекет теориясының дамуы арқылы құбылыстарды зерттеуде жүйелiлiк тәсiл қолдануды қалыптастыру арқасында мүмкiн болды.

Педагогикалық процестiң мәнi туралы әртүрлi көзқарастарды (С.Т. Шацкий, Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, М.А. Данилов, Б.Т. Лихачев, Ю.К. Бабанский, В.М. Коротов және т.б.) зерттеу жалпы тәртiптегi қорытынды жасауға мүмкiндiк бередi.

Педагогикалық процестiң белгiлерi, сапалары мен қасиеттерi. Тұлғаны қалыптастыру ұзақ процесс, ол қарама-қайшылыктарды шешумен бұл iс-әрекеттегi ересектердiң мәдениеттердiң заттық өзгерiлген формасын субъектiнiң әрекеттiк қабiлеттерiне өзгерту (распредмечивание) мен көзқарас формасындағы адамзаттың әрекет күштерi мен қабiлеттерiнiң заттық формаға ауысуының (опредмечивание) бiрлiгi (Ж.М. Абдильдин). Демек, егер педагогикалық процестiң түпкi мақсаты адамның тұлға ретiнде қалыптасуы болса, онда педагогикалық процестiң элементар бiрлiгi, оның «кереге көзi» бастапқы абстракция болып «қалыптасудың қас қағым сәтi» (педагоглкалық ситуация) болуы керек. Нақтылы шындықтан тыс алынған педагогикалық ситуация тұлға қалыптасуының қас қағам сәтi ретiндегi педагогикалық ситуация бастапқы абстракцияның көрсеткен талабына катынасушылар, негiзгi қарама-қайшылықтардың ерекшелiктерiне толық сәйкес келедi.

Бұл процестiң ең кiшi бiрлiгi, одан әрi оны тану сапалық қасиеттерiн жоғалтпай мүмкiн болмайды.

Педагогикалық ситуация педагогикалық шындыққа тән көп жақты болады, нақтылықтан көңiл бөлу (орыны, уақыт, себеп-салдар және пайда болуы, жағдайы, қатысушылардың жас ерекшелiктерi, әлеуметтiк жағдайы, психофизиологиялық ерекшелiктерi, iс-әрекеттiң мазмұны мәнi тәсiлi) барлық жағдайда айқын бола түседi, ңқалыптасудың қас қағым сәтiң арқылы педагогикалық процесс iшiндегi тұлға қозғалысымен дамуын көруге мүмкiндiк туады.

Тұлғаның қалыптасуы даму барысында негiзгi қайшылықтарды жеңуде жүзеге асады. Бiрақ бұл үшiн, бөлiну болған жөн-ересектер (ұстаздар, ата-аналар) распредмечива­нияның қызметiн алады, яғни, әлеуметтiк тәжiрибеде алынған (опредмеченных) iс-әрекет тәсiлдерiн айқындаушы. Сонымен бiрге қозғалыс формаларындагы адамзаттың әрекет күштерi мен қабiлеттерiнiң заттық формаға ауысуы (опредмечивание) жүзеге асады. Тұлғаның iс-әрекет субъектiсiне алмасуы, оқушының даму процесiнде қалай болатындығы көрiнедi.

Белгiлi бiр уақытқа дейiн оқушы өз бетiмен әлеуметтiк тәжiрбиенi iс-әрекетке ауыстыра (распредмечивание) болмайды, яғни мазмұннан iс-әрекет тәсiлдерiн ала алмайды «бұны қалай iстеуге болады»). Сондықтан ол баска «ұстаз-оқушы» жүйесiнiң бөлiгi болады. Оқушы өз бетiмен өзiн-өзi бағалауды қалыптастыра алмайды. Өзiн бағалау басында оның әрекет нәтижесiн басқалардың бағалауы керек. Сондыктан, оған басқа адамдармен қарым-қатынаста болу қажет. Осыдан барып басқа «оқушы-оқушылар» жүйесi пайда болады. Ол бұл алғашқы коллектив сатысы, онда оқушы бiлiмдердi және жаңа әлеуметтiк рөлдердi меңгерiп дайыңдалады, бұл алға қойған өмiрiне белсене қатысуын қамтамасыз етедi (И. Кон).

Барлық мәдени байлықтарды және iс-әрекеттер түрлерiн меңгеру пәндiк оқыту арқылы жүргiзген тиiмдi. Бұнымен тағы бiр жүйенiң пайда болуы байланысты, оған мұғалiм ңсынып ұстаздарың элементi ретiнде кiредi. Сынып ұстаздарының балалардың бастапқы коллективi мен өзара әрекеттерi барысында жоғары деңгейдегi жүйе «сынып ұстаздары», «сынып оқушылары» пайда болады.

Қоғамдық өмiрге оқушылардың қатысу тәжiрибесiн қалыптастыру, педагогикалық процестiң оқудан тыс кеңiстiгiнде көптеген iс-әрекеттер түрлерiн меңгеру барлық оқушылардын өзара әрекеттерiн және ұстаздар тарапынан — басшылық болуын қажет етедi. Сондықтан да мектеп үшiн макро жүйе ңмектеп ұстаздары — мектеп оқушылар коллективiң қалыптасады. Қоғам бұл жүйеге катысты жүйе ретiнде болады, сонымен, «мектеп-окушылар» жүйесiнiң өмiр сүруi қызметi (жағдайының өзгеруi) мектептiң педагогикалық процессi болады.

Педагогикалық процестi қысқаша абстрактылықтан («қалыптасу қас қағым сәтi») бiрiншi деңгейдегi жүйеге «адам» көтерiлу арқылы сипаттау және одан әрi одан да жоғары деңгейдегi жүйелерге көтерiлу жалпы бiлiм беретiн мектептiң олардың типтерiнен тәуелсiз педагогикалық процестiң жүйе ретiндегi бiрқатар белгiлерiн көрсетедi:

    бұл әлеуметтiк жүйе адамдардың өзара әрекеттерi есебiнен өмiр сүредi;

    мектеп педагогикалық процесi көп деңгейлi және поли құрылымдық құбылыс, себебi ол өзiнен кейiнгi деңгейдегi жүйелердi жинайды;

    жүйе тек iс-әрекетпен алмасуда ғана өмiр сүредi: егер ұстаздар әртүрлi iс-әрекеттер, тәсiлдерiне (адам тегi күшiн) оқытса, онда оқушылар, оларды меңгере отырып педагогикалық процестiң белсендi қатысушылары болады, тек қана репродуктивке ғана емес, қайта құру творчестволық белсендiлiкке дайын болады;

    педагогикалық процесте мұғалiмнiң басқару объектiсi оқушылардың iс-әрекетi болады;

    iс-әрекеттiң барлық элементтерi (мақсат, мiндеттер мазмұны және т.б.) жүйелi компоненттерi бөлiктерi сыңары болады, себебi iс-әрекеттiң элементтерiн, бөлiктерiн баланың меңгеруi үшiн әрине, үлкендердiң, ата-аналардың, ұстаздардың iс-әрекетi осыған бағытталуы керек;

    педагогикалық процестегi мұғалiмнiң басқару заты iс-әрекет субъектiлерi арасындағы қатынастар болады, олар арқылы субъектiлердiң өзара әрекетi мен дамуына тиiмдi жағдайлары қамтамасыз етiледi, (бiртұтас педагогикалық процестiң графикалық моделiн қарасаңыз).

Көрсетiлген белгiлер негiзiнде анықтама жасауға болады: педагогикалық процесс оқушылардың бiрлескен ұстаздардың қатысуымен және басшылығымен жүзеге асатын iс-әрекетi, ол әлеуметтiк тәжiрибенi меңгеруге және әрбiр оқушы тұлғасын қалыптастыруға бағытталған, дамуға және өзiн еңбекте және қоғамдық өмiрде жүзеге асыруға дайын. Бұл анықтамадан педагогикалық процесс оқу және оқудан тыс аймақтарының бiрлiктiгiнiң қажеттiгi туады, ал ол оқушылар үшiн тұлға қалыптасуының басты жағдайы болады және сол процестiң өзiнiң бiртұтастығын көрсетедi. Сонымен бiрге ұсынылып отырған анықтаманың мазмұны бiртұтас педагогикалық процестiң бiрқатар қасиеттерiнде көрсетедi:

    педагогикалық процесс әлеуметтi оның өмiр сүруi, қызмет iстеуi оған қатысушылардың арасындағы iс-әрекеттерiмен алмасуымен анықталады;

    ынтымақтастық оқушы (тек қана ұстаздармен ғана емес, мұғалiмдермен, бiр-бiрiмен де) үшiн әртүрлi iс-әрекеттердiң тәсiлдерiн тезiрек меңгерудiң, яғни педагогикалық процестегi iс-әрекет субъектiсiнiң қалыптасуының жағдайы болады;

    «ұстаздар-оқушылар» жүйесiнiң бiртұтастығы педагогикалық процесс iшiндегi әртүрлi деңгейдегi жүйелердiң өзара әрекеттерi барысындағы мақсат пен нәтижелердiң бiрлiгiмен анықталады;

    педагогикалық процестiң негiзi интегративтiк қасиетiн әртүрлi тектегiлердiң бiрлiгi деп есептеу керек, ондағы үздiксiз өзара қиылыстағы жүйелердiң оқушылар тұлғасының қалыптасуына әсерi iс-әрекет субъектiлерiнiң (ұстаздар мен оқушылардың) қайта құру белсендiлiгiмен анықталады.

«Педагогикалық процесс» объектiсiнiң сапасы оның қасиетi ретiнде көрiнедi, оларсыз педагогикалық процесс өзiндiк ерекшелiктерiнен айырылады:

    белсендiлiк пен қатынастың бiрлiгi, процеске қатысушылардың барлық субъектiлерiнiң ұйымдастырылған бiрлескен дербес iс-әрекеттерi;

    әртүрлi сатыдағы жүйелердiң қызметiнiң арнайы мамандануы;

    субъектiлердiң өзара әрекеттерi нәтижссiнде пайда болатын әртүрлi қарым-қатынастарының жиынтығы.

Педагогикалық процестiң сапалары мен қасиеттерiн қызмет ету жағдайларын объективтi талап етедi. Сонымен педагогикалық процесс, өзiн бiртұтастық ретiнде субъектiлердiң өзара әрекеттегi арнайы ұйымдастырылған iс-әрекеттерiн бөле көрсете алады. Егер әрбiр субъектiнiң жетiстiктерi болса, онда «ұстаздар-оқушылар» жүйесiнiң тұрақтылығымен өзiн-өзi дамыту мәселесi шешiледi.

Зергтеу нәтижесiнде мыналар анықталады:

    қарама-кайшылықтарды қалай болса солай тұжырымдау дұрыс емес, нақтылы педагогикалық процестi жүйе ретiнде олар зерттелетiн объектiнiң мәнiн, ашуы тиiс:

    қарама-қайшылықты ұстаздар мен оқушылар iс-әрекетiн — педагогикалық процестi басты құрамын көрсеткiш ретiнде сипаттау керек;

    қарама-қайшылықтар жүйесiн ғана емес, сонымен бiрге оларды шешу әдiстемесiн негiздеу керек.

Педагогикалық процесстiң мақсаты оқушылар тұлғасын қалыптастыру болады. Демек, бiрiншi және негiзгi карама-қайшылықтар тобы — бұл даму үстiндегi тұлғаның қарама-қайшылықтары. Бұл педагогикалық процестiң қарама-қайшылықтар тобын психологтар жеткiлiктi дәрежеде жақсы зерттеген. Олардың санына Г.К. Костюк келесi қарама-қайшылықтарды жатқызады:

    жаңа қажеттiлiк, мүдделер, ұмтылушылық пен тұлға мүмкiншiлiгiнiң жеткен даму деңгейi арасындағы;

    жаңа ғылымдардың мiндеттерiнен бұрын қалыптасқан ойлау тәсiлдерi мен iс-әрекет тәсiлдерi арасындағы;

    тұлға дамуындағы жеткен деңгейiмен оның өмiр сүру қалпы, қоғамдық қатынастар жүйесiнде алатын, оның орны, атқаратын қызметi арасындағы;

    жақсы жетiстiктерге ұмтылушылық пен қиыншылықты жеңе алмайтындық қорқынышы арасындағы;

    дербестiкке, тәуелсiздiкке ұмтылушылық пен жеке тәжiрибенiң жетiспеуi арасындағы;

    мақсаттылық, стереотиптiк (елiктеушiлiк), тұрақтылық пен ширақтылық, өзгергiштiкке ұмтылушылық арасындағы;

    тұлғаның ерiктi әрекет пен қоғамдық қажеттi iс-әрекет арасындағы.

Өз күшiне деген сенiмдiлiктi оқушы педагогикалық процеске басқа да қатысушылар мен бiрлескен iс-әрекет барысында жеткен жетiстiктерi арқылы алады. Бұл оқушы тұлғасының қалыптасуы ол жүйе болатын коллективтiн дамуымен тығыз байланыстылығы мен анықталады. М.Ю. Красовицкийдiң зерттеулерiнде көрсетiлгендей оқушы коллективiнiң төрбиелiк ролi қоғамдық пiкiр арқылы жүзеге асады, онда қүндылық бағыттың жүйесi белiленедi. Бiрак, керектi тәрбиелiк деңгейдегi қоғамдық пiкiр ұстаздардың аса қадағалаумен қамқорлықтарын талап етедi. Оны қалыптастыру барысында мұғалiм балалар коллективiнiң қалай даму үстiнде екендiгiн, оған дамудың қандай қайшылықтары тән екендiгiн ескерiлмейiнше болмайды.

Олардың қатарына келесi қайшылықтарды жатқызуға болады:

    коллектив мүддесiмен индивидтiң жеке мүдделерi арасында;

    индивидтердiң бiрлесуге ұмтылушылығы мен тұлғаның өзiнiң тәуелсiздiгiне өз еркiмен безбеу арасындағы;

    тұтас ерiктiлiгi мен коллективтiң тәртiбiне бағыну қажеттiлiгi арасындағы;

    коллективтiң талаптары мен тұлғаның тiлектерi арасындағы;

    коллективтегi пайдалы әдеттерiнiң қажеттiлiгi мен формализм қауiптiлiгi арасындағы;

    бастапқы коллектив ұйымының қажеттiлiгiмен топтық бөлiнiп шығуы қауiптiлiгi арасындағы.

Көрсетiлген коллективтiң даму қайшылықтары көптеген жылдар бойы бақылаудың негiзiнде қалыптасқан. Қайшылықтардың алғашқы екi топ қайшылықтарын шешу мұғалiмдердiң оқушылармен бiрлескен iс-әрекеттерiн ұйымдастыру барысында мүмкiн болады. Бiрақ бұнда да мұғалiм пайда болған қиындықтарға назар аудармай болмайтын көредi. Бұл қиындықтар оқушылар iс-әрекетiн ұйымдастырудың мәнi:

    педагогикалық басшылықтың мiндеттiлiгi мен оқушылардың бастамасы мен қайраткерлiгi арасындағы;

    мектептегi iс-әрекеттiң коллективтiк сипаттылығы мен әрбiр оқушының адамға тән барлық өзiндiк қасиетi бар тұлға ретiндегi даму қажеттiлiгi арасындағы;

    коллективтiң қоғамдық мәнi мақсатына байланысы жүйесiн ұйымдастыру қажеттiлiгi мен бiр жастағы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *