Пайда теориясы және жалақы.

Пайда теориясы және жалақы.

Пайда – фирмадағы өндiрiстiң қызмет етуiнiң түпкiлiктi нәтижесi. Пайда экономикалық теориядағы ең күрделi және қарама-қайшы мәселелердiң брi болып табылады.

Пайданың қайнар көзi мен оның экономикадағы өсуi туралы ой-пiкiрлер өте көп. Орыс сөзi «пайда» В. Дальдiң «түсiндiрме сөздiгiнде», «өнiм», «көбею», яғни бастапқы жұмсалған капитал санына «ұстеме» деп түсiндiрiледi. Бұл ұстеме тек тауар өндiрiлгенде емес, сонымен бiрге сатылғанда да көрiнедi. Сондықтан пайданы тiкелей коммерциялық қызметтегi табыспен байланыстырады.

Пайданың қайнар көзi мен туындауы туралы ой-пiкiрлер өте көп. Оның iшiндегi тарихи көзқарастарға тоқталар болсақ, олар мынадай:

Меркантелистер пайда айналыста пайда болады және оның қайнар көзi сыртқы сауда болып табылады деп есептедi.

А. Смит пен Д. Рикардо пайданы өнiм мен жұмысшы еңбегi үлесiнiң айырмасы ретiнде қарастырған. К. Маркс пайданы тек жалдамалы еңбекпен жасалған екiншi, туынды және өзгертiлген формадағы қосымша құн деп есептедi.

Бұл категорияның анықтамасы қазiргi батыс экономистерiнiң пiкiрлерi бойынша түрлi варианттардың келiсiмдi бiрiгуi болып табылады, оның iшiндегi негiзгiлерi төмендегiлер:

— пайда – бұл барлық өндiрiстiк факторлардан алынған табыстар, яғни рента, пайыз, жалақы;

— пайда – бұл кәсiперлiк қызмет үшiн марапаттау және техникалық жетiстiктердi енгiзуге төлем;

— пайда – бұл тәуекел және белгiсiздiк үшiн төлем.

Қазiргi кезде пайда туралы түсiнiк үш негiзгi бағытта жасалынады: кейнсиандық, институционалды-әлеуметтiк және неоклассикалық.

Кейнсиандық теорияның ойшылдары пайданың жиынтық тұжырымдамасын макроэкономика деңгейiнде ұсынады.

Институционалды – әлеуметтiк теорияда пайда әлеуметтiк, сыртқы экономикалық факторлар жағынан түсiндiрiледi: қоғамның барлық мүшелерiнiң игiлiгiне және т.б. қамқорлық жасау.

Неоклассикалық теорияда пайданы максималды ету процесi жетiлген және жетiлмеген бәсекелестiк жағдайында әрекет ететiн жеке фирмалар деңгейiнде жүргiзiледi.

Еңбек басқа өндiрiс факторлары сияқты жалақы деп аталатын табыс әкелдi. Жалақы еңбекке марапатталу ретiнде көрiнедi.

Жалақы – бұл жұмыс күшiнiң баға және құн формасындағы көрiнiс бердi. Оның өлшемi еңбектi сағатына төлем болып табылады.

Кесiмдi жалақы мөлшерi өндiрiлген өнiм көлемiне байланысты болады. Оның мөлшерi бiр бұйым бағасын бұйым санына көбейту арқылы анықталады.

Жалақының динамикасы мен деңгейiне ұлттық ресурстар жағдайы (табиғи, еңбек, технологиялық) және экономикалық жағдайлар үлкен әсер етедi.

Нарықтық экономика жағдайында жалақыға кәсiподақтар үлкен әсер етедi:

1) заң шығару көмегi арқылы жұмыс уақытын шектеу;

2) еңбекке сұраныс және сонымен бiрге жалақыныөсiруге әкелетiн өндiрiс түрлерiнiң өсуiне көмектесу;

3) өндiрiстiң монополияландырылуымен күрес;

4) кәсiпкерлердi ұжымдық келiсiмдi жалақы ставкасын көтеру мәселесiмен келiсiмге отырғанда қысым жасау.

14. Аграрлық сектордағы нарықты қатынастардың ерекшелiктерi.

Қазақстан өзiнiң егемендiгiн алғалы берi халық шаруашылығын нарықтық қатынастарға көшiруге атсалысуда. Оның маңызды звеносы – ауыл шаруашылығы. Оның дамуынан елдiң азық-түлiктiк қауiпсiздiгi мен тұрғындардың тағам өнiмдерiмен қамтамасыз етiлу проблемалары шешушi деңгейде тәуелдi болады.

Аграрлық реформаны iске асырудың маңызды жолдары болып – мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру табылады. Солардың көмегiмен совхоздар жекеменшiк және ұжымдық меншiк формаларына негiзделген кәсiпорындарға қайта құрылды. Ал, азаматтар жердi ұзақ уақыт пайдалануға және де мемлекеттiк пен кооперативтiк кәсiпорындардың мүлiктерiн өз меншiктерiне алуға мүмкiндiктер алды.

Ұжымдық кәсiпорындардың, өндiрiстiк кооперативтердiң, шаруашылықтық бiрлестiктердiң, акционерлiк қоғамдардың, фермерлiк шаруашылықтардың қалыптасу процесi қиын-қыстау және дағдарыстық жағдайларда өттi.

Жер – аграрлық өндiрiстiң негiзгi факторы болып табылады. Жер өндiрiс факторларының iшiндегi ең икемсiзi және шектеулiсi. Оның бағасы жер рентасымен айқындалады және де ол диференциалды болып келедi.

Рента деп экономикалық фактор ретiнде ұсынысы икемсiз болып табылатын белгiлi бiр өндiрiс факторынан алынатын табысты айтамыз.

Дифференциалды жер рентасын зерттеумен А. Смит, Д. Рикардо, А. Маршалл және т.с.с. Ұлы ойшылдар айналысқан. Жер участогының сапасы әртүрлi, сондықтан да жердiң өндiрiс факторы ретiндегi өнiмдiлiгi оның орналасу орнына, құнарлылығына байланысты болады.

Жерге деген сұраныс туынды сұраныс болып табылады. Сондықтан да, оның мөлшерi одан туындайтын өнiм сұранысына байланысты болады.

Жер ренталарының эволюциясы келесiдей: экономикалық, дифференциалды, монополиялық, ренталы, пайдалы қазбалар рентасы.

Жерге экономикалық баға берудiң орны ерекше. Жердiң бағасы екi тұрлi көрсеткiшке байланысты болады:

1) жер иесiнiң алатын жер рентасының мөлшерiне;

2) ссудалық пайыз ставкасына.

Республика экономикасында агроөнеркәсiптiк кешеннiң (АӨК) маңызы өте зор. Өйткенi, осы уақытқа дейiнгi халыққа қажеттi заттардың 2/3 бөлiгiн, ұлттық табыстың 30%-iн, бюджет кiрiсiнiң 1/3 бөлiгiн, негiзгi қордың 40%-iн АӨК құрап келдi. Оның өндiрiстiк және экономикалық мүмкiндiгi аса жоғары. Өйткенi халық шаруашылығында еңбек ететiн халықтың 35%-i АӨК-де шоғырланған; 222,7 млн/га жер ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерiнiң пайдаланылуында, ал бұл бүкiл жер ресурсының 82% құрайды.

АӨК үш негiзгi сферасының жиынтығынан тұрады: қор өндiрушi сала, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету саласы (дайындау, сақтау, қайта өңдеу, өткiзу).

Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттiк реттеу – агробизнестiң қызмет етуiнiң механизмi ретiнде, экономиканың аграрлық секторының өндiрiстiк және экономикалық процесстерiне қызмет етудiң басқарушы және үйлестiрушi элементi ретiнде қарастырылады.

Мемлекет аграрлық саясатты жүргiзу барысында жер салығы, жер квоталары, баға субсидиялары, мемлекеттiк сатып алу мәселелерiн дұрыс шешуi керек. Ауыл шаруашылығындағы өндiрушiлердiң, фермерлiк қызметтiң табыстарын мемлекет реттеп отырады және де оларды қолдану, дамыту шараларын жүзеге асырады. Ел Президентiнiң жарлығымен 2003-2005 ж.ж. «ауыл жылы» деп жарияланып, ауылдың жандануына қолдау көрсету жүргiзiлуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *