Кәсіпорынның тұрақты жұмыс жасау жағдайында сапа саясаты

Кәсіпорынның тұрақты жұмыс жасау жағдайында сапа саясатындағы негізгі бағыты болып сапа саласында бәсекелестерді басып озу екендігі белгілі.

Сапа саясаты тапсырыс берушілердің кәсіпорында сапа саласындағы жұмыс бағыттары және мақсаттары дұрыс анықталғандығына және кәсіпорында қажетті сапалы өнім өндіруді қамтамасыз ететін, оларға жету үшін нақты құралдар таңдап алынғандығына сендіру қажет. ИСО 9001:2001 стандартында мынадай талаптар келтірілген:

Жоғарғы басшылық сапа саласындағы саясатын:

  • ұйым мақсаттарына сәйкес болуын;
  • сапа менеджмент жүйесінің талаптарға сәйкес болуын және тиімділігін үнемі жақсартуға міндеттердің болуы;
  • сапа саласындағы мақсаттарды қою және талдауға негіздерді құруды;
  • ұйым қызметкерлеріне жеткізілуі және түсінікті болуы;
  • үнемі қажеттілігіне ұдайы талдауының қамтамасыз етуі қажет.

«Фудмастер» АҚ үшін ИСО 9000 стандарттар талаптарына сәйкес сапа саласындағы саясат және мақсаттар төмендегідей үлгіде болады.

 «Фудмастер» АҚ-ның сапа саласындағы саясаты мен мақсаттары.

«Фудмастер» АҚ-ның сапа саласындағы саясаты кәсіпорынның барлық жұмысшылары мен жетекшіліктің жалпы саясатының ажырамас бөлігі болып табылады, стратегиялық маңызы бәсекеге қабілеттілігі мен өндірісті кеңейту мақсатымен барлық шығарылатын өнім мен көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасын бақылау, жоғрылату және ұстап тұруды үнемі жақсартуға негізделген.

Тамақ өндірісі соның ішінде сүт өндірісіне қатысты және «Фудмастер» АҚ-да қолданылуы мүмкін  ИСО 9000 бөлімдерін ескере отырып, тұтынушы талаптары мен қажеттіліктерін толқ қанағаттандыра алу үшін сапа концепциясын бекіту және кеңейту жоспарлануда.

Сонымен, «Фудмастер» АҚ өзінің негізгі мақсаты ретінде өз өнімі мен қызмет көрсетулер сапасын кәсіпорынның барлық персоналын бұл поцеске ынталандыру арқылы үнемі жақсартуды көрсетеді.

Қазір біз МЕСТ, ТШ және басқа да нормативті-техникалық құжаттар талабына сәйкесөнім шғарамыз. Сапа менеджмент жүйесін ендіру, біздің кәсіпорында оны функцияналдау біздің тұтынушыларымыздың жеткізілетін өнім орнатылған талаптарға сәйкес болатындығына үлкен сенімділігін тудырады.

Біздің сапа саласындағы саясат біздің тұтынушылардың күтулерін толық қанағаттандыратын өнім шығару болып табылады. Бұл үшін кәсіпорындағы әрбір қызметкер сапаға жауап беретін және әрбір қызметкер сапаны жетілдіруге және біздің өнімді шығаруда өнімділікті арттыруда қатысу қажет.

Біздің кәсіпорын әрекетінің негізгі принципі: сапа барлығынан да жоғары.

Бұл мақсатқа жету үшін біздің кәсіпорында 9000 сериялы халықаралық ИСО стандарттар талаптарына сәйкес шығарылатын барлық өнімге сапаны қамтамасыз ету жүйесі дайындалады.

Кәсіпорында сапа менеджмент жүйесін ендірудің қортынды мақсаты шығарылатын өнімге халықаралық сапа сертификатын алу және басқару моделдерін жақсарту болып табылады, өйткені орнатылған басқару жүйесін барлық деңгейде тиімдендіру кәсіпорында көптеген проблемаларды шешуен жаға сапалы деңгейге шығруға мүмкіндік береді: өнім сапасы, персонал жұмысының сапасы, соңында халықаралық деңгейде біздің өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді.

Персонал жұмысының сапасы ИСО сапа сенеджментінің сегіз прниципін нақты орындаумен қамтамасыз етіледі:

  1. Тұтынушыға бейімделу.
  2. Басшылық жетекшілігі.
  3. Қызметкерлерді қызықтыру.
  4. Үрдістік келісім.
  5. Менеджментке жүйелі келісім.
  6. Ұдайы жақсарту.
  7. Фактілерге негізделген шешімдерді қабылдау.
  8. Жеткізушілермен өзара тиімді қатынастар.

 

11. Сапа бойынша басшылық. Негізгі тағайындалуы

 

Сапа бойынша басшылық (Quality Manual) бірінші деңгейдің құжаты болып табылады. Бұл құжатта сапа саласындағы саясат баяндалады және ұйымның сапа жүйесі сипатталады. Сапа бойынша басшылық сапа жүйесінің негізін қалайтын құжат ретінде роль ойнайды және оның жұмысшы қалпында анықтамалық құжат қызметін атқарады.

ИСО 10011 сәйкес  сапа бойынша басшылық келесідегідей мақсаттар үшін қолданылуы мүмкін:

— сапа жүйесін тиімді енгізу;

— кәсіпорынның сапа саласындағы саясатын баяндау;

— сапа жүйесінде процестерді тиімді басқару;

— сапа жүйесінің аудиті үшін нормативті негізді қамтамасыз ету;

— үзіліс жағдайында сапа жүйесінің қызмет көрсету тұрақтылығын қамтамасыз ету;

— кәсіпорынды сапаны қамтамасыз ету саласында персоналмен қамтамасыз етуді дайындау;

— кәсіпорынның келісім түзу жағдайында өзінің сапа жүйесінің ИСО 9000 сериялы стандартарына сәйкес екендігін көрсету;

— сапа жүйесін таныстыру.

Сапа бойынша басшылықты құру келесілерден тұрады: кіріспе бөлмі; сапа саласындағы кәсіпорын саясаты және бөлімшелердің осы саладағы тапсырмаларын баяндайды; кәсіпорын құрылымының сипаттамасы; сапа жүйесінің элементтері бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды сипаттайтын бөлімдер; сапа бойынша басшылықты қайта қарау және түзету бойынша жағдайлар. 

Сапа бойынша басшылықта кәсіпорынның ИСО стандартының әрбір ережесі бойынша сәйкестікке қалай қол жеткізетіндігін көрсетіледі. Бұл құжаттың көлемі артып кетпеу үшін онда бекітілген және қолданыстағы құжаттарға сілтемелер беріледі. Сапа бойынша басшылықтың формасы оған өзгерістерді оңай енгізуге болатындай етіп таңдалады.

Сапа бойынша басшылықты дайындауды кәсіпорынның уәкілетті құзырлы тобы жүзеге асырады. Оны дайындау кезінде келесі іс-шаралар орындалады:

— сапа жүйесіне ИСО стандарты анықталады;

— сапа жүйесінде жүзеге асырылатын процедуралардың тізілімі құрастырылады;

— сапа жүйесін пайдаланушылар туралы ақпараттар жиналады; 

— сапа бойынша басшылықтың құрылымы және формасы анықталады;

— сапа бойынша басшылықтың қабылданған құрылымы және формасына сәйкес сапа жүйесінің құжаттары жіктеледі.

 

12. Сапа бойынша басшылықтың құрылымы

 

Сапа бойынша басшылық келесілерден тұруы керек:

— атауы, тағайындалуы және қолданылу саласы;

— мазмұны;

— сапа бойынша басшылық туралы және кәсіпорын туралы ақпаратардан тұратын кіріспе бөлімі;

— кәсіпорынның сапа саласындағы саясаты мен мақсаты;

— ұйымдық құрылымның сипаттамасы, жауапкершілігі және құзыреттілігі;

— сапа жүйесінің элементтерінің сипаттамасы және сапа жұйесінің құжатталған процедураларына сілтемелер;

— егер қажет болған жағдайда, «Анықтамалар» бөлімі;

— егер қажет болған жағдайда, басшылыққа сілтеме;

— егер қажет болған жағдайда, көмекші ақпараттардың қосымшасы. приложение с дополнительной информацией, если необходимо.

Атауытағайындалуы және қолданылу саласы

 Сапа бойынша басшылықтың атауы және әрекет ету ортасы сапа бойынша басшылық қолданылатын ұйымды нақты анықтау керек. Сондай-ақ бұл бөлім сапа жүйесінің элементтерін қолдануды анықтау керек.

Мазмұны

Сапа бойынша басшылықтың мазмұнында бөлімдердің атаулары келтіріледі және оларды оңай табу үшін олар нөмерленеді.

Кіріспе бөлімі

Кіріспе бөлімінде мүдделі кәсіпорын туралы және сапа бойынша басшылық туралы жалпы мәліметтер келтіріледі. 

Сапа саласындағы саясат және мақсаттар

Сапа бойынша басшылықтың осы бөлімі кәсіпорынның сапа саласындағы саясатын және мақсаттарын бекіту керек.  

Ұйымдық құрылымның сипаттамасы, жауапкершілігі және құзыреттілігі

Сапа бойынша басшылықтың бұл бөлімінде кәсіпорынның жоғарғы деңгейінің сипаттамасы келтіріледі. Сондай-ақ жауапкершілігін, құзыреттілігін және өзара байланыстарын көрсететін құрылымдық схемасын көрсетуге болады. 

Сапа жүйесінің элементтері

Сапа бойынша басшылықтың қалған бөлімдері сапа жүйесінің барлық қолданылатын элементтерінің сипаттамасынан тұруы керек.

Сапа жүйесінің жлементтеріне талаптар ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттарында немесе осы кәсіпорында қолданылатын стандартта бекітілген.

Анықтамалар

Егер анықтамалардан тұратын бөлім басшылықта қажет болған жағдайда, әдетте ол «Қолданылу саласы» бөлімінен кейін орналастырылады. Бұл бөлімде осы сапа бойынша басшылықта  қолданылатын терминдер мен ұғымдарға анықтамалар беріледі немесе сапа саласындағы терминологиялық құжаттарға сілтемелер көрсетіледі.

Көмекші мәліметтер үшін қосымша

Басшылыққа қажетті көмекші ақпараттардан тұратын қосымшалар кірістіріледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *