КАРТОЧКАЛАР ИЕРАРХИЯСЫ

КАРТОЧКАЛАР ИЕРАРХИЯСЫ
Бұл тапсырма оқушыларға идеялар мен ақпаратты басымдығы бойынша орналастырып, неге бұлай орналастырғандарын дәлелдеп, талқы жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ осыған ұқсас «Гауһарлар иерархиясын» қараңыз.
Сыныпты жоспарлау
Оқушылар тақтаның немесе қабырғаның жанында жұмыс істейді. Немесе топтарға үстел басында жұмыс істеуге болады.
Жұмыс алгоритмі
• Шағын топтардағы оқушыларға бірнеше карточка беріледі.
• Оқушылар оларды маңыздылық/басымдығына қарай орналастырады. Оларды тігінен немесе қатарлап қоюға болады.
• Бұдан кейін оқушылар сынып ішінде сұрақты талқылауды бастар алдында бір бірінің рейтингілерін салыстыра алады.
• Осы тапсырманы орындағаннан кейін жауап алу жүргізу пайдалы болуы ықтимал.
• Идеяларды одан әрі зерделеу үшін «Бес сұрақ» сияқты басқа әдістерді пайдалануға болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *